Жанболат Жақияұлы Сәрсенов - KAZENERGY бас директоры және Қазақстан энергетикасының жетекші қоғам қайраткері


Slide 1

Жанболат Жақияұлы Сәрсенов

Slide 2 Slide 3

Қазақстанның белгілі қоғам қайраткері, кәсіпкер. «KAZENERGY» ассоциациясының Бас директоры. Қазақстанның «Атамекен» ҰЭП басқармасының мүшесі. Бүкіләлемдік мұнай кеңесі (World Petroleum Council) Қазақстандық ұлттық комитетінің мүшесі. Бүкіләлемдік энергетика кеңесі (World Energy Council) Қазақстандық ұлттық комитетінің мүшесі. Қазақстан бокс федерациясы атқарушы комитетінің мүшесі, вице-президент. Қазақстан гольф федерациясы кеңесінің мүшесі. «KAZENERGY» қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің мүшесі. Қазақстан-Британ техникалық университеті "Мұнай-газ индустриясын инновациялық дамыту мәселелері" халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ұйымдастыру комитетінің тең төрағасы. Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың халықаралық қатынастар факультеті қамқоршылық кеңесінің мүшесі.

Slide 4 Slide 5

Еni Corporate University «Маster of Реtroleum Businesses» мамандығы бойынша дайындықтан өткен. 90-жылдары бірқатар кәсіпкерлік құрылымдарды басқарған. "Мұнай және газ тасымалы" ҰК" АҚ және "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ жүйесінде әртүрлі жауапты қызметтер атқарған.

Slide 6

2003 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК" АҚ-тың көлік инфрақұрылымы және қызметтік жобалар бойынша атқарушы директоры.

2003-2004 жылдары - «ҚазМұнайГаз» сауда үйі" ЖАҚ-тың бас директоры. [

2004-2005 жылдары «КазРосГаз» АҚ-тың бас директоры.

2005 жылдың маусым-желтоқсанында - «ҚазМұнайГаз» ҰК" АҚ-тың аппарат жетекшісі.

2005 жылдың желтоқсанында "KAZENERGY" мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық ассоциациясы" ЗТБ-ның бас директоры болып тағайындалды.

Slide 7

Бүкіләлемдік мұнай кеңесінің (World Petroleum Council) қазақстандық ұлттық комитетінің мүшесі ретінде Ж. Ж Сәрсенов әлемдік энергетикалық қоғамдастықпен Қазақстанның интеграциялық байланыстарын, энергетикалық диалогын дамытуға белсенді атсалысты. [Ж. Ж. Сәрсенов 50-ден аса ірі қазақстандық және халықаралық мұнай-газ, электрэнергетика, көлік, сервистік, заңдық, аудиторлық және өзге де компаниялардың мүшесі болып табылатын "KAZENERGY" мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық ассоциациясы" қоғамдық ұйымының қалыптасуы мен қызметіне ерекше еңбек сіңірді.

Slide 8

Сәрсеновтің пікірінше:

Қазақстандық кәсіпорындардың

тұрақты дамуына салықтық жүйені

тұрақтандыру мен экономикаға ұзақ

мерзімді инвесторларды тарту айтарлықтай әсерін тигізеді.

Slide 9

Наградалары

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалі (2005 жыл)

«Астанаға 10 жыл» медалі (2008 жыл)

I дәрежелі «Атамекен» медалі (2009 жыл)

«Құрмет» ордені (2010 жыл)


Ұқсас жұмыстар
Темірбек Жүргенов - Қазақстанның мәдениет пен білім саласының қоғам қайраткері (1898-1938)
Бақытжан Қаратаев: Қазақстанның көрнекті қоғам қайраткері, заңгер және ағартушы
Бақытжан Қаратаев (1860-1934): алғашқы қазақ заңгері және көрнекті қоғам қайраткері
Нәзипа Құлжанова (1887-1934): мектепке дейінгі педагогиканың негізін қалаушы, ағартушы және қоғам қайраткері
Төле би Әлібекұлы (1663-1756): Ұлы жүздің бас биі, мемлекет қайраткері және Жеті жарғыны жасаушылардың бірі
Тимур Асқарұлы Құлыбаев: Қазақстандық кәсіпкер және энергетика саласындағы қоғам қайраткерінің өмірбаяны
Ахмет Байтұрсынов: қазақ әліпбиін реформалаушы, педагог және Алаш қайраткері
Қазақстандағы атом энергетикасының даму перспективалары мен стратегиялық бағыттары
Әлеуметтік бірлестік, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекеттің қалыптасуы: Қазақстан тәжірибесі
Қазақстанның электр энергетикасының дамуы: тарихи кезеңдер, реформалар және нарықтық трансформация (1918-2016)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz