Жұмбақтар: Жануарлар


Санай алмай шаршадым,
Найзасы бар қанша мың.
Батыр емес бырақта,
Қашып жүрер жырақта



Бітімі тұрқы,
Аумаған жылқы.
Мәйкесі жолақ,
Айыбы солақ.



Кезікті бір жануар
Үстінде екі тауы бар



Асты тас, үсті тас
Ортасында жанды бас.



Бір малға екі бала мінгеседі,
Айлап-жылдап түспестен күн кешеді.



Қамыс құлақ,
Қасқыр сирақ.
Серке құйрық,
Қашса, жүйрік.



Арқалаған шатырын,
Аяңдаған ақырын.



Ұрлап ішіп,
Үйде сүтті қоймайды,
Өз құйрығын өзі қуып ойнайды.



Бітік көз, салпаң құлақ, қайқы мұрын, Көріп пе ең мұндай хайуан бұдан бұрын. Домалақ, алды-арты бірдей екен, Және де көріп жүрсіз әрбір түрін.



Өзі сұр, бөрі емес, Ұзын құлақты, қоян емес, Жұмыр тұяқты, жылқы емес.



Пәндер