Қазақстанның қазба байлықтары!!!




Презентация қосу
Қазақстанның қазба
байлықтары!!!

FokinaLida.75@mail.ru
Қазақстан минералдық
ресурстарға өте бай.
Қазақстан дүние жүзінің 186
елінің ішінде вольфрам, қорғасын
және барийдің қоры бойынша
бірінші орында, хромит, күміс
және цинк бойынша екінші,
марганец және молибден —
үшінші, мыс — төртінші, уран —
бесінші, алтын — алтыншы, темір
кені — жетінші, қалайы мен
никель — сегізінші, көмір мен
табиғи газ — тоғызыншы, мұнай
бойынша он үшінші орында.

FokinaLida.75@mail.ru
Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен
бір, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің
оннан бір бөлігі орналасқан.
Қазақстанда барланган тас көмір және қоңыр көмірдің
қоры 200 млрд. тоннадан астам.

Көмір бассейндеріне
Қарағанды, Екібастүз,
Майкөбен, Обаған, Жіліншік,
Теңіз-Қорғалжын, Шу, Іле
(Қалжат), Төменгі Іле
(Оңтүстік-Балқаш) және Орал-
Каспий (Жайың-Жем) жатады.

FokinaLida.75@mail.ru
Қазір Қазақстан көмірсулардың қоры бойынша дүние жүзіндегі
ірі елдердің бірі болып табылады.
Мұнайдың барланған қорының көлемі бойынша 12-орында, газ
бен газды конденсат — 15-ші, мұнай өндіру — 23-орында.

Қазақстанның жер қыртысы мұнаймен табиғи
газдарға бай. Каспий маңы ойпаты, Каспий теңізінің
жағалауын қоса алғанда мұнай қоры 7 млрд. тонна.
Бұл мұнай өндірісін жыл сайын 50—100 млн. тоннаға
дейін көтеруге мүмкіндік береді. Қарашығанақ кен
орнындағы табиғи газ қоры 1,3 триллион куб метрді
құрайды.
Арал маңында да мұнай мен газдың үлкен қоры,
табылған. Алдын ала жасалған есептеулер бойынша м ұнда
350 млн. тонна мұнай мен 100 млрд. куб метр газ бар .
Мұнай мен газга қатысты Торғай, Шу-Сарысу, Зайсан—
Алакөл ировинцияларының болашағы зор. Қазақстанда
металл кен орындары барланған.

FokinaLida.75@mail.ru
Темір кендерінің қоры 8 млрд. тоннадан астам.
Оның 80% Торғай темір кен бассейнінде орналасқан.
Бассейннің ірі кен орындарына Соколов Сарыбай, Қашар,
Лисаков және Аят кен орындары жатады. Металлургиялық
процесте темір кенінен басқа ванадий, алюминий оксиді,
фосфаттық шлактар алынады. Олар минералдық тыңайтқыш
ретінде пайдаланылады.

Ұлытаудағы Қарсақатай темір кен орындарында 500 млн.
тонна темір кені бар.
Шағын темір кен орындары Кеңтөбеде (Қарағанды),
Атансарда (Көкшетау), Қаратаста (Жезқазған), Иірсуде
(Оңтүстік Қазақстан) және т.б. жерлерде табылған.

FokinaLida.75@mail.ru
Марганец кендері Атасу темірмарганец
бассейнінен басқа Сарыарқада, Ұлытауда, Қаратауда,
Маңғыстау мен Семейде анықталған.

Хромит кендері
негізінен Ақтөбеде
табылған. Кемпірсай массивінде шамамен 30 кен
орындары бар. Кеннің ұзындыгы 80 км, ені 0,6-дан
30 км-ге дейін созылған, қалыңдығы жүздеген
метрге жетеді. Кендегі хром тотығының мөлшері
20-дан 60% ға дейін. Бұл кен орнына дүние жүзінде
тең келетін кең орны жоқ. Хромит кенін өндіру
бойынша Қазақстан дүние жүзінде бірінші орынға
шықты.
Хромит кендері Қостанайдағы Жетіқарада,
Құндыбайда, Аққарғада, Ақтауда, Семейде
табылған.

FokinaLida.75@mail.ru
Ванадий кендері Қаратау мен Жабағылтауда табылған. Кендегі
ванадийдің мөлшері шамамен 1% және молибден 0,22 %. Кенні ң сапасы
жоғары емес. Ванадий бар кендер Шыңғыс тауларында, Бетпақдалада,
Кіндіктаста, Теріскей Алатауы мен Жезқазған аймағында кездеседі.

Титан кендері Қостанайда, Көкшетауда, Ақмола мен Ақтөбе
облыстарында барланған. Ұлытау, Оңтүстік Алтайда және Жез қаз ған
облысындағы қоры белгілі.
Қазақстан түсті, бағалы және сирек металдардың к өпт үрлілігімен,
байлығымен сипатталады.

Алюминий кендерінің ішінде бокситтер ерекше орын алады.
Келешегі бар аудандарға Сарыарқаның батысы мен солтүстігі,
Торғай ойпаты, Сырдария өзенінің бассейні, Каспий маңы және
Арал маңы ойпаты. Аманкелді, Обаған, Жоғарғы Тобыл, Теңіз,
Таскөл және Шаған, Мұғалжар, Шымкент қаласының маңындағы
кен орындарын атауға болады.
Алюминий шикізатының бокситтен басқа түрлері де барланған.

FokinaLida.75@mail.ru
Никель және кобальт кендері
Ақтөбе, Қостанай,
Жезқазған, Карағанды, Павлодар, Семей және Жамбыл
облыстарында таралған. Ақтөбедегі Кемпірсай бассейнінде никель
кен орындарының 30-ның ішінен 14-і жұмыс істейді Жоғары сапалы
никель кенінің үлкен қоры Қостанай облысындағы Аққарға мен
Ақтауда шоғырланған. Силикатты никель кендері бас қа Семей ж әне
Жезқазған облыстарында ашылған. Олардан металлургиялы қ өндеу
барысында талқыланады.
Мыс кендері Қазақстанның көптеген территорияларында
таралған. Алтай тауларынан бастап республикамызды ң батыс
шекараларына дейін мыс кендері барланған. Мысты ң ірі кен орындары
Сарыарқада, Жетісу, Жоңғар Алатауында, Шыңғыс және Мұғалжар
тауларында, Батыс Торғайда, Теңіз ойпатында, Ақтөбе маңында,
Маңғыстауда, Атбасар-Терісқанда, Солтүстік Қазақстанда, Балқаш
маңында, Тарбағатай, Сәуір тауларында және т.б. орналасқан. Дүние
жүзіне белгілі мыс кен орындары Қоңырат, Бозшакөл, Саян, Жыланды,
Ақтоғай, Жезкент, Шиелісай және т.б. еліміздің ұлттың байлығы
болып табылады.
Мысты кендерден, сонымен қатар, қорғасын, цинк, молибден, к үкірт
және т.б. компоненттер алынады.

FokinaLida.75@mail.ru
Қорғасын-мырыш (полиметалл) кендері
Кенді Алтайда,
Сарыарқада, Қаратау мен Жоңғар Алатауында таралған. Олардың
негізінде ірі тау-кен байыту және металлургиялы қ к әсіпорындар
Лениногорскіде, Зыряновскіде, Өскеменде, Текеліде, Шымкентге,
Қарағайлыда, Кентауда және т.б. жұмыс істейді.
Қаратауда Ақсайдан басқа Аралтау, Ақсоран, Байжансай кен орындары
бар. Жоңғар Алатауында Текелі, Көксу, Суықтөбе, Орталы қ Суықтөбе
және т.б. кен орындары іске қосылған.
Шу мен Іле тауында да полиметалл кен орындары табылған.

Алтын мен күміс ертеден Қазақстанның шығысымен
солтүстігінде өндіріліп келген. Солтүстікте — Ақсу, Машайық,
Жусалы, Жақтабыл, Төртқұдық және т.б. кен орындары.
Шығыста — Қалбы алтынды ауаны. Алтын Оңтүстік
Қазақстанда Жоңғар Алатауы мен Шу және Іле тауларында
табылған.
Көкшетау жақын жылдары негізгі алтын өндіруші айма ққа
айналады. Өндірілетін алтын мөлшерін қазіргі жылына 10—15-тен
100—120 тоннаға дейін арттыруға болады.

FokinaLida.75@mail.ru
Сирек металдар Қазақстан жерінде
кеңінен таралған.

FokinaLida.75@mail.ru
Вольфрам мен молибденнің өнеркәсіптік кен орындары Сарыарқада
(Байназар, Ақмая, Шалқия, Саран, Батыстау және т.б.), Таулы Алтайда
(Көкшіл, Шындығатай), Іле Алатауында ашылған. Солт үстік Бал қаш кен
орындарында (Қоңырат, Бозшакөл, Саян) және Қаратаудың, ванадийлі кен
орындарында әр түрлі мөлшерде молибден қоры бар.
Тантал-ниобий кендері Қалба мен Мұғалжарда таралған. Комплексті
ниобий кендері Семей және Көкшетау облыстарыны ң гранитті
шөгінділерінен табылған.
Цирконий Сарыарқаның батысы мен солтүстігінде, Торғай ойпатында,
Арал маңы мен Мұғалжарда таралған.
Висмут қорғасынды, мырышты және мыс кендерінде кездеседі.
Сураманыңбірден бір кен орны (Торғай) Акмола облысында орналас қан.
Сынап Шар ауданында, Шу, Іле және Жоңғар Алатауында табылған.

FokinaLida.75@mail.ru
Мышьяктың негізгі қоры алтын кен орындарында орналасқан.
Кадмий Кенді Алтайда, Сарыарқа мен Қаратауда таралған. Оны ң қоры
қорғасынды-мырышты, мысты кен орындарында орналас қан. Кадмийді
концентраттардан өндіреді.
Галий Амангелді және Торғай бокситінде, Алтайдың полиметалл
кендерінде кездеседі.
Индий Мырғалымсай, Текелі, Майқайыңның полиметалл кендерінен
алынады.
Рений Жезқазғанның мыс кендерінен табылған.
Талий Алтай кендерінен (Лениногорск, Зыряноск, Ертіс ма ңы), Сарыар қа
(Жайрем, Ақжал, Ұзынжал, Қарағайлы), Жезқазған ж әне Қо ңырат кен
орындарынан алынады.
Селен мен теллур Кенді Алтай, Маңайының, Шыңғыс тауының
полиметалл кендерінен, Саян, Қоңырат, Бозшакөлдің, Шатыркөл, Жезқазған
және т.б. мысты кендерінен алынады.

FokinaLida.75@mail.ru
Қазақстан рудалы емес пайдалы қазбаларга да бай. Калий
тұздары маңызды химиялық және агрохимиялық шикізаттық
ресурстардың бірі болып табылады. Калий т ұздарының қоры
республикамыздың батыс бөлігінде, Жайық—Жем аймағында
орналасқан.

Күкірт темір және полиметалл кендерінде кездеседі.
Шығыс Қазақстанда жыл сайын полиметаллдық кендерден 700
мың тоннаға дейін күкірт қышқылы өндіріледі. Ақтөбенің маңынан
күкірт кен орны табылған.
Флориттің айтарлықтай бай қоры Оңтүстік және Шығыс
Тасқайнарда табылған.

Синтетикалық каучук, кальций карбидін өндіру әктастың есебінен
жүзеге асырылады.

FokinaLida.75@mail.ru
Жетіқара асбест кен орны Қазақстандағы ірі кен орындарына
жатады. Асбест талшығының қоры Хантау және Ешкі өлмес кен
орындарында бірнеше миллион тоннадан асады.
Каолин кен орындары Ақмолада, Қаражігіт, Қордай, Алексеевка,
Елтай және т.б. жерлерде. Олардың негізінде Алексеев каолин комбинаты
жұмыс істейді.
ЬІстыққа төзімді саз Амангелді, Арқалық, Май кен орындарында
өндіріледі.
Доломит Алексеев, Қарабауыр, Сарықұм кен орындарынан
шығарылады.

Кварциттер Ерейментау, Тектұрмас, Мұғалжар, Жаңа Осакаровск кен
орындарында өндіріледі.
Цемент шикізатының 37 ірі кен орны бар. Олар-М11- ішінде
Қазығұрт, Састөбе және т.б. атау ға болады. Бұл кен орындарыны ң
негізінде Қазақстанірі цемент зауыттары ж ұмыс істейді. Америкалы қ
шикізат Ақмола, Қапшағай, Көкшетау фосфор зауыттарыны ң, А қмола
керамика комбинаттық қажеттілігін қамтамасыз етеді. К өкт өбе Т өрген кен
орындарын атауға болады.

FokinaLida.75@mail.ru
Қазақстанда қоры 11 кен орнында шоғырланған.
Қазақстанда мрамор мен гранит кездесетін мыңнан астам кен орындары
бар. Алматы, Екібастұз, Теміртау, Ақмола және т.б. комбинаттарындағы
мрамор өндірісі 20 мың куб метр және гранит 32 мың куб метр құрайды.
Өскемен зауытында минералдың мақта өндірісінде фосфорит, туф,
базальт қолданылады.
Казақстанда барлық өнеркәсіп салаларының жедел дамуына қажетті
минералдық-шикізат ресурстары жеткілікті.

FokinaLida.75@mail.ru
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!

FokinaLida.75@mail.ru

Ұқсас жұмыстар
Ресурстардың жіктелуі туралы
Бал жинау ойыны
Табиғи ресурстар түрлерін тиімді қорғау шаралары. ҚР-ның табиғи және қазба байлықтары мен мәселелері
Өндірістік экология келешегі
Сандық анализ
Оңтүстік Қазақстанның қалалары
Мұнай құбыры
Мұнай мен газ
Іле Алатауы ұлттық саябағы
Сарыарқа
Пәндер