Механика тарауын қорытындылау: деңгейлік тапсырмалар мен қолданбалы есептер


Slide 1

Сабақтың тақырыбы: “Механика” тарауын қорытындылау

Мақсаттары:

а) Тарау бойынша алған білімдерін нақтылау, жинақтау

Ә) Оқушыларды ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу

В) Өз жетістігін бағалай білуге үйрету

Slide 2

Сабақтың түрі:

Жарыс-сабақ

Деңгейлік тапсырмалар беру

Slide 3

“Табалдырық”

1. Механика неше бөлімнен тұрады?

2. Қозғалыстың түрлерін ата.

3. Кинематиканың негізгі ұғымдары

4. Ньютонның неше заңы бар?

5. Күштің түрлерін ата.

6. Сақталу заңдары туралы

Slide 4

“Әудемжер” тапсырмалары

“Исатай батыр Тайсойғаннан ерте шығып, түсте хан ордасына жетпекші болды. Оның астындағы Ақтабаны бұлттан төмен, қарағайдан жоғары шапты. ” Тайсойған мен хан ордасының арақашықтығын шамамен 300 км, ал Исатай батыр жолда 10 сағ болды деп есептеңдер. Ақтабанның қандай жылдамдықпен шапқанын анықтаңдар.

Белгілі спортшы жерлесіміз Ә. Тұяқов 100 м қашықтықты 9 с-та жүгіріп өтеді. Оның жылдамдығын км/сағ түрінде көрсетіңдер.

Slide 5

“Қозыкөштің” тапсырмалары

Кейбір балықтар жыртқыш балықтардан қашқан кезде 10 м биіктікке секіреді де, инерциямен 30 м-ге дейінгі қашықтыққа ұшады. Егер секіру ұзақтығы 2 с деп болжасақ, онда оның горизонталь бағыттағы қозғалысының жылдамдығы қандай?

“ Қансонарда бүркітші шығады аңға,

Тастан түлкі табылар аңдығанға.

Салаң етіп жолықса қайтқан ізі,

Сағадан сымпың қағып із шалғанда”

Алғашқы жауған қардағы ізді физика тұрғысынан түсіндір. Траекторияның ұзындығы қалай аталады?

Slide 6

“Беласардың” тапсырмалары

Егіс басында ұйықтап қалған арыстанды басқа жерге апару үшін арбаға тышқандарды жегу ұйғарылды.

Үйкеліс коэффициенті к-0, 1. Массасы 200 кг арыстанды алып жүру үшін қанша тышқан керек? Бір тышқанның тарту күшін 0, 2 Н деп алыңдар.

Slide 7

“Алтын көмбе”

Штангашы салмағы 1000 Н штанганы сілкіп көтереді. Штанганың көтеріле бастағандағы салмағы оның көтергенге дейінгі салмағынан артық па әлде кем бе?


Ұқсас жұмыстар
Қысқаша көбейту формулалары: қайталау-қорытындылау сабағы және деңгейлік есептер
Физика (механика): деңгейлік тапсырмалар, тесттер және шығармашылық жаттығулар
Туынды тарауын қорытындылау: теория, формулалар және практикалық тапсырмалар
8-сынып химиясы: Бейорганикалық қосылыстар тарауын қорытындылау
5-сыныпқа арналған Лексика тарауын қайталау: ақпараттық-компьютерлік технология негізіндегі деңгейлік тапсырмалар мен дидактикалық жаттығулар
Қысым тарауын қайталау: сабақ жоспары, есептер және практикалық тапсырмалар
7-сынып физика: Қозғалыс тарауы бойынша есептер, графиктер және деңгейлік тапсырмалар
Квадрат түбірлер тарауын қайталау: сабақ жоспары мен тапсырмалар
Электр тоғы тарауын қорытындылау: панорамалық сайыс сабағы
Электростатика тарауын қорытындылау: сабақ жоспары, тесттер, ойындар және тұрақты токқа кіріспе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz