Әлемдік Сәнгерлер


Slide 1

Орындаған: Сағидоллаева Ә.

Тк-321

Тексерген: Бауыржанова А. З.

Әлемдік Сәнгерлер

Slide 2

Әлемде ең сәнді әйелдер тізіміндегі көшті Мишель Обама бастады

Slide 3

АҚШ президентінің әйелі Мишель Обама Harper’s Bazaar журналы жасаған рейтинг бойынша елдегі ең сәнді әйел атанды.

Жалпы, рейтинг он адамнан тұруы керек еді. Алайда, сарапшылар екінші орынды екі бірдей қатысушыға беріп отыр. Олар Голливуд егіздері Мэри-Кейт пен Эшли Олсендер.

Сарапшылар сәнқойларды таңдауда нақты бір белгіге сүйенбеген. Тек өз қалаулары бойынша ортақ бір шешімге келіпті. Дегенмен, әр әйелді не үшін таңдағаны жайлы түсініктеме беруді ұмытпаған.

Мәселен, Мишель Обама нағыз демократиялық үлгіде киінеді дейді олар. Яғни, президент әйеліне лайықты үлгідегі киімдер.

Ал, Мадонна болса салтанатты шараларға жұртты таң қалдыратын киімдер киіп келетіні үшін рейтингке енгізіліп отыр.

Ендеше осы тізімді назарларыңызға ұсынамыз:

Мишель Обама

Мэри-Кейт және Эшли Олсен

Кейт Босуорт

Эмма Стоун

Дри Хемингуэй

Сара Джессика Паркер

Гвинет Пэлтроу

Эрин Уоссон

Соланж Ноулз

Мадонна

Slide 4

Сән…силуэт…стиль

Сән (мода) - латын сөзі (modis - өлшем, тәсіл, іс-қимыл бейнесі деген ұғымды білдіреді) . Сән - белгілі немесе басқа да бір талғамның уақытша үстем болуы. Киім - бірінші қажеттілік зат. Сән - әлеуметтік, экономикалық құбылыс. Адам қоғамының дамуына, жаңа тарихи қоғамдастықтар пайда болуына байланысты адам киімі де түбірімен өзгеріп отырады.

Slide 5

Классикалық стиль - келісті, іскерлі, элегантты, өз­гермейтін стиль. Классикалық стильдің заттары: ағыл­шын жакеті, тік тар белдемше, ерлердікі секілді шал­барлар және т. б.

Slide 6

Романтикалық стиль - киімде әйелдік қасиеттерді бейнелейтін бөлшектерді, жиектерді пайдалану.

Slide 7

Дефиле

Шетелдік зерттеушілердің кейбір деректерінде дефилені дүниеге әкелген ХІХ ғасырдың сәнгері Чарльз Фредерик Ворт делінеді. Ол өз заманында киім сататын дүкен қызметкерлерін әдемі киіндіріп, қалталы клиенттеріне өз тауарларын ұсынған. Қазіргі тілмен айтқанда, модельдердің қатарында өзінің әйелі де болған деседі. Дүкенге келгендер жайлы жайғаса отырып, сәнді киініп әрлі-берлі жүрген сатушы қыздарды тамашалап, соңынан өз ұнатқан тауарын сатып алған. Бірақ ХІХ ғасырдың со­ңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде мұндай үрдіс жалғыз Чарльзде емес, барлық сән үйлерінде болған көрінеді. Тіпті олар­дың басым бөлігі жабық бөлмелерде арнайы көрсетілім зал­дарын ұйымдастырып, жаңа топтамаларын тұтыну­шыла­рына таныстыра бастаған. Дегенмен бұл көрсетілімдерді кәдімгі дефилемен салыстыру қиынырақ болатын. Алайда 1905 жылы Лондонда Люсилль есімді дизайнер тұңғыш рет дефиле өткізіп, музыканың сүйемелдеуімен сахнада өз топтамасын таныстырды. Оған көптеген модельдер қатысып, тапсырыс берушілерінің саны да екі есеге артқан. ХХ ғасырдың басында дефиле АҚШ-та да кеңінен тарай бастайды. Сәнді киім-кешек пен әшекей бұйымдарды өндірушілер сән индустриясын дамыту мақсатында бірігіп көрмелер өткізеді. 1903 жылдан бастап Нью-Йорк сән көрсетілімдеріне келу­ші­лердің қатарын көбейту үшін жер-жерге шақырту билеттерін таратуды ойлап табады. Ал 1910 жылдарға қарай жаңа топ­та­малардағы бұйымдар дүкен сөрелерінде сатылымға шығып, қысқа мерзімде сатылып отырады. Алайда сәнді болған киім-кешектер жайлы ақпараттардың та­ралымы тым тар болғандықтан, қал­талы әйелдер ғана сәнді салондарға ба­рып, қажет дүниелеріне еш қиын­дықсыз қол жет­кізген. Ал әлеуметтік жағ­дайы төмен нәзікжандылар бай­лардың киіп тоздырып, сәннен қал­ды­рып, арзан­даған заманында ғана сатып ала алған. Ең алғаш ұйым­дас­тырылған де­фи­лелер адамдарды қайран қал­дырып, тіпті олар жайлы New York Times газеті жиі-жиі жазып отырған. Ал қымбат бутиктердің ара­сында бәсе­келестік орнап, де­фи­ле ХХ ғасыр­да Атлантикаға дейін жет­кен. Бі­рақ сән көрсетілімдері ұзақ уақыт бо­йы тек әйел адам­дар­дың киім-ке­шегіне ғана арналған. Тек 1952 жы­лы Флоренцияда Brioni сән үйінің ұйым­дастыруымен ер адам­­дарға ар­нал­ған сәнді киім­дер­дің көрсетілімі өткен.

Slide 8

Кеше

Slide 9

Қазіргі заман

Қазіргі дефиле сахнасы биікте орналасқан, яғни платформаларда өткізіледі. Біз оны подиум деп атаймыз. Көрсетілімдерге бұрынғыдай сән­ді киімдерді сатып алушылар ғана келмейді, қазір БАҚ өкілдері мен сән әлемінің қас шеберлерін шақыру тұрақты үрдіске айналған. Әсі­ресе жаңа топтамалардың жарнамасына жан бітіретін журналист қа­уымының көрсетілімдерде көбірек болуы маңызды рөл атқарады. Ми­ланның әйгілі Pambianco Strategie di Impresa SpA деп аталатын ком­паниясының са­рапшы мамандары жүргізген зерттеуге сенсек, де­­­филеге кеткен қар­жы­ның 6%-ы тек PR мен жарнамалау жұ­мыс­та­ры­на кетеді. Ал жаңа топ­тамаларға келіп түсетін тапсырыстың 30-50%-ы сол жарнамалардың ар­қасында жүзеге асатын көрінеді. Де­фи­­ленің ең басты кейіпкерлері са­налатын модельдердің де жа­­­ла­қылары жаман емес, атақты ком­паниялар бір көрсетілім үшін бір моделіне 10-30 мың АҚШ дол­ларын тө­лейді. Айта кетейік, әлем­дік деңгейдегі сән үйлерінің әрбірінде визит карточкасы саналатын түрлі түсті көмескі жарықтар бар. Мысалы, Джон Гальяноның сән көрсетілімдерінде - алқызыл түстес, ал Christian Dior-да айнадан жа­сал­ған подиум қолданылады. Мұндай атақты дизайнерлер үшін есім­дері әлемге танымал адамдардың көр­сетілімдерге келуі - ең ма­ңыз­­ды дүние. Сол үшін де олар белгілі өнер жұл­дыздары мен қалталы бизнесмендердің көрсетілімге келіп кетуіне қажетті жол ақысын, жа­тын орны мен киетін киімдері үшін қомақты қаржы төлеуге дейін ба­­рады. Себебі олар брендіні жарнамалау үшін көп көмектеседі. Ал де­­­филені өткізуден бас тарту деген компанияның қаржылық дағ­да­рыс­қа ұшырап, құрдымға кеткендігін білдіреді. Prada Group-тың пре­зи­денті Патрицио Бертеллидің айтуынша, дефилесіз еш­қандай өнім сәт­ті шықпайды, сол үшін де сән көрсетілімдерінің бүгінгі әлем­дік fa­shion - индустриядағы орны бұрынғы заманғыдан гөрі маңыздырақ.

Slide 10

Бүгін

Slide 11

ТРЕНД 2015: ЖҰЛДЫЗДЫ ПРИНТ

Жұлдыздарды көргенде сиқырлы, ғажайып, жарқын дүниелер ойға келеді. Мерекелік көңіл-күйді сыйлайтын жұлдызды бейнелер - 2015 жылы сәнге айналатын киімдер мен әшекейлерде жаңаша үлгіде жасалған.

Slide 12

Теңіз жұлдыздары бейнеленген көйлектер Valentino сән үйінің көктем-жаз 2015 коллекциясынд да кездеседі.

Slide 13

Сән әлеміндегі «made in Kazakhstan» ҚАЗАҚ АТЫН ТАНЫТА АЛА МА?

Биыл қазан айында Қазақстан Сән апталығы өтті. Отандық және шетелдік сәнгерлер 7 күн ішінде туындыларын көпшілікке көрсетті. Atelier Artisan, Mechanical Piano, Kamila Kurbani, Aigul Kassymova, Leonid Zherebtsov, LaRiya, Yerlan Zholdasbek, Aida Kaumenova, Ainur Turisbek, Salta, Tamara Lamanukaeva, Malique, DI•ENTRE•SI, Aya Bapani, ё9, Nur-Shah. Қазақ елі сән саласының брендтері осы атаулармен шықпақ.

Slide 14

«made in Kazakhstan» қазақтар үшін қолжетімді ме?


Ұқсас жұмыстар
Сәнгерлердің мамандануы
Қазақстандық сәнгерлер!
Қазақстандық сәнгерлер туралы ақпарат
Киім дизайнері
“BURDA” сән журналын дұрыс пайдалану. Кальканың көмегімен пішімін түсіру
Киімді көркемдік модельдеу
Әлемдік нарық
Әлемдік қаржы нарығының дамуы мен қалыптасуы
ЕАЭО ЭКОНОМИКАСЫ
Жаһандық теңсіздік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz