Орал қаласы




Презентация қосу
Орал – қала (1775 жылдан), Батыс Қазақстан
облысының орталығы (1932 жылдан), ірі темір жол
станциясы, Жайық бойындағы өзен порты, әуе
жолдарының торабы. Қала Батыс Қазақстан
Жайық өзенінің жағасында орналасқан.
Ол Қазақстанның солтүстік-батыс аймағында
орналасқан. Ресей Федерациясының Астрахань,
Волгоград, Саратов, Самара, Орынбор
облыстарымен және Қазақстанның Атырау, Ақтөбе
облыстарымен шектеседі. Әкімі - Оразов
Самиғолла Хамзайұлы.
Тұрғыны: 250 000 адам
Жер аумағы: 700 км2
Кәсіпорындар:
“Зенит” зауыты, “Омега”, “Металлист”, Орал
механикалық зауыты, Орал арматура зауыты, Орал
полипласт зауыты өндірістік кәсіпорны, “Аяз” ЖШС және
республикалық мемлекеттік “Орал мемлекеттік ауыл
шаруашылық стансасы” кәсіпорны. Бұлардан басқа
облыстық дәрежедегі нан комбинаты, жылу, жарық, газ
кәсіпорындары жұмыс істейді.
Ғимараттар: Қалада 2 мәдениет үйі, 18 кітапхана,
Киров саябағы, 3 мұражай, 2 театр, филармония, көрме
залы, 46 мектеп, 3 жоғары оқу орны мен 3 бөлімше бар
(2000). Сондай-ақ, 35 қазыналық емдеу мекемесі жұмыс
істейді. Оралда Батыс Қазақстан темір жол жүк
тасымалының Орал бөлімшесі орналасқан. Қала Жайық
бойындағы ірі өзен айлағы саналады. 18 ғасырда
салынған сәулет ескерткіштері сақталған.
Бүгінгі күні Орал қаласы – Қазақстандағы ірі
мәдени-эконономикалық орталықтардың бірі.
Орал қаласының орнында бұдан бірнеше мың жыл бұрын скиф, ғұн,
авар, печенег  және қыпшақ тайпаларының мекен-тұрақтары
болған. Бұл тайпалардың көсемдері мен жауынгерлері жерленген
шағын қорымдар мен қорғандар қазір де кездеседі.
1613 ж. қазіргі Орал қаласының орнына көшірілді. 18 ғасырдың бас
кезінде Жайық қалашығында 3 мыңға жуық үй болды. Олар
негізінен Старица (Жайықтың бұрынғы арнасы)
және Шаған өзендерінің бойына орналасты. Қаланың негізгі
тұрғындары – казак-орыстар болған.
Қала бірнеше рет (1739, 1751, 1821, 1879) өртке ұшырады. Сырым
Датұлы бастаған (1783 – 1797) халық көтерілісі, Исатай
Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақ халқының ұлт-
азаттық қозғалыстары Орал қаласы мен Жайық өңіріне ерекше із
қалдырды. 1846 ж. қалаға айрықша құқықтар беріліп, үлкен қалалар
санатына қосылды. 1869 ж. Орал облысы құрылып, қала облыс
орталығына айналды.
Қаланың бұрынғы аты: Яик.
Орал қаласы Жайық өзені ағыстарының орта оң
жақ бойында орналасқан. Өзен бойы өте әдемі, көк
орай шалғынды, ағаш, бұталы. Қала маңында ағып
жайыққа келіп құйылатын Деркөл, шаған
өзендерінің де табиғи ерекшелігітері мол.
Зачаганск және Круглоозерное кенттері арасында
Свистун тау деген үстірттеу жер бірден көзге
шалынады. 

Орал жас көшеті мол қала, мұнда екі тоғай және
үлкен бақ бар. Қала маңының флорасы өте бай.
Көптеген өсімдіктің арасында дәрі-дәрмекке және
емге қолданатыны бар. Бұл жерде түрлі саңырау
құлақта өседі. Жануарлар әлеміне келетін болсақ
ол да сан түрлі. Мұнда қоян, түлкі, қасқыр және
күзен сияқты жабайы жануарлар мен қатар құстар
да мол. Өзендері мен көлдері неше түрлі балықтың
қоймасы іспетті. Мұнда шортан, ақбалық, жайын,
майшабақ, ақмарқа және өзге балық түрлері көп. 

Жергілікті ауа райы қыста қатты аязбен, жазда
шыжыған ыстығымен ерекшеленеді. Күз айлары
мен көктем айлары қыста біршама жылы болады.
Облыстық Христос-азаткердің
әкімшілігі храмы

Тарихи-өлкетану
мұражай Пугачев үйі
Қаланың отағасы
дәріханасы
А.Н.Островский
атындағы драма
театры

Михайло-періштелік
соборы

Орал қаласының
мешіті
Карев үйі
Ванюшин көпесінің үйі

А.С.Пушкинге
Бұл қалада әр кездері орыстың белгілі
ақын-жазушылары
А.С. Пушкин,
В.А. Жуковский,
В.И. Даль,
В.Г. Короленко,
М.А. Шолохов, т.б. болды.
Сондай-ақ, көрнекті қазақ қаламгерлері
С.Сейфуллин,
Х.Есенжанов,
Т.Жароков,
І.Аманжолов, т.б.
өмірінің біраз кезеңдерін Орал қаласында
өткізген.
Wikepedia.org

Uralsk.info

Volnakz.com

Batys.stat.kz

Ұқсас жұмыстар
Орал қаласының мешіті
Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы
Жайық өзенінің бөлігі
Карев үйі - 1901 жылы көпес Каревтің Орал қаласында салдырған үйі
Орал Зенит зауыты - қорғаныс және шаруашылық мақсатындағы өнімдер шығаратын кәсіпорын
1921 жылы маусымда Орал губерниялық партия комитеті
Әлия Модағұлова
Атырау қаласы
Мұғалжар тауы
Взвод командирі
Пәндер