Абай Құнанбаев пен Ахмет Байтұрсынов шығармаларындағы идеялық үндестік (сыныптан тыс оқыған шығармалар бойынша)


Slide 1

Н. Мейірманов атындағы негізгі мектеп

Тақырыбы: Абай мен Ахмет

шығармаларының

идеялық үндестігі

( сыныптан тыс оқыған шығармалар бойынша )

Өткізген Байтемірова Зейнеп Ғапбасқызы,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Slide 2

Сабақтың түрі:

Сұрақ - жауап, талдау түріндегі

түзету сабағы

Slide 3

Сабақтың мақсаттары

1. Екі ақынның өлеңдеріндегі идеялық-мазмұндық үндестікті таба білуге үйрету

2. Абай мен Ахметтің сыншылдық және ағартушылық идеяларының асыл арқауы - өмір шындығында жатқандығын білдіру

3. Ұлы тұлғалардың қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтарын және ағартушылық еңбектерін оқи отырып, отансүйгіштік, елжандылық қасиеттерінен үлгі алу, әдебиетті сүюге машықтану.

Slide 4

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Саралап-деңгейлеп оқыту тәсілі,

“Брейн-ринг” ойыны,

сатылай кешенді талдау

Slide 5

Сабақтың көрнекіліктері:

Абай, Ахмет суреттері, өлеңдері, аудармалары, баспасөз материалдары

Slide 6

Техникалық құрал:

Компьютер

Slide 7

Пәнаралық байланыс:

Салт-дәстүрмен, тарихпен,

географиямен байланыстыру

Slide 8

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындау

2. Мұғалім сөзі:

Оқушылар, бүгін әдебиет пәнінен сыныптан тыс оқыған шығармалар бойынша өтетін сабағымыз халқымыздың біртуар перзенттері, елім деп еңбек етіп, бар өмірі мен білігін сарп еткен дара тұлғалар - Абай мен Ахмет атымыздың еңбектерін тереңдете, мұқият оқуға арналып отыр.

Slide 9

1-ші деңгей:

Танып оқы

1-тапсырма

1. “Дана ақынның өз халқынан және жалпы адам баласының өнер-ой байлығынан алған үш үлкен салалы түп - төркіні барын байқаймыз. Мұның біріншісі- қазақ халқының есте жоқ ескі заманнан жиып, өсіріп келген өз даналығы- халықтың ауызша әдебиет қоры. Екінші бір қол артқан қазынасы - араб, парсы, түрік тіліндегі шығыстың көркем классикалық поэзиясы. Үшінші үлкен өнер, мол азық алған зор саласы-орыс халқының мәдениеті және сол арқылы танып білген Еуропа мәдениеті”

Сұрақ: Кімнің сөзі, кім туралы?

Slide 10

2. Қамқор анам, анашым! Балаң мал ұрлап, кісі өлтірген жоқ. Айыбым жасымнан халқымның қамын жеп, жарық күндерге ұмтылдым. Адам боп туған соң, адам ісін істеуге талпындым. Сол үшін тар қапас абақтының бөлмесіндемін . . .

Сұрақ: Кімнің сөзі, қай өлеңінің мазмұнынан алынған?

Slide 11

2-тапсырма

1. А. Құнанбаевтың өмір деректерін жүйелеп баянда.

2. А. Байтұрсынов туралы не білесің?

3. Осы екі тұлғаның ақындық өнерлерінен басқа қандай

қасиеттері бізге үлгі деп ойлайсың?

(Бірнеше оқушы жауаптары)

Slide 12

2-ші деңгей:

“Брейн-ринг” ойыны

Оқушылар үш-үштен бөлініп, үш топқа орналасады. Оныншы оқушы - жүргізуші, әр топтың үстеліне үшке бөлінген дөңгелек сектор, әр секторға екі сұрақ беріледі.

(Ойынның мақсаты: ақын әрі ағартушы тұлғалардың шығармаларынан ой үндестігін табу)

Сұрақ: 1-ші секторға

1. Абайдың мына өлеңдерін тақырып бойынша топтастыр

“Жаз”, “Ғылым таппай мақтанба”, “Кең жайлау”, “Менің сырым”, “Интернатта

оқып жүр”, “Өлең-сөздің патшасы”, “Қараша, желтоқсан мен . . . ”

А) Оқу, білім Ә) Адамгершілік, мінез-құлық

Б) Табиғат В) Достық, махаббат

2. Ахмет қазақ халқын ұйқыдан қалай оятып еді?

А) Сағатпен Ә) Есік қағып

Б) Маса боп ызындап В) Өмірімен

Slide 13

Сұрақ: 2-ші секторға

1. Лирикалық қаһарман. Анықтамасын сәйкестендір

А) Оқырман жүрегіне жол тауып, дәл өзіндей сырласатын өлең кейіпкері

Ә) Өлеңді мәнерлеп оқушы

Б) Өлеңді сынаушы

В) Баспасөзге жариялаушы

2. Абай жастарды неге шақырды?

А) Билікке Ә) Серуенге

Б) Білімге В) Ақылға

Slide 14

Сұрақ: 3-ші секторға

1. Абай “Білімдіден шыққан сөзде” кімге кездестіруді армандады?

А) Ата-анасына Ә) Жалқауға

Б) Болысқа В) Талаптыға

2. Теңеу жасайтын жұрнақтарды тап

А) -ым. -ім Ә) -паз, -пез

Б) -шыл, -шіл В) -дай, -дей

Slide 15

3-ші деңгей:

Тіл шеберлігі

(ақындар өлеңдеріне әдеби талдау)

Сұрақ 1-ші секторға:

1. Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жүмыр келсін айналасы (Абай ) (Бірінші өлең шумағына тілдік талдау жаса)

2. Қаз едік, қатар ұшып қаңқылдаған,

Сахара көлге қонып салқындаған.

Бір өртке қаудан шыққан душар болып,

Не қалды тәнімізде шарпылмаған. (Ахмет)

3. Адасқанның алды - жөн, арты - соқпақ,

Оларға жөн, арамның сөзін ұқпақ.

Қас маңғаз малға бөккен кісімсініп,

Әсте жоқ кеселді істен биттей қорықпақ (Ахмет)

(Соңғы екі шумақтағы айтылған ой, идеяның мақсатын анықта. )

Slide 16

Сұрақ 2-ші секторға:


Ұқсас жұмыстар
Қожа Ахмет Яссауи мен Абай Құнанбаев: ілімдері, шығармашылығы және қазақ руханиятындағы орны
Абай Құнанбаев: өмірі, әдебиеті және публицистикасы
Бастауыш сыныпта математика пәні бойынша сыныптан тыс математикалық ойын-есептердің маңызы
Абайдың жұмбағы роман-хамсасы мен Абай жолы роман-эпопеясындағы үндестік пен айырмашылықтар
Абай Құнанбаев: өмірі мен шығармашылығы
Абай Құнанбаев: өмірі, білімі және шығармашылық мұрасы
Абай Құнанбаев: өмірбаяны, шығармашылығы және философиялық мұрасы
Ахмет Байтұрсынов - қазақ тілтануының іргетасы және ағартушы-ғалым
Абай Құнанбаев: өмірі, шығармашылығы және мәдени-әлеуметтік ықпалы
Абай Құнанбаев: өмірі, шығармашылығы және ұлттық мәдениеттегі орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz