Жұмбақтар: Жеміс-жидек, көкөніс, егін


Көк лағым көгенде тұрып семіреді.



Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым.



Әкеміз ала баспақ асырады,
Күз келсе соямын деп асығады.
Баспағым бойын шөпке жасырады.
Еті қызыл, терісі жасыл әлі.



Бұл не деген көп киім,
Жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді,
Қабат-қабат тоны бар,
Түймелеуге жетпейді.



Сырты жасыл қатты,
Іші қызыл тәтті.



Бұтағында азығы
Ортасында қазығы.



Ұстарамен алынбас, Ұйысып тұрған қалың шаш.



Қар астында қыстағаны, Жасыл бөрік тыстағаны.



Жасынан тәрбиелеп бала бақтым, Өсіріп ол баланы жұртқа жақтым. Күніне екі-үш рет көрмей тұрсам, Болмайды бұл дүниеде менің нақтым.



Алтын аяқты, Алтын десем - азығы жоқ, Ол жоқ болса - алуы жоқ. Дүние толған адамның Баршасы да теп-тегіс, Біріне бірі қарауы жоқ.



Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz