Тіл дамыту жұмыстары.Сауат ашу кезеңіндегі сөйлеммен жұмыс



Тіл дамыту жұмыстары. Сауат ашу кезеңіндегі сөйлеммен жұмыс.
Орындаған:Берікболқызы. Ж
Топ: П-305
Тексерген: Таттимбетова С. Ж.

Бастауыш сыныпта тіл дамыту жұмысы - күрделі де творчестволық процесс. Бала тілін дамытуда басты назар аударылатын - олардың орындаған жаттығулардың мазмұндылығы, жүйелігі, анықтығы, мәнерлігі, тазалығы, өрнектей, түрлендіре алушылығы және грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық, орфоэпиялық қатесіздігі.

Тірек сызбамен жұмыс
Сөйлем
Бір-бірінен бөлек
жазылатын
сөздерден құралады
Аяқталғаннан
кейін тыныс
белгісі қойылады
Бірінші сөзі
бас әріптен
басталып жазылады
Нүкте
Сұрау белгісі
Леп белгісі

Сөйлем
Айтылу мақсаты мен сазына қарай
Хабарлы сөйлем
Лепті сөйлем
Сұраулы сөйлем
Мұғалім сыныпқа кірді.
Сабақ қашан басталады?
Күз мезгілі қандай
керемет!

Тіл дамыту - ойдың жұмысына негізделіп, ойлауды іске асырады. Көптеген зерттеулерге қарағанда, нашар оқитын балалардың көпшілігінің тілдері нашар дамыған, ойларын дұрыс жеткізе алмайды. Керісінше, тілі жақсы дамыған бала ойын да дәл, шебер жеткізеді, оқуы да ойдағыдай меңгереді, олардың табиғат пен қоғамдағы күрделі байланыстарды дұрыс тану мүмкіндіктері де мол болады. Тілді меңгеру барысында бала қорытынды жасайды, жалпылау, нақтылау, абстракциялау сияқты ойлау операцияларын қолданады.

Сөйлем мүшелерінің қатысына қарай
Жай сөйлем
Құрмалас сөйлем
Жалаң
Жайылма
Бастауыш
Баяндауыш
Бастауыш
Баяндауыш
Тұрлаусыз мүше
Сөйлем

Сөйлеу арқылы бала тек басқа адамдармен қарым - қатынас жасап қоймайды, сонымен бірге айналасын да таниды. Сөйлеуді меңгеру - шындықты меңгеру. Тіл дамыту үш салаға бөлінеді:
1. сөздік жұмыс;
2. сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс;
3. байланыстарда сөйлеуге үйрету жұмысы.

Бұл жұмыстар бір - бірімен байланыстырыла, қатар жүргізіледі. Әсіресе байланыстыра сөйлеуге үйрету жұмысында қалған екеуінде үйренген білім, икемділік, шеберліктері ұштасады, яғни ойлау, жүйелеу, текст құрастыру, материал жинау, орфографиялық шеберліктері іске асырылады.

Сауат ашу кезеңіндегі сөйлеммен жұмыс. 1. Сөйлемнің анықтамасын бір-бірімен мағыналық жағынан байланысты сөздер тобы ретінде түсіндіру.
2. Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылатыны.
3. Сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгілері.

Жалпы сөйлеу дегеніміз өзі адамның ойын, білгенін, сезімін екінші біреуге жеткізу үшін, яғни қарым - қатынас жасау үшін тіл арқылы байланысу болып табылады. Тіл дамыту балаға тек жаттығулар мен мазмұндама, шығарма жұмыстарын орындау арқылы ғана емес, сонымен қатар сөйлеу баланың өзін көрсететін құралына айналып, оны қуантып көңілін шарықтататын болуы керек. Балалардың ойын дамыту үшін негізінен мынадай жұмыстар іске асырылады.

1. Бақылау, тіл дамытудың қайнар бұлағы. Бақылау арқылы жинаған материалдарын сөйлемдер, мазмұндама, шығарма етіп жазуға, сол сияқты түрлі жаттығуларға пайдаланады. 2. Шығарма жаздыру. Ш. Кәрібаев:« Шығарма жаздыру жұмысы оқытушының үнемі басшылық етіп отыруына талап етеді. Оқушылармен тиісті әңгіме жүргізіп, байқап сұрастыра отырып, шындыққа үйлесетін, шамасы келетін, жақсы білетін материалды жаздырған дұрыс» - дейді. Бастауыш мектепте жүргізілетін тіл дамыту жұмысы мынадай мақсаттарды көздейді: 1. Оқушылардың байқағыштық, ойлау қабілеттері мен тілін, дүниетанымын дамыту, әр нәрсені салыстыра талдап, өз бетімен қорытынды шығара білуге үйрету. 2. Қазақ әдеби тілі нормасына сай, өз сезімін, ойын дұрыс жазып бере алатындай дағдылап беру. 3. Ана тілін сүюге, оның алтын қорын, тамаша сырын, көркем де нәзік сөз байлығын қолдана білуге тәрбиелеу. 4. Жазу тілін дамытуға септігі тиетін мазмұндама мен шығарма жұмыстарының оңай да тиімді түрлерін іріктеп ұсыну.


Назарларыңыз
ға
рахмет!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz