Жұмбақтар: Жануарлар


Ол надыр құм жануары, Көзі өткір, көңілі тар, Басқа ұрсаң, қылмайды намыс-ар. Қара түгіл ханда бар, Қытайда бар, Қырымда бар, Түркістан, Үрімде бар, Хоразым, Бұхарада бар.



От басында орайған, Құйымшағы сорайған.



Үй артында шоңқайма, Буы шығып тұрмай ма? Салпаң құлақ келед деп, Қорқа-қорқа тұрмай ма?!



Шықпайды үйден, Тоны жібектен. Күндіз ұйықтайды, Түнде дамыл таппайды. Аңға барады, Сол аңды үйден табады.



От басында бүкір шал, Құдайына шүкір шал.



Түссе күннің шуағы Көзді еріксіз жұмады. Жылы жерді сүйеді, Беті-қолын жуады.



Жол бойында жортқан, Сыбызғысын тартқан.



Тоң мойынды жуан көк, Желіп, жортып бүкеңдеп, Несібесі даладан, Еңбек қылмай жүрер тек.



Бір нәрсе қайраты көп, болған күшті, Басынан өткізеді әрбір істі.



Жануар мақұлықтың біреуі өзі, Іркілмей жұмсайтұғын ірі тісті.



Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz