Орманшы отынға жарымайды.
Толығырық



Көп жүрген жер — көл,
Құм жүрген жер — шөл.
Толығырық



Жер — ырыстың кіндігі,
Еңбек — ырыстың қазығы.
Толығырық



Бағбан болсаң
Бақ өсір.
Балама деп
Тағы өсір.
Толығырық



Егінді күндіз егіп,
Түнде суар.
Гүлді күн көзіне егіп,
Күнде суар.
Толығырық



Дауылды күні құс салма,
Жауынды күні жылқы алма.
Толығырық



Су — ырыстың көзі,
Еңбек — кірістің көзі.
Толығырық



Сай қуалап су ағар,
Жел қуалап отжанар.
Толығырық



Бұлыңғыр күннің артынан
Бұлтты түре күн шығар.
Толығырық



Ойдағы үй — селдікі,
Өрдегі үй — желдікі,
Жазықтағы үй — елдікі.
Толығырық



Жер —ана,
Ел — бала.
Толығырық



Жер байлықтың көзі,
Еңбеккер иесінің өзі.
Толығырық



Су байлық —
Алты айлық.
Қар байлық —
Үш айлық.
Толығырық



Жаңбыр жауса —
Жердің ырысы,
Егін бітсе —
Елдің ырысы.
Толығырық



Диқан еккенін жейді,
Жылқы тепкенін жейді.
Толығырық



Қар суының тасқынын,
Қасқалдақ көрмес.
Толығырық



Судың да сұрауы бар.
Толығырық



Дария басы —бұлақ.
Толығырық



Гүл қайда болса,
Көбелек сонда.
Толығырық



Дауылдың алды — жел,
Жаңбырдың арты — сел.
Толығырық



Суға кеткен тал қармайды.
Толығырық



Орман —
Ел дәулеті,
Жер сәулеті.
Толығырық



Бұлаққа бұлақ қосылса,
Егізбіз дейді.
Көлге көл қосылса,
Теңізбіз дейді.
Толығырық



Жалғыз еменгежай түскіш.
Толығырық



Кімнің тарысы піссе,
Соның тауығы.
Толығырық



Пәндер