-Әй,Тайқарбай,малыңды жадыраға жай Тайқарбай,
-Әй,Тайқарбай дегенің қай Тайқарбай.



Iзшiлер iздестi,
Түз кездi, iз кестi.



Iске іскер,
Iстi
Iскер iстер.



«Жапа-тармағайламай
Айғайламай, сөйлеңдер»,– деді ағай.



«Жер асты үңгірлері...»
Деп досым міңгірледі,
Ол міңгірлегенде
Үңгірлер де күңгірледі.



«Канадаға да барам » -- деп,
«Панамаға да барам» -- деп,
Канада да бара алмай,
Панамаға да бара алмай,
Маман аға Саваннаға кетті!



«Латышқа бар қатыстығым,
Айтамын, - деп - латыш тілін»,
Айта алмай шатысты інім.



«Хатима мен Хатипаға,
– Хамит аға,
– Хат жазғын»,– деді.
Шымдай шытырмыш,
Ол шытырмышты
Мен шым-шытырмыштамай
Кiм шым-шытырмыштайды?



«Хатима мен
Хатипаға,–
Хамит аға,–
Хат жазғын»,– деді.



«Ыбырай, Ыбырайдың шымыры-ай!
Денесі де тым ірі-ай!»
Мақтап жүрген Ыбырай,
Мысықтан қорқып зымырай,
Берер зымырай.



Пәндер