Қазақстандағы ең бай адамдар және Болат Өтемұратов



Семей қаласының Шәкәрім атындағы
Мемлекеттік университеті
Қазақстандағы ең бай адамдар
және
Болат Өтемұратов
Орындаған: Төлепбергенова Айгерім
ОП-215 тобы
Семей, 2015

АҚШ-тың танымал Forbes іскерлік журналы 2015 жылы наурыздағы мағлұматтар бойынша әлемнің ең бай адамдарының тізімін жасаған болатын.
Рейтингке қазақстандықтардың ішінде
бес азамат - Болат Өтемұратов,
Әлижан Ибрагимов,
Тимур мен Динара Құлыбаевтар,
Владимир Ким кіріп отыр.

Ең бай қазақстандық деп ҚР Теннис федерациясының президенті, кәсіпкер Болат Өтемұратов танылды. 57 жастағы кәсіпкердің байлығы шамамен 2, 6 млрд. долларға тең. Былтыр оның қаражаты 2, 2 млрд. долларға тең болатын. Жалпы тізімде Өтемұратов 714-орында тұр. Өтемұратовтың ең бірінші ірі жобасы - «АТФ Банк» компаниясы болды. Оны кәсіпкер Италияның UniCredit компаниясына сатып, мол табыс тапты. Кейін микронесиелер беретін Kassa Nova мен кәсіпкерлерге қызмет істейтін ForteBank банктерін ашты. Былтыр миллиардер «Самұрық-Қазына» қорынан Темірбанк және Альянсбанк банктарының белгілі көлемдегі акцияларын сатып алған болатын. Сонымен қатар Болат Өтемұратовтың иелігінде Қазақстанда және өзге де елдерде қонақүйлер желісі бар.


Қазақстандық миллиардерлердің екінші орнын әлемнің ең ірі өндірушілердің бірі ENRC компаниясының акционері және «Еуразиялық банк» АҚ Әлижан Ибрагимов иеленді. Кен өндіру арқылы байыған кәсіпкердің бар байлығы 2, 2 млрд. долларға бағаланған. 2014 жылы бұл көрсеткіш 1, 7 млрд. доллар шамасында болды. Forbes тізімінің жалпы рейтингісінде ол 847-орында.


Құлыбаевтар жанұясы 894-орынға жайғасқан. Олардың әрқайсысында 2, 1 млрд. доллардан бар. Былтыр олардың байлығы 1, 8 млрд. долларға бағаланған болатын. Журнал олардың қызмет саласын банк ісі деп көрсеткен. Динара Құлыбаева Қазақстанның халық банкі компаниясының акционері екені белгілі. Тимур Құлыбаев болса, Қазақстанның мұнай-газ секторында ірі ойыншылардың бірі.


Мыс магнаты Владимир Ким 1, 8 млрд. доллармен көш соңын түйіндеді. Ол жалпы рейтингте 1054 орында тұр. Қазіргі уақытта В. Ким KAZ Minerals компаниясының (бұрынғы «Қазақмыс») мажоритарлы акционері.


Болат Өтемұратов
Өтемұратов, Болат Жамитұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы, сонымен қатар Қазақстантеннис федерациясының президенті.
Forbes журналының 2008 жылғы дәулетті адамдар тізіміне енген (1 млрд АҚШ доллары бар) .

Банк, металл өнідірісі, БАҚ, телекоммуникация, қонақ үй, фаст-фуд салаларында өз бизнесін жүргізетін Болат Өтемұратов биыл да Қазақстандағы Forbes журналының рейтингінде көш бастаған. «Верный Капитал» инвестициялық компанияға басшылық ететін миллиардер еншісінде 2, 6 миллиард АҚШ доллары бар.

Жоғары білімге ие болғаннан кейін Болат «Нархозда» (қазіргі Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ) ұстаз болып еңбек еткен. Кейіннен Алматы қаласының сауда инспекторы қызметін атқарып, бірнеше жоғары саяси лауазымда отырады. Айта кетсек, арнайы тапсырмалар бойынша елші, Қазақстанның Швейцариядағы елшісі, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі, сыртқы саясат пен экономика салаларындағы Президент кеңесшісі қызметтерінде болады.

Сарапшылардың айтуынша, Болат Өтемұратов өзінің кәсіптік қызметін 1995 жылы бастаған. Ол Алматыда қаржы-сауда банкін құрады. Аталған банктің сол кездегі негізгі серіктесі белгілі бизнесмен Нұрлан Смағұлов (Astana Group:«Астана моторс», MEGA сауда орталықтар желісі, «Зерновая индустрия») болған.

Болаттың инвестициялық компаниясы 2005 жылы «Казцинк» АҚ (1999 жылы америкалық бизнесмен Марк Ричқұрған) сатып алады. Кейіннен «Glencore International AG» атауымен қайта құрылып, 2007 жылы Болат ұтымды бағамен италиялық Uni Credit Group компаниясына сатып жібереді. Дағдарыстың боларын алдын ала пайымдап, инвестициялық қорын дұрыс бағыттай білген Болат Өтемұратов жоғарыдағы сауда келісімінен кейін Қазақстан миллиардерлері қатарына кіреді.

2009 жылы Өтемұратов «Kassa Nova Банкі», «Nova Лизинг» АҚ сынды бірқатар қаржы қызметін ұсынатын компанияларын ашады. Ал Тимур Исатаев есімді бизнес серіктесімен бірген «ForteBank» АҚ ұйымдастырады. 2014 жылы «Альянс Банк» пен «ТемiрБанк» акцияларын толығымен иемденіп, «ForteBank» құрамына енгізеді.

2013 жылы «Верный капитал» инвестициялық компаниясы қайта «Казцинктің» акционеріне айналады. Сол жылы Ақмола және Қостанай облыстарында алтын өңдеумен айналысатын «Орион Минералс» компаниясын сатып алады.
Қазақ миллиардері бизнесін тек инвестициялық банк саласында ғана емес, сонымен қатар, фаст-фуд желілерінде де бастайды.
Еліміздегі «Burger King» брендімен ашылған фаст-фуд ресторандары Болат алған франшизамен жұмыс істеп келеді.


Бүгінде Болат Өтемұратов басшылық ететін «Верный капитал» инвестициялық компаниясы «31 арна» медиахолдингі, «Мегаполис» газеті, informburo. kz интернет-порталы және Мәскеу мен Вена қалаларындағы Ritz-Carlton қонақ үйлеріне иелік етеді. Сонымен қатар, негізгі акционері Болат болған Astana Property Managementкомпаниясы бас қалада Talan Towers экожобасын жүзеге асырып жатыр. Одан бөлек, тәжірибелі қаржы маманы VimpelCom Ltd компаниясымен біріге Қазақстан мен Қырғызстандағы Beeline операторлық қызметін басқарады.
2007 жылдан бері Болат Өтемұратов Қазақстандағы теннис федерациясының президенті, «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің мүшесі. Сонымен қатар, Болат құрған «Асыл Мирас» қайырымдылық қоры еліміздегі велоспорт пен денсаулық сақтау саласында салынатын нысандарға қолдау білдіреді. Одан бөлек, ҰОС ардагерлеріне де қолдау көрсетіп келеді.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz