Фотостудия ашу


Slide 1

Бизнес-жоспар : Фотостудия ашу

Орындаған: Жанатов Е. М

Тобы: ОП-413

Slide 2

Резюме

Жоба Қазақстан Республикасының ШҚО Ұржар ауданында фотостудиясын ашуды қарастырады.

Фотостудияда көрсетілетін қызмет түрлері портфолио үшін фото, имидждік жарнама, қойылымдық түсірілім, архитектуралық түсірілім және т. б.

Жоспарланған фотостудия нысаны Ұржар ауданының Қ. Игенбайұлы атындағы көшесінде орналасады деп жоспарлануда.

Slide 3

Жобаны қаржыландыру:

Қаржыландыру көзі

Сомасы

Кезеңі

Үлесі

Инвестициялар

4

15. 11. 2018

72%

Айналым капиталы

15

15. 11. 2018

28%

Барлығы

45

100%

Slide 4

Жобаның Ұржар ауданына экономикалық әсері:

-Ұржар ауданында жаңа жұмыс орнын ашу;

-Адамдарды жұмыспен қамту;

-Аудан бюджетіне қосымша кіріс кіру;

-Ауданды көркейту;

Slide 5

Кіріспе бөлім

Кәсіби фото-қызмет бизнесі нарықта кең етек жайған. Жыл сайын мұндай қызмет түрін көрсететін фотостудиялар көптеп ашылып жатқанмен олардың саны тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін әлі болса жеткіліксіз. Көп жағдайда бұл қызмет түрін жеке фотографтар жүзеге асырады, олар үйлену тойлары мен басқа да мерекелік шараларда жұмыс істейді, ал мамандандырылған арнайы студиялардың саны онша көп емес.

Неден бастау керек? Фотостудия ашу үшін сізге тіркелу керек. Салық қызметінде тіркелу үлгісі - жеңілдетінлген режим бойынша жеке кәсіпкер. Сонымен қатар, кассалық аппарат алу қажет, аппаратты қызметті жүзеге асыру орны бойынша салық органдарында тіркеу керек.

Slide 6

Фотостудияның негізгі міндеттері мен түрлері:

Фотоқызмет көрсету бизнесі - бұл кәсіби фотопортреттер, паспортқа арналған суреттер, маңызды шаралардың түсірілімдері, портфолио үшін фото жасау, жарнамалық өнімдердің түр-түрі (буклеттер, каталогтар) . Тағы бір пайда табудың көзі - фотоларды, күнтізбелер мен ашық хаттарды шығару қызметі. Қызметтің жаңа түріне тоқталар болсақ - коллаж және фотомонтаж (көркемсурет пен фотоны біріктіру), олар классикалық мәнерде, сонымен қатар, ретро-фото, фэнтези, пин-ап стилдерінде жасалады.

Фотожарнамалық қызметтер үлкен табыс әкеледі. Жұмыс күні барысында портфолиоға арналған суреттер мен каталогтар бойынша тапсырыстарды орындап, ал кешке және демалыс күндері - жұмыс орны мен құрал - жабдықтарды фрилансерлерге жалға беруіңізге болады.

Slide 7

Маркетингтік жоспар

Фотожарнамалық қызметтер үлкен табыс әкеледі. Жұмыс күні барысында портфолиоға арналған суреттер мен каталогтар бойынша тапсырыстарды орындап, ал кешке және демалыс күндері - жұмыс орны мен құрал - жабдықтарды фрилансерлерге жалға беруіңізге болады.

Өнімді өткізу. Фотостудия үшін жарнаманың алатын орны ерекше. Ол үшін өзіңіздің жеке сайтыңызды ашып, онда жұмыс үлгілері мен қызмет түрлерін, бағаларды, координаттарыңызды енгізіп қоюыңызға болады. Фотостудиялардың имиджі үшін кәсіби көрмелерге қатысу не оларды өзінде ұйымдастыру үлкен көмегін тигізеді. Визиткалар мен буклеттерді кәсіби құрал-жабдықтар сататын сауда орталықтарына таратуға беріп қойсаңыз болады.

Клиентерді тарту үшін плакаттарды, үйлену тойларындағы фото-сессиялар туралы хабарландыруларды АХАЖ, үйлену салондары, зергерлік бұйымдар сататын дүкендерге іліп қоюға болады. Ал мектептер мен балабақшаларға «өз балаңыздың мынадай портретінің болғанын қалайсыз ба?» деген жазуы бар жануардың қасында тұрған немесе теңіз қарақшысының киімін киген (мекеме басшысының келісімімен) әдемі баланың суретін орналастырып, студия буклеттерін таратуға да болады.

Slide 8

Сыртқы орта

Мүмкіндіктер

Өндірістің көлемін ұлғайту

Қатерлер

Өндірістің дағдарысқа ұшырауы

Ішкі орта

Артықшылықтар

Заманға сай құрал-жабдықтар пайдалану

Кемшіліктер

Қаражаттың жетіспеушілігі

Slide 9

Ғимарат. Әдетте фотостудияға арнайы бір орын-жайды жалға алады. Ол орынды клиенттерге ыңғайлы жерден, қала орталығынан таңдаған дұрыс. Ал егер негізгі жұмыс - тез жасалатын фото, паспортқа арналған фото болса, фотостудияны шағын ауданнан да ашуға болады.

Slide 10

Құрал-жабдықтар

Фотостудия үшін сізге керегі: фотоаппарат, жарықтар мен оларға қажетті аксессуарлар - софтбокстар, тіреулер, шағылдырғыштар, фондар, компьютер, принтер және басқа да қосымша жабдықтар.

Slide 11

Қызметкерлер. Алдымен бір фотограф пен әкімші жұмыс істейтін кішігірім студия ашуға болады, ал болашақта сіз өзіңіздің бизнесіңізді кеңейтемін десеңіз, тағы бірнеше кәсіби фотограф, стилист пен дизайнер жалдауға болады.

Slide 12

Болжамды есептеулер

Шығыстар: - орын-жайды жалға алу - 30 000 теңге. - жабдықтар - 300 000 теңге - тіркеу, кассалық аппарат - 20 000 теңге. - кеңсе тауарлары - 10 000 теңге.

Барлығы: 360 000 - 400 000 теңге.

Табыс:

Айына фотостудияның табысы 450 000-600 000 теңгені құрай алады, фотостудия өзін-өзі 1 жыл көлемінде ақтайды.

Slide 13

Жалпы және әкімшілік шығыстар


Ұқсас жұмыстар
Спирттік ашу процесі
Спирттік ашу процесінен алынатын өнімдер
Спирт өндіргенде қолданылатын микроорганизмдер
Спирттік ашытуда микроорганизмдерді қолдану
Сүт қышқылдық ашу процесі
Спирттік ашытуда микроорганизмдерді қолдану. Шарап жасау технологиясы
Ашуды билеудің жолы
Спирт өндірісінде қолданылатын микроорганизмдер
Спирттік ашу үдерісі
Сауат ашу сабақтарына қойылатын негізгі педагогикалық талаптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz