Лавсан және капрон талшықтарының синтетикалық өндірісі, химиялық құрылысы және қолданылуы


Slide 1

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Инженерлік - технологиялық факультеті

«Химия» кафедрасы

БӨЖ

Тақырыбы. Лавсаннан және капроннан талшықтың синтетикалық өндірісі.

Орындаған : Жұмаханова

Тобы: ХО-303

Тексерген: Лебаева Ж. Т.

Семей қ., 2015 ж

Slide 2

Мазмұны

Талшықтардын химиялық құрам . . . 3

Капрон талшығының химиялық қасиеті, қолданылуы . . . 5

Лавсан талшығының химиялық қасиеті, қолданылуы . . . 8

Slide 3

Шығу тегіне байланысты талшық табиғи, химиялық болып екіге бөлінеді.

Табиғи талшық: органикалық және бейорганикалық болып бөлінеді. Органикалық талшыкқа өсімдіктен (мақта, сыгыр, кендір кенеп және т. б. ) алынатын талшықтар жатады. Бейорганикалық табиғи талшыққа асбест жатады. Табиғи талшықтың өзіндік құны жоғары және механикалық, химиялық қасиеттері төмен.

Slide 4

Химиялық талшықтар. жасанды және синтетикалық болып бөлінеді. Табиғи полимерлерді қайта өңдеп алынған талшықтарды жасанды талшықтар деп, ал синтетикалық полимерлерден алынғандарын синтетикалық талшықтар деп атайды.

Slide 5

Капрон талшығының синтетикалық өндірісі.

Капрон талшықтары жоғары молекулалық зат капрон смоласынан щығарылады. Смола макромолекулаларының сызықтық стуктурасы бар екенін формула көрсетіп тұр. Олар шамамен 200 аминокапрон звеноларынан тұрады. Капрон смоласы алынатын бастапқы өнім капролактам деп аталады. Оны әр түрлі оңай қосылыстардан: фенолдан, аниленнен, циклогексаннан алуға болады.

Slide 6

Капрон талшығының қасиеттері

Таза капролактам кристалдық ақ зат, қалыпты қысымда қайнау температурасы 258C, балқу температурасы 69-71C. Барлық дерлік еріткіштерде ериді. Капрон амид байланысы деп аталатын байланыстары бар полиамид талшықтары тобына жатқызылады.

Капрон және басқа полиамид талшықтары берік, мықты, иілгіш эластикалық қасиеттері жоғары және сілтілерге, көмірсутектеріне спирттерге, кетондарға, микроорганизмдерге төзімді және көгермейді (зең, өңез пайда болмайы) .

Slide 7

Қолданылуы.

Капрон талшығы өте бағалы механикалық қасиеттерімен белгілі және кеңінен қолданылады. Бірқатар техникалық мақсаттардан басқа, ол әр түрлі тігін және трикотаж бұйымдарын: шұлық және басқалар, сонымен қатар, балық аулауға қажетті заттар, жасанды талшық және т. б. даярлау үшін қажет.

Капроннан жоғары сапалы арқан, парашюттер, қозғалтқыш белдік және т. б. техникалық бұйымдар дайындауда қолданылады.

Slide 8

Лавсан талшығының синтетикалық өндірісі.

Лавсан өндіруге арналған полимерді этиленгликольдің екі атомды спирті мен аромат қатарындағы екінегізді қышқыл терефтал қышқылдарын поликонденсациялау жолымен синтездейді. Өзара әрекеттеуші заттар эфирлеу реакциясы түрінде әсерлесіп, макромолекула полиэфир түзуге алып келеді. Мұндай сызықтық макромолекуланың құрылымдық буынына, сірә спирттің де, қышқылдың да қалдықтары енетін болса керек: Ным түріндегі полимер алынады. Ондағы макромолекулалар ретсіз орналасады, талшықта олар оның осін бойлай бағытталуға тиіс, сонда қажетті беріктікке ие болады.

Slide 9 Slide 10

Лавсан талшығы өте берік, тозбайтын, жарық пен жылуға төзімді болып келеді. Ол жақсы диэлектрик, орташа концентрациялы болып қышқылдар мен сілтілердің әсеріне төзімді (концентрациялы қышқылдар оны бүлдіреді) . Лавсанды жіп және штапель түрінде басқа талшықтарға қосып пайдаланады. Одан жасалған бұйымдар кеңінен таныс. Бұл киімнің әр түрлерін, трикотаж бұйымдары, тюль, қаптама материалдары және т. б. дайындауға арналған мата. Химиялық құрылысы бойынша лавсан гигроскоптік болмағандықтан, киімге арналған мата өндірген кезде көбінесе басқа талшықтарға қосып пайдаланылады: мұнда лавсан бұйымының беріктігі мен тозбауын, ал ббасқа гигиеналығын қамтамасыз етеді. Лавсаннан жасалған мата жұмарланбайтынымен сипатталады, ол қасиетті лавсанның тұтыну сапасын арттырады.

Қасиеттері.

Slide 11

Лавсанның өте беріктігі одан техникаға арналған бұйымдар арқан, тасымалдау таспасы, сүзгі маталар, өрт сөндіргіш жең, т. б. дайындауға мүмкіндік береді. Жылуға төзімділігі салыстырмалы түрде жоғары болғандыұтан, лавсаннан техникалық бұйымдарды арасы айтарлықтай алшақ температурада (-7тен +170Сқа дейін) пайдалануға мүмкіндік жасайды.

Қолданылуы.

Slide 12

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Ы. Қ. Тойбаев Қ. А. Жұбанов “Химиялық тахнология негіздері” Алматы 2008ж 245-246 б

2. Ж. Қ. Қайырбеков Е. А. Әубәкіров «Жалпы химиялық технология» Алматы 2009ж 228-231 б

3. Google


Ұқсас жұмыстар
Лавсан мен капрон талшықтарының синтетикалық өндірісі: химиясы мен технологиясы
Пластмассалар: жіктелуі, физика-химиялық қасиеттері, өндірісі және қолданылуы
Химиялық талшықтар: жасанды және синтетикалық талшықтардың қасиеттері мен өндіріс технологиясы
Табиғи және синтетикалық каучук: алынуы, химиялық құрылысы және физико-химиялық қасиеттері
Азот қышқылының өндірісі, физика-химиялық қасиеттері және қолданылуы
Спирттер: құрылымы, химиялық қасиеттері және этанол мен метанолдың өндірісі мен қолданылуы
Күкірт қышқылы: физикалық және химиялық қасиеттері, өндірісі, қолданылуы мен экономикалық маңызы
Политетрафторэтиленнің қасиеттері, өндірісі және қолданылуы
Темір: периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, таралуы, өндірісі, қасиеттері және қолданылуы
Нейрондар мен глиальды жасушалардың, миелинді және миелинсіз нерв талшықтарының құрылысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz