ЖАҢАШЫЛ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
ЖАҢАШЫЛ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ
Орындаған:Мусабаева Б. С.
П-227

Ресейлік жаңашыл-
педагогтардың жүйесі

Шалва Александрович Амонашвили
Негізгі зерттеу идеясы
Менің ой-пікірім
«Педагогикадағы ізгілік мәні білім беру үрдісінде нәтижеге жеткізетін
мақсат-міндеттермен ғана емес, сонымен қатар мақсатқа жетудің әдістерімен де
түсіндіріледі. Ізгілік педагогикасында мақсатқа жетудің әдістері ретінде білім алушыға
күнделікті жағымды әсер қалдыратын, оның тұлғасын қалыптастыратын, еркін таңдау
мүмкіндігін беретін, ынтымақтастыққа шақыратын қарым-қатынас қолданылады»
«мұғалім-оқушы» жүйесінде педагогикалық ынтымақтастық идеясы
Әрбір оқу орнының оқу үдерісінде ізгілік парадигмасы жоғары маңызға ие. Себебі,
білім беру үдерісіне қатысуылардың бойында сүйіспеншілік пен мейірімділік,
шығармашылық пен жаңашылдық, сезімталдық пен парасаттылық, оптимизм және
төзімділік, батылдық пен адалдық, ұяңдық пен педагогикалық мамандықтың ұлылығын
сезіну секілді кәсіби іс-әрекетке қажетті жоғары адамгершілік қасиеттерін мақсатты
дамытатын үлкен игілік болып табылады. Сондықтан жоғары оқу орнында кәсіби этикалық
білімдер; сенімдер мен қағидалар; іс-әрекеттегі адамгершілік мотивтер; өз іс-әрекетіне
жауапкершілік, ар-ұят, борыш сезімдері қалыптастырылу қажет.

Игор Павлович Волков
Негізгі зерттеу идеясы
Менің ой-пікірім
Жаңа материалды «ірі блоктар» арқылы меңгеру;
Оза отырып оқыту идеясы (сабақтың бастапқы бірнеше минутының сабақ барысында меңгерілетін ұғымдарға арналуы) ;
Даму деңгейі әр түрлі балаларды қосымша сабақсыз, кез келген «теңеусіз», ата-аналардың көмегінсіз бірге оқытып, білім беру міндеті.
Озат мұғалімдер баланы құрметтеу идеясын іске асырып, бейімділікке қарай жұмыс беріп, оқушының жеке мүмкіндіктерін дамытып, сабақта да қабілетіне қарай жеке тапсырмалар беріп, қарапайым оқыту тәсілдерін қолданып, оқушыларға сабақ бергізіп, олардың шамалы болса да табысын, шығармашылығын мадақтайды.
Басып тастау ма, әлде диалог па? Мұғалімдерге балалар өздерінің естігендерін, өсек-аяңдарды, әзілдерді айтып келеді. Дәстүр бойынша мұғалім оларды қайтарып тастайды. Себебі мүғалім өзіне келетін сөзден қорқады. Егер мұғалім оқушыға ол сөздердің дұрыс-бұрыстығын айтпаса, онда оқушы өз пікірін өзгертпейді. Оқушыларды әлеуметтік және саяси жағынан өсіретін демократиялық диалог және мұғалімнің өзгені өз сөзіне сендіре білуі. береді.

Виктор Федорович Шаталов
Негізгі зерттеу идеясы
Менің ой-пікірім
√ оқу материалы блок-схема қолданыла отырылып максимальды түрде нақты, қисынды түсіндіріледі, олар оқу материалының логикалық байланысын бейнелейді;
√ оқушылар ойда сақтап отырған блок-схеманы тірек ете отырып сұраққа жауап береді;
√ үйде алғашында сабақта шешілген есептер (жаттығулар) орындалады, нәтижесінде тіпті оқу деңгейі «төмен», бірақ оқуға ниеттері бар оқушылардың өзі нәтижеге жетпек;
√ оқушы білімін бағалау тақырыпты әрбір оқушы меңгергеннен кейін жүзеге асырылады.
Тірек формалары әр түрлі, бірақ жалпы принцип айқын көрсетілген: ең нашар оқушы тақтада тұрып еркін жауап береді. Ол сабақ қарқының бұзбайды, оның тірек болуы қажет. Тірек бұл кесте түріндегі көрнекі құралдар емес, ол ережелердің, әңгімелердің жол көрсеткіші. Әрбір оқушы түрлі тірек формаларын өзінің жауабында пайдаланады. Мысалы: ереженің жол көрсеткіші, есептер шығару тәсілдер тағы басқа.

Софья Николаевна Лысенкова
Негізгі зерттеу идеясы
Менің ой-пікірім
Жаңашыл педагог С. Лысенкова қазіргі кездегі бір күрделі мәселенің басын ашты. Ол:
√ жаңа материалды «ірі блоктар» арқылы меңгеру;
√ оза отырып оқыту идеясы (сабақтың бастапқы бірнеше минутының сабақ барысында меңгерілетін ұғымдарға арналуы) ;
√ даму деңгейі әр түрлі балаларды қосымша сабақсыз, кез келген «теңеусіз», ата-аналардың көмегінсіз бірге оқытып, білім беру міндеті.
Сонымен, қайта құру жағдайында әрбір мұғалімнің жаңа идеялармен, оқыту мен тәрбиенің озат теориясы және практикасымен қарулануы тұлғаның сапасың жобалай және анықтай білуге мүмкіндік береді. Осының негізінде мұғалім баланың бойына жақсы қасиеттерді егеді, дүниеге көзқарасын, мінез-құлықтың нормасын қалыптастырады, болашақ өмірге, еңбекке, мамандықты саналы түрде таңдап ала білуге даярлайды.

Евгении Николаевич Ильин
Негізгі зерттеу идеясы
Менің ой-пікірім
√ әдебиет сабағы әрбір оқушыға адам болу тәлімін беретін өнер және адамгершілік-этикалық курсы;
√ адамды адам етіп қалыптастыру үрдісі, ол жай ғана жұмыс емес, қарым-қатынас үйлесімділігі, жай ғана оқытып-үйрету сабағы емес, тұғыры биік өнер, ол сабақ кестесіндегі сағаттар саны емес, нағыз өмір.
Бұл жаңашыл педагог жасөспірімге өз күшіне сенуге көмектесіп, оның ең жақсы қасиеттерін ашуға ықпалын тигізеді, оны ізгілік пен азаматтылықтың биік шыңына жетелейді.

Қазақстандық жаңашыл-педагогтардың жүйесі.

Нұрғалиев Құмаш - қаһармандық, азаматтық, батылдық үлгісі. Екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан ол 19 жасында I топ мүгедегі болып қалған. Рига түбіндегі шайқаста екі аяғы мен сол қолынан айырылған ол өмір сүруге ғана емес, өз өмірін, қабілетін, дарынын жас ұрпаққа білім беруге арнауға бекінген. Оны білім саласындағы «Қазақтың Мересьеві» деп атайды. Ол өзінің туған жері Боран ауылындағы мектепті қырық жылдан астам уақыт басқарған (1957-1988) . 1975 жылы мектеп КСРО Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне, ал 1980 жылы Қазақстанның ХШЖҚ қатынасып, мектеп III орын алып, медалмен марапатталды. Қазір мектеп «Құмаш Нұрғалиевтың мектеп-гимназиясы» деп аталады.
Нұрғалиев Құмаш - Ленин ордені иегері, КСРО және Қазақ КСР-інің білім беру озаты, Қазақстанның еңбегі сіңген мұғалімі, КСРО халық мұғалімі.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz