Аналық және аталық жыныс жасушаларының құрылымы мен дамуы


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Жыныс жасушаларының құрлысы және дамуы

Дайындаған: Советбаева Жаннұр

Тексерген: Сатиева К. Р

Тобы: ОЗ - 407

Семей қаласы 2015 жыл

Slide 2

Жоспар:

1. Аналық жыныс жасушасының құрлысы және дамуы

2. Аталық жыныс жасушасының құрлысы және дамуы

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Аналық жыныс жасушасының құрлысы

Аналық жыныс жасушасы (яйцеклетка) ; (ovocytus; лат. ovum - жүмыртқа; гр. kytos - жасуша) - ядросында хромосомалардың жекеленген жиынтығы болатын, пісіп жетілген ұрғашы жануарлардың жыныс жасушасы. Сперматозоидтармен салыстырғанда аналық жыныс жасушасының (жүмыртқа жасушасының) саны аз, көлемі бірнеше есе үлкен келеді. Оның цитоплазмасында ұрықтың дамып жетілуіне керекті қоректік заттар - сарыуыз қорланады. Аналық жыныс жасушасының мөлшері жануарлар ұрығының даму ортасына (құрсақта немесе жүмыртқада) байланысты әртүрлі болып келеді. Себебі, ұрықтың даму ортасына сәйкес жыныс жасушалары да қоректік затгармен (сарыуызбен) түрлі мөлшерде (ұрығы жатырда дамып жетілетін жануарлар жыныс жасушаларына сарыуыздың көп қоры керек емес, ал ұрығы жүмыртқада дамитын жануарлар жыныс жасушалары қоректік заттармен көп мөлшерде қорланады) қорланады. Жыныс жасушаларының диаметрі, олардың цитоплазмасындағы қорекгік заттар қорының (сарыуыздың) мөлшеріне тікелей байланысты болып келіп, 100 мкм бірнеше см дейін өзгеріп отырады.

Slide 4

Құстардың, бауырымен жорғалаушылардың, жұмыртқа салушы сүтқоректі жануарлардың аналық жыныс жасушасы біріншілік және үшіншілік (жүмыртқа жолының өнімдері - ақуыз, әк қабық асты жұқа қабық, әк қабық ) қабықшалармен қапталған. Аналық жынысжасушасының халықаралық атауы - " овоцит ". Жұмыртқа клеткасының пішіні дөңгелек немесе сопақ болып келеді. Ол дене жасушасына тән құрылымдардан құралған. Бірақ, оның цитоплазмасында центросома (клетка орталығы) органелласы болмайды, ядросында хромосомалардың гаплоидты жиынтығы болады.

Сүтқоректілер жұмыртқа клеткасын сыртынан екі қабық : тікелей біріншілік қабық (плазмолемма) және екіншілік қабық (фолликулалы қабық ) қаптайды. Аналық жыныс жасушасы ұрықтану арқылы жаңа организмнің пайда болуына қатысып, ұрыққа аналық организмнің тұқым қуалаушылық қасиеттерін жеткізеді.

Slide 5

Сарыуыздың мөлшеріне қарай аналық жыныс жасушасы:

олиголецитті овоцит (сарыуызы аз)

мезолецитті овоцит (сарыуызы орташа)

полилецитті овоцит (сарыуызы көп) болып үш топқа бөлінеді.

Сарыуыздың жұмыртқа жасушасы цитоплазмасындағы орналасу орны мен оның цитоплазмадағы таралуына байланысты

Гомолецитті овоцит (сарыуызы цитоплазмада біркелкі таралған)

телолецитті овоцит (сарыуызы торша цитоплазмасының төменгі полюсінде - көп, жоғарғы полюсінде - аз)

Slide 6 Slide 7

Аталық жыныс жасушасының құрлысы мен дамуы

Сперматогенез (spermatogenesis) аталық жасушалардың дамуы. Ол енде, ұрықтың иректi өзекшелерiнде өтедi. Оның даму кезеңiнде алғашқы жыныс жасушалары ен ұрық иректi өзекшелер салымында пайда болып, бiрнеше рет бөлiнiп, бастапқы ұрық-сперматогонийлерге (spermatogonium, 1886 ж. Георге бердi) ауысады. Кейiнгiлер ұрықтың иректi өзекшелер қабырғасының құрамына кiретiн зат алмасуы төмендеген, еркек малдарда өмiр бойы жүретiн, бағаналық жасушалар. Кейбiр малдарда маусымдық ырғақ кездеседi. Бұл дамудың түрi малдардың күйiне, сыртқы ортаға өте байланысты болады.

Сперматогенез негiзгi төрт-көбею, өсу, пiсу, қалыптасу (24 сурет) сатыларынан тұрып, толқын тәрiздi өтедi. Аталық жасушаның толық даму циклi бұқада 63 күн, қошқарда-48, қабанда-40 күн. Бiр өзекше бойынан барлық кезеңдер (25 сурет) байқалады, ал өзекше қабырғасынан жасалған кесiктен барлық жасуша түрлерiн көру мүмкiн емес.

Slide 8 Slide 9 Slide 10 Slide 11

Пайдаланылған әдебиеттер:

Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009.

З. Қ. Тоқаев Жануарлар морфологиясы Алматы 2006 58-64 беттер

Slide 12

Саяхатымыз да аяқталды . . .

Жағалауға

тоқтаңыздар!


Ұқсас жұмыстар
Аталық жыныс жасушалары және аталық жыныс мүшелерінің анатомиясы мен эмбрионалдық дамуы
Аналық жыныс гормондары: аналық жыныс безінің құрылысы, дамуы және эндокриндік қызметі
Аталық малдардың жыныс ағзалары: анатомиясы, қызметі және эволюциялық дамуы
Аналық жыныс бездерінің анатомиясы, құрылымы және оогенезі
Еркек жыныс жасушаларының құрылысы, дамуы және сперма құрамы
Аталық жыныс жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы
Аталық жыныс мүшелерінің анатомиясы мен қызметтері
Өсімдіктер мен жануарларда гаметогенез: аталық және аналық гамета түзілуінің ерекшеліктері
Аналық жыныс жасушасы (овоцит): құрылымы, қызметі және жіктелуі
Өсімдіктер мен жануарлардағы гаметогенез: аталық және аналық гамета түзілуі, микро- және мегаспорогенез
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz