Жалғыз ағаш орманға қарайды,
Жалғыз бала қорғанға қарайды.
Толығырық



Елді жер —
Еңісті жер.
Еңісті жер —
Жемісті жер.
Толығырық



Ағаш — жапырағымен,
Жер — топырағымен.
Толығырық



Кімнің жерін жайласаң,
Соның отын оттарсың.
Толығырық



Асылдың сынығы –
Айдынның тұнығы.
Толығырық



Көше қаланың —
Көркі.
Көкорай —
Даланың көркі.
Толығырық



Тарылы
Елге барсаң,
Жарма жерсің,
Балықты елге барсаң,
Қарма жерсің.
Толығырық



Қабығы қатты жаңғақтың,
Дәні тәтті.
Толығырық



Атына қарай —
Тұрманы.
Егініне қарай —
Қырманы.
Толығырық



Сөзі көп те, мәні жоқ,
Сабаны көп те, дәні жоқ.
Толығырық



Мақтаның анасы — жер,
Атасы — су.
Толығырық



Құстың жайын салған білер,
Құдықтың жайын қазған білер.
Толығырық



Жеріңді баптай білсең —
Астықты қаптай білесің.
Толығырық



Еге білсең,
Егін тасқа да бітеді.
Толығырық



Кәрі ағаш — бұтағымен,
Кәрі адам — ұрпағымен.
Толығырық



Қисық бұтаққа да,
Қызыл жиде бітеді.
Толығырық



Биіктаудың басы қыс,
Баурайы жаз.
Толығырық



Таудың биіктігін төбе аңғартады.
Маяның биіктігін көде аңғартады.
Толығырық



Еңбегімен ер сыйлы,
Өнбегімен жыр сыйлы.
Толығырық



Қолымен қоға жұлмаған,
Аузымен орақ орады.
Толығырық



Су басынан тынады,
Балық басынан шіриді.
Толығырық



Қайығына қарай ескегі,
Қойына қарай кескегі.
Толығырық



Мың шыбық шаншып өсірсең,
Халқыңа орман салғаның.
Халқыңа орман салғаның
Өзіңе қорған салғаның.
Толығырық



Мал семіз —
Төл егіз.
Жер семіз —
Дән егіз.
Толығырық



Бел орақтың шыңы бір,
Шаруаның мұңы бір.
Толығырық



Пәндер