Жібек маталардың ассортименті



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Орындаған: Дәкенова Н. Т.
Топ: ТК-321
Тексерген: Бауыржанова А. З.
Жібек маталардың ассортименті

ЖОСПАР
1. Табиғи жібек
2. Жібек талшығы
3. Жібекті өңдеудің мақсаты
4. Жібектің қасиеті
5. Жібектің мықтылығы
6. Гигроскопиялы қасиеті
7. Жабайы жібек құртының жібегі
8. Жасанды талшық
9. Пайдаланған әдебиеттер

Мақсаты:
Тігін бұйымдарында материалдарды таңдау және оларды ұтымды қолдану ең маңызды, сондықтан материалдардың қасиеттерін, құрылысын, олардың ассортиментін және сапасын терең оқып білу қажет. Сол себепті, суретші-модельер, құрастырушы және технолог тоқыма материалдарымен жұмыс істегенде, оның қасиеттерін біліп қана қоймай, тағы да киімде нақты сыртқы түрінің әсеріне жету үшін және киген кезде қолайлылықты қамтамасыз ететін, нақты берілген қасиеттермен киімді дайындауда қолданылуын білу қажет. Сондықтан киімнің үлгісінің эскизін дайындағанда материалдардың

қасиетін, сән бағытымен дұрыс таңдалып қана қоймай, нақты киім силуэтін жасауды қамтамасыз ететін қасиеттерімен, киімді құрастырудың қазіргі уақыттағы дайындау технологиясының мүмкіншіліктеріне өте көп әсер етеді.
Бұл оқулықтың негізгі мақсаты «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының дизайны және жобалау» мамандығы бойынша студенттер әр түрлі киім үлгілерін дайындау және қазіргі уақытта қолданылатын заманына сай сапалы жібек маталарынан ерекше киім үлгісін жобалау, ойлап табу.

Табиғи жібек - жібек құрты шығаратын өте жіңішке жіптер. Табиғи жібек өзінің қасиеттері және өзіндік құнына байланысты - өте бағалы тоқыма шикізаты. Оны жібек құртының піллә орамасынан алады. Тұт ағашының жібек құртының жібегі кең таралған және бағалы, ол әлемдік жібек өндірісінің 90 % құрайды. Жібек жібін алу үшін (3000) жыл бұрын тұт ағашының жібек құртын пайдаланған, отаны Қытай халқы болып саналады. Жібек шаруашылығымен негізінен ТМД елдерінің Орта Азия республикалары, Кавказ, Украина және Молдова елдері айналысады.
1. Табиғи жібек


Жібек талшығы - кейбір құрттардың жібек шығаратын ерекше бездерінен бөлінетін өнім.
2. Жібек талшығы


Піллә жібі - фибрион (75%) және серицин (25%) белоктарынан тұрады. Пілләнің пайда болуы кезінде қырықбуын ауаға шыққанда қататын, жібек бөлетін жолдары арқылы екі жіңішке жібек шығарады. Бір уақытта жібекті бірге негіздейтін серицин бөлінеді. Жіп құрау уақытында фибрион макромолекулалары агрегатталады және талшықтың молекулярлық құрылымын құрады, 20-30 макромолекулалар микрофибрилға біріктіріледі, олар өз кезегінде фибрилл құрайды. Серицинге қарағанда фибрион төзімді белок, сабын-сода ерітіндісімен қайнатқанда фибрион ерімейді, ал серицин негізмі еріп кетеді.

Жібектің піллә жібі серицинмен бірге негізмденген қарапайым 500-1500 м ұзындыққа дейін жетеді. Пілләнің үстіңгі және астыңғы қабаттары тарқатылмайды, сондықтан тарқатылған жіптің орташа ұзындығы 600-900м және кесе-көлденең ені 10-12 мкм. Қырықбуын жіптердің шығуына байланысты оларды қабаттап жинайды, ол се рицинмен негізмденген жабық қабық-піллә құрайды. Піллә ішінде қырықбуын пайда болып, 15-17 күннен кейін қуыршақ көбелекке айналады. Сондықтан пілләларды бұйралана бастауынан 8-9 күнде жинап, алғашқы өңдеуге жіберіледі. Тұт ағашы немесе жібек ағашы қырықбуын жапырақтарымен қоректенетін өсімдік. Тұт ағашы 20м биіктікке дейін жететін үлкен ағаш. Бір тұт ағашынан алынатын жапырақтар саны оның өлшеміне, жасына байланысты және 50- 80 кг дейін жетеді. Тұт ағашының жемістерін жеуге болады.

Тұт ағашы

Нашар жағы Жуған соң, табиғи жібек тез оңып кетеді. Жібектен жасалған киімдерді химиялық тазартқышқа берген жөн.
Жақсы жағы Сапалы, берік, созылмалы, икемді материал әрі ұзаққа шыдайды. Жібектен жасалған киімдер күн көзіне төзімді. Бұл матадан тігілген іш көйлектер денені терлетпейді. Жібек Ежелгі Қытайда аса бағалы мата болғандықтан, одан тігілген киімдерді билік басындағы адамдар киген.


Піллә жібек жібін тарқатып орап алу керек. Орап алу арнайы піллә орау автоматтарында 4-9 пілләлардың бірнеше жіптерінің ұшы қосылып ұршыққа оралады және шикізатты жібек деп аталады. Шикізатты жібекте 26-33% серициннан тұрады, бірақ келесі өңдеу кезінде оның құрамы дайын маталарда 4-5% азаяды. Көбінесе жібек шикізатының қалыңдығы 1, 556-2, 33 текс болады.
3. Жібекті өңдеудің мақсаты

Піллә жіптерінің ұзындығы өте ұзын, ол 1000-1500 м және одан да жоғары болады. Жуандығы көптеген текті пілләларда, сондай-ақ бір текті және тура сол пілләнің өзінде ауытқулар болады. Кесе-көлденең қимасында піллә жіптері 20-30 мк тең, шамамен мақта талшығынан бір жарым есе көп.
4. Жібектің қасиеті

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz