Жұмбақтар: Кәсіп
Өрнектеп, сәндеп, Тігістерін бүгетін. Солпысын жөндеп, Кім көйлек тігетін?
Қалпағы ақ қарасаң, Дәрігер емес, бірақ ол. Дәм мәзірін қаласаң, Алға ұсынып тұрады ол.
© www.ZHARAR.com
Өнерге тән жаратқан, Көкірегі кең аспан. Барша жұртты қаратқан, Бейнегер кім тым асқан?
Айдында жүзеді, Тірі күміс сүзеді.
Алатаяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған. Өміріңді күзеткен, Ысқырығы күшті адам.
Маңдайға жағып шырақты, Лавалардан тұрақты. Ағызып отын өзенін, Жылытқан кім өз елін?
Адамның жүзін, Басы мен көзін. Айнытпай келбетін, Салатын кім суретін?
Жасыл желек көгалда, Бірде артқа, Бірде алға, Желаяқ көп бала, Таласып жүр бір шарға.
Өңкей сығай екі топта, Таласып жүр бір допқа.
Жолының көп азабы, Сондадағы тынбайды. Жаңалықты жазады, Көпшілікті тыңдайды.
Кең байтақ туған жеріме, Кетпесін деп жат із өтіп. Тыныштық тілеп еліме. Отанды кім тұр күзетіп?
Арқан байлап беліне, Шымырлықпен бекіне. Өрмелейтін қай өрен, Шыңның шырқау шегіне?
Шың басына өрмелеп, Күнге ұмтылар дөңгелек.
Айлар бойы жүзеді, Жерді көрмей жүреді. Ақ жал таумен алысқан, Адамды кім біледі?
Төл өсіріп момақан, Уыз ішкен қоймалжың, Білсең айтшы, балақан, Еңбегі зейнет қай малшы?
Оның тіккен бұйымы, Аяғыңды қаптайды, Шыға қалса жұлымы, Әдемілеп баптайды.
Ортасында сан халық, Белдескенде жан салып. Жерге тимей жотасы, Атанған күш атасы, Айбаттыны кім дейді, Қайраттыны кім дейді?
Көкке ұшқан шарықтап, Шаңырақтың бауынан, Ұстап дәйім қалықтап.
Дабылға тез жететін, Жалынға сүңгіп кететін. Қақалса да түтінге, Тайсалмайтын батыл кім, Жасқанбайтын батыр кім?
Тұлғалы кең иығы, Мұнара оның тұрағы. Маң далада бұйығы, Сөнбей жанса шырағы, Жер астының сұйығы Фонтан болып шығады.
Ол жетсе ауылға, Самсар жұлдыз торабы, Нұр шашып тұрады.
Күміс қанат, сұңқары, Көкке еркін сүңгиді. Бұлттан да тым әрі, Кеткен жанды кім дейді?
Топырақтың құнарын, Дәл тауып құрамын, Қай жерде қай дақыл, Өнім берер бай дақыл, Зерттеп дәйім жүретін, Кім бәрін білетін?
Көрінбейді өзі, Естіледі сөзі.
Жалтылдап қалағы, Салатын кім қаланы?
Қараңғыны қақ жарып, Жүрген кім шам жағып?
Бал татыған мәзір, Ол бар жерде әзір.
Өскен шашты жаратпайтын, Қайшысы бар жалақтайтын.
Рояльда ойнайды, Бірақ та ән салмайды.
Құрып қойып өрмегін, Ұршықтарын ойнатып. Сәнді мата өрнегін, Жасайтын кім жайнатып?
Ұзын-ұзын жолдар бар. Үйрек қонар көлдер бар. Ат үстінде шоқиып, Отыратын күндер бар.
Отан үшін жан беріп, Жоғалтқанмен ол атын. Жүрегі бар мәңгілік, Халықпен бірге соғатын.
Екі шекпен күмбірлеп, Көңіл сазын сапырады, Тұлпар шабыс дүмбірлеп, Желпіндіріп отырады.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz