Былғары өндірісінің сызбанұсқас
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Тақырыбы : Былғары өндірісінің сызбанұсқасы
Орындаған : ТК- 421 Құрмангалиев.Е
Тексерген : Бауыржанова Айгул Заманбековна
Семей 2015
• Былғары— мал терілерін химиялық және механикалық әдістермен
өңдеу арқылы алынатын материал. Одан аяқ киім, сырт киім,
айыл-тұрман, галантерея, техникалық бұйымдар т.б. жасалады. Мал
терісі 3 қабаттан — шелден, өзеңнен, қыртыстан тұрады. Былғары
жасау үшін терінің жүні жидітіледі, шелі сылынып, қыртысы
жазылады. Терінің өзеңін (ортаңғы қабатын) өңдей отырып
былғары алынады. Өзең айқыш-ұйқыштанып тығыз байланысқан
коллогенді талшықтардан құралады. Теріні жүннен арылту үшін сілті
(күл мен әк ерітіндісі) және фермент жағылады, күкіртті натрий, әк
ерітіндісі бүркіледі. Бірнеше сағаттан кейін қылшық пен босаң
қыртыс арнаулы машина арқылы оңай ажыратылады. Мұнан соң
шелдеу машинасымен терінің шелі сылынады. Осыдан шыққан
шикізат көн деп аталады. Көндегі сілті және басқа қосылыстар
кетіріліп, әк сумен жуылып шайылады. Шикізат талқымен
жұмсартылады. Арнаулы машинамен ылғалдан арылтылған соң,
қалыңдығы бір тегіс болу үшін былғары сүріледі де, қандай
мақсатқа пайдаланатындығына және жағылатын бояу түсіне қарай
сұрыпталады. Тікелей бояу, қышқылды бояу, т.б. тәсілдермен
боялған былғарының қатпарлары жазылып, керу машинасына
жіберіледі. Керіліп кептірілген былғарының пұшпақтары кесіледі,
сығылады және оған жылтыр өң беріледі.
Былғары өңдеу - мал терілерін илеп,
бояп, өн беру. Ертеден келе жатқан,
жақсы дамып жетілген өнер. Илеуі
қанып, бояуы сіңген былғары су
тартып езілмейді. Одан жасалған
мүлік шегені берік ұстайды, тігісі де
ыдырамайды және өзі тұтынуға
төзімді әрі әдемі. Былғарының бірнеше
түрі бар. Олар: көксауыр, өпайке,
былғары, құрым (хром), көзел, шегірен
, сақтиян, ұлтан т.б
Көксауыр – жылқы мен серке терісінің
сауырынан жасалады. Көбінесе ол
көкпен, кейде қызыл, сары, жасыл
түстерімен боялып, беті жалтырап
тұрады. Көксауырдың әр түстілерін
өзара мүйіздеп оюластырып немесе бір
түсті көксауырды әр түрлі жібек
жіппен кестелеп, өрнектеп, түрлі
бұйымдар шығарған. Көксауырларға
алтын, күміс, жез шегелер қағып,
кейде маржаннан моншақ жүргізіп,
аяқ киімнің өкшесіне, т. б. неше түрлі
жарқырауық асыл тастар отырғызып
әсемдеген. Мұндай былғарыдан
Былғары - қазақ арасында былғарыдан ең көп тігілетін
киімнің бірі етік болғандықтан былғарыны өңдеумен
айналысатын шеберлерді етікші дейді. Тоқым, шілия, белдік,
жүген, құйысқан сияқты былғарыдан жасалатын мүліктерді
де сол етікшілер тігеді. Халық арасына көп тараған былғары
аяқ киімдерінің қазақ атауында мынадай түрлері бар:
Саптама - бұл қонышы ұзын, кең, киіз байпақпен,
шалбардың балағын іштен салып киетін аласа өкшелі етік.
Оның ішкі табанына киіз ұлтарақ салып және байпақтың
ішінен қалың шұлғау орайды, кейде киіз байпақтың ішінен
шұлғаулы мәсі киеді. Саптамалардың қонышы бітеу
қусырылады да, тізеден асыңқырап тұрады. Тақымға
қарайтын жағы әнтек төмен ойылып келеді. Оны кобінесе
қыстыгүні алыс сапарға шыққанда, жылқы баққанда,
шанамен жол жүргенде киеді.
Шоңқайма - саптаманың бір түрі. Оның
өкшесі биігірек, өкше сірісі аласа, т ұмсы ғы
үшкір, қонышы тізеден аспайды. Кеңдігі
саптаманың кеңдігіндей. Қонышы екі жақ
жанынан жармаланып тігілген. Сондықтан оны
кейде «жарма қоныш» деп те атайды.
Мықшима — өкшесінің түбі жуан, жер басар
жағы жіңішке, тұмсығы жоғары қарай қайқы
келген биік өкшелі саптама етік. Мықшиманы
бұрын жас жігіттерге, ойын сауықшыл серілерге
арнап тігетін. Оның қонышын, өкшелігін
көксауырлап, тұмсығына қатырғы салады.
Көк етік - көксауырдан оюлап тіккен жеңіл, үшкір тұмсық етік.
Оны көксауыр етік деп те атайды. Көк етіктің қонышы,
ойындысы, күлшіні оюланып, кестеленіп жасалады. К өк етікті
көбіне серілер, батырлар, салдар киетін. Қазақтын: «К өк етікті
кез келмей, көк етіктіге бармай отырған қыз» дейтін м әтел с өзі
осыдан қалған.
Кебіс – көбінесе былғарының сауырларынан тігіліп, қалып қа
қатырылады. Шажамайы мен ернеуі жақсы былғарымен
астарланады. Сыны бұзылмау үшін кебістің ұлтарақшасы мен
өкшеліктеріне ең шымыр ұлтандар мен тоздар (қайыңның
қабығы) салынып, кепкен қайың шегемен шегеленіп,
тарамыспен қайып тігіледі. Кебіс атаулары да көксауыр,
мықшима, жезөкше, қазықөкше, үшкір бас деген сия қты
бірнеше түрлерге бөлінеді. Кебістің өкшелігіне мық қағып,
өкшесіне жезден, мыстан нәл орнатып, шажамайларын к үміспен
өрнектеп, ернеуіне сызықты ою батырып әшекелейді.
Мәсі - мұны кей жерлерде іш байпақ, іш
етік (ичиги), былғары байпақ, көзел,
сақтиян дейді, өйткені мәсі құрымнан,
шегіреннен, көзелден, жұмсақ былғарыдан
тігіледі. Көбінесе мәсінің қонышы
астарланып, көмкеріліп, машинамен
жүргізеді. Мәсінің ұлтаны жалаң қабат
болады. Ол тек тарамыспен ішкі жағынан
жөрмеп, немесе жара шаншып өбістіре тігу
арқылы ұлтарылады. Мәсінің өкшелігі бір
қабат қана оюлап жапсырған былғарыдан
жасалады, оны мәсінің күлшіні дейді.
Күлшін көбінесе басқа түсті былғарыдан
тігіледі. Мәсілерді көк, қызыл
шегірендермен оюлап, әр түсті жіппен
кестелейді. Мәсіні етіктің ішінен киеді.
Тарамыс
Етікшілер етікті, кебісті, мәсіні сондай-ақ
былғарыдан жасалатын басқа да заттарды
тарамыспен тігеді. Тарамыс дегеніміз — ірі
қараның жіліншік сіңірінен ширатылып алынған
жіп. Тарамыс былай жасалады. Сойылып жатқан
ірі қараның сирағындағы көк етпен аралас тұрған
сіңірлерді алып кептіреді. Әбден кепкен сіңірді
ағаш тоқпақпен ұрып жаныштайды. Сіңір
тарамданып, шашақталады, оны тарамыс есуші
тарамдап, талшықтарын бір-бірімен жалғастыра
екі тін етіп ширатады. Тарамыстың жуан-
жіңішкелігіне қарай қаю тарамыс, бүрме тарамыс,
тігіс тарамыс деген үш түрі бар. Тарамыс біздің
ізімен өткермелеп немесе жұлдызға сабақтап
тігуге ыңғайлы. Тарамыс жіп өзге жіптерден
берік, ол шірімейді де, езілмейді де.
Теріні (былғарыны) қабылдау мен
өңдеу
Жаңа сыпырылған тері буы бурқыраған
деп аталады. Былғары үшін жаңадан
сыпырылып алынған, қан мен кір
жұқпаған теріден артық зат жоқ. Алайда
көбінесе теріні бірден зауытқа жеткізуге
немесе өздігінен өңдеуге мүмкіндік болмай
жатады. Ал жатып қалған тері тез арада
бүлінеді. Ол алдымен кеуіп, содан кейін
мыжырайып, мүйізденіп кетеді. Одан кейін
көгеріп, жүні түсе бастайды. Содан соң
мүлдем шіриді. Сондықтан да тері бүлініп
кетпеуі үшін одан түрлі нәрселер жасауға
тура келеді.
Теріні өңдеу. Теріні тазалап алғаннан кейін, оны тұзбен
өңдейді. Өңдеутерінің шіріп кетпеуі үшін ғана емес,
жүнінің мықтап тұруына да септігін тигізеді.
Тазаланған теріні келесі әдіспен тұздаған жөн: майда тұз
алынады. Қыс айларында әр 1 кг теріге 200 г, ал жаз
мезгілінде 300 гтұз пайдаланылады. Үлкен өгіздің терісіне
қыста 5,7-6,6 кг, ал жазда 8,2-10,2 кг тұз, ал сиыр терісіне
қыста 3,3-5 кг, ал жазда 5-6,2 кг. тұз жұмсалады.
Өңдеу тәсілі. Теріні жүн жағымен таза жерге немесе
еденге жаяды. Терінің астына шыққан ылғалын сіңіріп
алатын бір нәрсе қоюға болады. Терінің ішкі жағына
біркелкі етіп тұз себеді, тұз теріге дұрыс жағылуы үшін
тұзды қолмен жаққан дұрыс. Егер тұз дұрыс жағылса,
онда 3 күннен кейін оның бетінде қатты тұз көрінетін
болады. Ал егер барлық тұз сіңіп кетсе, онда тұзды
жаңадан қайта жағу керек. Тері тұздалғаннан кейін, бас
пен құйрық жағын ішке қарай иеді. Одан кейін бас пен
басқа да бөліктерді тұзбен өңдейді.
Содан кейін теріні буып қояды. Оның әдісі
мынадай: бастан басталған терінің төрттен
бір бөлігі ішке қарай иіледі, одан кейін оң
және сол жақтары ортаға қарай, тері арқа
бойымен, одан кейін басынан бастап
оралады, құйрықпен немесе жіңішке
арқанмен байланады.
Бес күннен кейін оралған тері шешіледі.
Ылғалын ағызып, тағы да аздап тұздап,
қайтадан орап қояды. Егер бәрі дұрыс
жасалса, онда тері ұзақ уақыт бойы
бүлінбей сақталады.
Терілер көп мөлшерде жиналып қалғанда,
қатарларда тұздауға болады.
Бірінші теріні еденге жайып тұздайды.
Одан кейін бас, аяқ жақтарын дөңгелетіп
ішке қарай орайды. Барлық бөліктерді,
әсіресе басын жақсылап тұздайды. Одан
кейін екінші терінің басын бірінші терінің
үстіне емес, жанына түсетіндей етіп қояды.
Бәрін бірінші терідегідей жасайды.
Екіншісіне үшіншісін, сосын төртіншісін,
бесіншісін, осылай кете береді. Бастар бір-
бірінен кейін жатады. Осындай ретпен 200
шақты теріні қоюға болады. Қатардағы
тұздық терілердің дұрыс
орналаспағандығынан бір жақа ағып
кетпеуі керек.
Егер тері дұрыс тұздалмаса, ол бүліне
бастайды. Тері шіри бастағанда оның жүні
түседі. Жүнін анда-санда қолмен тартып
көру керек. Жақсы теріден жүн түспейді,
ал бүлінген теріден жылдам сыдырылып
кетеді. Ондай теріні қолдануға болмайды.
Одан кейін терінің сыртқы жағын ішке
қарай орналастырып, сосын көлеңкеде
кептіру керек. Теріні кептіру үшін іліп
қояды. Оны күннің астында не ыстық
пештің қасында кептіруге болмайды.
Кәдімгі бөлме температурасы болған
дұрыс.
Тері кепкеннен кейін (қатты кептірудің
қажеті жоқ), оның жүнін ішке қаратып,
соңғы рет кептіреді.
Сату. Терілер отандық жеңіл өнеркәсіпте
кеңінен қолданылады. Онда қосымша
өңдеу жасалып, белгілі мемлекеттік сапа
стандарттарына сәйкес қайта өңдеу
жүргізіледі. Мекеме сатып алатын шикізат
мемлекеттік стандарт бойынша қатаң
бақылаудан өтеді. Стандартқа сай емес
шикізат былғары жартылай фабрикат
өндірісіне жіберілмейді. Баға шикізаттың
көлемі мен сапасына қарай белгіленеді.
Тері қабаттары
Қазақстандағы жеңіл
өнеркәсіп
Назар
аударғандарыңызға
рахмет !!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz