Бүлдіргеннің сұр шірігі




Презентация қосу
Тақырыбы:
Бүлдіргеннің сұр шірігі

Орындаған: Садыкова Айжан
Тексерген: Сагандыков С.Н
Топ: АГ -213
Жоспар:

Кіріспе
Сұр шірік ауруы туралы жалпы түсінік
Негізгі бөлім
2.1. Бүлдіргеннің сұр шірік ауруы
2.2. Сұр шірік ауруларының қоздырғышы
2.3. Бүлдіргенді сұр шірік ауруынан қорғау шаралары
Қорытынды:
Пайдаланылған әдебиеттер:
Сұр шірік ауруы - әлемдегі кең
таралған және зиянды аурулардың бірі.
Сұр шірік өсімдіктердің барлық
мүшелерін зақымдайды. Соның ішінде
өсімдік жапырақтарын, гүлдерін,
гүлтабандарын және жидектерді
зақымдайды. Бұл ауру әсіресе
жидектерге қауіп төндіреді. Алдымен
дымқылданып, қызыл дақтар пайда
болады да, кейін тез таралады.
Саңырауқұлақ мицелийлері жидектерге
жаппай таралғанда, сыртқы қабатында
сұр дақтар пайда болады.
Жапырақтардың шетінде қою сұр
және қызыл дақтар пайда болады.
Гүлтабандары, гүлшоқтары және гүл
байламдары сұр дақтармен жабылып,
кеуіп қалады
Көбінесе топырақта ауру
қалдықтары қалған жағдайда, ауру
келесі өсімдіктерге таралуы күшейеді.
Бүлдіргеннің сұр шірігі
Бүлдірген сұр шірік ауруымен жиі зақымдалады. Жаз айында ауа
райы жиі жаңбырлы және суық болғанда бүлдірген түсімінің азаюына
әкеп соғады. Бұл ауру таралған кезде, алдымен, бүлдіргенде жеке-жеке
қызыл дақтар пайда бола бастайды. Мұндай дақтар тез таралып, қою
жұмсақ келген сұр дақтарға айналады. Бұларда көптеген ұсақ споралар
болады. Споралар желмен, жәндіктермен таралады да, сау өсімдіктерді ң
зақымдалуын және әрі қарай таралуын туғызады.
Зақымдалған бүлдіргендер босап кетеді де, дәмін және
хош иісін жоғалтады. Жидектердің жарты бөлігі кеуіп,
сұрланып қатады және өсімдіктердің сабағында ұзақ
сақталады.
Сұр шірік ауруы әдетте бүлдіргендердің түсімін 10 –
20%-ға дейін азайтса, жаңбырлы ауа райында көрсеткіш 80
– 90 %-ға дейін жетеді
Сұр шірік ауруларының қоздырғышы
Ауру қоздырғышы – Botrytis
cinerea саңырауқұлағы, ол
топырақта өлі өсімдік
қалдықтарында сақталады.
Сонымен қатар, ауру қолайлы ауа
райы кезінде де өсімдіктерді
зақымдауы мүмкін.
Сұр шірік тек қана
плантациялардағы бүлдіргендерді
ғана емес, сонымен қатар
өсімдіктерді тасымалдаған кезде
және ылғалдылы жоғары жабық
орындарда да зақымдайды. Жаз
айында споралар 10 – 12 ұрпаққа
дейні тудырады. Споралар
топырақта екі жылға дейін
сақталады.
Бүлдіргенді сұр шірік ауруларынан қорғау шаралары
Бүлдіргенді сұр шірік ауруынан қорғау
үшін қолайлы жағдай және жақсы
күтім қажет. Жарық жақсы түсетін
және желдетілген орын болуы тиіс.
Отырғызылатын топырақтың
ылғалдылығы жоғары емес, борпылдақ
болуы керек. Топырақты уақытылы
өңдеп отырған жөн. Минералды
тыңайтқыштарды толығымен енгізіп
отыру керек. Бірақ азот
тыңайтқыштарының артық енгізіліп
кетпеуін қадағалап отыру кажет. Себебі
ол жапырақтардың сарғайып кетуіне
әкеп соқтырады. Сонымен қатар артық
ылғалдылықты болдырмаған дұрыс.
Жидектерді жинаған кезде сау
жидектерді жеке, зақымдалғандарын
жеке жинау қажет.
Фунгицидтермен өңдеу
Фунгицидтерді тек
өсімдіктер қатты зақымдалған
кезде ғана пайдалану керек.
Жапырақтар өсіп шыққанға
дейін күздің соңғы айында
(қарашаның басында) немесе
ерте көктемде өсімдіктер
тамырланып, жапырақтар
шығуы үшін 2,0%
Нитрофенмен, 3,0 % Бордосская
сұйықтығымен өңдейді.
Өңдеуді алдымен ең
алғашқы жапырақтар шықанда,
екінші рет гүлдері пайда бола
бастаған кезде, ал үшінші рет
өнімді жинаған кезде жүргізеді.
Қорытынды:
Сонымен, қорытындылай келсем, бүлдіргеннің сұр шірік ауруы - кең
таралған және зиянды аурулардың бірі. Сұр шірік өсімдіктердің барлы қ
мүшелерін зақымдайды. Соның ішінде өсімдік жапырақтарын, г үлдерін,
гүлтабандарын және жидектерді зақымдайды. Алдымен дым қылданып,
қызыл дақтар пайда болады да, кейін тез таралады. Са ңырауқұла қ
мицелийлері жидектерге жаппай таралғанда, сыртқы қабатында сұр да қтар
пайда болады. Жаз айында ауа райы жиі жаңбырлы және суық болғанда
бүлдірген түсімінің азаюына әкеп соғады. Ауру споралары желмен,
жәндіктермен таралады да, сау өсімдіктердің зақымдалуын ж әне әрі қарай
таралуын туғызады.
Аурудың алдын алу үшін біз өсімдікке қажет барлық қолайлы
жағдайларды жасауымыз керек. Сонда ғана біз өсімдіктерді аурулардан
қорғап және мол өнім ала аламыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жеміс – көкөніс шаруашылығы/ Н.Г. Щепотов, а.ш.ғ.д., проф.
М.А.Ысқақов. Алматы «Дәуір»
http://www.7ya.ru/article/Klubnika-bolezni-i-vrediteli-Obrabotka-sada-ve
snoj/
3.. http://agro-store.com.ua/bolezni-klubniki-i-ih-lechenie

Ұқсас жұмыстар
Күнбағыстың сұр шірігі
Гүлді дақылдардың аурулары
Шегіргүл өсімдігінің кең тараған аурулары
ЖИДЕК, ЖҮЗІМ АУРУЛАРЫ
Картоптың түйнегінің сақиналы шірігі Corynebacterium sepedonicum (Spiek. et Kotth.) Scapt. et Burkh
Мақтаның карантинді аурулары
Бүлдіргеннің сабақ нематодасы – Ditylenchus dipsaci Kuhn
БҮЛДІРГЕННІҢ САБАҚ НЕМАТОДАСЫ - DITYLENCHUS DIPSACI
Бүлдіргеннің биологиялық сипаттамасы
Гүлді дақылдардың карантинді аурулары
Пәндер