Жұмбақтар: Жеміс-жидек, көкөніс, егін


Ызақор бұғып жатыр, Сақалы шығып жатыр.



Қалың киім ұнатады Шешіндірсең жылатады.



Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім. Жаңбыр одан өтпейді, қабат-қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді.



Үстіне тігіп көк шатыр, Астында қызыл дәу жатыр



Сырты жасыл қатты Іші қызыл тәтті.



Жерде жатып желіндейді, Күз түскенше желінбейді.



Жасыл ала дөңгелек, Бақшада жатыр дөңгелеп.



Әр желінің асты толған көк қоян, Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.



Бұтағында азығы Ортасында азығы.



Пәндер