Мақал-мәтелдер
Қонақ, Қонақжайлылық
Қонақ келсе құт келер. Толығырық
Қонақ қойдан да жуас.
Май берсең де жей береді. Толығырық
Қонақ аз отырып, көп сынайды. Толығырық
Қонағым, жүре тоярсың. Толығырық
Қонақты сөзбен тойғыза алмайсың. Толығырық
Асыңа тойғызбасаң да ақ ниетіңе тойғыз. Толығырық
Иесін сыйлағанның итіне сүйек сал. Толығырық
Құтты қонаққа — тәтті тамақ.
Жақсы болса алғаның,
Үйіңнен кісі кетпейді.
Жаман болса алғаның,
Шын досың да шеттейді. Толығырық
Қонағын сыйламаған баласын ұрады,
Я үйін сыпырады. Толығырық
Құтты қонақ келсе,
Қой егіз табады.
Құтсыз қонақ келсе,
Қораға қасқыр шабады. Толығырық
Атың барда жер таны,
Асың барда ел таны. Толығырық
Қонақ бір күн қонса — құт,
Екі күн қонса — жұт. Толығырық
Шақырғанға бармасаң, шақырғанға зар боларсың. Толығырық
Қонағын сыйласа төрге шық дейді. Толығырық
Жолаушының азығы жолында. Толығырық
Жаяу қонақ тыныш ұйықтар. Толығырық
Алдына ас қойдым, екі қолын бос қойдым. Толығырық
Сыпайының итіне кет дегенің — өзіңе кет дегенің. Толығырық
Қонағым өз үйіңді де ойлай отыр. Толығырық
Бұрынғы қонақ соңғы қонаққа орын берер. Толығырық
Қонаққа «кел» демек бар, «кет» демек жоқ. Толығырық
Сыйлы қонақ босағада отырмайды. Толығырық
Көңіл кең болса, үйдің тарлығы білінбес. Толығырық
Шақырмаған қонаққа шайдан артық тамақ жоқ. Толығырық
Тоқ қонақты сыйлау оңай. Толығырық
Жаман үйдің қонағы билейді. Толығырық
Жолаушыны сусындатпай тұрып
Бұйымтайын сұрама. Толығырық
От жағылмаған үй — қора,
Кісі келмеген үй — мола. Толығырық
Екі үйдің қонағы
Емексіп жүріп аш қалар. Толығырық
Құс жеткен жеріне қонар,
Қонақ қалаған үйіне қонар. Толығырық
Келгенше қонақ ұялар,
Келген соң үй иесі ұялар. Толығырық
Қонақ келсе ет пісер, ет піспесе бет пісер. Толығырық
Сойса қозы өледі, соймаса езі өледі. Толығырық
Қонағым, сен «ет» деме,
мен «кет» демеймін. Толығырық
Итті қонақ жараспас. Толығырық
Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал. Толығырық
Сыйларға асың болмаса,
Сыйпарға тілің болсын. Толығырық
Сыпайы қонақ сыйынды жейді,
Мылжың қонақ мыйынды жейді. Толығырық
Үй-іші толған жансың,
Бір-біріне мейман жансың. Толығырық
Арбалы қонақ аштан өледі. Толығырық
Қонақ асын тәңірі өтейді,
Келемін десе, ықыластық,
Келмеймін десе, жол аштық. Толығырық
Қонақ асыңа емес,
Қабақ-қасыңа риза. Толығырық
Қонақ берсең, етіңді жейді,
Бермесең бетіңді жейді. Толығырық
Қонақ келсе есікке,
жүгіріп шық, кешікпе. Толығырық
Қонақ қонбай кетпейді,
Шақырып қондырғанға жетпейді. Толығырық
Қонақ - қонған жеріне ауыр,
Тас - түскен жеріне ауыр. Толығырық
Қонақ жаман болса,
Үй иесі қыдырады.
Үй иесі жаман болса,
Қонақ қыдырады. Толығырық
Қонақ мықты болса, қожасын билейді. Толығырық
Қонақ таңдап қонады,
Ұры басынып ұрлайды. Толығырық
Қонақ көзінше итіңе де кет деме. Толығырық
Асығу, аптығу, асықпау
Шапшаңдықтан қашпа, аптығуға баспа. Толығырық
Қойшы көп болса, қой арам өлер. Толығырық
Түйе көп болса, жүк симас. Толығырық
Құдай жүгіртпегенді бұзау жүгіртеді. Толығырық
Қатын көп болса, шөмішті ит жалайды. Толығырық
Асыққанның аяғы етегіне оралады. Толығырық
Шабан үйрек бұрын ұшар. Толығырық
Бүгін бітер істі ертеңге қалдырма. Толығырық
Бір лақ екі адамды талтаңдатады. Толығырық
Таз таранғанша той тарқар. Толығырық
Той сылтауымен тон бітер. Толығырық
Отырған қыз орнын табар. Толығырық
Асыққан қалар ұятқа,
Сарғайған жетер мұратқа. Толығырық
Асыққан жолаушы, атына теріс мінеді. Толығырық
Ойшы ой ойлағанша, тентек ісін бітірер. Толығырық
Тоғыз қатынның толғағы бір келді. Толығырық
Ақсақ қой түстен кейін маңырайды. Толығырық
Шапшаң жүрсең шаң жұқпас. Толығырық
Қорқақтық, жасқаншақтық
Бөрікті тастап, бөріден кұтылуға болмайды. Толығырық
Жау жоқта жарақ коп,
Жау келгенде таяқ та табылмас. Толығырық
У ішкен бір өледі,
Ант ішкен мың өледі. Толығырық
Өлі бураның басымен тірі атанды қорқытпа. Толығырық
Қойға екі құлағынан басқаның бәрі жау. Толығырық
Қашқан жауға қатын да ер. Толығырық
Ер бір рет өледі,
Ез мың рет өледі. Толығырық
Қоян көлеңкесінен қорқады. Толығырық
Ауылы жақын ит қасқырдан қорықпас. Толығырық
Шегірткеден қорыққан егін екпес. Толығырық
Ешкі қырыққан сайын бір өледі. Толығырық
Сойылды соға білмеген, езіне тигізеді. Толығырық
Сасқан үйрек артымен сүңгір. Толығырық
Өлі бөріні ит аттамас. Толығырық
Үргедек бұрын өледі. Толығырық
Аңшылық, саятшылық
Ителгі салған ет жейді,
Атының етін ит жейді. Толығырық
Қаршыға қанжыға қызартады,
Ителгі етек былғайды. Толығырық
Қаршыға салғанның, қанжығасы тоқ,
Ителгі салғанның етегі боқ. Толығырық
Қиядағы қызыл түлкіні
Қияннан соққан бүркіт алады. Толығырық
Құсбегісі келіссе,
Күйкентай құс қаз алар. Толығырық
Саятшының сұңқары
Салған жерден іледі. Толығырық
Тауындағы түлкіні
Бабындағы бүркіт ғана алады. Толығырық
Қыран жүйрік пе,
Қиял жүйрік пе? Толығырық
Доссыз — өмір тұл,
Махаббатсыз — өмір тұл. Толығырық
Қолмен бергенге құс тоймас. Толығырық
Ителгінің баласы ілмейқалмас. Толығырық
Қаршыға қазан қайнатар
Ителгі иығыңды талдырар. Толығырық
Қаршыға қаз алса,
Ителгі етек қабады. Толығырық
Қыран қияда өледі. Толығырық
Қыран қияда түлейді. Толығырық
Ит иесі үшін алады.
Бүркіт жемі үшін алады. Толығырық
Топтанып ұшқан торғайға
Тұрымтай да бата алмас. Толығырық
Ажалды қарға бүркітпен ойнайды. Толығырық
Ат бегі —аттыңтұяғына қарар
Құс бегі — құстың қияғына қарар Толығырық
Қиядағыны қыран ғанакөреді.
Ұядағыны жылан ғана көреді. Толығырық
Құс бағу да бір қызық,
Құс салу да бір қызық. Толығырық
Екі сұңқар таласса,
Бірқарғаға жемтүсер. Толығырық
Құстың бәрі сұңқар болмас,
Аттың бәрі тұлпар болмас. Толығырық
Сұңқар орманға тартар,
Тұлпар қорғанға тартар Толығырық
Ұшқан құс, жүгірген аң
Жыл деген ат басын бұрғанша,
Ай деген аунап тұрғанша. Толығырық
Тау мен тасты сел бұзар,
Адамзатты сөз бұзар. Толығырық
Көшерімді жел білсін,
Қонарымды сай білсін. Толығырық
Ақпанда күн —
Ат адым ұзарады. Толығырық
Тышқан көп жылы —
Тоқшылық,
Қоян көп жылы —
Жоқшылық. Толығырық
Ай бетіндеде дақ бар. Толығырық
Үркер үйден көрінсе,
Үш ай тоқсан қысың бар.
Үркер іңірде жанбасқа келсе,
Жаз шықпаған несі бар?! Толығырық
Құс патшасы — бүркіт,
Аң патшасы — арыстан. Толығырық
Түске дейін мүйіз,
Түстен кейін киіз. Толығырық
Көліне қарай — қазы,
Қысына қарай — жазы. Толығырық
Арқар —
Құлжасымен,
Өзен —
Жылғасымен. Толығырық
Сәуір болмай жауын болмас,
Жауын болмай тәуір болмас. Толығырық
Жеті қарақшыны таныған адам,
Жетіқараңғы түнде адаспайды. Толығырық
Түз тағысы —
Табиғатпен тілдес. Толығырық
Қарға қарғаның көзін шоқымас. Толығырық
Сәуірдегі жауын —
Сауып тұрған сауын. Толығырық
Қаз келсе, жаз келер,
Қарға келсе, қатқақ болар. Толығырық
Сәуір болмай, тәуір болмас,
Ит балалап сауын болмас. Толығырық
Қараша-қауыс,
Кәрі құртаңды тауыс. Толығырық
Су аққан жерінен ағар,
Шөп шыққан жеріне шығар. Толығырық
Бөдененің үйі жоқ,
Қайда барса бытпылдақ. Толығырық
Алпыс күн тасыған су,
Алты күнде қайтар. Толығырық
Атамекен туған жер
Кір-қоңыңды жуған жер.
Кіндігіңді кескен жер,
Кісі болып өскен жер. Толығырық
Екі тұйғын жабылса қаздың соры. Толығырық
Атқанның құсын
Жатқан байланар. Толығырық
Балық жаны суда. Толығырық
Аң таппаған,
Атынан көреді,
Ата алмаған
Мылтығынан көреді. Толығырық
Ажалды киік адырға қашады. Толығырық
Бөлтірікті қанша асырасаң да,
Тоғайға қарап ұлығанын қоймайды. Толығырық
Қағынан жеріген құлан
Қаңғырып жүріп шөлден өлер. Толығырық
Қоянның қарасын көріп,
Қалжасынан түңіл. Толығырық
Ителгінің қызығына қызсаң,
Қаршығаңды қамшы етерсің. Толығырық
Борсық ұрған сайын семіреді. Толығырық
Қасқыр байлағанға көнбес,
Шошқа айдағанға көнбес. Толығырық
Ақсұңқардың баласы,
Алдына қоймай ас жемес.
Анық жақсы баласы
Адамнан туса жат демес. Толығырық
Қасқыр жүйрік — жылыс жоқ.
Түлкі жүйрік — дыбыс жоқ,
Қоян жүйрік — тыныс жоқ. Толығырық
Сақ қарға сағағынан ілінер. Толығырық
Түлкі жатарында
Жер таңдамайды... Толығырық
Жар құласа жайын өледі. Толығырық
Мысық жоқта тышқан төбеге шығады. Толығырық
Сұмырай келсе су құрыр. Толығырық
Құстың алғанынан,
Салғаны қызық. Толығырық
Алпыс күн аспанға қарағанша,
Алты көште айдынға құла. Толығырық
Бақсы көрінсе, дерт қозады,
Ұста көрінсе, таға тозады. Толығырық
Арыстанның ойнынан
Түлкінің мойны үзіледі. Толығырық
Құзғын ас таңдамайды. Толығырық
Ажалды киіктің
Аяғы тыныш жатпайды. Толығырық
Алса — құсым,
Алмаса — желпуішім. Толығырық
Балықшы суда жүрсе де
Сусап жүреді. Толығырық
Жеріне қарай — жыланы,
Жауына қарай— құланы. Толығырық
Уақыт, дәуір
Заман айнасы — замандас. Толығырық
Замандасы жоққа
Амандасатын адам табылмайды. Толығырық
Елдестірмек — елшіден,
Жауластырмақ — жаушыдан. Толығырық
Заман түзелсе,
Жаман да түзеледі. Толығырық
Ханның басын хан алар,
Қардың басын қар алар. Толығырық
Кілемге бергісіз алаша бар,
Ханға бергісіз қараша бар. Толығырық
Қойды құртаң бүлдіреді,
Елді сұлтан бүлдіреді. Толығырық
Хан — қарақшы,
Халық — сарапшы. Толығырық
Хан көп болса — жау көп,
Би көп болса — дау көп. Толығырық
Хан жарлығынан
Қатын жарлығы күшті. Толығырық
Ойында өрелік жоқ,
Ханында төрелік жоқ. Толығырық
Хан сарайы демесең,
Қатын өсек қаптаған.
Қошеметшіл қу өңшең
Ханды ғана мақтаған. Толығырық
Халық қаласа,
Хан қайығын береді. Толығырық
Ханның ісі қараға түседі,
Бидің ісі параға түседі. Толығырық
Басыңа іс түссе:
Бекке барма, көпке бар,
Бек беліңді сындырады,
Көп ісіңді тындырады. Толығырық
Хан халықтан үлкен емес. Толығырық
Арғымақ аттың құйрығы –
Әрі жібек, әрі қыл,
Асыл мінез азамат,
Әрі төре, әрі құл. Толығырық
Көп толқыса — хан құлайды,
Көл толқыса — жар құлайды. Толығырық
Ханның қызы шөміш ұстаса,
Қолы жауыр болады. Толығырық
Айырдан туған жампоз бар,
Нар емес десең нанғысыз,
Қарадан туған жігіт бар,
Ханға күнін салғысыз. Толығырық
Төренің тілі тәтті,
Діні қатты. Толығырық
Тура биде туған жоқ,
Туғанды биде иман жоқ. Толығырық
Би екеу болса,
Дау төртеу. Толығырық
Әулекі би
Ат үстінен билік айтар. Толығырық
Туғанына бұрғаны —
Биді құдай ұрғаны. Толығырық
Сын түзелмей, мін түзелмейді. Толығырық
Аяз әліңді біл,
Құмырсқа жолыңды біл. Толығырық
Иілген басты қылыш кеспес. Толығырық
Есіткен құлақта жазық жоқ. Толығырық
Біткен іске сыншы көп,
Піскен асқа жеуші көп. Толығырық
Төбе би де өзіміз,
Төре би де өзіміз.
Қисық болса сөзіңіз,
Құрулы тұр тезіміз. Толығырық
Орайы келген іс — оңай бітер. Толығырық
Есі мақұл дауласса,
Сөздері асқар ала таудай болар.
Бір тентек, бір ақылды дауласса
Атысқан жаудай болар.
Екі тентек дауласса,
Сап-саудай болар. Толығырық
Қисық ағаш үй болмас,
Қыңыр жігіт би болмас. Толығырық
Қол — таразы,
Көңіл — қазы. Толығырық
Ханды құдай ұрғаны,
Халқымен жау болғаны.
Биді құдай ұрғаны,
Билігі дау болғаны. Толығырық
Барымтадан қорыққан
Мал жимас. Толығырық
Би жаманы дауға алдырады,
Жігіт жаманы жауға алдырады. Толығырық
Уәдені бұзған —
Ұяны бұзғанмен тең. Толығырық
Халық түзетпегенді,
Қалып түзетпейді. Толығырық
Өтпес жарлық — бойға қорлық. Толығырық
Алмақтың да алмағы бар,
Ат көтере алмас салмағы бар. Толығырық
Орынын тапқан
Орынсыз қалмас. Толығырық
Тең тартқан
Таразы — алтын. Толығырық
Байлық не керек,
Адалдан жимасаң.
Билік неге керек,
Әділдік құрмасаң! Толығырық
Көзбен көргенді
Құлақпен есіткен жеңген. Толығырық
Болмайтын істің басында болма,
Бітпейтін даудың қасында болма. Толығырық
Әділ бидің өлгені —
Сөзінің болса жалғаны,
Ғұламаның өлгені —
Болмаса тәлім алғаны. Толығырық
Сақтықта қорлық жоқ
Жарақтыда жау жолықпас. Толығырық
Оң көзіңе
Сол көзің қарауыл болсын. Толығырық
Жыланның уы басында,
Бейқамның жауы қасында. Толығырық
Айла — алтау,
Ақыл — жетеу. Толығырық
Жау жоқ деме
Жар астында,
Бөрі жоқ деме
Бөрік астында. Толығырық
Үй менікі демеңіз,
Үй артында кісі бар. Толығырық
Кезенген жаудың көзінен сақтан,
Сойқанды сұмның сөзінен сақтан. Толығырық
Айтқан жерде бәле жоқ,
Ақ жүргенге жала жоқ.
Қауіп қайдан болса
Қатер сонан. Толығырық
Бәледен машайық та қашыпты. Толығырық
Жауды аяған-жаралы. Толығырық
Үйреніскен жау атыспаққа жақсы. Толығырық
Мың жаудан бір жансыз жаман. Толығырық
Сыр ашу оңай,
Сыр түю қиын. Толығырық
Сақтықты сұңқардан үйрен! Толығырық
Жаман көзден,
Жалған сөзден сақтан. Толығырық
Жамандықты жасырма,
Жаманды басыңнан асырма. Толығырық
Сабын кірді ашады,
Сабырсыз сырды ашады. Толығырық
Орынсыз ашу — от шашу. Толығырық
Асығыс түбі — өкініш. Толығырық
Жасы жетпей
Шал болғаннан без,
Тақымында тайы жоқ
Сал болғаннан без,
Қомдығы жоқ, өркеші жоқ
Нар болғаннан без. Толығырық
Қалғымағанға қатер жоқ. Толығырық
Арамзаның арқанымен құдыққа түспе. Толығырық
Асығыс іске әзәзіл араласар. Толығырық
Оқығанның көзі төртеу. Толығырық
Жақсылық пен жамандық
Жақсыдан үйрен. Толығырық
Жақсыда жаттық жоқ. Толығырық
Жақсының өзі өлгенмен
Сөзі өлмейді. Толығырық
Өзі жақсы кісіге,
Бір кісілік орын бар. Толығырық
Жақсының үйі мен түзі бірдей. Толығырық
Таудың басын көр де,
Түбіне барма;
Жақсының өзін көр де,
Үйіне барма. Толығырық
Ақ сауыттың жағасы бар,
Жеңі жоқ,
Шын жақсының ашуы бар,
Кегі жоқ. Толығырық
Жақсыда кек жоқ. Толығырық
Жақсы әйел теңі жоқ жолдас,
Түбі жоқ сырлас. Толығырық
Жақсының жаны – жаннат. Толығырық
Жақсы адам жолдасынан танылғы. Толығырық
Жақсымын деп мақтанба,
Халық айтпай,
Батырмын деп мақтанба,
Жеңіп қайтпай. Толығырық
Жақсы – ай мен күндей –
Әлемге бірдей. Толығырық
Күн ортақ,
Ай ортақ
Жақсы ортақ. Толығырық
Жақсы кісі қартайса да,
Ақылынан танбас,
Жақсы ат қартайса да,
Жүрісінен танбас. Толығырық
Ай жарығы – әлемге,
Шам жарығы – түбіне. Толығырық
Жақсыны көрмек үшін. Толығырық
Сыпайыны үйде көрме,
Түзде көр. Толығырық
Асыл әйел –
Әрі еркек, әрі қатын. Толығырық
Жақсы лепес –
Жарым ырыс. Толығырық
Жақсының аты өлмейді,
Ақынның хаты өлмейді. Толығырық
Жақсыны жатқа санама,
Аласаны атқа санама. Толығырық
Жақсы адамда жаттық жоқ,
Тәуекелдің көңілі жоқ. Толығырық
Аққу құстың төресі,
Жалғыз жатып оттамас
Қас жақсының белгісі
Қара сөзді жақтамас. Толығырық
Жақсы қыз –
Жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт –
Көктегі жұлдыз. Толығырық
Жақсы туса – ел ырысы,
Жауын жауса – жер ырысы. Толығырық
Жақсы жатырқамайды,
Аңқау аңдамайды,
Әңгүдік тыңдамайды. Толығырық
Жақсымен сөйлесең,
Көңілің ашылады.
Биік төбеге шықсаң
Көзің ашылады. Толығырық
Қас жақсының белгісі
Қайғысын жұртқа білгізбес. Толығырық
Ақ сұңқар ұшқырмын деп мақтанба,
Алдында құрулы торлар бар.
Арғымақ жүйрікпін деп мақтанба
Алдында алуан орлар бар. Толығырық
Жақсының үйі түссе,
Күйі түседі,
Жаманның үйі түссе
Миы түседі. Толығырық
Жақсы келді дегенше
Жарық келді десейші.
Жақсылықтың уытын
Алып келді десейші. Толығырық
Жақсы болсаң – жақын көп. Толығырық
Жақсылардың үлгісі
Жанып тұрған шамдай.
Шешендердің сөздері
Ағып тұрған балдай. Толығырық
Жақсылық қылсаң жасыр,
Жақсылық көрсең асыр. Толығырық
Жарлыға қарас,
Жәрдемі тиер әр жерде,
Жақсымен жанас,
Шарапаты тиер тар жерде. Толығырық
Аз жақсылық —
Ақылды тең етеді.
Көп жақсылық —
Ақылды кең етеді. Толығырық
Жақсылықтың ерте-кеші жоқ. Толығырық
Көбенге шыққан тал жақсы,
Күміске құйған бал жақсы.
Көбелең өскен жігіттен
Көкала сақал шал жақсы. Толығырық
Жақсыдан —шарапат. Толығырық
Әкең жақсы кісі еді,
Жел жағыңа пана еді.
Анаң жақсы кісі еді,
Жетімдерге ана еді. Толығырық
Қайғы деген жылан бар
Өзекті шағып, өртейтін. Толығырық
Қайрат деген қыран бар
Өлімге күш бермейтін. Толығырық
Бардан — пейіл,
Жақсыдан — мейір. Толығырық
Біреудің өзі жақсы,
Біреудің көзі жақсы,
Біреудің сөзі жақсы. Толығырық
Келінді келін демесең,
Жақсы болса өз қызың.
Күйеуді күйеу демесең,
Жақсы болса өз ұлың. Толығырық
Көргені жоқ көріктіден,
Тәлім көрген текті артық. Толығырық
Жаңбырсыз жер — жетім,
Жақсысыз ел — жетім. Толығырық
Жақсылық жүрген жерде
Тапшылық болмайды. Толығырық
Қас жақсының белгісі —
Топтан торай шалдырмас,
Жолдасын жауға алдырмас. Толығырық
Жан-жануарлар
Малды бақсаң қойды бақ,
Май кетпейді шарадан.
Ит асырасаң сырттаннан
Қой бермейді қорадан. Толығырық
Қойдың сүті — қорғасын. Толығырық
Қойшы көп болса,
Қой арам өледі. Толығырық
Екі қошқардың басы
Бір қазанға сыймас. Толығырық
Ісек қойдың басы үлкен,
Саулық қойдың жасы үлкен. Толығырық
Ала қойды бөле қырыққан
Жүнге жарымайды. Толығырық
Ақсақ қой жатып семірер. Толығырық
Семіздікті қой көтерер. Толығырық
Семіздің аяғы сегіз. Толығырық
Арық қой — тырысқақ,
Ашадам — ұрысқақ. Толығырық
Жаман жасаққа жарамайды,
Желінсау қосаққа жарамайды. Толығырық
Қарақұрт жесе
Қой семіреді. Толығырық
Жаман қой ісегінде қартаяды. Толығырық
Еркек қой бұралқы болмас. Толығырық
Қасқырдың ойлағаны — арамдық.
Қойдың ойлағаны — амандық. Толығырық
Қой егіз тапса,
Шөптің басы айыртуады. Толығырық
Сүтсіз қой — маңырауық. Толығырық
Күн батса,
Қойға соқпақ табылар. Толығырық
Қойға қоңырау жараспас. Толығырық
Тәңір асыраған тоқтысын
Қасқыр жемейді. Толығырық
Арық малды асырасаң
Аузы-мұрныңды май етер.
Арам адамды асырасаң
Аузы-мұрныңды қан етер. Толығырық
Тоқты тоймас,
Шөміш кеппес. Толығырық
Мал аяған — аттан құр,
Төл аяған — ақтан құр. Толығырық
Тоғыз қабат торқадан,
Тоқтышағымның терісі артық. Толығырық
Ақсақ қой ауыл қасында,
Ия құдық басында. Толығырық
Қойлы бай — қорлы бай,
Жылқылы бай — сылдыр бай. Толығырық
Қойың саны мыңға жетсе,
Керегенің басынан бас кетпейді. Толығырық
Қой семізі — қойшыдан. Толығырық
Кәрі қойдың басы піскенше,
Тоқты қойдың басының
Арса-арсасы шығады. Толығырық
Қой өлсе, қозы қалады,
Келер жылы өзі болады. Толығырық
Аз қойда айран барда, өре жоқ. Толығырық
Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл-көсір. Толығырық
Қой шелді болмай,
Төлді болмайды. Толығырық
Арық қойда төстік жоқ. Толығырық
Жетім қозы тас бауыр,
Түңілер де, отығар. Толығырық
Қой көкпарға жарамас. Толығырық
Қой алты күн аштыққа шыдайды. Толығырық
Әркім өз қозысын қошқар қояды. Толығырық
Ісі оңына басарда
Тоқты туып, шыбыш лақтар. Толығырық
Қойлы бай — қорлы бай,
Сиырлы бай — сарымай. Толығырық
Жетім қозы сүтке тоймас. Толығырық
Қойдан қалған қозы
Қасқырға тап болады. Толығырық
Аузы кіші, қарныәйдік,
Қой семірсе, көтерер. Толығырық
Қарны кіші, аузы әйдік
Ит семірсе, құтырар. Толығырық
Қой егіз туады:
Бірі қонаққа сойылады,
Бірі қошқар қойылады. Толығырық
Қойды қорадан сатпа,
Аңды буазында атпа! Толығырық
Егіздетіп төл өседі,
Еңбек етіп, ер өседі. Толығырық
Семіз қозы пышаққа
Сұранып тұрады. Толығырық
Қойдың басын құмға көм,
Сиырдың басын нуға көм,
Түйенің басын сорға көм. Толығырық
Жетім қозы — маңырауық. Толығырық
Афоризмдер
Ана тілің – біліп қой, -
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің – біліп қой, -
Мақтанышың, елдігің.
Басқа қамың түк емес,
Тілдің қамы тұрғанда.
Тілің болса, үнің бар,
Тіл болмаса, түгің жоқ...
Қадыр Мырза Әлі Толығырық
Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғары қасиеті.
Тіл күшіне өлшеу жоқ, тіл көркемдігіне теңеу жоқ. Тіл өлгенді де тірілтеді... Әдебиет әдебиет болғалы тіл қасиетін ешкім сарқа пайдаланған емес, мойымайтын кен.
Ғабиден Мұстафин Толығырық
Тіл жоқ жерде ұлт жоқ.
Тәрбие басы – тіл.
Ана тілі – халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы. Өсіп-өніп, түрлене білетін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.
Жүсіпбек Аймауытов Толығырық
Ана тілін жақсы біліп тұрып, төтенше жақсы сөйлесең, бұл сүйеніш, ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – күйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беру – зор қате.
Халел Досмұхамедұлы Толығырық
Білімдімен дос бол,
Сасқанда ақыл береді.
Бала болсаң болғандай бол,
Ағайынға қорғандай бол.
Мөңке би Аманұлы Толығырық
Әдепті қыз, ақылды ұл –
Өкпе-бауыр, жүрегің...
Байсерке абыз Толығырық
Байдалы би:
- Алыста не алыс?
- Тәттіде не тәтті?
- Жақында не жақын? –
деген үш сұрағына Мұсаның қайтарған жауабына қанағаттанбай:
- Білімді мен білімсіздің арасынан алыс жоқ;
- Жаннан тәтті жоқ;
- Ажалдан жақын жоқ, - деген екен өзі.
Өсиетке терең бол,
Өсек сөзге керең бол.
Атаңның ботасын алма,
Батасын ал,
Бота өліп қалады,
Батадан бағың жанады.
Есей би Алдамұратұлы Толығырық
Балаңның жығылғаны да, жылағаны да өзіне сабақ.
Баланы жастан жұмсап, жүгіртіп істете беру керек. Еңбекшіл азамат содан қалыптасады.
Бала тәрбиесінің ең үлкені – оны еңбекке баулу. Еңбекшіл жас қана ең үздік азамат болып қалыптасады.
Әзілхан Нұршайықов Толығырық
Білім – қымбат қазына,
Қанағат тұтпа азына.
Жалқаулық аздырады,
Еңбек оздырады.
Мұзафар Әлімбаев Толығырық
Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзіңнің уақытыңды аямау. Бірақ бұған өкінбеу керек. Жер үстінде адам тәрбиелеуден асқан абыройлы іс, ардақты эұмыс жоқ. Ұстаздық – ұлы нәрсе.
Зейнолла Қабдолов Толығырық
Құлақ екеу, ауыз біреу.
Ол не үшін бұлай?
Көп тыңдап, аз сөйлеуге жаратқан оны Құдай.
Ауыз біреу, көз екеу – ол не үшін бұлай?
Көп көріп, аз таңдануға жаратқан оны солай.
Ауыз біреу, қол екеу – ол не үшін бұлай?
Көп жұмысшы, аз жеуші – жаратқаны ол солай.
Ахмет Байтұрсынов Толығырық
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.
Білмей тұрып билік айтудан аулақ болғын.
Өз ұлтын сүю - өзге ұлтты жек көру емес.
Отан үшін күрес – ерге тиген үлес.
Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,
Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын.
Әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс.
Шындық – бұл ерлікке тәрбиелеудегі ең бір құнарлы құрал.
Үйрете отырып, үйрену ғана жеміс береді.
Бауыржан Момышұлы Толығырық
Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек.
Ахмет Байтұрсынұлы Толығырық
Ел болам десең, бесігіңді түзе. Толығырық
Кітаптың бір мақсаты – агитация десек, кейбір шарттарды орындай отырып, оны да жүргізуге болады. Болмаса желігіп отырған жеңіл қолмен жазып жiберген жарнама дейді. Толығырық
Біз ескі әдетімізді сүйеміз, сүюіміз дәлелсіз емес. Құрметтейміз, құрметіміз орыныз емес. Себебі, әдебиетімізде өзге жұрттың әдебиетінде жоқ нәрселер табылып отыр. Толығырық
Ескі қазақ баласы, шынында, өлеңмен қарсы алынып, өлеңмен шығарып салынатын болған. Бұл қазақ рухына анық сіңген мінез еді. Толығырық
Бүгінгі қанағаттанбаудың себебі, тіпті, бұл күнгі табиғатқа ырза болмағандық. Толығырық
Күншығыстың діни дерті – религиозный митицизмде байқалады, ұлтшылдықта да сезіледі, болымсыз өнершілдік те көрінеді. Толығырық
Қазақ өлеңіне үлгі, өрнек берген, түрін көбейтіп, қалыбын молатқан – Абай. Толығырық
Әдебиеттің зор міндетінің бірі - елдің мінезін түзеу. Толығырық
Қазақ әдебиетінің ішіне қазақ өмірін түгел суретімен алып кіру- әдебиеттің ендігі міндеті. Толығырық
Жалпы адамзат қоғамының жаңа нәсілінің, асыл нәсілінің өкілі болуға жараған буындар туды дей аламыз. Толығырық
Бүгінгі қазақ баласы – қырық жылғы қазақ баласы емес. Толығырық
Адам өзгерумен бірге қауым, халық өсумен ілесе біздің өлкеміз де өзгерді. Толығырық
Білген, көрген болмысынан туған шындық кітабы болып шыға алса, содан арғы зорғы мұраты жоқ. Толығырық
Адамдықтың негізі - әйел Толығырық
Ой да көп, уайым да көп - ойлай берсең, Толығырық
Ой да жоқ, уайым да жоқ - ойнай берсең. Толығырық
Өнерпаз болсаң - өр бол. Толығырық
Бөрінің артынан бөлтірік ақылды болғандықтан ермейді. Толығырық
Жігіт қадірі - өнерімен өлшенер болар. Толығырық
Жалған намыс - қасиет емес, ар сақтаған - қасиет. Толығырық
Жалынған - бас қорғау емес, жағаласқан - бас қорғау. Толығырық
Берекені көктен тілеме - еткен еңбектен тіле. Толығырық
Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі - ниет керек, одан соң - күш керек, одан соң - тәртіп керек. Толығырық
Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық -ер кісінің ісі. Толығырық
Адамның ең ұлы көркі - оның ақылы деп санаймын. Толығырық
Жігітті жылы сөз ширатпайды, қатты сын ширатады. Толығырық
Адам өзінің жанын ұсақ уайым, болымсыз қам-қаракет дертімен былғанудан сақтауы керек. Толығырық
Тартыспен түскен, бейнетпен келген жақсылық қана - шын мәнінде қымбат табыс. Толығырық
Адам баласының жаман құлқы - жаратылысынан емес, өскен ортасында көрген үлгі-өнегесінен. Толығырық
Біз кейінгі буынға тәлім бермесек - ел болғанымыздың мәнісі не? Толығырық
Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес. Толығырық
Тумай жатып - толдым демеймін, толмай жатып - болдым демеймін. Толығырық
Қызғаныш - құрт ауруы, мыс қазанда қайнайтын азап оты. Толығырық
Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім. Толығырық
Адамшылықты тез жүргізу үшін көп ой керек, ойлау үшін оқу керек. Толығырық
Жау десе - жалынбаймын, дос десе - тарылмаймын. Толығырық
Қол жетпес шыңыраудағы су болғанымша, пайдасы көпке тиетін жайдақ су болайын. Толығырық
Егіншілік
Жері байдың — елі бай. Толығырық
Жердің сәні —
Егін,
Ердің сәні —
Білім. Толығырық
Жегіп жегін,
Ексең егін,
Ішерсің тегін. Толығырық
Диқаншы жерін мақтайды,
Балықшы көлін мақтайды,
Кәсіпқор кенін мақтайды. Толығырық
Жер тоймай,
Ел тоймайды. Толығырық
Жеріне қарай, егін ек,
Жолына қарай жегін жек. Толығырық
Қыс азығын жаз жина. Толығырық
Арпа, бидай —
Ас екен,
Алтын, күміс —
Тас екен. Толығырық
Тамыр тартқан — тарықпас. Толығырық
Жемісті ағаштың басы төмен. Толығырық
Қос жүре түзелер. Толығырық
Берген алар, еккен орар. Толығырық
Егінші жылда арманда,
Балықшы күнде арманда. Толығырық
Не ексең, соны орарсың. Толығырық
Күріш арқасында күрмек су ішер. Толығырық
Екпей егін шықпас,
Үйренбей білім жұқпас. Толығырық
Егіндікті күз суар.
Күз суарсаң, жүз суар. Толығырық
Сулы жер құрақсыз болмас,
Таулы жер бұлақсыз болмас. Толығырық
Ағын суы бал татыр,
Ақ шабағы май татыр. Толығырық
Сулы жер —
Нулы жер,
Бұлақты жер —
Тұрақты жер. Толығырық
Толықсып аққан дария —
Мейірбанды қария. Толығырық
Еріншек егіншіден
Елгезек масақшы озады. Толығырық
Егінші — мәрт,
Жер — жомарт. Толығырық
Қыс арбаңды сайла.
Жаз шанаңды сайла. Толығырық
Шағала келмей жаз болмас,
Шаңған болмай боз болмас. Толығырық
Көл жағалағанның,
Көні кеппес. Толығырық
Күріш азса,
Күрмек болар. Толығырық
Соры бар жігітке,
Сортаң жер кез болар,
Айналасы ойпаң жер кез болар. Толығырық
Көлдің көркі —
Құрақ.
Таудың көркі —
Бұлақ. Толығырық
Тікеннен — гүл,
Заһардан — бал. Толығырық
Сәуір болса,
Күн күркірер.
Күн күркіресе,
Көк дүркірер. Толығырық
Орақшының жаманы,
Орақ таңдайды. Толығырық
Айыр пішен қасында,
Кісен кереге басында. Толығырық
Шаруа болсаң,
Қос етегің кең болсын. Толығырық
Диқан жауында тынады,
Балықшы дауылда тынады. Толығырық
Кешкі күн құлақтанса
Қатының ұл тапқандай сүйін.
Ертеңгі күн құлақтанса,
Еліңді жау шапқандай күйін. Толығырық
Сабағы жаман дақылдың
Дәні де жаман. Толығырық
Сағадағы су ішеді,
Аяқтағы у ішеді. Толығырық
Ағашы аласа болса да,
Алмасы тамаша. Толығырық
Мәуелі ағаш — майысқақ. Толығырық
Жеті тоқсанда жер мұздайды. Толығырық
Егін ырыс таңдамайды.
Еңбек таңдайды. Толығырық
Егініңді дөңге сал,
Дөңге салсаң — көңге сал. Толығырық
Балық бәсін алады.
Елін есесін алады Толығырық
Әйел — ерімен,
Диқан — жерімен. Толығырық
Су — семіз,
От — арық. Толығырық
Қатты жерге егін шықпас,
Қаңғыған басқа білім жұқпас. Толығырық
Жаздың қамын қыс ойла,
Біройлама, үш ойла. Толығырық
Жүре-жүре арық қазсаң,
Күле-күле су ішерсің. Толығырық
Сөз сағасы —
Құлақ,
Су сағасы —
Бұлақ. Толығырық
Eңбек пен кәсіп
Еңбек түбі — береке.
Көптің түбі — мереке. Толығырық
Бейнет,
Бейнет түбі — зейнет. Толығырық
Еңбек етсең — емерсің. Толығырық
Рахат түбі — кейіс,
Бейнет түбі — кеңіс. Толығырық
Ер дәулеті — еңбек. Толығырық
Келген дәулет,
Кеткен бейнет. Толығырық
Ер еңбегіне бір тойсын. Толығырық
Бейнетің қатты болса,
Татқаның тәтті болар. Толығырық
Қолы қимылдағанның
Ауызы қимылдар. Толығырық
Еңбегіне қарай, өнбегі. Толығырық
Жас кезімде бейнет бер
Қартайғанда дәулет бер. Толығырық
Еңбек ерлікке жеткізер.
Ерлік елдікке жеткізер. Толығырық
Еңбек ет те, міндет ет. Толығырық
Көп еңбегі — көңілді. Толығырық
Еңбегің сайлы болса,
Ішің майлы болар. Толығырық
Еңбек ет те мақтан,
Ойнап-күл де шаттан. Толығырық
Еңбек — ширатады.
Өмір — үйретеді. Толығырық
Кетпен шауып өлгем жоқ,
Кемтаршылық көргем жоқ.
Таңмен таласа тұрғанның
Талай ісі бітеді.
Тал түске дейін жатқанның
Талай ісі кетеді? Толығырық
Еңбек пен бақыт егіз. Толығырық
Еңбеккер
ұйқыдан ширап тұрады.
Еріншек
ұйқыдан қирап тұрады. Толығырық
Рысты еңбек етіп,
Жерден сұра,
Жерге аққан ыстық,
Мөлдір терден сұра. Толығырық
Еңбек деген байлық бар,
Ерінбеген жететін.
Жоқшылық деген жебірді
Жермен-жексен ететін. Толығырық
Еңбекпен ер өседі,
Егізден төл өседі. Толығырық
Елің сені елесе,
Еңбегіңнің жанғаны,
Елің сені шенесе,
Көз қырына алғаны. Толығырық
Мал өсірсең мол өсір,
Кеңейтеді пейіліңді.
Еңбек етсең — көл көсір
Қандырады мейіріңді. Толығырық
Еңбек ет те, егін ек,
Жарымасаң маған кел.
Белді бу да бейнет қыл,
Байымасаң маған кел. Толығырық
Еңбекте қорлық жоқ.
Шындықта зорлық жоқ. Толығырық
Еңбектен алғанның бүйірі шығады.
Кісіден алғанның екі көзі шығады. Толығырық
Еңбек түбі —қуаныш,
Сауда түбі — реніш. Толығырық
Еңбегіне қарай — құрмет.
Жасына қарай — ізет. Толығырық
Халық — қазы,
Еңбек — таразы. Толығырық
Екі көзің ойнаса,
Жақұт емей немене?
Екі қолың ойнаса
Бақыт емей немене?! Толығырық
Еңбек — өмірді ұзартады,
Ұят бетті қызартады. Толығырық
Еркін еңбек —
Баршаны жеңбек. Толығырық
Жер — өмірдің бесігі.
Еңбек — ердің несібі
Еңбек еткен —
Мұратқа жеткен. Толығырық
Кедейлік кетсін десең, еңбек ет.
Молшылық жетсін десең, еңбек ет. Толығырық
Еңбек етсең — еленерсің,
Еңбегіңе кенелерсің.
Есің жиып, етек жауып,
Елге жетіп теңелерсің. Толығырық
Еңбексіз өмір жоқ.
Ауырсыз жеңіл жоқ. Толығырық
Көндікпесең бейнетке,
Қолың жетпес зейнетке. Толығырық
Алтын әзәзіл— аздырар...
Адал еңбек – бойыңдыжаздырар. Толығырық
Қатты жерге қақ тұрар,
Қайратты ерге бақ тұрар. Толығырық
Ерте тұрған жігіттің
Ырысы артық,
Ерте тұрған әйелдің
Бірісі артық. Толығырық
Көз қорқақ
Қол батыр Толығырық
Жүйесін тауып, жұмыс қыл.
Жерін тауып, тыныс қыл. Толығырық
Өзен жағалағанның
Өзегі талмас. Толығырық
Түйменің инесіз күні жоқ. Толығырық
Жігіттің жұмсаған күшін сұрама,
Бітірген ісін сұра. Толығырық
Елге қылған жақсылық,
Еленбей қалмайды.
Еңбек еткен ерінбей —
Кенелмей қалмайды. Толығырық
Ергенек болмаса,
Есік тұра ма?
Еңбеккер болмаса,
Несіп тұра ма? Толығырық
Отты үрлеген жағады.
Шындықты іздеген табады. Толығырық
Ақылды қария — ағынды дария
Кәрінің бары — игі. Толығырық
Жақсы адам қартайса,
Жазып қойған хаттай,
Жаман адам қартайса,
Бықсып жанған оттай. Толығырық
Отырса — от басында
Көшсе — көш басында. Толығырық
Сексенде сегіз байлық,
Сегіз жарлылық. Толығырық
Есік алдында төбе болса,
Ерттеп қойған атпен тең. Толығырық
Ауылыңда қария болса,
Жазып қойған хатпен тең. Толығырық
Шөп те басынан қурайды. Толығырық
Өсетін елдің қарты
Қазына болар.
Өспейтін елдің қарты
Қазымыр болар. Толығырық
Өмір қартайса да,
Көңіл қартаймайды. Толығырық
Асырын асаған,
Жасырын жасаған. Толығырық
Кәрі жатса – қунайды,
Жас жүрсе – қунайды. Толығырық
Елу шылбырдан алды,
Алпыс тізгіннен алды,
Жетпіс өре салды,
Сексен – тұсау салды,
Тоқсан – толқып қалды. Толығырық
Ат қартайса – ұрыншақ,
Ер қартайса – жаңылшақ. Толығырық
Сақалға ақ түсті –
Көңілге дақ түсті. Толығырық
Көп жасаған
Құрдасынан айрылады.
Жұғымы жоқ –
Жолдасынан айрылады. Толығырық
Атасыз үй – батасыз,
Анасыз үй – панасыз. Толығырық
Сексен – жермен жексен. Толығырық
Аға – бор,
Іні – тас. Толығырық
Су ағады, тас қалады,
Кәрі кетеді, жас қалады. Толығырық
Қатарынан қалған кәрі жетім. Толығырық
Қарты бардың жұрты бар,
Кемпірі бардың құрты бар. Толығырық
Қарттың айтқанын істе,
Жастың тапқанын же. Толығырық
Көрген, көргенін істейді
Көсеу түрткенін істейді. Толығырық
Үлкенге – ізет, жасқа – жол. Толығырық
Көп жасағаннан сұрама,
Көпті көргеннен сұра. Толығырық
Кәрі –қалтаң,
Жас – жалтаң,
Жас келсе – іске,
Кәрі келсе – асқа. Толығырық
Әзілің жарасса,
Атаңмен ойна. Толығырық
Жасыңда жалықпасаң –
Қартайғанда тарықпайсың. Толығырық
Бүгінгінің қартымыз,
Кешегінің артымыз. Толығырық
Көп жасаған құрдасынан
Көп сөйлеген жолдасынан айрылады. Толығырық
Ағадан – ақыл
Атадан – нақыл. Толығырық
Өткен өмір –
Өшкен көмір. Толығырық
Алпысқа келгенде,
Алты ағаң болсын.
Жетпіске келгенде
Жеті інің болсын. Толығырық
Қарты бар елдің
Қазынасы бар,
Қызы бар елдің
Базынасы бар. Толығырық
Үлкен пышақ —
Ұялғаннан өтеді. Толығырық
Алпыс — дер шағы,
Жетпіс — мәр шағы,
Сексен — жер шағы
Тоқсан — шер шағы,
Жүз — қор шағы... Толығырық
Шалды шақыр, асыңа келсін,
Шалдығына күл, басыңа келсін. Толығырық
Алтыға дейін бала ерке,
Алпыстан кейін шал ерке. Толығырық
Жасында байқары жоқтың
Жасы жеткенде айтары жоқ. Толығырық
Қартайдым деп, қайырма,
Жас бала бар артында,
Жалғызбын деп, қайырма
Жақсылар бар артында. Толығырық
Кәрі –қалтаң,
Жас – жалтаң, Толығырық
Жас келсе – іске,
Кәрі келсе – асқа. Толығырық
Туыс-туған, көрші-қолаң
Ағайынның аты озғанша,
Ауылдастың тайы озсын. Толығырық
Итің жақсы болса — ырысың,
Көршің жақсы болса — тынысың. Толығырық
Ағайының бай болса,
Асағаның май болар. Толығырық
Алыстағы ағайыннан,
Алдыңдағы көрші артық. Толығырық
Ағайын бірде араз, бірдетату. Толығырық
Әйелінен сескенген
Ауылдасына шай іш демейді. Толығырық
Орынсыз мақтау
Орға жығады. Толығырық
Үйірінен айрылған айғыр
Ат болады,
Көңілді қалдырған ағайын
Жат болады. Толығырық
Атың жақсы болса — қанатың,
Ағайын жақсы болса — санатың. Толығырық
Қонағы бар үй қоңырсып тұрады,
Қонағы жоқ үй бозымсып тұрады.
Құдаң құрдасыңдай болсын,
Құдағайың сырласыңдай болсын. Толығырық
Аға алдында пейіліңді көрсет,
Іні алдында мейіріңді көрсет. Толығырық
Үйдің жылы-суығын,
Қыс түскенде білерсің.
Ағайынның алыс-жақынын
Іс түскенде білерсің. Толығырық
Жайды білмеген жақыннан,
Жайды білген жат артық. Толығырық
Асыл аға, алғыр іні. Толығырық
Туысы бірдің — уысы бір. Толығырық
Аға — алғанша,
Жеңге — жегенше. Толығырық
Жақынның жаманын мақтама,
Көршіңнің ала жібін аттама. Толығырық
Құдаңның түйесін сұра,
Қорық қанынан биесін берер. Толығырық
Қонымды киіміңді өзің ки,
Айналып қарасын көргендер,
Тәтті тамағыңды қонағыңа бер,
Айта жүрсін жегендер. Толығырық
Бір тойда екі жар жоқ. Толығырық
Қонақ келсе — құт,
Қарақшы келсе — жұт. Толығырық
Иесіз үйдің оты жанбайды.
Қонақ қазанға бір қарайды,
Қожасының қабағына екі қарайды. Толығырық
Сараңның салғанын қазаны жейді,
Қалғанын қонағы жейді. Толығырық
Алыстағы ағайыннан,
Ауылы бірге көрші артық. Толығырық
Өзі қонақ болып көрмеген,
Қонақты сыйлай да білмейді. Толығырық
Ауыздың қайда екенін қол біледі,
Ауылдың қайда екенін жол біледі. Толығырық
Қойыннан төгілген— қонышқа. Толығырық
Ағайынның аразы болса да,
Азары болмайды. Толығырық
Отты үрлей берсең, өшіресің,
Көршіні күндей берсең, көшіресің. Толығырық
Бедері жоқ қамқадан,
Бек тоқыған бөз жақсы,
Бейкемі жоқ туғаннан
Бек сөйлескен сөз жақсы. Толығырық
Әділ айтсаң,
Ағайынға жақпайсың,
Әзіл айтсаң,
Маңайыңа жақпайсың. Толығырық
Ағайын бір өліде,
Бір тіріде керек. Толығырық
Тұзсыз тамақ піссе де,
Тұздықсыз тамақ піспейді. Толығырық
Жақсы да болса — өз үйім,
Жаман да болса — өз үйім,
Кең сарайдай боз үйім. Толығырық
Күншіл сорлы көре алмай өледі,
Сараң сорлы бере алмай өледі. Толығырық
Туысқан өкпеге тепсе де,
Өлімге қимайды. Толығырық
Сыйласайық,
Сырласайық, сыбайлас!
Сыйлы көңіл,
Сыршыл көңіл мұңаймас. Толығырық
Тойлы ауылда тойлап тоймаған,
Ойнап тояды. Толығырық
Құм үстінде ине сабақтама,
Түсіп кетсе, табылмас.
Қонар үйді бір күнде адақтама
Қоналқы ертең табылмас. Толығырық
Өз ауылымның түтіні түзу шықсын. Толығырық
Үй болған соң,
Шыны-аяқ сылдырламай тұрмайды. Толығырық
Қожасы жуас үйдің қонағы билейді. Толығырық
Үйлері қоңыр екен деп,
Көп ауылдан кетпеңіз.
Үйі аппақ екен деп,
Оңаша үйге түспеңіз. Толығырық
Сараңның асын сары ит ішсін. Толығырық
Сұмырай келсе — су қат.
Ашаршылық келсе — ағайын жат. Толығырық
Сараңның етін сасыған соң
Сары күшік жейді. Толығырық
Тату үйдің
Табағы салдырламайды. Толығырық
Күбі де май,
Күбінің түбі де май. Толығырық
Не еріншек өлер,
Не келіншек өлер. Толығырық
Шайнаған бұйырған емес,
Жұтқан бұйырған. Толығырық
Той-думан
Тойдың болғанынан,
Боладысы қызық. Толығырық
Тойға барсаң, тойып бар,
Бар жұмысты қойып бар. Толығырық
Таз таранғанша,
Той тарқайды. Толығырық
Әшейінде ауыз жаппас,
Той дегенде өлең таппас. Толығырық
Тойда тоныңды сұрама. Толығырық
Той сылтауымен тон бітті. Толығырық
Асқа барсаң — аш бар,
Тойға барсаң — тоқ бар,
Той қызығы — көкпар. Толығырық
Аты, тоны сай кісі,
Жиын, тойға барысар,
Ұлы, қызы бар кісі,
Құдалыққа барысар. Толығырық
Шақырусыз тойға барғанша,
Шарығыңды ки де, қойға бар. Толығырық
Тойға барсаң, бұрын бар,
Бұрын барсаң, орын бар. Толығырық
Той тамағы — тәтті. Толығырық
Көңілдінің үйінде
Күнде мейрам, күнде той. Толығырық
Ата-ана, ұл мен қыз
Анасын сүйгеннің
Баласын сүй. Толығырық
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада. Толығырық
Жалғыз баласы атқа шапса,
Атасы ауылда тұрып
Тақымын қысады. Толығырық
Ана жақсылығын,
Ауырсаң білерсің.
Қайын жақсылығын,
Қыдырсаң білерсің. Толығырық
Баланың өзі болғандай,
Келіннің өзі келгендей. Толығырық
Торғай
Жаңбыр жауса,
Баласын қорғайды;
Бұршақ жауса,
Басын қорғайды.
Ата-ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің;
Ағайынның қадірін
Жалалы болғанда білерсің. Толығырық
Ақ шашты ана:
«Жастығым — балам» дейді.
Ақылды бала:
«Ай-күнім — анам» дейді. Толығырық
Ана алдында — құрмет,
Ата алдында — қызмет. Толығырық
Малды баққан өсірер,
Баланы тапқан өсірер. Толығырық
Бала —
Ананың бауыр еті, көз нұры. Толығырық
Мылқаудың тіліне анасы түсінеді. Толығырық
Ананың алды — ақ жайлау. Толығырық
Бесіктегі баланың
Күлгенін көрген бір мұрат.
Алдынан түсіп ананың
Жүргенін көрген бір мұрат. Толығырық
Өз кемеріңнен шыққан баланы
Бал сүтіңмен бағарсың.
Бал сүтіңмен бақпасаң,
Кәйтіп көңілін табарсың?! Толығырық
Мейрімі мол ананың —
Жүрегі жылы, қолы кең.
Кең пейілді атаның
Жүзі жылы, жолы кең. Толығырық
Ақ жаулығы ананың —
Ақ көрпесі баланың. Толығырық
Ағайын — алтау,
Ана — біреу. Толығырық
Ана алақанының аясы —
Ақ шынардың саясы. Толығырық
Анадан артық дос бар ма?
Ашудан жаман қас бар ма?
Жиырма бестен жақсы жас бар ма?
Қымыздан тәтті ас бар ма? Толығырық
Ананың сүті—бал,
Баланың тілі — бал. Толығырық
Бала тентек болатыны — үйінен,
Ердің тентек болатыны — биінен. Толығырық
Көне киім жаңаны сақтайды,
Кәрі кемпір баланы сақтайды. Толығырық
Ананың сүйген жері:
Отқа күймейді,
Оқ та тимейді. Толығырық
Ананың ойы ұяда,
Баланың ойы қияда. Толығырық
Жетімге жеті бидай да тамақ. Толығырық
Анаңа ауыр сөз айтпа!
Атыңа ауыр жүк артпа! Толығырық
Ана сүтін ақтамағанды
ешкім мақтамайды. Толығырық
Балапанды торғайлар
Өрт болмасын тілейді.
Балаларға аналар
Дерт қонбасын тілейді. Толығырық
Баласыз ана — гүлсіз алма. Толығырық
Ата балаға сыншы. Толығырық
Ата баласының
Ат меңіндей белгісі болады. Толығырық
Атаңа не қылсаң,
Алдыңа сол келер. Толығырық
Ілгері басатын жасты
Кері тартқан кәрі қайтарады. Толығырық
Үлкен бастар
Кіші қостар. Толығырық
Ата баласы
Азарыңда асық ойнайды. Толығырық
Адам еткен әкеңнің атын ақтап жүргейсің. Толығырық
Ата - асқар тау,
Ана - бауырыңдағы бұлақ,
Бала - жағасындағы құрақ. Толығырық
Атаға тартып ұл тумас,
Анаға тартып қыз тумас. Толығырық
Атасы бұлан атпағанның баласы құлан атпайды. Толығырық
Атадан ұл туса игі еді,
Ата жолын қуса игі еді. Толығырық
Атадан жақсы ұл туса,
Қар үстінде от жанар.
Атадан жаман ұл туса,
Ат үстінде ит қабар. Толығырық
Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді.
Атадан жаман ұл туса, елінің малын жейді. Толығырық
Аналы баланың аузы ойнайды,
Атасыз баланың көзі ойнайды. Толығырық
Атасын құрметтеп тұрған баланың тілеген тілегі қабыл болады. Толығырық
Ата тұрып, бала сөйлесе, шіркіндігі,
Аға тұрып, іні сөйлесе, еркіндігі. Толығырық
Атадан мал қалмаса да, тал қалсын. Толығырық
Атасыз ұл ақылға жарымас,
Анасыз қыз жасауға жарымас. Толығырық
Әкең өлсе өлсін,
Әкеңді көрген өлмесін. Толығырық
Атадан бала туар
Атасының жолын қуар. Толығырық
Әкенің жақсылығы жездедей-ақ. Толығырық
Қол өнері
Өнерлі өрге жүзеді. Толығырық
Қол өнері — кілемде,
Сөз өнері — өлеңде. Толығырық
Жігітке жетпіс өнер де аз. Толығырық
Өнерді үйрен де жирен. Толығырық
Ұзынсыз қысқа болмас,
Үлгісіз ұста болмас. Толығырық
Қолы жатықтың
Ішкені қатық болар. Толығырық
Өнерлінің өрісі ұзақ. Толығырық
Мылтығыңның күмісін айтпа,
Тиісін айт. Толығырық
Ұстамен жақын болсаң
Ұстарасын аларсың.
Мүттайыммен жақын болсаң
Пәлесіне қаларсың. Толығырық
Жібекті түте білмеген жүн етер,
Қызды күте білмеген күң етер. Толығырық
Озар елдің қызы мінезді,
Ұлы өнерлі келеді. Толығырық
Бала соққан кездіктің
Басы жарық. Толығырық
Істің көзін таппағанның
Күші зая,
Еңбегі ештің
Істеген ісі зая. Толығырық
Көзсіз жұмсаған — күш арам,
Көріксіз істелген — іс арам. Толығырық
Шаштараз сақал түзетер,
Өнерпаз шаһар түзетер. Толығырық
Оймақ пішсең де,
Ойлап піш. Толығырық
Әр нәрсеге асық болғанша,
Бір нәрсеге машық бол. Толығырық
Бөрі соғар жігіттің
Бөрігінен белгілі.
Балта соғар жігіттің
Көрігінен белгілі. Толығырық
Алтын ерің атқа тисе,
Алтынын ал да отқа жақ. Толығырық
Бояушы, бояушы дегенге,
Сақалын бояр. Толығырық
Болар іс болды,
Бояуы сіңді. Толығырық
Өз үйінде ою оймаған,
Кісі үйінде сызу сызады. Толығырық
Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер. Толығырық
Керек тастың ауырлығы жоқ. Толығырық
Қазаншының еркі өзінде,
Қайдан құлақ шығарса. Толығырық
Жалғаймын деп үзіп алма,
Түзеймін деп бұзып алма. Толығырық
Сұлуынан жылуы. Толығырық
Жаман үйден қосым артық,
Сынық ошақтан мосым артық. Толығырық
Аяғы кіші сүйгенін киер,
Аяғы үлкен сыйғанын киер. Толығырық
Олақтан салақ жаман. Толығырық
Жаман етікші біз таңдайды,
Жаман жігіт қыз таңдайды. Толығырық
Темірші көміршіге үйір. Толығырық
Жаман ұста жанынан. Толығырық
Жұмыстың көзін тап,
Қисықтың ізін тап. Толығырық
Алтын балтаның да сабы ағаш. Толығырық
Өнер көзі — халықта: Толығырық
Тігіншіні инесі асырайды. Толығырық
Өнерлінің үйі басында,
Үскенесі қасында. Толығырық
Өнерліге есік ашық. Толығырық
Жантақтан ине,
Жаңқадан түйме жасаған. Толығырық
Ұстаның бізі сүйкімді,
Жақсының сөзі сүйкімді. Толығырық
Шебердің инесі де,
Күймесі де — алтын. Толығырық
Жолаушыны жол асырайды,
Өнерпазды қолы асырайды. Толығырық
Ата өнері — балаға мұра. Толығырық
Ата кәсібі — бала нәсібі. Толығырық
Ине, жібі бар әйелдің
Үсті-басы жыртылмайды. Толығырық
Алтынды еріткенмен,
Жез болмайды
Жібекті жуғанмен,
Бөз болмайды. Толығырық
Өзіңе бой болмаған,
Өзгеге жең шықпас. Толығырық
Өнер ауысады,
Ырыс жұғысады. Толығырық
Жылтырағанның бәрі алтын емес. Толығырық
Тіл өнері
Өнер алды — қызыл тіл. Толығырық
Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады. Толығырық
Шебердің қолы — ортақ,
Шешеннің тілі ортақ. Толығырық
Тіл — буынсыз,
Ой - түпсіз. Толығырық
Сүйреңдеген қызыл тіл
Сүйгеніңненайырар;
Иә жаубетін қайырар. Толығырық
Алажағым кетсе де,
Айташағым кетпесін. Толығырық
Ат жүйрігі айырады,
Тіл жүйрігі қайырады. Толығырық
Мақтаған жеткізер,
Шаққан өлтірер. Толығырық
Бал тамған тілден
У да тамар. Толығырық
Сүңгінің жарасы бітер,
Тіл жарасы бітпес. Толығырық
Басқа пәле тілден. Толығырық
Тіл — тиексіз. Толығырық
Тіл ерді қабырға салады,
Нарды қазанға салады. Толығырық
Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ. Толығырық
Қызыл тіл жанның мияты,
Абырой ердің қуаты. Толығырық
Ашуың келсе — қолың тарт,
Айтпас жерде — тілің тарт. Толығырық
Тіл жүйрік емес,
Шын жүйрік. Толығырық
Піл көтермегенді
Тіл көтереді. Толығырық
Адам көңілінен азады,
Тілінен жазады. Толығырық
Жер астында жатқанды,
Қазбай, қарап тіл табар. Толығырық
Қойын-қойын сырыңды
Түбінде келіп шын табар. Толығырық
Аш құлақтан —
Тыныш құлақ. Толығырық
Сөз тапқанға қолқа жоқ. Толығырық
Жақсы байқап сөйлер,
Жаман шайқап сөйлер. Толығырық
Жыланның тілі айыр,
Жылан мінезді адамның сөзі айыр. Толығырық
Аңдамай сөйлеген
Ауырмай өледі. Толығырық
Аяғы жаман төрді былғар,
Аузы жаман елді былғар. Толығырық
Көп сөйлеген —
Көптен айрылар. Толығырық
Көп сөз — күміс,
Аз сөз — алтын. Толығырық
Суды ішім тоқтатар,
Сөзді шын тоқтатар. Толығырық
Ақпа құлаққа айтқан сөз
Ағып кетеді.
Құйма құлаққа айтқан сөзді
Құйып алады. Толығырық
Өтірікшінің шын сөзі зая. Толығырық
Қатты айтсаң,
Қарындасыңажақпайсың.
Ақырынайтсаң,
Ақың кетеді. Толығырық
Біреудің сөзі әдемі,
Біреудің көзі әдемі. Толығырық
«Көрдім» деген көп сөз,
«Көрмедім» деген бір сөз. Толығырық
Шешеннің сөзі — мерген,
Шебердің көзі — мерген. Толығырық
Ине көзінен сынады,
Шешен сөзінен сынады. Толығырық
Қаһарлы сөз — қамал бұзар. Толығырық
Олақтың сөзі —
Орынсыз жамау тәрізді. Толығырық
Орынды айтылған сөз —
Орнына қағылған шеге сияқты. Толығырық
Ойнап сөйлесең де,
Ойлап сөйле. Толығырық
Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді. Толығырық
Мір тәуекел бұзады,
Мың қайғының қаласын;
Бір жылы сөз бітірер
Мың көңілдің жарасын. Толығырық
Адам сөзінен жазады,
Сиыр мүйізінен жазады. Толығырық
Көз жеткізер,
Көз жеткізбегенді
Сөз жеткізер. Толығырық
Аталы сөзге,
Арсыз жауап қайырар.
Ақ пен қараны
Шындық айырар. Толығырық
Шал,
Шалдың сөзі — бал. Толығырық
Ұлы сөзде — ұят жоқ. Толығырық
Сөз шындықты табар. Толығырық
Көп сөйлеген
Иә жолдасынан,
Иә құрдасынан айрылады. Толығырық
Денсаулық – зор байлық
Әуелгі байлық — ден саулық,
Екінші байлық — он саулық,
Үшінші байлық — ақ жаулық. Толығырық
Денсаулық — зор байлық. Толығырық
Жарлының байлығы —
Дәнінің саулығы. Толығырық
Ауру — астан,
Дау —қарындастан. Толығырық
Аурудың алдын ал. Толығырық
Ауруын жасырған өледі. Толығырық
Ауру кісі күлкі сүймес,
Ауыр жүкті жылқы сүймес. Толығырық
Денің сау болса,
Жарлымын деме.
Жолдасың көп болса,
Жалғызбын деме.
Тазалық. — саулық негізі,
Саулық — байлық негізі. Толығырық
Қыры кеткен,
Қырқында таз болады. Толығырық
Көзің ауырса, қолың тый,
Ішің ауырса, тамағың тый. Толығырық
Ақша қарда көп жүрсең,
Көзің бір күн қарығар,
Алыс жерде көп жүрсең,
Көңілің бір күн тарығар. Толығырық
Ауырып тұрдың,
Аунап тұрдың. Толығырық
Ауырып, жазылған жан олжа,
Жоғалып, табылған мал олжа. Толығырық
Керең — адамның аузына қарар,
Соқыр — кісінің дауысын бағар. Толығырық
Тыймаған ауызда пәле бар. Толығырық
Туа мүкіс жазылмас. Толығырық
Тұмау аяғы— құрт,
Тұман аяғы— жұт. Толығырық
Аш кісі— ұрысқақ,
Ауру кісі — тырысқақ. Толығырық
Басы ауырып,
Балтыры сыздамағанның
Тәңіріменен ісі жоқ. Толығырық
Тұр-тұрдан хабар келсе,
Ұйқыдан маза кетеді. Толығырық
Демі бардың — емі бар. Толығырық
Жұғын бар жерде шыбын бар,
Шыбын бар жерде шығын бар. Толығырық
Жан ауырса тән азады,
Қайғы басса, жан азады. Толығырық
Айдалада атқан оқ
Ажалдыға тиеді. Толығырық
Арық семіреді,
Ауру жазылады. Толығырық
Сынықтан өзгенің бәрі жұғады. Толығырық
Ажал ажарыңа да қарамайды,
Базарыңа да қарамайды. Толығырық
Жеңіл барып, ауыр қайт,
Аман барып, сау қайт. Толығырық
Бас аманда мал тәтті,
Бас ауырса, жан тәтті. Толығырық
Аяншақ көзге шөп түскіш. Толығырық
Күлегештің көңілі азбас,
Күтіншектің өзі азбас.
Қырықта қылау,
Сексенде шылау. Толығырық
Ұрынарға қара таппай,
Емдетуге жара таппай... Толығырық
Жасырғанның жарасы асқынады. Толығырық
Өлгенге өкпе жүрмейді. Толығырық
Сақинаны сәнге салмайды,
Тазалыққа таразы. Толығырық
Лас адам — кіршіл,
Надан адам — діншіл. Толығырық
Тіс бүлінді дегенше
Іш бүлінді десеңші,
Іш бүлінді дегенше,
Іс бүлінді десеңші. Толығырық
Арақ түбі — дерт,
Ұшқын түбі — өрт. Толығырық
Өлген — моладан қорықпайды. Толығырық
Қайгы — қартайтады,
Қуаныш — марқайтады. Толығырық
Ұшқын — өртке сеп,
Достыіқ — дертке сеп. Толығырық
Өлім — ойран,
Өмір — майдан. Толығырық
Кебін кигеннен түңіл,
Кебенек кигеннен түңілме. Толығырық
Ұйқыарыстанды да жығады. Толығырық
Ауру азығымен,
Тоқпақ қазығымен. Толығырық
Арақпен достастым дегенше,
Адамгершілікпен қоштастым де. Толығырық
Қара көзден нұр тайса,
Айналаң қара түн болар.
Екі аяқтан әл кетсе
Қарға адым жер мұң болар. Толығырық
Ауру қалса да,
Әдет қалмайды. Толығырық
Көп ауырған ем табады,
Көп адасқан ел табады. Толығырық
Күрек тісің сынса,
Күлкің бұзылады. Толығырық
Ынтымақ, бірлік
Ырыс алды – ынтымақ. Толығырық
Бірлік болмай – тірлік болмас. Толығырық
Ауылы бірдің – ауызы бір. Толығырық
Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді;
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді. Толығырық
Тозған қазды
Топтанған қарға алады. Толығырық
Ынтымақ түбі –игілік,
Тірлік, тірлік түбі – бірлік. Толығырық
Ағайын тату болса – ат көп,
Абысын тату болса – ас көп. Толығырық
Теңге – тиыннан,
Ынтымақ – ұйымнан. Толығырық
Ынтымақ түбі — игілік. Толығырық
Екі құзғын таласса,
Бір қарғаға жем болар. Толығырық
Көнектен шошынған бие оңбас,
Көптен бөлінген үй оңбас. Толығырық
Бір жеңнен қол шығар,
Бір жағадан бас шығар. Толығырық
Қырық кісі — бір жақ,
Қыңыр кісі — бір жақ. Толығырық
Көптеген жау алады,
Көмектескен дау алады. Толығырық
Күшенген жеңбейді,
Күші көп жеңеді. Толығырық
Ынтымақ — бұзылмайтын қорған,
Қосылып еккен ағаш — орман. Толығырық
Біреуің бас, біреуің аяқ бол,
Біреуің құйрық, біреуің қанат бол. Толығырық
Аздың азаншысы болғанша,
Көптің қазаншысы бол. Толығырық
Күш — бірлікте. Толығырық
Саусақ бірікпей —
Ине ілікпейді. Толығырық
Ауыл болса — қауым бол. Толығырық
Аз да бітер, көп те бітер,
Татулыққа не жетер? Толығырық
Біршілік болмай — тіршілік болмайды. Толығырық
Ұйымдасқан ұтады. Толығырық
Тоқтығында жараспаған,
Аштығында қараспайды. Толығырық
Қосылғанның — қолы ұзын,
Қос керуеннің — жолы ұзын. Толығырық
Байлық байлық емес, бірлік — байлық. Толығырық
Қол жұмылмай — жылынбайды. Толығырық
Ынтымақ жүрген жерде,
Ырыс бірге жүреді. Толығырық
Құрама жиып ел өткен,
Құрақ жиып шөп еткен. Толығырық
Ынтымақтың арты игі. Толығырық
Ынтымақсыз елді —
Ұрысы билейді.
Ынтымақты елді —
Дұрысы билейді. Толығырық
Жұрт келгендей жиын болсын,
Жұмылған қолдай ұйым болсын. Толығырық
Бір кісінікі — мақұл.
Екі кісінікі — ақыл. Толығырық
Төртеуі түгел төрге шығар. Толығырық
Тірлік басқа болса да,
Тілек бір.
Бармақ басқа болса да,
Білек бір. Толығырық
Итпен ит ырылдасса
Тамағының тоқтығы.
Жігітпен жігіт қырындасса
Ынтымағының жоқтығы. Толығырық
Жері азған елде
Тоқшылық болмайды.
Ері ынтымақты елде
Жоқшылық болмайды. Толығырық
Біреуге біреу сеп,
Тамға тіреу сеп. Толығырық
Тату елдің тамағы таусылмайды. Толығырық
Ұрыстың арты — реніш,
Татулықтың арты — кеніш. Толығырық
Берекені көктен тілеме,
Бірлігі мол көптен тіле. Толығырық
Бірлігі бар елдің,
Белін ешкім сындырмас. Толығырық
Біріккен бітіреді,
Ұйымдасқан ұтады. Толығырық
Саусақ ашылса қылдырық,
Жұмылса — жұдырық. Толығырық
Кеңеспен шешкен шешімнің
Кемісі болмас. Толығырық
Ынтымақ жүрген жерде —
Ырыс жүреді. Толығырық
Адассаң, көппен адас. Толығырық
Әрі жат, бері жат —
Таршылықтың белгісі.
Сен же, мен же —
Баршылықтың белгісі. Толығырық
Жас-жастың тілегі бір,
Ынтымақтың білегі бір. Толығырық
Жалғыздық
Жалғыздың үні шықпас,
Жаяудың шаңы шықпас. Толығырық
Жалғыз ағаш үй болмас,
Жалғыз жігіт би болмас. Толығырық
Жалғыз жаңқа жанбайды,
Жалғыздың ісі оңбайды. Толығырық
Жалғыз ағаш
Орман болмас,
Жалғыз кірпіш
Қорған болмас. Толығырық
Жалғыздың жолы тар,
Жалшының қолы тар. Толығырық
Жалғыз жігіт басына іс түссе,
Ақылынан адасады,
Сасқанынан қырық құмалақ алып,
Бал ашады. Толығырық
Жалғыз ағаш пана болмас,
Жалғыз биеден саба болмас. Толығырық
Жаяудың жүрісі өнбейді,
Жалғыздың бір ісі өнбейді. Толығырық
Жалғыз үйдің тамағы жетсе де,
Табағы жетпейді. Толығырық
Жалғыз мая қайымас,
Жалғыз жігіт байымас. Толығырық
Жалғыз батыр, жауға жоқ,
Жалғыз жігіт дауға жоқ. Толығырық
Аңқау аңдамайды,
Әңгі таңдамайды. Толығырық
Сіз тұрыпсыз тікейіп,
Біз тұрыппыз тікейіп.
Жерге түскен қамшыны
Кім алады еңкейіп. Толығырық
Бір де болса — бірегей
Сүт бетінде кілегей. Толығырық
Азды аяған көптен құр қалар. Толығырық
Жалғыздың қалі — мүшкіл,
Дәмі — қышқыл. Толығырық
Байлық мұрат емес,
Жарлылық ұят емес. Толығырық
Жатқа жалшы жүргізген
Жарлылықтың салдары.
Жабағы-тай мінгізген
Жаяулықтың салдары. Толығырық
«Кедеймін» десең, көшіпкөр,
«Теңдеріңді» шешіп көр. Толығырық
Бөлінген бүлінеді. Толығырық
Жалғыздың таңы атпас,
Жалғызға үйдің иті жатпас. Толығырық
Жалғызға ұжмақ та жараспайды. Толығырық
Жарлының жайын
Жарлы біледі,
Жарлы білмесе,
Сорлы біледі. Толығырық
Ағайын қадірін білмесең,
Жалғыздық берсін сазаңды. Толығырық
Қағынған қарғыс алар,
Қарасқан алғыс алар. Толығырық
Екі бас,
Екі басқа малта да ас. Толығырық
Тамшы ақса,— қосың жаман,
Ақсақ болса,— мосың жаман. Толығырық
Жұлдыз тумай ай болмас,
Жұрынды болмай бай болмас. Толығырық
Жалғыз ағашты жағу қиын,
Жалғыз баланы бағу қиын. Толығырық
Жалғыз иттің
Үргені білінбейді,
Жалғыз жолаушының
Жүргені білінбейді. Толығырық
Сығырдың ақысын сараң жейді,
Сараң болмаса, арам жейді. Толығырық
От көрмеген от көрсе,
Күндіз шырақ жандырар.
Оқ көрмеген оқ көрсе,
Далаға атып даң қылар. Толығырық
Жалғыз кісі емес,
Жапалақ құс емес. Толығырық
Жалғыз тері тон болмас,
Жалғыздың сөзі оң болмас. Толығырық
Біреу бейнетін көреді,
Біреу зейнетін көреді. Толығырық
Жалғыздың ісі бітпес,
Созса қолы жетпес. Толығырық
Қарыз қайтарумен ғанибет. Толығырық
Басы — бапан, аяғы —сапан. Толығырық
Бедері кеткен торқадан,
Бек тоқыған бөз артық. Толығырық
Соқырдың қожасы — құлағы,
Ақсақтың аяғы — таяғы. Толығырық
Асыққан шайтанның ісі. Толығырық
Жуастың бір аты — жаман. Толығырық
Егіз аттан жығылса,
Басын сүйер ағасы,
Жалғыз аттан жығылса,
Неге келер шамасы. Толығырық
Жаяулық та мәңгі емес,
Жарлылық та мәңгі емес,
Жалғыздық та мәңгі емес. Толығырық
Адам, кісі
Бір кісі мың кісіге олжа салар. Толығырық
Жақсы адам — жұрттың ырысы. Толығырық
Адам жүрген жермен
Адам жүреді,
Біреу білмегенді
Біреу біледі. Толығырық
Ат аяғынан семірер,
Адам құлағынан семірер. Толығырық
Екі кісі ығысса,
Бір кісілік орын бар. Толығырық
Адам сөйлескенше,
Жылқы кісінескенше. Толығырық
Бұрынғының кісісі —
Бүгінгінің кішісі. Толығырық
Ағаш көркі — жапырақ,
Адам көркі — шүберек. Толығырық
Кісі аты тершіл,
Кісі киімі кіршіл. Толығырық
Кісідегінің
Кілті аспанда. Толығырық
Кісі қатесіз болмас,
Көл бақасыз болмас. Толығырық
Жұпарды жасыра алмайсың. Толығырық
Болған кісі, болдым демес,
Болдым десе, болғаны емес. Толығырық
Ай толғанын білмес,
Жігіт болғанын білмес. Толығырық
Дүниеде тас қатты,
Тастан бас қатты. Толығырық
Адам құлақтан азады,
Қаңқудан тозады. Толығырық
Жігіттің құны — жүз жылқы,
Ары — мың жылқы. Толығырық
Адаспаймын деген жігіт,
Талтүсте адасады. Толығырық
Төсектің тарлығы — тарлық,
Көңілдің тарлығы — қорлық. Толығырық
Ақылды адам айтқызбай біледі,
Ақ сұңқар қаққызбай іледі. Толығырық
Аш адам ұрысқақ,
Ақсақ қой тырысқақ. Толығырық
Табы бірдің — тәңірі бір. Толығырық
Сыртың сайлы болғанша,
Ішің майлы болсын. Толығырық
Ақылдының айналасы — гүлстан. Толығырық
Ақылсыз адам айқай келеді,
Жан-жағын жайпай келеді.
Ақылды адам жай-жай келеді,
Жан-жағын байқай келеді. Толығырық
Жолдасты жол айырады. Толығырық
Қарау адам — күншіл,
Мекер адам — міншіл. Толығырық
Сырты жалтырауықтың
Іші қалтырауық. Толығырық
Жерік талғамайды,
Ғашық алдамайды. Толығырық
Жаным десе, жан семірер. Толығырық
Көз — нұрдың ұясы,
Көңіл — сырдың ұясы. Толығырық
Жақсының жүрген жері — абат. Толығырық
Қатты жауған күн
Тез ашылады,
Қатты ашуланған кісі
Тез басылады. Толығырық
Саналы адам
Сағыңды сындырмас,
Санасыз адам
Жағыңды тындырмас. Толығырық
Екі аяқты адам түгіл
Төрт аяқты мал да сүрінеді. Толығырық
Қағазға тіл бітірген қалам,
Жансызғажан бітірген — адам. Толығырық
Әлсіз адам — сүріншек,
Ақылсыз адам — еріншек. Толығырық
Біреудің бойы аласа,
Біреудің ойы аласа. Толығырық
Жүні жығылғанның —
Күні жығылған. Толығырық
Сыйлық қымбат емес,
Сүю қымбат. Толығырық
Жұпыны — жұғымды,
Сыпайы — сүйкімді. Толығырық
Талансыз адам — табансыз,
Алымсыз адам —шалымсыз. Толығырық
Көп іздеген адам,
Көмбенің үстінен шығар. Толығырық
Әркім қолда барын ұсынады. Толығырық
Арман — адамға қанат. Толығырық
Армансыз адам — алысқа бармас. Толығырық
Тар жерде табысқан,
Кең жерде келіседі. Толығырық
Сұлу сұлу емес,
Сүйген сұлу. Толығырық
Тәні сұлу сұлу емес,
Жаны сұлу — сұлу. Толығырық
Мал дара тартады,
Адам қара тартады. Толығырық
Жол, Жолдас, Жолаушы
Жалған жолдас — көзіңе мақтар,
Сырт айналып, сойылын баптар. Толығырық
Жолда жатқан жантақты алып таста,
Жолаушыға кірмесін сенен басқа. Толығырық
Баламен жолдас болсаң,
Бала боларсың,
Қариямен жолдас болсаң,
Дана боларсың. Толығырық
Жолың болмайын десе
Алдыңнан өр кездеседі.
Атың құлап,
Арылмас сор кездеседі. Толығырық
Желді қуған жоғалар,
Жолды қуған оңалар. Толығырық
Жақынға жаны ашымағанның
Бір беті қара,
Жолдасына жаны ашымағанның
Екі беті қара. Толығырық
Жолдасын таппаған ер азады,
Қордасын таппаған жер азады. Толығырық
Жолдасыжоқ жігіттің —
Олжасы жоқ. Толығырық
Жолы болар жігіттің
Желі оңынан тұрады. Толығырық
Жол жаман болса,
Атаң да сүрінеді,
Атан да сүрінеді. Толығырық
Жалғыз жүрсең, жолмен жүр,
Жолдан жолдас қосылар.
Жолдан жолдас қосылса,
Жолың болмас несі бар?! Толығырық
Алыс жүрсең де, жолмен жүр. Толығырық
Әңгіме жол қысқартады. Толығырық
Көзі соқырға жолдас болсаң да,
Көңілі соқырға жолдас болма. Толығырық
Қасқыр ішік киген
Қасындағы жолдасының
Тоңғанын білмес. Толығырық
Жолдасың жақсы болса
Жолым ұзын деме,
Жолдасың жаман болса,
Қолым ұзын деме. Толығырық
Жортуылшының басы жолда қалады. Толығырық
Жүрместен бұрын,
Жолыңды байқа,
Киместен бұрын,
Тоныңды байқа. Толығырық
Жолаушының ақысы — жүрсе өнеді. Толығырық
Жолаушыны сусындатпай тұрып,
Бұйымтайын сұрама.
Алыс сапар,
Алғашқы адымнан басталады. Толығырық
Жол сұраған кісі адаспайды,
Жөн сұраған кісі жаңылыспайды. Толығырық
Жолаушыны жол сынайды. Толығырық
Жолдасың бұзық болса,
Сенің түзіктігің қайсы? Толығырық
Жаман жолдастан,
Жақсы дұшпан артық. Толығырық
Арбасының дөңгелегін майламаса,
Арбакештің шайы қайнамайды. Толығырық
Асыққанның жолы
Алыстан кетеді. Толығырық
Жолдасы көптің — олжасы көп. Толығырық
Жолдасы көбейсе — жол кеңейеді. Толығырық
Жолға шықсаң жолдасыңның
Жүгі болма, жұбы бол. Толығырық
Жолдастының жолы кең. Толығырық
Жолдасың темірші болса,
Өзің көмірші болғаның құп. Толығырық
Арбалыға жорғалы
Жолдас болмас. Толығырық
Жол жолға жалғасады,
Ел елге жалғасады. Толығырық
Жолға шыққан жолаушы
Жол амалын сұрайды.
Артта қалған ауылда
Ел аманын сұрайды. Толығырық
Жолда жүрген май ішер,
Үйде қалған қан ішер. Толығырық
Жол азабы — көр азабы. Толығырық
Барымта
Барымтаға қарымта. Толығырық
Жақсы таяқ
Жаман жолдастан артық. Толығырық
Жаяуға жол алыс. Толығырық
Әңгіме жолды қысқартады,
Жоқшылық қолды қысқартады. Толығырық
Жолдасың жаман болса,
Көңілің азар.
Жолдасың жақсы болса,
Күнде базар. Толығырық
Аңшының кешіккенінен сүйін.
Жолаушының кешіккенінен күйін. Толығырық
Барар жол ұзақ болса да,
Қайтар жол қысқа болар. Толығырық
Жолдас,
Жолдассыз жолың болмас. Толығырық
Жолдас,
Жолдасына жамандық қылған оңбас. Толығырық
Жол мақсаты — жету. Толығырық
Ауылдан шыққан күні
Байға қонба, сайға қон;
Бай пәле болады,
Сай пана болады. Толығырық
Қажымалы мың жолдас,
Жаныңда жолдас жоқпен тең.
Жанын қиған бір жолдас
Қоралы-қосын көппен тең. Толығырық
Туған көп,
Туысқандай болмас,
Тұрман көп,
Құйысқандай болмас,
Жолдас көп
Уағдада тұрысқандай болмас. Толығырық
Барар жерің бар болса,
Барсаң, айран ішерсің
Барар жерің жоқ болса,
Кімге барып түсерсің? Толығырық
Ар, намыс
Малыңа сүйенбе, арыңа сүйен. Толығырық
Жігітке жар қымбат, намыс пен ар қымбат. Толығырық
Ер мойынында қыл арқан шірімес. Толығырық
Жарлы болсаң да, арлы бол. Толығырық
Тәнім – жанымның садағасы,
Жаным – арымның садағасы. Толығырық
Мал сақтама, ар сақта. Толығырық
Ел намысы – ер намысы. Толығырық
Ер жігітке өлімнен ұят күшті. Толығырық
Өтірік айтқанша үндемеген абзал. Толығырық
Өсекші жоқта, өкпелесу де жоқ. Толығырық
Сыған сопы болғанша,
Өтер екен жыл қанша? Толығырық
Опасызда ұят жоқ,
Ұятсызда опа жоқ.
(Ә. Науаи) Толығырық
Маңайлама ар-ұяттан безгенге,
Мыңдап алғыс инабатты сезгенге.
(Ж. Баласағұни) Толығырық
Пәле-жала жолын ұят кеседі,
Ұятсыздық-ердің емсіз кеселі.
Ашық мінез, пәктік, ұят серік боп,
Жарасады қуанышқа көрік боп.
Адал ар мен ақ көңіл де еленер-
Екі жалған бақытына бөленер.
(Ж. Баласағұни) Толығырық
Ұят-жаман ойдың жүгені.
(Ж. Баласағұни) Толығырық
Көп сөзден ұял-тек отыр.
(Ш. Сүлеймен) Толығырық
Ұятсыз адам иттен де жаман.
(С.Сарайи) Толығырық
Өлімнен ұят күшті.
(«Орхон жазу ескерткіші») Толығырық
Арсыз-адамның қоры.
(Ж. Баласағұни) Толығырық
Бар бәледен ұят сақтайды.
Барлық жақсы істің байламы да ұятта.
(Ж. Баласағұни) Толығырық
Бұл жалғанды бұзатын-арсыз адам.
(Ж. Баласағұни) Толығырық
Ұяты бармен-ұрыс,
Ұятсызбен-ұстаспа.
(М. Қашқари) Толығырық
Үйлену, үй-іші, отбасы
Әйелі жоқ үй – жетім. Толығырық
Екі жарты – бір бүтін. Толығырық
Қыз күнінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады? Толығырық
Жақсы әйел – ырыс,
Жаман әйел – ұрыс. Толығырық
Әйел сырын әйелден сұра. Толығырық
Ата – анадан жар жақын. Толығырық
Жан қимақ бар,
Жар қимақ жоқ. Толығырық
Келін жаман емес, келген жері жаман. Толығырық
Әйел— үйдің көркі,
Еркек— түздің көркі. Толығырық
Еріншек қатынның
Етегі жыртық;
Ерке қатынның
Еріні тыртық. Толығырық
Ерлі-байлы ұрысар да, керісер,
Көрісер де келісер. Толығырық
Әркімдікі өзіне,
Ай көрінер көзіне. Толығырық
Жақсы әйел
Жаман еркекті түзетеді.
Жаман әйел
Жақсы еркекті жүдетеді. Толығырық
Жаман әйелдің мінезі қиық келер,
Сөзі сұйық келер. Толығырық
Атасы жаман алғанын жамандайды,
Туысы жаман туғанын жамандайды. Толығырық
Қатын қырық шырақты. Толығырық
Отқа барған қатынның
Отыз ауыз сөзі бар. Толығырық
Үйді қырық еркек толтыра алмайды,
Бір әйел толтырады. Толығырық
Төркініне сенгеннің
Төбесі — жарық. Толығырық
Қапқа түскен — қатындікі. Толығырық
Келін — келін, келін — бақ,
Келмей жатып, сөзін бақ. Толығырық
Долы қатын жылауық,
Сұғанақ қатын — сұрауық. Толығырық
Жаман қатын алғанның
Жауы үйінде.
Екі қатын алғанның
Дауы үйінде. Толығырық
Төркіні жақын қатынның
Төсегі жиылмайды. Толығырық
Олақ қатын оймақшыл,
Салақ қатын сауықшыл. Толығырық
Келіннің бетін кім бұрын ашса,
Сол ыстық. Толығырық
Қапияда қатын ақыл табады. Толығырық
Айлас қатын — мұңдас. Толығырық
Қатын көп болса,
Шөмішті ит жалар. Толығырық
Күндестің күні де күндес,
Күлі де күндес. Толығырық
Бір қатын сылаумен қатын,
Бір қатын қынаумен қатын,
Бір қатын сынаумен қатын. Толығырық
Астыңда атың болса,
Арғымақ не керек?
Жақсы қатының болса
Ұжмақ не керек! Толығырық
От жақпаған үй — қорамен тең,
Кісі кірмеген үй — моламен тең. Толығырық
Қатынның қоры — табашыл,
Еркектің қоры — тобашыл. Толығырық
Қатыны жоқ,
Ханның қызын алам дейді. Толығырық
Ер жігіттің аты жақсы болса бір бақыт,
Алған жары жақсы болса мың бақыт. Толығырық
Жақсы жұбай — жарым бақыт. Толығырық
Бұлттан шыққан күн ащы.
Жаман қатынның тілі ащы. Толығырық
Бір үйде екі әйел болса — ойран,
Бір үйде екі сиыр болса — айран. Толығырық
Көшерде жұрт жаман,
Айрыларда әйел жаман. Толығырық
Салақ қатынның үйінен,
Сабақты ине табылмас. Толығырық
Байсыз қатын — баусыз оймақ. Толығырық
Ұл таппас қатын болмас,
Тұрарын айт.
Мал таппас жігіт болмас,
Құрарын айт. Толығырық
Жақсы әйелдің қолы ұзын,
Жаман әйелдің тілі ұзын. Толығырық
Олақ қатынның пісірген сүті іріп кетер,
Илеген терісі шіріп кетер. Толығырық
Жалқау қатынның төсегі
Тал түске дейін жиылмас. Толығырық
Бардың қатыны өлсе,
Төсегі жаңғырар.
Жоқтың қатыны өлсе,
Басы қаңғырар. Толығырық
Қатының жақсы болса — шырағың,
Атың жақсы болса — пырағың. Толығырық
Қатын мен қатын
Құдық басында кездесер,
Су мен отын
Ошақ басында кездесер. Толығырық
Қарыздан да қатын ал,
Қатының қалар жаныңда. Толығырық
Достық пен жолдастық, мінез-құлық
Жолдасын тастаған – жолда қалар. Толығырық
Шошқаға ерген – балшыққа аунар. Толығырық
Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам. Толығырық
Досы көппен сыйлас,
Досы азбен сырлас. Толығырық
Жаман жолдастан мықты таяқ артық. Толығырық
Сыйласу екі кісіге бірдей. Толығырық
Жаман қорыққанын сыйлайды. Толығырық
Көргенді кісі
Көргенін айтар,
Көргенсіз кісі
Бергенін айтар. Толығырық
Ақымақ бұзуға бар,
Түзеуге жоқ. Толығырық
Жаманға сырыңды айтсаң
Жарға жығады. Толығырық
Жаманның ақылы
Түс ауған соң кіреді. Толығырық
Жаман ашса көрмес,
Айтса білмес. Толығырық
Жаман жігіт той бұзады,
Жаман әйел үй бұзады. Толығырық
Тегі жаман тойда тонын сұрар. Толығырық
Жаманға сырыңды айтпа,
Сырыңды айтсаң да, шыныңды айтпа. Толығырық
Шығысы жаман қамысты
Су ішінен өрт шалар.
Бейілі жаман адамды
Түйе үстінен ит қабар. Толығырық
Жанбаса — отын жаман,
Жаға алмаса — қатын жаман.
Қараспаса — жақын жаман,
Жау алмаса — батыр жаман. Толығырық
Өкпеден соққан жел жаман,
Елінен безген ер жаман.
Елге сыймас кер жаман,
Егінсіз болса жер жаман. Толығырық
Жаман қатын байына
Жалғыз атын сойғызар;
Жақсы қатын жолдасын
Жоқтан құрап тойғызар. Толығырық
Жаманның айтқаны келмейді,
Сандырақтағаны келеді. Толығырық
Қас жаман
Қасындағысын қарақтайды. Толығырық
Жаман жаңбыр жаумай су болады. Толығырық
Жаманның үсті су болса,
Кеппестей көрер;
Жаман адамға мал бітсе,
Кетпестей көрер. Толығырық
Жаман өкпелеймін деп
Сыбағасынан құр қалады. Толығырық
Арыстан асқынса —
айға шабар,
Ақымақ асқынса —
анасын сабар. Толығырық
Жаман адам өзі бола алмайды,
Болғанды көре алмайды. Толығырық
Жаманның аттан құлағаны да жаман. Толығырық
Қайта жауған қар жаман,
Қайта шапқан жау жаман. Толығырық
Жаманның ойыны жаман
Шошқаның мойыны жаман. Толығырық
Жолдасың жаман болса,
Алыс жүріп түн қатпа.
Қатының жаман болса,
Кісі алдында тіл қатпа. Толығырық
Атың жаман болса,
Қарың кетер.
Балаң жаман болса.
Арың кетер. Толығырық
Тақыр жерге су төксең,
Жүруге тайғақ болар;
Жаманға сырыңды айтсаң,
Тар жерде айғақ болар. Толығырық
Үндемес ауызда пәле бар,
Екі ұртында шала бар. Толығырық
Бейілі жаман кісіден көшеді,
Өз асын өзі жасырып ішеді. Толығырық
Жаман өзен өткел бермес,
Жаман кісі көпке ермес. Толығырық
Күтімі жаман ағаштың
Бітімі жаман. Толығырық
Жапа шегіп, жай жату
Жасықтықтың белгісі,
Ерте жатып, кеш тұру
Пасықтықтың белгісі. Толығырық
Шөлдің қамысы болмайды.
Жаманның намысы болмайды. Толығырық
Жаманға ошақтың үш бұты,
Үш айлық жол. Толығырық
Құс жаманы саңғығыш,
Адам жаманы қаңғығыш. Толығырық
Балуанның жаманы,
Жығылған соң қалтырар,
Күзетшінің жаманы
Алдырған соң талтаяр. Толығырық
Дәніккеннен құныққан жаман. Толығырық
Сөздің аласы – жаман,
Оттың шаласы – жаман. Толығырық
Жаман сөз – жылытады,
Жақсы сөз – жұбатады. Толығырық
Жаман арба жол бұзар,
Жаман адам ел бұзар. Толығырық
Азаматтың ақысын,
Азамат қайырар,
Жаман сөз жалпақ,
Жұртқа жайылар. Толығырық
Жылағанның көзі жаман,
Сұрағанның өзі жаман. Толығырық
Жаман жігіт – үйкүшік. Толығырық
Шабан ат дегенше,
Жаман ат десеңші.
Шабан жігіт дегенше,
Жаман жігіт десеңші. Толығырық
Жаманнан жарты қасық ас қалады. Толығырық
Үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие
Жүзден - жүйрік,
Мыңнан - тұлпар. Толығырық
Итті күшігінде үйрет. Толығырық
Әкені көріп ұл өсер,
Шешені көріп қыз өсер. Толығырық
Кеме келсе, қайық судан шығады. Толығырық
Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар. Толығырық
Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала. Толығырық
Жақсы келін – қызындай,
Жақсы күйеу - ұлындай. Толығырық
Бала тәрбиесі бесіктен. Толығырық
Ұлық болсаң — кішік бол. Толығырық
Бір елі ауызға —
Екі елі қақпақ. Толығырық
Сырлы аяқтың сыры кетсе де,
Сыны кетпейді. Толығырық
Жақсы адамның жасын сұрама,
Жақсы аттың тісін қарама. Толығырық
Сабыр түбі сары алтын. Толығырық
Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны алады. Толығырық
Көн қатса, қалпына барады.
Көпке түскен іс анығына барады. Толығырық
Келінім, саған айтам,
Қызым, сен тыңда. Толығырық
Тауда туған құлынның
Екі көзі таста,
Ашаршылықта туған баланың
Екі көзі аста. Толығырық
Өзек қуа ағады,
Өзен судың саласы.
Алыстан сәлем береді,
Әдепті елдің баласы. Толығырық
Қайтып кірер есікті
Қатты серппе. Толығырық
Су ішкен құдығыңа түкірме! Толығырық
Өтірікші алдымен
Өзін алдар. Толығырық
Тек жүрсең,
Тоқ жүрерсің. Толығырық
Алдыңғы көш қайдан жүрсе,
Соңғы көш сонан жүрер. Толығырық
Қарағайға қарап тал өсер,
Құрбысына қарап бала өсер. Толығырық
Ұлың өссе,
Ұяттымен ауылдас бол,
Қызың өссе,
Қылықтымен ауылдас бол. Толығырық
Балаға байқап сөйлесең,
Ақылыңа көнер,
Байқамай шайқап сөйлесең,
Көрсетер бір «өнер». Толығырық
Өлімнен ұят күшті. Толығырық
Тасты бассаң, кетілер,
Сазды бассаң, жетілер. Толығырық
«Сіз» деген әдеп,
«Біз» деген көмек. Толығырық
Баланы жастан,
Келінді бастан тәрбиеле! Толығырық
Сумен ойнама, батарсың,
Отпен ойнама, жанарсың. Толығырық
Ойнақтаған бота
От басады. Толығырық
Ойыннан от шығар. Толығырық
Еркенің көзі кеппес,
Жорғаның тері кеппес. Толығырық
Алдияр,
«Алдияр» десең, дандияр. Толығырық
Есіктен орын тапсаң,
Төрге озба. Толығырық
Ұялмаған бұйырмағанды ішер. Толығырық
Бар, барын жейді,
Ұятсыз арын жейді. Толығырық
Ұялған сыбағасынан құр қалар. Толығырық
Әлін білмеген — әлек. Толығырық
Мыңның түсін танығанша,
Бірдің атын біл. Толығырық
Жасыңда көндігерсің,
Көндігерсің де,
Жөндігерсің. Толығырық
Балапан басымен,
Тұрымтай тұсымен. Толығырық
Өзін өзі мақтаған —
Өлімнің қара басы. Толығырық
Көре тұра айтпасаң,
Көргенсіз дер,
Біле тұра айтпасаң,
Жетесіз дер. Толығырық
Ұялған тек тұрмас. Толығырық
Ұлға отыз үйден тыю,
Қызға қырық үйден тыю. Толығырық
Жасыңда қалжың болсаң,
Өскенде мылжың боларсың. Толығырық
Асық ойнаған азар,
Доп ойнаған тозар,
Бәрінен де қой бағып,
Қозы өсірген озар. Толығырық
Алмақтың да салмағы бар. Толығырық
Үнемшілдік, үнемсіздік
Үзіп жеген үнемге жатпайды. Толығырық
Қолдағының құны жоқ. Толығырық
Шашу – оңай, жинау - қиын. Толығырық
Қасықтап жинағанды, шөміштеп төкпе. Толығырық
Қолда барда алтынның қадірі жоқ. Толығырық
Есепсіз дүние жоқ. Толығырық
Теңге тиыннан өсер,
Жылқы құлыннан өсер. Толығырық
Тас құмыра тамшыдан толады. Толығырық
Соға берсең, еселеп табағыңа,
Уға айналар құдайдың тамағы да.
Қомағай құрсақтың қуысы толмайды. Толығырық
Ақыл-ой, ғылым-білім
Ақыл – тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен. Толығырық
Білім – арзан, білу - қымбат. Толығырық
Оқу – білім азығы,
Білім – өмір шырағы. Толығырық
Оқу – білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы. Толығырық
Шәкіртсіз ұстаз – тұл.
Алтын алма, білім ал. Толығырық
Ғылым – теңіз, білім – қайық. Толығырық
Кітап – алтын қазына. Толығырық
Өмір – үлкен мектеп. Толығырық
Білімнің басы – бейнет, соңы – зейнет. Толығырық
Тура тілді тия алмадым,
Туғаныма сия алмадым. Толығырық
Білгеніңді сөйлеме,
Не сөйлегеніңді біл. Толығырық
"Кіш" деп айтуға тілі жоқтың көзін қарға шоқыр. Толығырық
Тәттіден де тәтті тіл,
Ащыдан да ащы тіл. Толығырық
Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл. Толығырық
Кісінің кісілігі,
Киімінде емес, білімінде. Толығырық
Ақыл — дос, ашу — дұшпан. Толығырық
Дана,
Дананы да туған ана. Толығырық
Кең ойлаған,
Кем ойламас. Толығырық
Көп ойласаң — дана боласың,
Көп ойнасаң — бала боласың. Толығырық
Ой ойласаң, кең ойла,
Алды, артын тең ойла. Толығырық
Көп жасаған білмейді,
Көп көрген біледі. Толығырық
Ақымақ басқа,
Адырайған көз бітер.
Апандай ауызға,
Саудыраған сөз бітер. Толығырық
Айла алтау,
Ақыл жетеу.
Айла мен ақыл қосылса
Алдырмайтын екеу. Толығырық
Ашу асып жүрген жерде,
Ақыл қашып жүреді. Толығырық
Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер. Толығырық
Тұрмыс түзер ойыңды,
Ойың түзер бойыңды. Толығырық
Ағайынға менменсу —
Ағат емей немене!?
Ақылдылар айтқан сөз —
Сағат емей немене?! Толығырық
Алыстағыны — ақыл болжар,
Жақындағыны — пақыр болжар. Толығырық
Алтын алма, ақыл ал. Толығырық
Итке төсек не керек,
Естіге өсек не керек. Толығырық
Ескерген — ескісін сақтайды,
Ел болған естісін мақтайды. Толығырық
Ашу — шабыстырады,
Ақыл — табыстырады. Толығырық
Шам жарығы түбіне түспейді. Толығырық
Әдемілік —ақылдынысынды қылады,
Ақылсызды жынды қылады. Толығырық
Ақылды адам ашықса,
Ақылымен тоғаяр.
Ақылсыз адам ашықса,
Аз ақылы жоғалар. Толығырық
Ақылды ойланғанша,
Ақымақ суға кетеді. Толығырық
Киіміне қарап, қарсы алады,
Біліміне қарап шығарып салады. Толығырық
Қарудеме қылышты,
Шапқанда сүйек қаппаса.
Ақылды деме — туысты,
Сасқанда ақыл таппаса. Толығырық
Ақылды өзінен көреді,
Ақылсыз ағайыннан көреді. Толығырық
Ақылдасқан азбас,
Жақындасқан тозбас. Толығырық
Ақылды кісі — азбайды,
Асыл бұйым тозбайды. Толығырық
Есті кісі елінен кетпес,
Есті егінші жерінен кетпес. Толығырық
Ақылды адам,
Ақымақтан дабірдеңе үйренеді. Толығырық
Ақылды — ойлап, түйгенін айтады,
Ақылсыз — шала-пұла білгенін айтады. Толығырық
Ақылдыға — жан қымбат,
Ақылсызға — мал қымбат. Толығырық
Өмір — теңіз,
Еңбек — егіз,
Ақыл — сегіз. Толығырық
Ашу — садақ,
Ақыл — таяқ. Толығырық
Ақыл деген ағып жатқан дария,.
Кеме айдаушы кемеңгер бір қария. Толығырық
Ақылды ісіне сенеді,
Ақымақ күшіне сенеді.
Әңгүдік түсіне сенеді. Толығырық
Ас тасыса, қатығы төгілер,
Ашу тасыса, ақылы төгілер. Толығырық
Туған жер - Отан, ел-жұрт
Көп түкірсе, көл болар. Толығырық
Көп күлкісі күннен де ыстық. Толығырық
Халық қаһары қамал бұзар. Толығырық
Жер шежіресі – ел шежіресі. Толығырық
Халық – дана. Толығырық
Көппен көрген – ұлы той. Толығырық
Отан үшін күрес – ерге тиген үлес. Толығырық
Ел іші – алтын бесік. Толығырық
Отан оттан да ыстық. Толығырық
Отан – елдің анасы,
Ел – ердің анасы. Толығырық
Ит – тойған жеріне,
Ер – туған жеріне. Толығырық
Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол. Толығырық
Бақа көлін сүйеді,
Бұлдырық шөлін сүйеді,
Ер жігіт елін сүйеді. Толығырық
Опасызда отан жоқ. Толығырық
Өз елім –өлең төсегім. Толығырық
Отансыз адам –
Ормансыз бұлбұл. Толығырық
Құлан қағын қорғайды,
Киік лағын қорғайды. Толығырық
Кісі елінде күркірегенше
Өз еліңде дүркіре. Толығырық
Мал қонысын іздейді,
Ер жігіт туысын іздейді. Толығырық
Есі бүтін елден шықпайды.
Елінің қырын жықпайды. Толығырық
Аққу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды. Толығырық
Ер жігіт елінің ұлы,
Намысының құлы. Толығырық
Ел-елдің бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен жақсы. Толығырық
Іргесі берік елді
Жау ала алмас,
Ауызы бір елді
Дау ала алмас. Толығырық
Сұңқар қиясын сағынады.
Торғай ұясын сағынады. Толығырық
Туған үйдің түтіні жылы,
Туған ананың күтімі жылы. Толығырық
Ұлтарақтай болса да
Ата қонысы жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да
Туып өскен ел қымбат. Толығырық
Жат елдің жақсысы болғанша,
Өз еліңнің сақшысы бол. Толығырық
Отанға опасыздық еткенің,
Өз түбіңе өзің жеткенің. Толығырық
Туған жердің торғайы да сүйкімді.
Отансыздың оты жанбайды. Толығырық
Отанға опасыздық еткенің
Өмірден қаралы боп өткенің. Толығырық
Отанын сүйген отқа жанбайды,
Суға батпайды. Толығырық
Туған жердің торғайы
Тұрымтайдай көрінер.
Құлыны тайдай көрінер,
Қыздары айдай көрінер. Толығырық
Ата қоныс – алтын мекен. Толығырық
Туған жердің жуасы да тәтті. Толығырық
Отанды сүю –
От басынан басталады. Толығырық
Ер жігіт: «Өскен елім, – дейді, –
Кіндік кескен жерім», – дейді. Толығырық
Туған елің болмаса,
Тумай-ақ қойсын күн мен ай. Толығырық
Есі бар жігіт елін табар,
Есі жоқ жігіт жаттың отын жағар. Толығырық
Жат жердің қаршығасынан
Өз жеріңнің қарғасы артық. Толығырық
Тұлпар тегін табар,
Ер жігіт елін табар. Толығырық
Адам елінде
Қоға көлінде көгерер. Толығырық
Бақыр қазан қайнаса –
Бәріміздің бағымыз.
Туған жердің әр тасы
Біздің алтын тағымыз. Толығырық
Өз інінде көртышқан да батыр. Толығырық
Мал екеш мал да
От жеп, су ішкен жеріне тартады. Толығырық
Жат жерде жаның қиналса
Ел кәдірін білерсің,
Жұтым суға зар болсаң
Көл кәдірін білерсің. Толығырық
Адам отанын іздейді,
Қой қотанын іздейді. Толығырық
Әркімнің өз жері – ұжмақ. Толығырық
Арша өскен жерінде
Азамат өскен елінде. Толығырық
Ата мекен – анаң екен,
Қысылғанда панаң екен. Толығырық
Ас, тағам туралы
Қарны ашқан қазанға қарар. Толығырық
Ас тұрған жерде ауру тұрмайды. Толығырық
Мешкей деген жақсы атақ емес. Толығырық
Жат асыңа қарайды,
Дос басыңа қарайды. Толығырық
Ет дегенде бет бар ма? Толығырық
Өле жегенше, бөле же. Толығырық
Асы бар аяқтан аттама. Толығырық
Тату үйдің тамағы тәтті. Толығырық
Сыйлап берсе, суын іш. Толығырық
Ас – адамның арқауы. Толығырық
Нан— тамақтыңатасы
Ынтымақ — көптің батасы. Толығырық
Ас иесімен тәтті,
Табағымен жақсы. Толығырық
Быламық бетінен сыйды,
Көже түбінен сыйды. Толығырық
Қайғысыз, қара суға семіреді. Толығырық
Сіңбес астың бөгеуі жаман. Толығырық
Қарын тойса,
Қарта әлем сасиды. Толығырық
Ет — етке, сорпа — бетке. Толығырық
Аш тамағым, тыныш құлағым. Толығырық
Асқа талау түссе,
Антұрғанның мұратын береді. Толығырық
Қазаныңа не салсаң,
Шөмішіңе сол ілінеді. Толығырық
Тас қадақ болғанмен
Тамақ болмайды. Толығырық
Сұрап бергенше,
Соғып бер. Толығырық
Алты күн аш болсаң да,
Атаңның әдетін тастама. Толығырық
Жетерін білсең, жей тұр. Толығырық
Ет жемей жатып тұздық,
Асатпай жатып, құлдық. Толығырық
Қасық тары ботқа болмас,
Ботқа болса да, жұртқа болмас. Толығырық
Ас ішсең, атауыңдай іш,
Ауырсаң мұрттай ұш. Толығырық
Жазғы етте жасық жоқ,
Қымыз аста, қасық жоқ. Толығырық
Бауыр шырын, бас тәтті,
Ағайынмен ішкен ас тәтті. Толығырық
Ертеңгі асты тастама,
Кешкі асқа қарама. Толығырық
Айран сұрай келіпсің
Шелегіңді жасырма. Толығырық
Бақыр қазан қайнаса,
Баршамызға несібе. Толығырық
Мың «сіз, бізден»
Бір шыж-быж. Толығырық
Ашаршылықта жеген құйқаның
Аузыңнан дәмі кетпес. Толығырық
Қамыстың
Шоғы болмас,
Көк судың
Тоғы болмас. Толығырық
Күн жазға айналды,
Ет азға айналды. Толығырық
Пышағы бар, сүйгенін жер,
Пышағы жоқ, тигенін жер, Толығырық
Балық жеген бағыспас,
Жан-жағына қағыспас. Толығырық
Қомағайдың сазасы
Бір шұқым ет. Толығырық
Ат үстінен аттама,
Астан үлкен емессің. Толығырық
Бір аяқ қымыздың
Екі аяқ желі бар. Толығырық
Өзіне қарай, қосағы,
Қазанына қарай, ошағы. Толығырық
Ашта жеген құйқаңды
Тоқта ұмытпа. Толығырық
Жақсы ас қалғанша
Жаман қарын жарылсын. Толығырық
Жер асыңнан
Жемес асың көп болсын. Толығырық
Көмбенің иесі екеу:
Бірі — көрген,
Бірі — көмген. Толығырық
Асты иә қуыс ішер,
Иә туыс ішер. Толығырық
Қарны ашқан
Қараша үйге қабады. Толығырық
Түскі асқа
Түстік жерден қонақ келеді; Толығырық
Кешкі асқа
Күндік жерден қонақ келеді. Толығырық
Батырлық пен қорқақтық
Ер есімі – ел есінде. Толығырық
Оқсыз мылтық – таяқ. Толығырық
Жүрек – ер,
Бас – кемеңгер. Толығырық
Ердің сыншысы – елі. Толығырық
Бірлік білекте емес, жүректе. Толығырық
Ер жолдасы – тәуекел. Толығырық
Жау жоқта – батыр көп,
Дау жоқта – ақыл көп. Толығырық
Ер жігіт елі үшін туады,
Елі үшін өледі. Толығырық
Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар. Толығырық
Ер қаруы — бес қару. Толығырық
Ер шекіспей, бекіспейді.
Ер тарықпай, молықпайды. Толығырық
Ер сүрінбей, ел танымас.
Ат сүрінбей, жер танымас. Толығырық
Ер қуаты қаруы. Толығырық
«Малы жоқ» деп
Ерден түңілме.
Егіні жоқ деп
Жерден түңілме. Толығырық
Батырдан сауға,
Мергеннен сыралғы. Толығырық
Ер жігіт не көрмейді,
Ер көңілі не бермейді. Толығырық
Нар тәуекел — ер ісі. Толығырық
Ерден ердің қаупы бар. Толығырық
Ер — намысының құлы. Толығырық
Ер сыйлаған есікке отырмас. Толығырық
Ақыл ердің қорғаны. Толығырық
Сойылды соға білмеген, өзіне тигізеді. Толығырық
Бөріктінің намысы бір. Толығырық
Ерегісте ер өлер,
Екі батыр егессе,
Екеуінің бірі өлер. Толығырық
Ерлік білекте емес, жүректе. Толығырық
Айлалы батыр алдырмас. Толығырық
Бөрі азығы мен ер азығы жолында. Толығырық
Оқ жетпес жерге қылыш суырма. Толығырық
Ылдисыз өр болмайды,
Табыссыз ер болмайды. Толығырық
Ер қартайса, қазаншы болады,
Бүркіт қартайса, тышқаншы болады. Толығырық
Ер қанаты — ат. Толығырық
Айласыз батыр алдырар. Толығырық
Күш атасын танымас. Толығырық
Ерді намыс өлтірер,
Қоянды қамыс өлтірер. Толығырық
Аман ердің аты шығар. Толығырық
Ер жігіт ел үшін туады,
Ел үшін өледі. Толығырық
Батыр туса — ел ырысы,
Жаңбыр жауса — жер ырысы. Толығырық
Шын орақшы орақ таңдамайды,
Шын батыр құрал таңдамайды. Толығырық
Балуанға оң-терісі бірдей. Толығырық
Әлі келген алып та жығады,
Шалып та жығады. Толығырық
Болат қайнауда шынығады,
Батыр майданда шынығады. Толығырық
Жүк ауырын нар көтереді,
Ел ауырын ер көтереді. Толығырық
Қашпақ, қумақ ерге сын,
Көшпек, қонбақ жерге сын. Толығырық
Шын ер — жеңсе, тасымас,
Жеңілсе, жасымас. Толығырық
Шын батыр сын үстінде танылар. Толығырық
Ат басына күн туса,
Ауыздығымен су ішер;
Ер басына күн туса,
Етігімен су кешер. Толығырық
Үйде шешен, дауға жоқ,
Үйде батыр, жауға жоқ. Толығырық
Ер елдің —
Ық жағының қаласы
Жел жағының панасы. Толығырық
Ел күйінгенде күйінген батыр.
Ел сүйінгенде сүйінген батыр.
Ерегісте мыңға татыр. Толығырық
Ер жігіттің
Екі сөйлегені — өлгені.
Еменнің
Иілгені — сынғаны. Толығырық
Байлық, кедейлік туралы
Тар киім – тозғақ. Толығырық
Кедей мен бай жолдас болмас,
Қасқыр мен қой жолдас болмас. Толығырық
Алтынды тот баспайды. Толығырық
Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін. Толығырық
Қарыз қатынас бұзады. Толығырық
Тіленшіге жел қарсы. Толығырық
Базар – бай, алушы – кедей. Толығырық
Жоққа жүйрік жетпейді. Толығырық
Жіп жіңішке жерінен үзіледі. Толығырық
Байлық — мұрат емес,
Кедейлік — ұят емес. Толығырық
Ауызы қисық болса да
Байдың ұлы сөйлесін. Толығырық
Ашаршылықта
Ашқарақ алдымен өледі. Толығырық
Сараң бай союға қозы таппай
Жарлының жалғыз тоқтысын сұрайды. Толығырық
Бар мақтанса, табылар,
Жарлы мақтанса, шабылар. Толығырық
Көз бір уыс топыраққа тояды. Толығырық
Ақыл байлық — аз байлық,
Темір байлық — тозбас байлық,
Кен байлық — кең байлық. Толығырық
Малға жарлылық — жарлылық
Ақылға жарлылық — сорлылық. Толығырық
Он екі мүшең сау болса
Сәулет емей немене?! Толығырық
Он саусағың сау болса
Дәулет емей немене?! Толығырық
Шапқанда байдың ұлы,
Тоқтағанда есіңе түсер. Толығырық
Барымтаны бай алады,
Бәлесі кедейге қалады. Толығырық
Бай баласы балпаң,
Жарлы баласы — жалтаң. Толығырық
Ұрлық түбі — қорлық. Толығырық
Бай тоқ болмас,
Батыр аш болмас. Толығырық
Мал байдікі,
Жан құдайдікі. Толығырық
Бай бір жұттық,
Батыр бір оқтық. Толығырық
Жаңа байыған,
Жақынын да танымас. Толығырық
Жарлы — жомарт,
Бай — нәмарт. Толығырық
Бармын деп мақтанба,
Жоқпын деп қорланба. Толығырық
Күні біткен жалшы,
Көнекті сырттан сұрайды. Толығырық
Бар болсаң — аспа,
Жоқ болсаң — саспа. Толығырық
Бар, барын айтады,
Жоқ зарын айтады. Толығырық
Жуан созылғанша,
Жіңішке үзіледі. Толығырық
Борышын жасырған байымас. Толығырық
Жарлының жары құдай. Толығырық
Бардан тиер,
Балдан тамар. Толығырық
Бай бастас,
Бақыр мұңдас. Толығырық
Байдан пайда артылмас,
Қудан айла артылмас. Толығырық
Бай болып көргеніміз жоқ,
Кедей болып өлгеніміз жоқ. Толығырық
Бейнет көрмей,
Дәулет жоқ. Толығырық
Жарлылық, сені қайтейін,
Жандай досты жат еттің.
Кәрілік, сені қайтейін,
Сөйлер сөзге мерт еттің. Толығырық
Жарлы болсаң
Арлы болма,
Қарап жүріп
Сорлы болма! Толығырық
Көптен дәметкен,
Аздан құр қалады. Толығырық
Жарлылық деген жақсы екен,
Жатып ішер ас болса. Толығырық
Базары жақын —
Байымас. Толығырық
Барымен базар,
Жоқты қайдан қазар. Толығырық
Базар — бай,
Базаршы — кедей. Толығырық
Базарға әркім барар,
Өзінің керегін алар. Толығырық
Сауда сақал сипағанша. Толығырық
Саудада достық жоқ. Толығырық
Әр түрлі мақал-мәтелдер
Қасқырда қас қылмайды жолдасына. Толығырық
Қасқырдан қорыққан
Тоғайға бармас. Толығырық
Қасқыр қарызын терісімен төлейді. Толығырық
Жолбарыс жұлқынса,
Жонынан от шығады. Толығырық
Бөрі арығын білдірмес,
Итке сыртын қампайтар. Толығырық
Арыстан күшігін тістеп сүйеді. Толығырық
Қасқырдың ауызы жесе де қан,
Жемесе де қан. Толығырық
Бөркіңді беріп
Бөріден құтылмайсың. Толығырық
Қараусыз қалған есек —
Қасқырдың олжасы. Толығырық
Ит — жеті қазынаның бірі. Толығырық
Есіктен ергенек кетсе,
Иттен иба кетеді. Толығырық
Жеңген ит желкесінен талайды. Толығырық
Аш иттің құйрығын
Сұқ ит жалайды. Толығырық
Иттің құны — бір күшік. Толығырық
Иттің басын алтын табаққа салсаң
Шоршып түсер. Толығырық
Қазаннан қақпақ кетсе,
Иттен ұят кетеді. Толығырық
Иттің ұлығанын бөрі есітпес. Толығырық
Ит те киімге қарап үреді. Толығырық
Ит аузы тигенмен
Дария суы арам болмас. Толығырық
Итін жамандасаң,
Иесіне тиеді. Толығырық
Ит үрген жерде ауыл бар. Толығырық
Итке темір не керек? Толығырық
Көп жортқан ит
Күшәлаға кездеседі. Толығырық
Ит баласы жүре азар. Толығырық
Ысқырған жылан шақпайды,
Үреген ит қаппайды. Толығырық
Қырсыққанның иті қырын жүгіреді. Толығырық
Жақсы ит өлігін көрсетпейді. Толығырық
Асыранды күшік
Аузыңды жалайды. Толығырық
Ауыл итінің достығы
Сүйек тастағанша. Толығырық
Сүйекпен ұрған ит қыңсыламайды. Толығырық
Қойға қасқыр шапса,
Ит семіреді. Толығырық
Итті иесімен қина. Толығырық
Ит ұяласынан қорықпас. Толығырық
Итті күшігім десең,
Аузыңды жалар. Толығырық
Алжыған төбет айға қарап үреді. Толығырық
Ит итті жұмсайды,
Ит құйрығын жұмсайды. Толығырық
Түлкі алған итте сын болмас. Толығырық
Табаны қышыған ит керуенге өреді. Толығырық
Ақ ит, қара ит, бәрі бір ит. Толығырық
Иттің жатқан жері — төсегі. Толығырық
Иттің ішіне сарымай жақпайды. Толығырық
Итті тепсең — ырысыңды тебесің. Толығырық
Мысық жоқта тышқан кісінейді,
Ит жоқта шошқа үреді. Толығырық
Ит әлі жеткенін талар. Толығырық
Ит қорыған жерге өш. Толығырық
Жаман күшіктің атын
Бөрібасар қояр. Толығырық
Итке үкі жараспайды. Толығырық
Ит арық болса
Ауылдың намысы. Толығырық
Түлкіні түлен түрткенде
Тойлы ауылға кездесер. Толығырық
Көбік қарда түлкі ойнар.
Көк шалғында жылқы ойнар. Толығырық
Абайдың таңдамалы даналық сөздері
Адал жүріп, адал тұр. Толығырық
Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Толығырық
Адам баласына адам баласының бәрі — дос. Толығырық
Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек — дұрыс іс. Толығырық
Адам баласының ең жаманы — талапсыз. Толығырық
Адамзат — бүгін адам, ертең — топырақ. Толығырық
Адамшылықтың алды — махаббат, ғаделет. Толығырық
Аз ба, көп пе, адам баласы бір түрлі мақтаннан аман болмағы — қиын іс. Сол мақтан деген нәрсенің мен екі түрлісін байқадым: біреуінің атын үлкендік деп атаймын, біреуін мақтаншақтық деймін. Толығырық
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста. Толығырық
Ақыл өссе, ол түпсіз терең жақсылық сүймектікбірлән өсер. Толығырық
Ақырын жүріп, анық бас. Толығырық
Әрбір жаманшылықтың, жағасында тұрып адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жимақтық, бұл адамға нұр болады. Толығырық
Әрбір құмар болған нәрсеге жеткенде, яки әне-міне жетер-жетпес болып жүргенде, бір түрлі мастық пайда болады екен. Толығырық
Әрбір мақтан біреуден асамын деген күншілікті бітіреді, күншілік күншілікті қозғайды. Толығырық
Әрбір мастық бойдан оғатты көп шығарып, ақылдың көзін байлап, төңіректегі қараушылардың көзін ашып, «ананы, мынаны» дегізіп, бойды сынататұғын нәрсе екен. Толығырық
Әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады. Толығырық
Әрбір қайратсыз қорқақ мақтанғыш келеді. Толығырық
Әрбір мақтаншақ қорқақ ақылсыз, надан келеді. Толығырық
Әрбір ақылсыз надан арсыз келеді. Толығырық
Әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады. Толығырық
Бақпен асқан патшадан Мимен асқан қара артық. Толығырық
Балаларды жасында ата-аналары қиянатшылыққа салындырып алады. Ол қиянатшыл балалары талапқа да, ғылымға да, ұстазға да, хаттә иман иғтиқатқа[1] да қиянатбірлән болады. Бұл қиянатшылар — жарым адам, жарым молла, жарым мұсылман. Толығырық
Балаң бала болсын десең, оқыт, мал аяма! Толығырық
Білімсіздік хайуандық болады. Толығырық
Біреу жатқа мақтанарлық мақтанды іздейді. Ол — надан, ләкин надан да болса адам. Толығырық
Біреу өз елінің ішінде мақтанарлық мақтанды іздейді. Оның надандығы толық, адамдығы әбден толық емес. Толығырық
Біреу өз үйіне келіп айтпаса, яки аулына ғана келіп айтпаса, өзге кісі қостамайтын мақтанды іздейді. Ол — наданның наданы ләкин өзі адам емес. Толығырық
Шығар есігін таба алмай, уайым-қайғының ішіне кіріп алып, қамалып қалмақ — ол өзі де бір антұрғандық. Толығырық
Біреуді ызаландырмақ — шариғатта харам, шаруаға залал, ақылға теріс. Толығырық
Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты бар. Сол мінез бұзылмасын! Толығырық
Ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Толығырық
Ғылым таппай мақтанба. Толығырық
Ғалымнан надан артпас ұққанменен. Толығырық
Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Толығырық
Досыңа достық — қарыз іс. Толығырық
Дұшпаныңа әділ бол. Толығырық
Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Толығырық
Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса, айында бір, өзіңнен өзің есеп ал. Толығырық
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас. Толығырық
Еңбек қылсаң, қара жер де береді. Толығырық
Еңбексіз мал дәметпек — қайыршылық. Толығырық
Ер ісі — ақылға ермек, бойды жеңбек. Толығырық
Еріншектік — күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады. Толығырық
Есер кісі орнын таппай, не болса сол, бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп алады екен-дағы, күнінде өкінгені пайда болмайды екен. Толығырық
Есті адам орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен-дағы, күнінде айтса құлақ, ойланса көңіл сүйсінгендей болады екен. Толығырық
Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Толығырық
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар:▫әуелі көкірегі байлаулы берік болмақ керек; ▫екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; ▫үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек: ▫төртінші — ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Толығырық
Жақсылық ұзақ тұрмайды. Толығырық
Жамандық әр кез тозбайды. Толығырық
Жаман дос – көлеңке. Толығырық
Алаш қайраткерлерінің тіл туралы қанатты сөздері
Жақсы ақынның тілі – бал.
(Шәкәрім) Толығырық
Тіл – бұлбұл, сөз бұлақ.
(Шәкәрім) Толығырық
Нағыз түрік затты халық тілі – біздің қазақта.
(Ә.Бөкейхан) Толығырық
Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды.
(Ә.Бөкейхан) Толығырық
Мақаланы қалам өзі тілегенде жазса – сөз кестелі болады.
(Ә.Бөкейхан) Толығырық
Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап.
(А.Байтұрсынұлы) Толығырық
Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады. (А.Байтұрсынұлы) Толығырық
Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағанда тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек.
(А.Байтұрсынұлы) Толығырық
Орысша оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген, ноғайша оқығандар ноғай сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген. Қазақ сөздерін алып, орыс я ноғай жүйесімен тізсе, әрине, ол нағыз қазақша болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін әр жұрт баласын әуелінде өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғаннан кейін басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі ана тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз.
(А.Байтұрсынұлы) Толығырық
Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі.
(А.Байтұрсынұлы) Толығырық
Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек.
(А.Байтұрсынұлы) Толығырық
Халық өмірі бір жылдап, он жылдап, хәттә жүз жылдап та емес, мың жылдап саналады. Сондай ұзақ өмірінің ішінде һәр халықтың дағдылы тұтынып келе жатқан сөздері, ол сөздерінің біріне-бірі жалғасып түзілетін дағдылы жолы, жүйесі, қисыны болады. Һәр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде һәм сондай басқалық болады.
(А.Байтұрсынұлы) Толығырық
Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі өз тілімізбен оқытып, онан соң басқаша оқытуы тиіс.
(А.Байтұрсынұлы) Толығырық
Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдaғанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау.
(А.Байтұрсынұлы) Толығырық
Сырттан бірен-саран жат сөздер келсе, оны жаншып кеміріп, өз тілінің қалпына түсіріп алған – қазақ. Жат жұрттың шалығы тимесе, кәсіби, ғұрпы өзгерілмесе, жалғыз тіл өзгерілді деп айтуға тіпті жол жоқ. Қазақтың тілі өзгерген тіл деп айтуға жол жоқ болса, емлесін де қисық деп айтуға жол жоқ: қазақта тілінің табиғатына хилаф келетін емле жоқ. Еділден бастап Ертіске дейін, Оралдан бастап Ауғанға шейін қазақта тіл де бір, емле де бір.
(А.Байтұрсынұлы) Толығырық
XX ғасырға шейін түріктің тілін аздырмай асыл қалпында алып келген, тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиісті.
(А.Байтұрсынұлы) Толығырық
Әліп-би деген – тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жұмағы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арнаған дыбысқа дәл келсе, оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, заманындағы өнер құралдарына орнатуға қолайлы болса, соғұрлым әліп-би жақсы болмақшы.
(А.Байтұрсынұлы) Толығырық
Қазақ әлдеқашан тілінде қандай дыбыстар бар екенін айырған, әр дыбысқа белгілеп таңба арнаған. Оқуымызға онымыз жақсы, жазуымызға тағы жақсы, үйрету жағынан орыстікінен, немістікінен, француздікінен, ағылшындікінен оңай, оңтайлы.
(А.Байтұрсынұлы) Толығырық
Сауатты адам жазғанда қол дағдысымен жазады.
(А.Байтұрсынұлы) Толығырық
Тіл білімі ереже жаттату түрде үйретілмей, сөздің тұлға, мағына, қисын жағын тану түрде үйрету керек. Сөздің тұлға, мағына жағын тануға керегі жоқ нәрселер тіл білімінің сабағына кірмеске тиіс.
(А.Байтұрсынұлы) Толығырық
Жақсы әліпби тілге шақ болу керек. Өлшенбей тігілген о жер бұ жер бойға жуыспай, қолбырап, солбырап, тұрған кең киім сияқты артық әріптері көп әліпби де қолайсыз; Бойыңды қысып, тәніңді құрыстырып тырыстырып тұрған тар киім сияқты әрпі кем әліпби қолайсыз болады.
(А.Байтұрсынұлы) Толығырық
Сөздің ең ұлысы – тарих!
(А.Байтұрсынұлы) Толығырық
Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек.
(А.Байтұрсынұлы) Толығырық
Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді.
(А.Байтұрсынұлы) Толығырық
Елде жоқ рух – ақын сөзіне қайдан келсін?!
(А.Байтұрсынұлы) Толығырық
Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз зейін тілі.
(А.Байтұрсынұлы) Толығырық
Мақал – тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылатын сөз.
(А.Байтұрсынұлы) Толығырық
Теңеу – ереуіл сөз.
(А.Байтұрсынұлы) Толығырық
Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болуы керек.
(А.Байтұрсынұлы) Толығырық
Бір халықтың өз тілінде білім өнері болмаса, ол халықтың тілі бұзылып өзгерді һәм көршілес күшті халықтың тілімен әсірелеп...соған қол болады, оның ішінде жаңалықтар көбейеді. Ол кішкене ұлттарды жаңартып, жандандырылмаған ескі тілі өзінің барлық маңызын жояды һәм жылдам ұмытылады.
(Ғ.Қараш) Толығырық
Тіл болмаса, ұлт та болмайды. Яғни ол ұлт бүтіндей өлген, жоғалған ұлт болады.
(Ғ.Қараш) Толығырық
Жалпы өнер білімнің ішіне ана тілі болуы да кіреді һәм мұның керісінше ана тілі болудан ұлттың білім өнері табылады. Ана тілін білмей тұрып, ешбір білім өнерді таратуға мүмкін емес.
(Ғ.Қараш) Толығырық
Ең әуелі ана тілі қажет. Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің болмайтындығы өзі-ақ белгілі. Әдебиеті жоқ ұлттың, өнері де өршімейді.
(Ғ.Қараш) Толығырық
Тіл сақтауға мүмкін болғанда, тіл сақталуға тиіс. Біз тілімізді қанша сақтасақ, ұлтымызды да сонша сақтаған боламыз.
(Ғ.Қараш) Толығырық
Ұмытпаңыз. Өзімізді басқа ұқсас халықтан айыратын белгіміз болған ана тілімізді білсек қана осы мақсаттарға жетпекпіз.
(Ғ.Қараш) Толығырық
Тіл ешбір уақытта өзге нәрселерге бас имеске тиіс. Біз оны бегірек те сүюге һәм түрлі жұқпалы шет тілдерден сақтауға борыштымыз. Тіл айна, оның ішіне бүтін халықтың тұрмысы түсіп тұрады.
(Ғ.Қараш) Толығырық
Тіл – көңілдің ашқышы,
Көңіл – жарық, жан – қия.
Білім – бақыттың басқышы,
Қараңғыда жол қия.
(Ғ.Қараш) Толығырық
Мәдениетіміздің негізі – білім. Білімге тіл арқылы жетіледі. Білімді жұрттардың тілі бай болады. (Х.Досмұхамедұлы) Толығырық
Ақындық – табиғаттың саннан таңдап бірен-саран адамдарға беретін артық өнері. «Көп берілгеннен көп сұранады» деген нақылды ескертіп, аяғына дейін түзетуге керек еді. Тілді бұзбай ұстарту, шеберлету, байыту – ақындардың мойындарына артылған зор борыш.
(Х.Досмұхамедұлы) Толығырық
Сондықтан оңаша жүрген елдің өз еркінде тұрғанда тілі бұзылмайды. Елдің тілін бұзатын – көршілес елдердің мәдениетін үлгіге алған мәдениетті елдердің әсері.
(Х.Досмұхамедұлы) Толығырық
Біздің тәжірибемізде қазақ тілі – бай тіл. Тек сөздері ғылым жолына салынып реттелмеген тіл. Қазақ тілі ғылым жолына салынып реттелсе, ешбір жұрттың тілінен кем болатын емес, бұған илануымыз керек.
(Х.Досмұхамедұлы) Толығырық
Елдің тілі бұзылуына ең алдымен оқығандары себеп болады. Бұлар жат әсерлерге бағынғыш келіп, ана тілін өзгертуге жол басшы болады.
(Х.Досмұхамедұлы) Толығырық
Әдебиет тілінің қаруы - баспа мен мектеп. Баспа мен мектеп деген – адам шошынарлық өте қайратты қару. Баспа мен мектепте қолданған тіл елге ақырында сіңбей қалмайды. Мектеп пен баспаның тілі дұрыс тіл болса, елдің тілі көркейтіп, байытып, гүлдендіреді; мектеп пен баспада қолданған тіл шатасқан тіл болса, ол ел – сорлы ел, мұндай елдің тілі бұзылмай қалмайды.
(Х.Досмұхамедұлы) Толығырық
Жат сөздерді қолданғанда тіліміздің заңымен өзгертіп, тілімізге лайықтап алу керек. Жат сөзді өзгертпей, бұлжытпай алатын жер дүниеде тіл жоқ деп айтса да болады.
(Х.Досмұхамедұлы) Толығырық
Жасында ұлт мектебінде дұрыстап оқыған адам ана тілінің заңын ұмытпайды, бөтен тілдің сөздерін ана тілінің заңымен айтамын деп шатасады.
(Х.Досмұхамедұлы) Толығырық
Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш; ана тілін білмей тұрып, бөтенше сөйлесең, бұл – күйініш. Өз тілін білмей тұрып жат тілге еліктей беруі қор қате. Бұл оқығандардың һәм оқушылардың есінен шықпауы керек.
(Х.Досмұхамедұлы) Толығырық
Тіл – жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды. Мәдениетке ұмтылған жұрттың алдымен тілі өзгермекші, тілі бұзылмақшы. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт. Тілімізді бұзбай ұстарту шарттарын қарастыру, жұрт әдебиетінен, көркем әдебиеттен үлгілер көрсетіп, өрнекті түрлерімен таныстыру.
(Х.Досмұхамедұлы) Толығырық
Қазақ тілі – бай, таза іргелі жұрт тілі деп бәріміз де айтамыз... Бірақ құр бай, таза деумен тіліміз өздігінен сақталып, әдебиетіміз өрбіп кете ала ма? Қай жұрттың тілі болса да ту басында біздікі секілді таза да, бай болған. Бірақ олар көрші жұрттардың сөзі қосыла-қосыла, жүре бұзылған. Біздің қазақ тілі бұрын ылғалсыз таза болса да, бұл кезде басқа жұрттармен араласа бастадық, басқа жұрттардың оқуын оқыдық... Бір жағы Бұхар, бір жағы Мекке, Медине, Стамбұлдардан да оқып қайтқандарымыз бар. Солардың бәрі елге ноғайшылап, арабшылап, сартшылап қайтып жүр. Бұлардың сөйлеген сөзінде, жазған хатында шет жұрттардың тілі аңқып тұр... Қазақ тілін сақтаймыз, балаларымызды қазақша болсын дегенде бұлардың бәрінің негізі «Тіл – құралы» екенін ұмытпасқа керек.
(М.Дулатов) Толығырық
Һәркімнің ізіне түсіп қуған, үйренген бір ісі болады. Со ісін ол басқалардан артығырақ біледі. Егер оқу, оқытуды машықтап, ол оқытудың һәм оқытқан нәрселерінің асыл тәртібін, түп негізін анық білетін кісілер жазу хақында өз пікірлерін түсінікті етіп жазса, сынаушы деп соларды айтуға жарайды.
(М.Дулатов) Толығырық
Қазақ тілін іске асыратын болсақ, қазақ әдебиетін күшейтеміз десек, ең алдымен істің санын салмақтамай, сапасын ескеруіміз керек. Ол үшін қазақша деп жазылған сөздердің әлгі кемшілігін құрту керек. Оны құрту үшін әуелі бел кемшіліктің қандай екенін білу керек.
(М.Дулатов) Толығырық
Адамгершілік, жақсылық, қайырымдылық, мейірімділік
Он адам жүрген жерде із қалады,
Жүз адам жүрген жер - соқпақ,
Мың адам жүрген жерде жол қалады. Толығырық
Ақылсыз адам айқай келеді.
Жан-жағын жайпай келеді.
Ақылды адам жай-жай сөйлейді,
Жан жағын байқай келеді. Толығырық
Қағазға тіл бітірген - қалам,
Жансызға жан бітірген - адам. Толығырық
Адам ойға тоймас,
Бөрі қойға тоймас. Толығырық
Жаман адам кетсе,
Дүние кеңіп қалғандай.
Жақсы адам кетсе,
Дүние кеміп қалғандай. Толығырық
Жақсы сыйлағанның құлы,
Жаман қорыққанның құлы. Толығырық
Адам деген ардақты ат. Толығырық
Адамгершілікке арналған үш сауал бар:
Шөлге құдық қазған бір сауап,
Өзенге көпір салған бір сауап,
Жолға ағаш еккен бір сауап. Толығырық
Бітер істің басына,
Жақсы келер қасыңа. Толығырық
Жақсының айтқаны келмейді,
Жаманның сандырағы келеді. Толығырық
Біреуге ор қазба, өзің түсесің. Толығырық
Жаман болса алғаның,
Шын досың да шеттейді. Толығырық
Басыңа іс түссе,
Жақсы көмек етеді,
Жаман күліп кетеді. Толығырық
Жақсы арман оздырар,
Жаман құлқын тоздырар. Толығырық
Жақсыға қылған жақсылық
Өміріңде тозбайды.
Жаманға қылған жақсылық
Бір күнгідей болмайды. Толығырық
Құдықтан су ішкен,
Қазғанға рахмет айтады.
Ағашты көлеңкелеген,
Еккенге рахмет айтады. Толығырық
Бір күн тұзын татқанға, қырық күн сәлем. Толығырық
Жауызға айтқан жылы сөз -
Суға жазған сертпен тең. Толығырық
Өзім асыраған күшігім өзімді қапты. Толығырық
Қадіріңді білмеске
Қадамыңды көтерме. Толығырық
Бөрі баласын асырағанмен ит болмас. Толығырық
Таршылықты көрмесең кемшілікті білмессің. Толығырық
Өзі болған қыз төркінін танымайды. Толығырық
Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі кетпейді. Толығырық
Саңырауға сәлем берсең "атаңның басы" дер. Толығырық
Есекті отқа айдасаң, боққа қашар. Толығырық
Табиғат құбылыстары туралы мақал-мәтелдер
Нөсер алдында найзағай ойнайды. Толығырық
Күн күркіресе, көп дүркірер. Толығырық
Күркіреген бұлттың жаңбыры аз. Толығырық
Боранда күні ит пен бала құтырады. Толығырық
Алпыс күнде тасыған су,
Алты күнде қайтар. Толығырық
Жауынмен жер көгереді,
Батамен ел көгереді. Толығырық
Қыстың көзі қырау. Толығырық
Сәуір болса күн күркірер. Толығырық
Сәуір болмай, тәуір болмас. Толығырық
Жаңа айдан жақсылық. Толығырық
Қыстағы қар - жерге ырыс,
Жердегі ылғал – елге ырыс. Толығырық
Таумен тасты су бұзар,
Ел арасын қу бұзар. Толығырық
Жазғытұрым жел
жардай атанды жығар. Толығырық
Қаз келсе, жаз келер,
Қарға келсе қатқақ келер. Толығырық
Жазғытұрымғы жел жардай атанды жығар. Толығырық
Жаздың бір күні, қыстың мың күні. Толығырық
Жаңбыр бір жауса,
Терек екі жуады. Толығырық
Таулы жер бұлақсыз болмас,
Сулы жер құрақсыз болмас. Толығырық
Туған ай, тураған етпен тең. Толығырық
Су аққан жерінен айнымас. Толығырық
Үркерлі айдың бәрі қыс. Толығырық
Шағала келмей жаз болмас.
Шаңқан келмей, боз болмас. Толығырық
Жел түбі азық, жекен түбі қазық. Толығырық
Сәуір болса, күн күркірер,
Күн күркіресе, көп дүркірер. Толығырық
Мәуесі бардың әуесі бар. Толығырық
Қараша қауыс, кәрі-құртанды тауыс. Толығырық
Әрнәрсе уақытымен қызықты. Толығырық
Тауына қарай тоғайы,
Шошқасына қарай торайы. Толығырық
Cу басынан буылады. Толығырық
Тау кезеңсіз болмас,
Өлке өзенсіз болмас. Толығырық
Жаз сайға қонба,
Қыс қырға қонба. Толығырық
Сүмбіле туса су суыр. Толығырық
От арық, су семіз. Толығырық
Таң атпайын десе,
Күн қоймайды. Толығырық
Сан, Сан есім
Жұт жеті ағайынды, жиенім сегіз. Толығырық
Жеті атасын білмеген ұл жетесіз. Толығырық
Жеті атасын білген ұл
жеті жұрттың қамын жер.
Өзін ғана білген ұл
Құлағы мен жағын жер. Толығырық
Жігітке жеті өнер де аз. Толығырық
Туған да алтау едік, өле-өле жетеуміз. Толығырық
Қарғыс жеті атаға жетеді. Толығырық
Жеті кедей жиналғанмен ортасынан бір бай шықпас. Толығырық
Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл. Толығырық
Алпыстағы атаңды жыққанша,
Алтыдағы атанды жық. Толығырық
Он екі айда он үш той. Толығырық
Алты ай баққан арықты бір түн ұрындырған өлтіреді. Толығырық
Алты бала таппай ана аталмайды,
Бес бала таппай белгілі әйел болмайды. Толығырық
Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама. Толығырық
Бір күн ұрыстың қырық күндік қырсығы бар. Толығырық
Кедейдің жеті қаңтары бар. Толығырық
Жетім бала жеті күлшеге тоймас Толығырық
Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде адаспас. Толығырық
Қыстың соңы жеті тоғыс, көктем басы бес тоғыс. Толығырық
Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас. Толығырық
Алты жастан жинасам асырам, жеті жастан жинасам жеткізем. Толығырық
Жетелі мен іскерге жеті күннің бәрі сәтті. Толығырық
Тоғыз ат бір қазыққа байланбас Толығырық
Егістікті бір рет сыйламасаң, ол сені тоғыз рет қинайды Толығырық
Бір ит көріп үреді,
Екі ит еріп үреді. Толығырық
Бірінші байлық – денсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық,
Үшінші байлық – он саулық. Толығырық
Бір жылға қоян терісі де шыдайды. Толығырық
Аларманға алтау аз,
Берерменге бесеу көп. Толығырық
Екі баланың ортасындағы шал бала болады,
Екі шалдың ортасындағы бала дана болады. Толығырық
Бас екеу болмай, мал екеу болмас. Толығырық
Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы.
Мың қайғы бір борышты өтемейді. Толығырық
Елуінде – ер дана,
Елуінде – ел жаңа. Толығырық
Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар. Толығырық
Мыңның жүзін білгенше,
Бірдің атын біл. Толығырық
Екі қарға таласса, бір қарғаға жем түсер. Толығырық
Тоғыз қабат торқадан, тоқтышақтың терісі артық. Толығырық
Жақсы кісі қырқында толады,
жаман кісі қырқында солады Толығырық
Жүз дімкеске бір лепес. Толығырық
Бірінші әйел – шекер, екінші әйел – бекер. Толығырық
Бірінші әйелді құдай қосады,
екіншісін адам қосады,
үшіншісін сайтан қосады. Толығырық
Екі уыс алтын берсе, үшіншісін қоса сұра. Толығырық
Біреу жаныңа жолдас,
біреу малыңа жолдас Толығырық
Біреу тойып секіреді,
біреу тоңып секіреді Толығырық
Аласыға алтау аз,
бересіге бесеу көп. Толығырық
Алтаумын деме, жетеуге жолығасың,
жетеумін деме, сегізге жолығасың. Толығырық
Шындық – сегіз, бақыт егіз Толығырық
Ер- егіз, еңбек- жалғыз Толығырық
Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады,
Еңбек пен бақыт – егіз Толығырық
Құтты қонақ келсе, қой егіз табады Толығырық
Қорқаққа қос көрінер Толығырық
Құдай бір ұрғанды, қос қолдап ұрады. Толығырық
Төрт түлік (Жылқы, Түйе, Қой, Сиыр)
Таңбасыз тай, енсіз қой болмайды. Толығырық
Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп,
«Ештеңені білмейтін момыным!» деп.
Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп,
«Қараңғыда баспаған қорқағым!» деп.
Түйе сүйеді баласын «боташым» деп,
«Жаудыраған көзіңнен тоташым!» деп.
Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп,
«Тастан тасқа секірген шұнағым!» деп.
Жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп,
«Тұлпар болып жүгірер жұрыным!» деп. Толығырық
Мал – баланың шашуы. Толығырық
«Көктемде бір тойдым,
Көбік қарда бір тойдым» депті-міс тоқты. Толығырық
Семіздікті қой ғана көтереді. Толығырық
Бір биеден ала да, құла да туады. Толығырық
Саулықтың жасы үлкен,
Қошқардың басы үлкен. Толығырық
Алуан – алуан жүйрік бар, өз әлінше шабады. Толығырық
Байтал шауып бәйге алмас. Толығырық
Жылқыда өт жоқ, өсер малда өлім жоқ. Толығырық
Адам баласы сөйлескенше, жылқы баласы кісінескенше. Толығырық
Арық атқа қамшы ауыр. Толығырық
Адам жылқы мінезді. Толығырық
Ат сүрінбей жер танымас. Толығырық
Мал – адамның бауыр еті. Толығырық
Алып анадан туады, тұлпар биеден туады Толығырық
Ат – ердің қанаты.
Жүзден - жүйрік, мыңнан – тұлпар Толығырық
Жылқының сүті – шекер, еті бал. Толығырық
Жылқы – малдың патшасы. Толығырық
Жаман атқа жал бітсе, жаныңа торсық байлатпас. Толығырық
Тай тулап үйірінен кетпес. Толығырық
Жылқы құлыңнан көбейер, ақша тиыннан көбейер Толығырық
Тай мінген балаға жарасар. Толығырық
Тұлпар болар құлын мүшесінен белгілі. Толығырық
Ат айналып қазығын табады, ер айналып елін табады. Толығырық
Құнан атқа жеткізер, ат мұратқа жеткізер. Толығырық
Жақсы айғырдың үйірін ат жақтайды. Толығырық
Жүйрік атқа мінген құдайын ұмытар. Толығырық
Айшық мүйіз ақ серке қойды бастар,
Қыпша белді жігіттер топты бастар. Толығырық
Түйе - шудасын,
Жылқы - жалын,
Сиыр – мүйізін төсейді. Толығырық
Қонақ қойдан жуас... Толығырық
Арық малды асырасаң, аузы-мұрның май болар,
Жаман адамды асырасаң, аузы-мұрның қан болар. Толығырық
Кісінеген айғырдың үйірін көр,
Шіренген жігіттің үйін көр. Толығырық
Түйенің бурасы жақсы,
Сөздің турасы жақсы. Толығырық
Қойдың сүті - қорғасын,
Қойды соққан оңбасын. Толығырық
Есі кеткен ешкі жияр,
Ешкісімен есін жияр. Толығырық
Айғырды неден салсаң,
Атты содан мінерсің. Толығырық
Ары тартсаң өгіз өледі,
Бері тартсаң арба сынады. Толығырық
Бағы тайған адамды,
Түйе үстінде ит қабар. Толығырық
Ер тұрманы алтын болса да,
Есектің есек аты қалмас. Толығырық
Есекті өсек десең,
Иесінің көңіліне келер. Толығырық
Сыйыр сипағанды білмейді,
Жаман сыйлағанды білмейді. Толығырық
Екі қошқардың басы,
Бір қазанға сыймайды. Толығырық
Қойдың қойдан несі артық,
Қол басындай еті артық.
Ерден ердің несі артық,
Ойлап айтқан сөзі артық. Толығырық
Айдағаның бес ешкі,
Ысқырғаның жер жарады. Толығырық
Тай тайға жеткізер,
Тай құнанға жеткізер,
Құнан атқа жеткізер,
Ат мұратқа жеткізер. Толығырық
Бір қозы туса, бір түп жусан артық өсер. Толығырық
Бір бие үйдікі, екі бие елдікі. Толығырық
Бір биеде екі емшек, бірі кетсе сүті жоқ.
Бір түйеде екі өркеш, бірі кетсе күші жоқ.
Түйе сілкінсе, бір есекке жүк қалар. Толығырық
Әзіл-қалжың
Арыстанның ойынынан түлкінің мойыны үзіледі. Толығырық
Атпен ойнаған тайдың жілігі сынады. Толығырық
Тентекке тіл жаңғырады. Толығырық
Ойнаған бота от басар. Толығырық
Тентек - жұртқа тентек, өзіңе мақұл. Толығырық
Өлейін деген тышқан мысықтың құйрығымен ойнайды. Толығырық
Әзілдің алысқа бармағаны жақсы. Толығырық
Тентектің есі-дерті - бұзу,
Текенің есі-дерті - сүзу. Толығырық
Бір теңге беріп жырлатып,
Мың теңге беріп қойдыра алмай. Толығырық
Шоқысқыш қоразға шыр бітпес. Толығырық
Тентекті тентек десең, бөркі қазандай болады. Толығырық
Мысыққа ойын керек,
Тышқанға өлім керек. Толығырық
Жасыңда қылжың болсаң,
Өскенде мылжың боларсың. Толығырық
Су
Көл көлге құяды,
Сел селге құяды — шұқанаққа дым да жоқ. Толығырық
"Көлмін" деп көпіресің ішінде бір балығың жоқ. Толығырық
Көл тартылса кұс қашар. Толығырық
Казғанмен су шықпайды қыр басынан
(Біржан сал) Толығырық
Қара суға жапалақтап қар жауса қара балық ұрық салады. Толығырық
Құдық қазсаң көлді каз,
көл суалмай суалмас
(Ақтамберді жырау). Толығырық
Қыдырдың қасыңда болғанша,
бұлақтың басында бол. Толығырық
Өзен ақса — көл,
Дария ақса — сел. Толығырық
Өзен бойы тұрғанда
өзге жерге қонбаңыз. Толығырық
Өзен-суға жарасқан қамысы мен қоғасы,
Қарияға жарасқан аузындағы тобасы. Толығырық
Өзен суын жаңбыр тасытады,
Адам қадірін еңбек асыртады. Толығырық
Ағын су арнасын табады. Толығырық
Ағын су бал татыр,
Ақ шабағы май татыр. Толығырық
Арық бар жерде су бар,
Су бар жерде ну бар. Толығырық
Арық қазбасаң су келмейді. Толығырық
Бұлағы болмаса өзен де саркылар. Толығырық
Бүлаққа бүлақ қосылса — "егізбіз" дейді,
Көлге көл қосылса — "теңізбіз" дейді. Толығырық
Дария арам болмайды ит қанша сигенмен. Толығырық
Дария толы су болса ит тілімен су ішер. Толығырық
Жеті күн жауған жаңбырдан желіп өткен су артық
(Кыпшақ Сейітқұл). Толығырық
Иірімі жоқ судан иірілген балық не табады? Толығырық
Сай қуалап су ағар,
Жел қуалап от жанар. Толығырық
Сасық суда жайын жоқ,
Олжа малда қайыр жоқ. Толығырық
Саяз су сарқырап ағады. Толығырық
Су ақса — сайына,
Жылқы жоғалса — үйіріне. Толығырық
Су анасы — бұлақ,
Сөз анасы — құлақ. Толығырық
Су басынан бұзылады. Толығырық
Су бермегенге сүтіңді бер —
ақ ниетінді білсін. Толығырық
Су болмай балық аулауга болмас,
Жүз жыртпай дау даулауға болмас. Толығырық
Суға салған тонның енді аяйтын несі қалды? Толығырық
Суға тері и болмас,
Сұғанақ жігіт би болмас. Толығырық
Судағы балыққа қуанба, өлі сенікі емес. Толығырық
Су — диханның каны,
Жер — қолыңдағы наның. Толығырық
Судың басы бұлақ болса, аяғы құяр теңізге.
Жақсыдан жаман туса да, тартпай қоймас негізге. Толығырық
Суды шым тоқтатар,
Сөзді шын тоқтатар. Толығырық
Су жүрген жер шүлен. Толығырық
Су — зер, сушы — зергер. Толығырық
Су кезегінен қалған он екі ай аш. Толығырық
Су келтірер мәрт кісі,
Егін егер ер кісі. Толығырық
Су — қан, еңбек — жан. Толығырық
Су қатайса мұз болар
(Марабай ақын). Толығырық
Сулы жердің қасиеті сағасында,
Нулы жердің қасиеті ағашында. Толығырық
Сулы жер қүрақсыз болмас,
Таулы жер бүлақсыз болмас. Толығырық
Су патшасы — мұрап,
Түн патшасы — шырақ. Толығырық
Су перісі сұлтан. Толығырық
Сусағанның түсіне су кіреді. Толығырық
Сусыз жердің оты арам. Толығырық
Сусыз жердің шөбі сұйық,
Суайт адамның сөзі сүйық. Толығырық
Су тасыса жиегіне,
Ер тасыса еліне. Толығырық
Суы ащы теңізден томар да болса көл артык, Толығырық
Бала
Балажанды биелер құлындарын теппейді,
Балажанды адамды бала айналып кетпейді. Толығырық
Бала жасындағысын ұмытпайды,
Таз басындағысын ұмытпайды. Толығырық
Бала жетіге жеткенше жерден таяқ жейді. Толығырық
Бала жүгірсе қарттың қарап отырып аяғы ауырады. Толығырық
Бала кезде нені әдет етсең соның шырмауында қаласың. Толығырық
Бала көңілдің гүлі, көздің нұры. Толығырық
Анадан алтау туғанша,
жалғыз туса не етеді — елге тұлға болғалы.
Қарағайға қарсы бұтақ біткенше,
еменге айыр бұтақ бітсе не етеді — құсқа тұғыр болғалы. Толығырық
Ата-анаға көз қуаныш алдына алған еркесі
(Абай). Толығырық
Бай баласы балпаң,
Жарлы баласы жалтаң,
Бай күйігі етекте,
Бала күйігі жүректе. Толығырық
Бала адамның бауыр еті, көз нұры. Толығырық
Бала ақылды болса
ата-ананы оздырады,
желбуаз, жетесіз болса
жерге қаратып тоздырады. Толығырық
Бала анаға аян, әкеге күмән. Толығырық
Бала атадан батпан артық туады. Толығырық
Бала биден де күшті, бірақ бітірмес істі. Толығырық
Бала болса да әркім өз теңімен ойнар. Толығырық
Балаға айтқан сыр — байланбаған бұзау
(Шәкәрім). Толығырық
Балаға байқап сөйлесең ақылыңа көнер,
шайқап сөйлесең көрсетер бір "өнер". Толығырық
Балаға жанның ашуы бірдей,
Қай қолынды кессең де жанға батуы бірдей. Толығырық
Атадан жақсы ұл туса,
елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса,
көшінің соңы болады
(Қазыбек би). Толығырық
Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін. Толығырық
Әдепсіз бала ауыздықсыз атпен тең,
Ақылды қария жазып койған хатпен тең. Толығырық
Әдепсіз бала — аяққа басылған шала. Толығырық
Бақырауық демесең бағалы көлік түйе ғой.
Жаман да болса өз ұлың өз малыңа ие ғой. Толығырық
Баланың жақсысы — қызық, жаманы — күйік
(Абай). Толығырық
Баланың сотқары — пәленің шокпары. Толығырық
Балаң жаман болса да аман болсын. Толығырық
Баласы жаман туғанның
әкесін түйе үстінен ит қабар
(Шал ақын). Толығырық
Бейбастақ балаға күле қарасаң бас киімінді ала қашады. Толығырық
Егін өнбесе қайғы — бір жылдық,
Балаң оңбаса қайғы — ғұмырлық. Толығырық
Екі қатынның баласы — екі рулы ел. Толығырық
Ерке баладан жынды балам жақсы. Толығырық
Жақсы бала жансақ,
Жаман бала малсақ. Толығырық
Жақсы бала ойлағыш,
Жаман бала тойлағыш. Толығырық
Жақсы бала сүйік,
Жаман бала күйік. Толығырық
Аға
Аға алдында арсыз іні сөйлейді. Толығырық
Аға алдында пейілінді көрсет,
Іні аддында мейірінді көрсет. Толығырық
Аға болсаң ақыл айт, ақыл айтсаң мақүл айт. Толығырық
Ағаның үйі ақ жайлау. Толығырық
Аға өлсе жеңге мұра,
Іні өлсе келін мұра. Толығырық
Ағасы ұрар болар,
інісі тұтар болар. Толығырық
Аға ішкен бұлақган інісі де су ішеді. Толығырық
Амандық ағадан. Толығырық
Ардагер аға алдында тұрсын, Әдепті іні артында тұрсын. Толығырық
Екеу болса — жас аға,
Біреу болса — бөрік аға. Толығырық
Елдің баласы бола алмаған ағасы да бола алмайды. Толығырық
Гүл
Бір гүл толып ашылады,
Бір гүл солып ашылады. Толығырық
Гүл ашылмай бұлбұл сайрамас. Толығырық
Гүлді гүл деме егер сабағы болмаса. Толығырық
Гүлдің тоны қырық жамау, бірақ исі бар. Толығырық
Гүл өмір қызығы. Толығырық
Гүл өссе жердің көркі,
Қыз өссе елдің көркі. Толығырық
Гүл сабағымен қадірлі,
Ас табағымен қадірлі. Толығырық
Гүлсіз бұлбұл үнсіз. Толығырық
Гүлсіз жапырақ тұл,
Көксіз топырақ тұл. Толығырық
Гүл табылады, мал сатылады. Толығырық
Гүлші бір гүл өсіргенше жүз тікеннің уын жұтады. Толығырық
Дала көркі — гүл,
Ана көркі — ұл. Толығырық
Дала гүлімен қадірлі,
Әйел ұлымен қадірлі. Толығырық
Көбелек гүлді сағынар. Толығырық
Қыз халықтың гүлі,
Өлең сауықтың гүлі. Толығырық
Би, Билік, Шешен
Аталыдан би қойсаң
адаспас жол мен жобадан.
Атасыздан би қойсаң
босамас аузы парадан
(Бұқар жырау). Толығырық
Әділ бидің елін дау араламайды,
Әділ патшаның елін жау араламайды. Толығырық
Әділ би халық үшін,
Залым би құлқын үшін. Толығырық
Әділсіз болса би оңбас,
Әйелсіз болса үй оңбас. Толығырық
Барма ханға, өзі келер малға,
Барма биге, өзі келер дауға.
Бас-басыңа би болсаң
манар тауға сыймайсың.
Бір данаға жол берсең
жанған отқа күймейсің. Толығырық
Батыр деген бір барақ ит,
екі қатынның бірі табады.
Би деген ақ шариғат,
Ілуде бір-ақ қатын табады. Толығырық
Би айтқанды құл да айтады,
тек құл аузының дауасы жоқ
(Төле би). Толығырық
Би болған кісі бақырып бола ма екен. Толығырық
Би болмақ ініден,
Белге шықпақ баладан. Толығырық
Би болмасаң болма, би түсетін үй бол. Толығырық
Би болмас белін жалпақ буғанменен,
Ағармас асылы арам жуғанменен
(Әбубәкір). Толығырық
Бидің жолы — ақ,
Судың жолы — сара. Толығырық
Би жоқта жораға құл жүреді. Толығырық
Билік айту оңай,
Біліп айту қиын
(Шақшақ Жәнібек). Толығырық
Билік мыкты болса, тірлік құгты болады. Толығырық
Би мен бектің сәні жоқ:
елін қорғай алмаса,
тура жолға салмаса,
ыстығына күймесе,
суығына тоңбаса
(Дулат). Толығырық
Биің қылаң болса,
елің ылаң болады. Толығырық
Болмайтын істің басыңда болма,
Бітпейтін даудың қасыңда болма. Толығырық
Бұзылған елдің ішіне
сормандай би кез болар
(Толе би). Толығырық
Бұратынына бұрады,
бұрмайтынын қос қолдап ұрады. Толығырық
Хан азарында қарашасымен қас болады,
Би азарында қайырымы жоқ баймен дос болады. Толығырық
Шешендерді сынаған тізелескен дау болар.
Ер жігітті сынаған қарсы шапқан жау болар
(Ақтамберді). Толығырық
Шешен жауға жарамас,
Батыр дауға жарамас. Толығырық
Шешеннің күші — шындық. Толығырық
Шешендіктің сәні жоқ
басына бақыт қонбаса.
Батырлықтың сәні жоқ
тұтамдап оқ жонбаса
(Дулат). Толығырық
Шешеннің аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді. Толығырық
Шешеннің нақылы ортақ,
Көсемнің ақылы ортақ
(Шәкерім). Толығырық
Шешеннің сөзі дәмді келер,
ақыл берер, мәнді келер. Толығырық
Шешеннің сөзі мерген,
Шебердің көзі мерген.
Шешеннің сөзі ортақ,
Шебердің бөзі ортақ. Толығырық
Шешеннің сөзіндей, ботаның көзіңдей. Толығырық
Шешен сөз бастар,
Батыр қол бастар. Толығырық
Шешенің судай төгілген,
Тындаушың бордай егілген. Толығырық
Шын би сөзіңе бағады,
Сұм би көзіңе бағады. Толығырық
Әділдік
Әділет қылышы кескен қол ауырмас. Толығырық
Әділін айтсаң — әдемі айтқаның. Толығырық
Әділ іс ағын судың арнасыңдай.
Әділ сөз болат семсер алмасындай.
(Шораяқтың Омары). Толығырық
Әділдіктен қашпа. Толығырық
Әділет бізден, төрелік көптің хақы
(Төле би). Толығырық
Әр елдің заңы баска, иттері қарақасқа. Толығырық
Құяр судан бөлінсе — көл тұнады.
Шындықтан қол үзсе — көңіл тұнады. Толығырық
Әділ істің арты игі. Толығырық
Әділ айтқан жеңер. Толығырық
Әділ айтсаң ағайынға жақпайсың,
Әзіл айтсаң маңайыңа жакпайсың. Толығырық
Ақиқат бар жерде жеңіс бар
(Нақсыбек шешен). Толығырық
Пікір таласы — шындық анасы. Толығырық
Түйін-түйін сырынды түбіңде келіп шын ашар. Толығырық
Құда, Құдағи
Құдалының малы бір,
Анық достың жаны бір. Толығырық
Құда — мың жылдық,
Күйеу — жүз жылдық. Толығырық
Құданы құдай қосады,
Құдай ұрғанды құмар қосады. Толығырық
Құданы құдай қосады,
Үйірі басқаны ноқта қосады. Толығырық
Құданың құдасы,
құнан қойдың сорпасы. Толығырық
Құдаң барьң қуып қон,
Танысың барың тауып қон. Толығырық
Құдаңды Құдайдай күт. Толығырық
Құдаң құрдасыңдай болсын,
Құдағиың сырласыңдай болсын. Толығырық
Құдаңның түйесін сұра, қорыққанынан биесін береді. Толығырық
Құдашамен құда ойнар,
Қошақанмен бөрі ойнар. Толығырық
Құл құдасын табады. Толығырық
Құрбысының асқанын құдасынан біледі. Толығырық
Алыс жерге құда болсаң
түйе-түйе ас келер.
Жақын жерге құда болсаң
түйе-түйе сөз келер. Толығырық
Бай мен бай құда болса арасында жорға жүреді.
Кедей мен кедей кұда болса арасында дорба жүреді.
Бай мен кедей құда болса ілінісіп зорға жүреді. Толығырық
Бар барын айтады,
Жоқ зарын айтады,
Құда базына айтады,
Құдағи назын айтады. Толығырық
Итпен құда болсаң боқпен той етерсің. Толығырық
Қараның таққа мінгені —
бір-біріне құда түскені. Толығырық
Құда болғанша түп-тегіңді сұрас,
Құда болған соң қол қусырып сыйлас. Толығырық
Құда болмай құл билігін сұра,
Құда болған соң құл да болса сыйла. Толығырық
Құдағи сыйымен жарасады,
Қуырдақ майымен жарасады. Толығырық
Құдадан алған санауға бар, қарауға жоқ. Толығырық
Құда, құда, құда десіп,
құйрық, бауыр жесіп,
суға, бозға кіріп,
әр нәрсені көріп... Толығырық
Құдалық белгісі — кит,
Қоныс белгісі — бейіт. Толығырық
Өмір мен Өлім
Тыста ұзақ жүргенің –
Ұзақ өмір сүргенің. Толығырық
Өліспеген көріседі. Толығырық
Өлімнен басқаның бәріне асық. Толығырық
Мысықтың өлімі – тышқанға той. Толығырық
Өлім байдың малын шашады, Толығырық
Жоқтың артын ашады. Толығырық
Ажал ажарға қарамайды. Толығырық
Өлімнен басқанын ертесі жақсы. Толығырық
Бірге тумақ болса да,
Бірге өлмек жоқ. Толығырық
Өлім деген – ұзақ жолдың алысы. Толығырық
Көңіл жақсы болғаны –
өмір жақсы болғаны. Толығырық
Өтпейтін өмір жоқ,
Сынбайтын темір жоқ. Толығырық
Өзен ағысын бөгеуге болады,
Өмір ағысын бөгеуге болмайды. Толығырық
Өмір озады, ажар тозады. Толығырық
Тау
Асқар таудай алып бол,
Әппақ күндей жарық бол. Толығырық
Асқар таудың айбыны қарыменен
(Орынбай ақын). Толығырық
Бұлбұлға бау жақсы,
Кекілікке тау жақсы. Толығырық
Көрінген таудың алыстығы жоқ.
Табалдырықтан биік тау жоқ. Толығырық
Тау айналмайды, тас айналады. Толығырық
Тау баласы тауға қарап өседі
(Тұманбай). Толығырық
Тау бұлағымен сәнді,
Көл кұрағымен сәнді. Толығырық
Тауға сүйенген таудай пәледен аман қалады. Толығырық
Таулы жердің қыраны көп. Толығырық
Тау мен тасты су бұзады,
Азаматты сөз бұзады. Толығырық
Тауына қарай тоғайы,
Шошқасына карай торайы. Толығырық
Асқар таудың басына балапан ұшып шыға алмас
(Абыл). Толығырық
Асқар таудың өлгені — басын мұнар шалғаны.
Көктегі бұлттың өлгені — аса алмай таудың қалғаны.
Ай мен күннің өлгені — еңкейіп барып батқаны.
Айдын шалқар өлгені — мұз болып тастай қатқаны. Толығырық
Асқар таудың сәні жоқ көк майса белі болмаса.
Өзен, судың сәні жоқ аймақты елі болмаса
(Дулат). Толығырық
Биік таудың басы қыс,
бауыры жаз. Толығырық
Дұшпан
Әйел адам сырынды алса,
Дұшпан үштен бірін алады. Толығырық
Бейтаныс кісі бітеу жаңғақ.
Бүгінгі дос ертең жау
(Абай). Толығырық
Бүйірден соққан жау жаман.
Гүрілдеп келген жаудан,
Күлімдеп келген жау жаман. Толығырық
Дұшпан біреу болса да көптік етер,
Досың мың болса да аздық етер. Толығырық
Дұшпанға кеңес берген де акымақ,
Дұшпаннан кеңес алған да ақымақ. Толығырық
Дұшпанға сырынды берме, сыр алдырып қырынды берме. Толығырық
Дұшпан дос арасынан шығады. Толығырық
Дұшпанды кісі десең басың кетер. Толығырық
Дұшпан көзі төртеу. Толығырық
Дұшпаннан түк тартсаң да пайда. Толығырық
Дұшпан не демейді,
Түске не кірмейді. Толығырық
Дұшпанның күлгені — сырыңды білгені. Толығырық
Дұшпанның шырқын алам десең суыртпақтап сырын ал. Толығырық
Дұшпан шақырса барма,
Дос шақырса қалма. Толығырық
Дұшпаның көзге мақтар,
арамдығын ішіне сақтар. Толығырық
Дұшпаныңнан бір сақтан,
Жаман достан мың сақтан.
Дұшпаныңнан бір сақтан, сырты майда, іші қан.
Ел ішіңде жар-жора достарыңнан бір сақтанғанда мың сақтан Толығырық
Ауыл
Алыс деп ауылыңа бармаймысың. Толығырық
Ауыл болсаң — қауым бол. Толығырық
Ауылға айтсаң — асар,
Көршіге айтсаң — қосар. Толығырық
Ауылға барсаң қона бар,
Қамысты көлде сона бар. Толығырық
Ауылға жақындағанда ит озады. Толығырық
Ауылда лақ туылса адырдың шөбі көгереді. Толығырық
Ауылдан шыкқан күні байға қонба, сайға қон: бай пәле болады, сай пана болады. Толығырық
Ауылдастың анты бір. Толығырық
Ауылдасың жақсы болса ағайының не керек.
Алғаның жақсы болса айтың, тойың не керек. Толығырық
Ауылдың жақсылығы жолынан білінер. Толығырық
Ауыл иті ала болса да бөрі келгеңде бірігеді. Толығырық
Ауыл итінің құйрығы қайқы. Толығырық
Ауыл малы бұралқы ақылы жоқ жаманға
(Шортанбай). Толығырық
Ауыл толы есектен,
Арық та болса ат жақсы. Толығырық
Ауыл түбі — бірлік,
Қауым түбі — тірлік. Толығырық
Ауылы араластың койы қоралас. Толығырық
Ауылы басқа алдырмас,
Ауылың сені қалдырмас. Толығырық
Ауылы бүтінді аман де,
Елі бүтіңді есен де. Толығырық
Ауылы бірдің — аузы бір. Толығырық
Ауылыңда қария болса, жазып қойған хатпен тең.
Ауыл сыртында төбе болса, ерттеп қойған атпен тең. Толығырық
Бір ауылдың малын бақпасаң мың ауылдың малын бағарсың. Толығырық
Кесек-кесек дау-жанжал кер кеткеннің аулында.
Кесек-кесек өтірік кер кеткеннің аузыңда. Толығырық
Күн түспеген үйге құшынас түстенер Толығырық
Казақ ауылы қарайлас,
Шеру соңы қарайлас. Толығырық
Жер
Әуелі тәңірі жерге береді,
Жерге берсе елге береді,
Елге берсе ерге береді. Толығырық
"Барар жерің Балкан тау, ол да біздің көрген тау". Толығырық
Бұрын қонған қоныс алады,
Кейін қонған өріс алады. Толығырық
Еділ ел болып келгенге су болады едірейіп келгенге у болады. Толығырық
Екпесең жер қысырайды,
Күтпесең көл қысырайды. Толығырық
Жақсы жерге жатсаң —
жақсы-жақсы түс көрерсің.
Жаман жерге жатсаң —
жаман-жаман іс көрерсің. Толығырық
Жақсы жердің кадірін
қожасы емес құл білер. Толығырық
Жаман қоныстан жақсы жүріс артық. Толығырық
Жасыл желек жердің көркі. Толығырық
Жер алған — ер,
Жер сатқан — қара жер. Толығырық
Жер астында жатқанды қазбай-ақ қарап тіл табар.
Қойын-қойын сырыңды түбінде келіп шын табар. Толығырық
Жер байдікі, су сайдікі. Толығырық
Жер байлықтың анасы болса,
әкесі — еңбек. Толығырық
Жер бауыры жазық. Толығырық
Жерге берсең — жер,
Бермесең — қара жер. Толығырық
Жерге түскен гүл болар,
Отқа түскен күл болар. Толығырық
Жер дегенің алтын қасық кертіп жесең де таусылмас. Толығырық
Жерден жердің несі артық? —
бір-ақ уыс шөбі артық.
Ерден ердің несі артық? —
бір-ақ ауыз сөзі артық.
Жерден жердің несі кем? —
егін шықса, гүл өссе.
Ерден ердің несі кем? —
уәдесін уәде етсе. Толығырық
Жерден табылса аспанға секірме. Толығырық
Жерді алдаған аш қалар. Толығырық
Жердің бақыты тайса су сайға құлайды. Толығырық
Жердің тілін білсең,
тілдей жерден жылдық өмір аларсың.
Елдің тілін білсең,
елге сыйлы болып жағарсың. Толығырық
Жер екеш жер де ауырады.
Жер екеш жердің де құлағы бар. Толығырық
Жер емген ел болады,
Жер қадірін білмеген елдің
өмірінде ырысы кем болады. Толығырық
Жер жарасты көрінер өзенімен, көлімен,
Ел жарасты көрінер еңбегі жанған ерімен. Толығырық
Жер көңді жақсы көреді,
Ат жемді жақсы көреді. Толығырық
Жер — қазына, су — алтын. Толығырық
Жер құнарын мал білер
(Қорқыт). Толығырық
Жер құтты болса, мал сүтті болады. Толығырық
Жерлі құланды терлі құлан аударады. Толығырық
Жер ортасы Көктөбе,
жетем деп оған өктеме. Толығырық
Жер тоқ болса сен де тоқ. Толығырық
Жер тұсауы түнде алынар. Толығырық
Жер шайқалса төбеге қатер,
Ел шайқалса төреге қатер. Толығырық
Жер шаршаса өнім бермес. Толығырық
Жер ырыстың кіндігі,
Еңбек ырыстың қызығы,
Білім ырыстың тізгіні. Толығырық
Жеріне қарай астығы. Толығырық
Жеріне қарай жыланы,
Жасына қарай кұланы. Толығырық
Жерінен ауғанға жеті жыл қоныс жоқ. Толығырық
Жерінен кеткен елге киындық,
Үйірінен айрылған малға қиындық. Толығырық
Жерінді баптай білсең — астықты қаптай білесің. Толығырық
Жеріңе жақсылық қылғаның — тасты дей бер қырманың. Толығырық
Жеріңнен аусаң жақсы атыңды тастап ау. Толығырық
Жұрт жұтаса жұтық. Толығырық
Келісті келбет ерде бар,
Қымбатты қазына жерде бар. Толығырық
Көрмеген көлде білмеген кұстың даусы естіледі. Толығырық
Кер құланның қадірін ойда-қырда қақ білер. Толығырық
Қары бар жерде қаһар бар,
Кені бар жерде шаһар бар. Толығырық
Қос қадірін жеккен біледі,
Жер қадірін еккен біледі. Толығырық
Мекенінен безген құланның
кетеді басы сауғаға.
Жерінен безген ұланның
түседі басы саудаға. Толығырық
Күншілдік, қызғаныш
Күндестердің күлі де - күндес.
Махмұд Қашқари Толығырық
Қайын жұртың - міншіл, нағашы жұртың - сыншыл, өз жұртың күншіл. Толығырық
Ағайын жоқ болсаң - бере алмайды,
бар болсаң - көре алмайды. Толығырық
Күншілдің күні қараң. Толығырық
Көкдолыдан дәупері қашыпты. Толығырық
Екі қарға таласса, бір құзғынға жем болар. Толығырық
Біреудің біреу бағын көп көреді,
Біреуді біреу алдап жеп келеді.
Би-шешендер Толығырық
Ағайынның ішінде бір жақсысы бар болса - түртіп оны көре
алмас, басқа қиын іс түссе - ел қыдырып таба алмас.
Шернияз Жарылғасұлы Толығырық
Ағайынға ала көз
бола қалсаң -
Аузыңдағы несібеңді
біреу жемек.
Төле би Әлібекұлы Толығырық
Бақыты
зордың - бақталасы да мол.
Жанақ Сағындықұлы Толығырық
Күншіл адам - мұңшыл.
Жүсіп Баласағұни Толығырық
Қызғаныш қайда
болса - ұрыс-керіс те сонда.
Жүсіп Баласағұни Толығырық
Опасызға бір түйір нан тістетпе,
Күншілге де сеніп ісің істетпе.
Жүсіп Баласағұни Толығырық
Қызғанның қызыл итке жем болар. Толығырық
Топ көрмеген - қорғаншақ, топта озбаған - қызғаншақ. Толығырық
Ұстаздар туралы қанатты сөздер
Ақырын жүріп,анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас ,
Үйретуден балаға.
Абай Құнанбайұлы Толығырық
Нашар ұстаз шындықты қайталайды,жақсы ұстаз сол шындықты іздеп,табуға үйретеді.
Адольф Дистервег Толығырық
…Түсінгендіктің шын белгісі-«иә» деген жауап емес,шәкірттің жүзіндегі қуаныш болып табылады.
Абу-ль-Фарадж ал-Исфахани. Толығырық
Ұстаз ізденгіш болуы,ойлай білуі,қандай істі болсын,бар ынтасымен атқара білуі керек
В. Маяковский. Толығырық
Ұстаз болу,яғни жақсы оқытушы болу үшін,оқытатыныңды да сүюің керек.
В.О.Ключевский. Толығырық
Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық,өйткені мұғалім-мектептің жүрегі
Ы.Алтынсарин Толығырық
Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады
Абай Құнанбайұлы Толығырық
Мұғалім-зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі іспетті.
К.Д.Ушинский Толығырық
Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін:әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым.
Александр Македонский Толығырық
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы
Халық даналығы. Толығырық
Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт
Халық даналығы. Толығырық
Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі
К.Д.Ушинский Толығырық
Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,
Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.
Ж.Баласағұн. Толығырық
Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз.
Сенека. Толығырық
Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.
Әл-Фараби Толығырық
Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.
Ыбырай Алтынсарин Толығырық
Адамның адамшылдығы… жақсы ұстаздан болады.
Абай Құнанбаев Толығырық
Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім.
Ғабит Мүсірепов Толығырық
Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді.
Мәлік Ғабдуллин Толығырық
Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін.
Серке Қожамқұлов Толығырық
Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз.
К.Д.Ушинский Толығырық
Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз.
Ыбырай Жақаев Толығырық
Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол – нағыз ұстаз.
Л.Н.Толстой Толығырық
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Ахмет Байтұрсынов Толығырық
Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.
Мағжан Жұмабаев Толығырық
Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.
Ж.Ж.Руссо Толығырық
Ұстаз – ұлы есім
М.Әуезов Толығырық
Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.
К.Д.Ушинский Толығырық
Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады
В.А.Сухомлинский Толығырық
Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.
Ы.Алтынсарин Толығырық
Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді.
Ұлы мұғалім шабыттандырады.
Уильям Уорд,ағылшын ағартушысы.
Даңқ пен абырой кенелуімде мен бір адамға қарыздармын ол- ұстазым Аристотель.
Александр Македонский Толығырық
Ұстаз- ұлық емес,ұлы қызмет
Бауыржан Момышұлы Толығырық
Мектеп- кеме,білім теңіз
Қасым Аманжолов Толығырық
Мектепті сыйлағандықтан,мамандығын жан- тәнімен сүйгендіктен мұғалім ең алдымен өзінің интелектісін көтеруі керек, дүниеге деген көзқарастарын биіктетуі керек.
Әбділда Тәжібаев. Толығырық
Мұғалім деген ат-қасиетті ат.Мұғалім деген аттан таза еңбекті сүйетін мамандық иесі деген сөзді ұғынады. Елдің надандығымен алысатын адам мұғалім.
Сәбит Мұқанов. Толығырық
Халық – нағыз ұстаз.
Халық даналығы. Толығырық
Ілім үйреніп,одан соң оны басқаларға үйретпеу-мол дүние жиып,оны керегіне жаратпай,көміп қойғанмен бірдей.
Мұхамбет пайғамбар. Толығырық
Білімді бір сауыттан екінші сауытқа құйғандай біреудің ділінен екінші біреудің діліне қотара салуға болмайды.
Платон Толығырық
Ештеңені білмейтін,ештеңені білуге талпынбайтын адамның жағдайы қиын.Өйткені оның бойында екі кесел бар:бірі-топастық,екіншісі-жалқаулық.
Платон. Толығырық
Ұстаз талантты болса,
Шәкірті талапты болады.
Халық даналығы Толығырық
Мен барлық ұстаздарға былай ғибрат етемін:балалардағы білімге деген талап,ынта,құштарлық отын сөндіріп алмаңдар.Еңбек қуанышы еңбеккер адамның мақтаныш сезімін осы оттың тұтанар бірден-бір көзі.
В.А.Сухомлинский. Толығырық
Мұғалім-зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі сияқты.
К.Д.Ушинский Толығырық
Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ.
Л.Н.Толстой Толығырық
Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата білмесең,құр қаталдықтан түк те шықпайды.
А.П.Чехов Толығырық
Қайратсыз ашу-тұл,
Тұрлаусыз ғашық-тұл.
Шәкіртсіз ғалым-тұл
Абай Толығырық
Мұғалімге сөз өз ойын сапырылыстырып айту үшін берілмейді,басқаның ойына қозғау салу үшін беріледі.
В.О.Ключевский Толығырық
Өзінің ақыл-ойын артықша бағалайтын адамды үйреткісі келетін кісі уақытты босқа шығындайды.
Демокрит Толығырық
Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп,не істейтіні маңыздыөақ.бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп,не істейтіні онан да маңыздырақ. Мұғалімдер,міне,осынысымен бағаланады.
Цицерон Толығырық
Шәкірт болып көрмеген,ұстаз болып жарытпас.
Боэций Толығырық
Өзінің ұстазынан асып түсуге талпынбаған шәкірт-бейшара.
Леонардо да Винчи Толығырық
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz