Жұмбақтар: Жәндіктер


Ғажайып бір нәрсе бар қатқан тері, Өзінің қалың тоғай жатқан жері. Бір күні аштан өлмей, тоқтан өлер, Жігіттің мұны табар кемеңгері.



Қарайып ұшты қарғадай, Бармаған жері қалмады-ай. Жерге түсті, ін қазды, Аяғымен тырмалай.



Кішкене ғана түйме тас, Атан түйе тарта алмас.



Аспаннан ұшып түсті жатқан тері, Қалың тоғай ну жыныс жатқан жері.



Ұзын-ұзын ұзардай, Ұзыннан аққан сулардай. Ағаш атқа мінгізіп, Ұзартып қойған мұнардай.



Екі басы жұдырықтай, Ортасы қылдырықтай.



Қатар-қатар қара нар, Аспанменен бара бар, Алды биік, арты жар.



Тыру-тыру тырналар, Тауға қарай жорғалар.



Бір мақұлық мойны жуан, тірсегі ұзын, Тікпесе өзі етік, сақтар бізін. Тағы да іске ыңғайлы қайшысы бар, Іс тігіп көрген де емес еш қызығын.



Бір мақұлық келе жатыр маң-маң басып, Құтылмас көзге түссе жолдан қашып. Бұл жерде оны табар еш адам жоқ, Таппаса үлкен молда кітап ашып.



Пәндер