Жұмбақтар: Жануарлар


Бар екен бір айуан көпке таныс, Мекені жүрер оның тау мен қамыс. Бұл өзі ойласа көп, шапшаң, епті, Жүректі бір айуанға қойса бетті. Қайтпайды жара алмаса не өледі, Өлмесе тынбайды ол алмай көкті.



Мақұлық бар екен даусы зор, Адамға ұқсап бойында аяқ пен қол, Мекені тас бұлақтың төңірегінде, Мынаны тапқан жанның ақылы мол



Ыржаяды, күледі, Басқан ізді біледі. Таусылмайтын шабысы, Жұртқа мәлім жүрісі.



Жақпар тастың астында Қызыл тонды қыз жатыр.



Белестегі бес бие, Бақылдайды, құрылдайды; Құйрықтары қара ала, Қанаттары сары ала.



Жылқыны қарнына қыстырып, Түйені ерніне қыстырып, Есекті құлағына қыстырып, Қасқырды ат қып мініп, Айт дегенде жүре берген.



Әңгелейді, дөңгелейді, Ұшқан құстай, Құс десем, төрт аяғы бар, Елек-селек, екі құлағы бар.



Демсіз-үнсіз, Жүрсе-үнсіз. Басса ізі жоқ, Жүрсе жолы жоқ.



Жаны бар, қаны бар, Бес сағат жерде тұрса, Жаны да жоқ, қаны да жоқ.



Тарпаң, тарпаң тарбиған, Түрі жаман жарбиған.



Пәндер