ЖҰЛЫН ЖӘНЕ АРТҚЫ МИ ФУНКЦИЯЛАРЫ


Slide 1 Slide 2

Жұлын және оның функциясы

Жүйке жүйесінің функционалды бөлімі

Нейрон туралы түсінік

Жұлын нейрондары және олардың қызметі

Ми және оның бөлімдері

Сопақша ми функциясы

Воролий көпірінің қызметі

Мишық туралы түсінік

Slide 3

Омыртқа бағанының каналында орналасқан жуан арқан тәрізді орталық жүйке жүйесінің бір бөлімі.

Slide 4 Slide 5

Жұлынның сезгіш нейрондарына афференттік жүйкелер тері, ет, сіңір, ішкі ағзалар қабылдағыштарынан (экстеро-проприо-итероқабылдағыштардан) серпініс- тер әкеледі. Қозғалтқыш нейрондардың жүйкелері қозуды шеткі ағзаларға, қаңқа еттеріне жеткізеді. Сезгіш және қозғалтқыш нейрондар, аралық нейрондар арқылы немесе бір-бірімен тікелей байланысып рефлекстік доға құрады. Сондықтан жұлын мидың қатысынсыз-ақ өзінің жұлын рефлекстерін атқара алады.

Slide 6

Жұлынның афференттік және аралық нейрондарының аксоны мен бұтақтары қабылдағыштағы қозуды миға жеткізетін жұлынның жоғары қарай өрлейтін жолын құрайды. Бұл жолдардың көбі жұлын ақ затының артқы және бүйір бағандарында өтеді. Қозуды ми нейрондарынан жұлынға жеткізетін эфференттік талшықтар жұлынның төмен түсетін жолын құрады. Бұлар жұлынның алдыңғы және бүйірдегі бағандарында өтеді.

Slide 7

Жұлын 31 сегментке бөлінген. Әрбір сегмент алдыңғы және артқы жұлын түбірлері арқылы дененің оған сәйкес және көршілес сегментімен байланысады. Сондықтан жұлынның бір түбірі бұзылса, не кесілсе оған сәйкес дене сегментінде сезім және қозғалыс функциялары толығынан жойылмайды. Оның қызметін көршілес сегменттің нейрондары орындайды. Белла-Мажанди заңы бойынша жұлынның артқы түбірлері афференттік жүйкелерден, алдыңғы түбірлері эфференттік талшықтардан тұрады.

Slide 8 Slide 9

Орталық ж. ж. Бас миы

-Үлкен ми

-Мишық

-Ми бағаны

Артқы ми

Шеткі ж. ж. Бас нервтері

Артқы бас нервтері

Симпатикалық жж.

Вегетативті ж. ж. Парасимпатикалық

Slide 10 Slide 11 Slide 12 Slide 13

Адамның жұлынында 13, 5млн-дай нейрондар болады. Олардың 97%-і сезгіш және аралық, 3%-ы қозғалтқыш нейрондар. Қозғалтқыш нейрондардың α, γ екі түрі сұр заттың ашасында орналасады.

Slide 14

Ең үлкен жасуша. Бұл нейронның аксоны адамның бет еттерінен басқа барлық қаңқа еттерімен байланысқан. Тұтас бір бұлшықеттің барлық миоциттермен байланысатын нейрондар тобын нейрондық пул д. а. Бұлар тұтас қозбауы мүмкін. Мотонейрон қозғанда ет ішіндегі қабылдағыш-ет ұршығы жиырылады. Одан γ-мотонейронға барған серпіністер экстрофулальдық етті жиырылатын немесе босататын әсерлерге сезімталдығын күшейтеді, сөйтіп, α-мотонейронның әсерін үдетеді.

Slide 15

Басқа нейрондармен қоздыратын не тежейтін түйіспелер құрады. Демек, олар қозу мен тежелу үрдістерінің тууын реттейді және белгілі бір сегменттің ішіндегі көршілес сегменттер арасындағы байланыстарды іске асырады. Бұл нейрондар сұр заттың денесінде, артқы ашаның шылбыр бөлімінде орналасқан. Аралық нейрондар қатарына мотонейронның айналасындағы Реншоу жасушалары жатады.

Slide 16

Жұлын ганглийлерінде топталған. Бұл жасушаның бір талшығы болады. Ол ганглийден шыға берісте екіге бөлінеді. Оның бірі қабылдағыштарда туған қозуды сезгіш нейронның денесіне жеткізеді, ал екінші талшығы сезгіш нейронның серпіністерін жұлын мен ми қыртысы нейрондарына апарады.

Slide 17

Аралық Мишық

Артқы Ортаңғы Алдыңғы

Slide 18

Ми әрқайсысы жарты шарға ұқсас қос ми сыңарынан, мишық пен ми бағанынан тұрады. Артқы ми құрамына сопақша ми мен варолий көпірі, ортаңғы ми құрамына қызыл ядро, қара зат, төрт төмпешікті дене, торлы құрылым, аралық миға-көру төмпешігі астыңдағы құрылым, алдыңғы ми құрамына ми сыңарлары қыртысы мен қыртысасты түпкі ядролар кіреді.

Сопақша ми мен көпір, ортаңғы ми мен аралық ми ми бағанын құрады.

Slide 19

Бұнда бас сүйектен шығатын 12 жұп ми жүйкелерінің соңғы бесеуінің (VIII, IX, X, XI, XII) ядролары мен бірқатар аса маңызды рөл атқаратын торлы құрылымның бір бөлігі орналасқан.

Slide 20

Ақ зат жүйке талшықтарынан тұрады. Бұл талшықтар қозуды жоғары және төмен қарай өткізетін жұлын жолдарының жалғасы және жұлынды мидың басқа бөлімдерімен сопақша мимен байланыстырып тұрады. Сопапқша ми арқылы өтетін кейбір жұлын жолдары осы мида бір-бірімен қиылысып оң жақтан келген талшықтар сол жаққа, сол жақтан келген талшықтар оң жаққа шығады.

Slide 21

1. Жұлын қызметін күшейтіп не әлсірететін төмен қарай бағытталған әсер;

2. Ортаңғы мидың торлы құрылымымен бірге мидың басқа бөлімдерінің қызметін күшейтетін жоғары жаққа қарай бағытталған әсер;

Slide 22

Сопақша мидың рефлекстері туа біткен рефлекстер болғанмен бұлардың орталықтарына ми қыртысы әсер ете алады. Мәселен, емізер алдында баланың жайалығын құрғатып құндақтап отырса, балада осы қимыл әрекетіне сай шартты рефлекс қалыптасады да құндақтай бастасымен онда ему рефлексі басталады. Артистер сахнада жүріп, қажет болса көз жасын төгіп жылай алады.

Slide 23
Ұқсас жұмыстар
Жұлын, сопақша ми, вароли көпірі
Жұлын
Жұлын жане ми функциялары
ЖҰЛЫННЫҢ АРТҚЫ ОРТАЛЫҚ
ЖҰЛЫН ЖҮЙКЕЛЕРІ
Жұлын және мифункциялары
Орталық жүйке жүйесі туралы
Орталық жүйке жүйесі
Орталық нерв жүйесі
Торлы құрылымның физиологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz