Жұмбақтар: Жеміс-жидек, көкөніс, егін


Жерден шығар көгеріп, Беліне қылыш байланып.



Қол басындай ағашта Сансыз адам байлаулы, Санасаң саны бар, Аяғында жаны бар.



Мұнда тау, Онда тау, Ортасында көп шөп.



Соғым үшін сайлап қойдым, Бордақылап байлап қойдым.



Бір шар бар кіріп шығар есігі жоқ, Су ішер, нан жемейді, тамағы тоқ. Ішінде көп балапан етер мекен, Ас қылып сойып жесең балдай екен.



Құдая, құдіретіңнің панасынан, Таңым бар мен құдайдың бар күшіне, Анасы туады екен баласынан.



Ұзын-ұзын әулие, Онан да ұзын әулие. Тораңғылдың түбінде, Теңкиіп жатқан әулие.



Ояғы тау, бұяғы тау, Ортасында бұжыр тау.



Алма дерсің, түсіне қарап, Жүгері дерсің, ішіне қарап, Татсаң тәтті, бал шәрбәтті.



Үлкендігі алмадай, Сырты жанған қызыл от, Ішін жарып қарасаң- Майда , майда қызыл шоқ .



Пәндер