Қасым Қайсеновтің 1944 жылғы жауынгерлік мінездемесі: Закарпатье партизаны командирінің ерлігі мен марапаттары


Slide 1 Slide 2 Slide 3 Slide 4

“Закарпатье партизан құрамасының отряд командирі Қасым Қайсеновқа жауынгерлік мінездеме”. 21 ноябрь 1944 ж.

Десанттық партизан отрядының командирі Қайсенов Қасымға.

Закарпатье партизан құрамасында болған кезінде жолдас Қайсенов өзін табанды жауынгер командир ретінде көрсетті. Қайсеновтың басшылығымен көптеген үлкен әскери операциялар жүзеге асты. Жеке басшылық жасауымен болған бір операцияда оның отряды венгр гарнизонын талқандап, 22 солдатты қарусыздандырып, тұтқынға алды. Ерекше тапсырманы орындап, темір жолды минамен қопарған Қайсеновтың отряды екі эшелонды рельстен шығарып, жаудың солдаттарымен техникасын құртып жіберді. Бақылау пункті мен зенит қондырғысын жою операциясы кезінде Қайсенов күтпеген жерден пулеметтен оқ жаудырып, 25 дұшпан солдатының тұтқынға алынуын қамтамасыз етті. Бұл операция кезінде командир Қайсенов жарақаттанды. Ол жараланғанына қарамастан ұрысты жүргізе берді. Жолдас Қайсенов батыл командир, талантты ұйымдастырушы, ол 200-ден астам адамнан тұратын отрядты құра білді. Неміс басқыншыларына қарсы күрестегі жауынгерлік қызметі үшін бірінші дәрежелі “Отан Соғысы партизанына” медальымен, бірінші дәрежелі Отан соғысы орденімен, Қызыл Ту орденімен наградталды. Жолдас Қайсенов халықты азат ету жолындағы жалынды күрескер, саяси шыныққан, ар-ожданы кіршіксіз, Ленин партиясы мен Социалистік Отанның ісіне шексіз берілген жан”, - деп жазылған.

Slide 5

Жазушы Қасым Қайсенов

Slide 6

Өмірлік жары Асыл ханыммен бірге

Slide 7
Ұқсас жұмыстар
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өмірбаяны, саяси қызметі және марапаттары
Қасым Қайсенұлы (1918-2006): Ұлы Отан соғысының партизаны, жазушы және қоғамдық қайраткер
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (1925-1944): өмірбаяны мен Ұлы Отан соғысындағы ерлігі
Ә. Бөкейхановтың мінездемесі: Қасым ханның мемлекетті нығайтудағы рөлі мен Қасқа жолдың маңызы
Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың өмірбаяны мен жауынгерлік ерліктері
Мәншүк Мәметова: өмірбаяны мен ерлігі
Қасым Аманжолов: өмірбаяны мен шығармашылығы
Қасым Аманжолов: өмірі мен поэзиялық шығармашылығы
Ұлы Отан соғысы: қазақстандық батырлар мен ұшқыштардың ерлігі мен статистикасы
Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығын талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz