Арықтың көркі — сәмбі тал,
Аттың көркі — құйрық, жал.




Қара жер қарыз арқаламайды.




Егінші еселеп,
Кеусенші кеселеп алады.




Су бар жерде ырыс бар:
Ұстап балық жейсің,
Ақ бидай егіп, нанын жейсің.




Елдің көркі — жастық,
Жердің көркі — астық.




Диқан бабаның —
Кетпенінен.
Шопан атаның —
Таяғынан.




Көктен жауын жауады,
Шөптен жұпар тамады.




Орманды жерде отын көп,
Шеңгелді жерде қотыр көп.




Су аяғы — құрдым.




Арық бар жерде су бар.
Су бар жерде ну бар
Тау бұлағымен сүйкімді,
Бұлақ құрағымен сүйкімді.




Жерінен айрылған жиде
Желге ұшар




Қос қадірін жеккен білер,
Жер қадірін еккен білер.




Арқа сүйер елің болсын,
Аунап жатар жерің болсын.
Алысып ойнар теңің болсын,
Сүңгіп бойлар көлің болсын.




Жел дауыл шақырады,
Бұлт жауын шақырады.




Жаңа шыққан күнді көрген
Бір ғанибет.
Жаңа ашылған гүлді көрген
Бір ғанибет.




Кімнің қайығына мінсең,
Соның ескегін есерсің.




Жұпары жоқ гүлден без,
Жұғары жоқ тілден без.




Кешкі күн құлақтанса
Қатының ұл тапқандай сүйін.
Ертеңгі күн құлақтанса,
Еліңді жау шапқандайкүйін.




Терін төксе жеріне
Жертілеуін береді.
Елінсүйген еріне
Елтілеуін береді.




Асылдың сынығы –
Айдынның тұнығы.




Бұлт — Жаңбыр жаршысы.




Берекесі кеткен ауылдың
Айтқаны өсек болар,
Аңдығаны төсек болар,
Берекесі кірген ауылдың:




Айналдырғаны шаруа болар.
Еккені тары, жегені жарма болар.




Аялы ағаш —Саялы.




Пәндер