АТФ БАНК БАСШЫЛЫГЫ,


Slide 1

Тақырыбы: АТФ БАНК БАСШЫЛЫГЫ,

ОНЫҢ ТАРИХЫ, МАҚСАТЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ,

БҮГІНІ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ

Орындаған: Калимбек Толқын

Касембаева Райгул ПД-405

Тексерген: Габдуллина Лаззат Баглановна

Slide 2

Жоспар:

АТФ Банк туралы мағлұмат;

Банк басшылығы;

Банктің даму тарихы;

Банк серіктестіктері;

Банктің елшілес ұйымдары;

Қазіргі таңдағы АТФ Банк;

Банк қызметі бүгіні және болашағы.

Slide 3

Логотипі: «АТФ Банк» АҚ

Түрі: Акционерлік қоғам

Лицензия: № 239 28 желтоқсан 2007 ж.

ДСЖ-ға қатысуы: №004 куәләгі 9 желтоқсан 2004 ж.

Биржадағы листингі: ҚҚБ, LSE, LuxSE

Қызметі: Банк қызметтерінің барлық түрі

Құрылған жылы: 1995

Бұрынғы атаулары: Алматы қаржы сауда қоры

Орналасқан жері: Қазақстан, Алматы

Басты адамдары: Ромео Коллина (директор),

Эрик Хэмпел (директорлар кеңесінің төрағасы)

Жарғылық капиталы: 152, 9 млрд теңге (2011)

Меншікті капиталы: 67, 7 млрд теңге (2011)

Активтері: 1011, 1 млрд теңге (2011)

Таза табысы: 8, 6 млрд теңге (2011)

Басшы компания: UniCredit Bank Austria AG (99, 75%)

Еншілес компания: АҚ «АТФ Финанс» (100%),

ЖШС «АТФ Инкассация» (100%),

ATF Capital BV (Нидерланд) (100%),

ЖШС «ЮниКредит Банк» (Қырғызстан) (97, 1%)

Аудитор: KPMG

Сайты: atfbank. kz

Slide 4

Бұл Қазақстандағы төртінші ірі қаржы институты саналады. Көптеген қаржы мекемелері секілді банкі қызметінің сан салаларымен айналысады.

Соның ішінде республикадағы ірі кәсіпорындарды қаржыландырып, шағын және орта бизнес саласына несие беруші. АТФ банкі Еуропалық қайта құру және даму банкімен, сондай-ақ, Экономиканы қалпына келтіру жөніндегі Германияның несие институтымен, Азия Даму банкімен және Бүкіләлемдік банкпен бірлесе отырып елдегі шағын және орта бизнестің дамуына қаржылай көмек көрсетуге көңіл бөлуде.

Банк басқармасының төрағасы Ерекбұлан Оқаев салған жерден әңгімесін өздерінің Қазақстандағы төртінші банк екенін айтып өтті.

- Әрі біз елдегі жас қаржы институтымыз, 1995 жылдан бері қызмет істеудеміз. Осы аз ғана уақытта биік жетістіктерге қол жеткіздік, - дегенді айтты.

Slide 5

“АТФ Банк” даму тарихынан мағлұмат

Slide 6

1995 жылы құрылған «АТФ Банк» Акционерлік қоғамы Қазақстандағы банк жүйесіндегі алдыңғы қатардағыларының бірі болып отыр. 1995 жылдың маусымында ҚР Ұлттық Банкімен ЖАҚ «Алматинский торгово-финансовый банк» болып тіркелген «АТФ Банк» ҚР Ұлттық Банкінен теңге және шетел валюталарымен жүргізілетін операцияларға №59 генералды лицензия алды.

Slide 7

Қараша 1996

Алматы сауда - қаржы банкі Visa EuroCard/MasterCard, Diners Club, JCB, American Express төлем карталарымен жұмыс жасай бастады.

Мамыр 1997

ҚР Ұлттық банкі Алматы сауда - қаржы банкін халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтін банктердің бірінші тобына енгізді.

Қараша 1998

Қазақстанда алғаш рет өз логотипі басылған 10 және 20 г. салмақтағы алтын кесектерді өткізу басталды.

Желтоқсан 1998

Алматы сауда - қаржы банкі Германия мен Қазақстан арасындағы Үкіметаралық қаржылық ынтымақтастық шеңберінде Германия несие желісінің Қаржы операторы ретінде бекітілді.

Қазан 2000

Бірінші рет шығарылған 5 000 000 USD сомасындағы атаулы купондық облигациялардың табысты орналастырылуы.

Slide 8

Сәуір 2001

Қоғам түрінің өзгеруі: Банк «Алматы сауда - қаржы банкі» ашық акционерлік қоғамына айналды.

Қаңтар 2002

Алматы сауда - қаржы банкі «Қазақстан Халық Сақтау банкі» акционерлерінің біріне айналды.

Наурыз 2002

Банктің меншік капиталы 5, 9 млрд теңгеге дейін артты.

Маусым 2002

Банк атауы «Алматы сауда-қаржы банкі» ашық акционерлік қоғамынан «АТФ Банк» ашық акционерлік қоғамына өзгертілді.

Қыркүйек 2002

АТФ Банк Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының басшыларымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Наурыз 2003

«АТФ Банк» АҚ «АТФ Банк» ашық акционерлік қоғамының еншілес банкі «Апогей Банкін» өзіне қосып алды.

Slide 9

Қазан 2003

«АТФ Банк» АҚ мемлекеттік қайта тіркеуден өтті.

Желтоқсан 2003

«АТФ Банк» АҚ қайта тіркелуіне байланысты банкілік заңнамада қарастырылған теңге және шетел валютасында операциялар өткізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 08. 12. 2003 №239 Лицензиясы берілді.

Желтоқсан 2003

АТФ Банк 2003 ж. 11 желтоқсанынан бастап Visa Gold, Visa Business, Visa Classic, Visa Electron карталары тұтынушыларына арналған жаңа қызмет түрін енгізді. Жаңа қызмет көмегімен карта иелері шетелде болу кезінде банкомат арқылы карточкалық шоттағы ақша қалдығы туралы мәліметке қол жеткізеді.

Қаңтар 2004

АТФ Банк жаңа қызмет көрсету - «Серіктес» бағдарламасын енгізу туралы жария қылды. «Серіктес» бағдарламасы клиенттерге қызмет көрсету сапасын жоғарылатуға бағытталған.

Наурыз 2004

АТФ Банк банкілік заңнамада қарастырылған ұлттық және шетел валютасында операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2004 жылдың 01наурызындағы №239 жаңа Лицензиясына ие болды.

Slide 10

Маусым 2005

АТФ Банк банктің бас офисында және 18 филиалында модульдік бағдарламалық қамтамасыз етудің флагманы TEMENOS T24 қызметтерін пайдаланатындығы туралы «АТФ Банк» АҚ және TEMENOS Group өзара келісімгі қол қойды.

Қыркүйек 2005

Қырғыз Республикасының Заңнамасына сәйкес АТФ Банктің «Энергобанк» ААҚ (Қырғыз Республикасы) акцияларының, жалпы алғанда, 72, 92%-ына ие болуы туралы келісімдерге қол қойылды.

Мамыр 2006

«АТФ Банк» АҚ 2016 жылға дейін қайтару мерзімімен 350 миллион АҚШ доллары сомасына еврооблигациялар шығару бойынша келісімді табысты аяқтады.

Маусым 2007

2007 жылы 21 маусымда Bank Austria-Creditanstalt AG (Орталық және Шығыс Еуропадағы сауда банкілік операцияларға арналған ЮниКредит Групп бөлімшесі) мен «АТФБанк» АҚ жеке акционерлері АТФ Банк акцияларының мажоритарлық пакетіне ие болу туралы келісімге қол қойды.

Қараша 2007

Австрияның Кредитанштальт банкі, Орталық және Шығыс Еуропадағы сауда банкілік операцияларға арналған ЮниКредит Групп бөлімшесі ( UniCredit Group ) «АТФ Банк» АҚ шығарған акционерлік капиталдың жалпы санының 91, 8%-ын иемдену үдерісін аяқтады». Келісімнің жобаланған бағасы 2, 117 млн. АҚШ долларын құрады.

Slide 11

Банк серіктестіктері

Slide 12

«Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ

«Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ (2000 жылы желтоқсанда құрылған) ипотекалық несиелердің туынды нарық операторы және тұрғындарға ұзақ мерзімді ипотекалық несиелер беретін кредиторларды қайта қаржыландыруды жүзеге асырады. Компания ақша нарығына ұзақ мерзімді қаржы тартуды жүзеге асырады және бұл ақшаны банктерден тұрғындарға тұрғын үй сатып алуға, жөндеу немесе құрылыс салуға берілген ипотекалық несиелер бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға бағыттайды.

2001 жылы 3 шілдеде «АТФ Банк» АҚ және «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ арасында жеке тұлғаларды тұрғын үй сатып алуға, жөндеу немесе құрылыс салуға несиелеу саласындағы өзара ынтымақтастық туралы Негізгі келісімге қол қойылды. Келісімге сәйкес АТФ Банк тұрғындарға ұлттық валюта 20 жылға дейінгі мерзімде ипотекалық тұрғын үй несиелерін береді және кейіннен Қазақстандық ипотекалық компанияға шегінім жасайды.

Slide 13

«Allianz» Компаниясы

Allianz - әлем бойынша жетекші сақтандыру компанияларының және қаржылық қызметпен жабдықтаушылардың бірі. Компания 1890 жылы Мюнхенде (Германия) құрылған болатын. Allianz бренді біртұтастық, қаржылық қуат және клиенттерге жоғары сапалы қызмет көрсету белгісі.

Allianz барлық ірі және көптеген дамушы нарықтарда жұмыс жасауда. «Кез-келген бизнес жергілікті» қағидатына сүйене отырып, Allianz қызметті кеңейту және дамыту жауапкершілігін жергілікті компанияларға жүктейді. Бұл тек қана табысты бизнес-стратегия емес, сонымен қатар клиенттермен жұмыс тұрғысынан барынша нәтижелі әдіс.

Еншілес компаниялардың әлімдік желісін табысты кеңейту Allianz-қа әлем бойынша 117 300 қызметкері бар көп ұлтты кәсіпорынға айналуға мүмкіндік берді. Бүгінде сақтандыру сыйақыларының жартысына жуығы Allianz-қа әлемнің 77 елінде ашылған өкілдіктер және еншілес кәсіпорындар қызметі есебінен. Allianz әрқашан уәдесін орындай отырып, 100 жылдан аса табысты қызметін жүзеге асырып келеді. Компания клиенттері Allianz ең тартымды және пайдалы қаржы өнімдерін ұсынатынын біледі. Allianz - тек қана бәсекеге қабілетті емес, сонымен қатар топтың қаржылық қуатымен бекітілген, үнемі кеңейтіліп отыратын өнімдер. Компания бірқатар ең ірі халықаралық тәуелсіз агенттіктермен бағаланған - Standard & Poor’s, Moody’s, A. M. Best.

Slide 14

Банктің еншілес ұйымдары

Slide 15

АҚ « АТФ ФИНАНС »

«АТФ Финанс» АҚ - «АТФ Банк» АҚ 100% еншілес ұйымы 2006 жылы қарашада құрылды.

Компания мақсаты " Алматы қаласындағы аймақтық қаржы орталығы туралы " (ААҚО) ҚР заңына сәйкес құнды қағаздар нарығында қызмет жасау. Компанияның басты міндеті сапалы қаржылық қызмет көрсетуде клиенттер қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыру, олардың өндіріс-қаржылық қызметін дамыту және оптимизациялауда, өзара тиімді әрі ұзақмерзімді ынтымақтастықты нығайтуда көмек көрсету.

Компания құнды қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу агенттігімен берілген №0401201652, №0403200900 лицензияға ие.

Бұл лицензияға сәйкес, «АТФ Финанс» АҚ құнды қағаздар нарығында номиналды ұстаушы ретінде есепшот жүргізу құқығын қоса алғанда делдалдық және дилерлік қызметті жүзеге асыруға, сонымен қатар инвестициялық портфельді басқаруға құқылы.

Slide 16

«АТФ инкассациялау» ЖШС

Қолдағы ақшаны тасымалдауға қатысты өз тәуекелдерін төмендетуге арналған банкілік операцияларды жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың қызметтерін өркениетті түрде пайдаланғысы келетін потенциалды клиенттердің өсімін есепке ала отырып, «АТФ Банк» АҚ 2007 жылы екінші деңгейлі банктерге, әртүрлі меншік түрлері ұйымдарына, сонымен қатар жеке тұлғаларға банкноталар, тиындар және құндылықтарды инкассациялау бойынша қызмет көрсетуші «АТФ Инкассация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрды.

«АТФ Инкассация» ЖШС өз клиенттеріне келесі қызмет түрлерін ұсынады:

- ақша түсімі бар сөмкелерді инкассациялау және банкіге жеткізу;

- материалды-жауапты тұлғаға еріп жүру;

- екінші деңгейлі банктердің операциялық кассаларына;

- екінші деңгейлі банктердің облыстық филиалдарына көмек жеткізу;

- Қазақстан бойынша қолдағы ақшаны заңды тұлғалар бөлімшелеріне жеткізу.

Slide 17

« Отан » ашық жинақ зейнетақы қоры» АҚ

Қазақстан - ТМД елдері арасында халықты әлеуметтік қамтамасыз ету реформасын бірінші болып іске асырды.

Бүгінде біз 1998 жылы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақылық қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңын енгізуден бастау алған зейнетақылық реформа өзінің өзектілігін және сенімділігін көрсетіп, нақты нәтижелерге қол жеткізгенін байқай аламыз. Егер қалыптасу кезеңінде ол бірсыпыра қиындықтарға тап болса, қазір жинақ зейнетақылық жүйе - ең алдымен салымшы пайдасына жұмыс істейтін жөнделген механизм.

«Отан» АЖЗҚ» АҚ еліміздің зейнетақы нарығында жетінші жыл табысты жұмыс істеп келеді және бұл уақыт ішінде - өзін тұрақты және сенімді Қор ретінде көрсетті. Қор қызметінің негізгі ұстанымдары ашықтық, мөлдірлік және профессионализм болып табылады.

Slide 18

«Сибирь банкі» ЖАҚ

Банк жарнашылардың жалпы жиналысы шешімімен құрылған (протокол №1 09. 03. 1989), және 1989 жылы 20 қыркүйекте Омбы кооперативті «Сибирь» банкі атауымен КСРО мемлекеттік банкімен тіркеуге алынды (тіркеу нөмір 170) .

Қатысушылардың жалпы жиналысы шешімімен (протокол №2 09. 11. 1994) Банктің ұйымдық-құқықтық түрі (Омбы кооперативті «Сибирь» банкі) жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде анықталған.

Банк қатысушыларының жалпы жиналысы шешімі бойынша (протокол №1 24. 04. 1998) Банктің құрылтай құжаттарын «Жауапкершілігі шектеулі қоғамдар туралы» 08. 02. 1998 мерзіміндегі №14-ФЗ Федералдық Заңға сәйкестендіру үшін жарғының жаңа редакциясы қабылданды. Банк атауы Жауапкершілігі шектеулі қоғам Омбы коммерциялық «Сибирь» банкі ретінде анықталды.

Slide 19

«АТФ Банк-Қырғызстан»

«АТФ Банк-Қырғызстан» ААҚ ашық акционерлік қоғаммен болып табылады және Қырғыз Республикасында 1992 жылы 7 мамырдан бастап өз қызметін жүзеге асырып келеді.

Алғашында Банк Қырғыз кәсіпкерлікке жәрдемдесу коммерциялық банкі «Кыргызмелбизнесбанк» аталды. Құрылтайшылар құрамы өзгергеннен кейін Банк «Кыргызэнергобанк» Энергетикалық Секторды Қырғыз коммерциялық Банкі аталып, басты мақсаты Қырғыз Республикасының энергетикалық секторын қайта құру және дамытуға жәрдемдесу болды.

2001 жылы маусымда Банк қайта тіркеуден өтіп, «Энергобанк» ААҚ болып жаңадан аталды.

2004 жылы «Энергобанк» ААҚ акционерлері құрамына «АТФ Банк» АҚ кірді.


Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік тәуекелдің жіктелуі
Ақша және несие
Banking мәні және ерекшелік тері
Қазақстандағы ең бай бес адамның тізімі
Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелер
Қазақстандағы кәсіпкерлер
АЛЬФА банк
БТА Банкі
Орталық банк
Қазақстандағы ең бай адамдар және Болат Өтемұратов
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz