Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы нақыл сөздер



Тәрбие сағатының тақырыбы:
Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы нақыл сөздер

ХХІ ғасырда әр жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен патриоттық жалынның ұшқынын дарыту үшін халқымыздың Бауыржандай перзентінің мірдің оғындай қанатты сөздері ауадай қажет. Ол, әсіресе, ұлттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. «Өзінің ұлтын сыйламаған - ұлтын мақтаныш тұта да алмайды, ол - сөз жоқ, арамза, тексіз әрі қаңғыбас» деуі жайдан - жай емес. Оның адами қасиеттер қатарына жатқызатын - ақыл, ар, ерік - жігер, намыс, сезім, парыз, ұлттық рух, ұлттық мінез - құлық, ұлттық патриотизм, ұлттық мақтаныш, т. б. туралы ойлары арнайы зерттеуді қажет етеді.
Бұл ойлардың әрісі Абайдың «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады», берісі Мұстафа Шоқайдың «ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігінің болуы мүмкін емес» деген қағидаларымен сабақтасып жатыр. Осы мақсатта еліміздегі өршіп тұрған тіл мен дін мәселесін шешу үшін ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу қажет. Жат діннің жетегінде кеткенше, ұрпағымыз ел үшін қызмет атқару қажет. Отан алдындағы борыш, азаматтық парызды орындау үшін қаһарман батыр шығармаларындағы нақыл сөздердің тәрбиелік мәні зор.

Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 - 10 маусым 1982) - Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.
Матронино деревнясының жанында Волоколамск тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады [2] .
Ұлы Отан соғысына генерал-майор И. В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта,
Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі.

Бауыржан Момышұлы - жалпы адам баласының, абзал қасиеттері бар азамат тәрбиесін отыз ойланып, тоқсан толғанған парасатты ойшыл.

«Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен, » Менде де жан бар, менде де ар бар жан тебіренткен, Халқымның қарапайым бір ұлымын, Жанымды арым үшін құрбан еткен», - деген жолдар арқылы Бауыржан Момышұлы өзінің адами, азаматтық болмысын бір ауыз өлең жолымен танытқан. Қаһарман жазушының болмысын сөз еткенде, ең алдымен, айқын танылары, батырлық қасиеті екені белгілі. Батырлығы - Отанын сүйген, елі үшін жаны күйген, ұлт тағдыры үшін қандай қиындыққа болса да қарсы тұрар қаһармандық болатын. Ал Бауыржан Момышұлының аты аталғанда, екі бірдей бейне көз алдымызға келеді. Бірі - батырдың, екіншісі жазушының бейнесі. Бойынан осы қасиеттің бірі табылып, бірі табылмағанның өзінде халқының асқан ардақтыларының бірі болары анық. Бауыржанның тұғырлы тұлғасында батырлық пен жасампаздық сипат бір - бірімен ғажап бірлік тауып, тұтастыққа айналған.
1. Б. Момышұлы нақыл сөздеріндегі халықтық тәлім - тәрбие.

«Адам қайраты», «Қанмен жазылған кітап», «Москва үшін шайқас», «Ұшқан ұя» шығармаларымен қатар, естелік кітаптарға қосымша газет - журналдарда жарияланған мақалалардан нақыл сөздерді жинақтаған болатынмын. Жұмысымның зерттеу бөлімі қазақ халқының мақал - мәтелдеріне арналған.
Жоғарыда аталған шығармалар бойынша жазушы қолданысынан төмендегі тақырыптар бойынша қазақ халқының мақал - мәтелдерін көптеп кездестірдік.
Айталық, «Адам қайраты» кітабында «Түсі жақсыдан түңілме», «Төртеу түгел болса төбедегі келеді», «Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді», «Көз қорқақ, қол батыр», «Білек бірді, білімді мыңды жығады» [5] секілді халқымыздың даналығы жиі айтылады. Қай мақалға талдау жасасақ та, мағынасы адалдық пен ерлік, ұлттық рухқа саяды.

І. Ерлік пен жаужүректік туралы 1. Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді. 2. Күш - әкесін танымайды. 4. Азаматқа өмірден де ар қымбат, өлімнен ұят күшті. 5. Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол. 6. Жығылған үстіне жұдырық. 7. Көз қорқақ, қол батыр.
Енді назарларыңызға Б. Момышұлының әңгіме, повесть, романдарынан жинақтаған қазақ халқы ауыз әдебиетінің мақалдарын ұсынамын:
ІІ. Білім, ақыл және ізгілік, адамгершілік туралы 1. Білек бірді, ақыл мыңды жығады. 2. Қалауын тапса қарда жанады. 3. Қаға білсең киіз қазық та жерге кіреді. 4. Өлімнен ұят күшті 5. Жаным - арымның садағасы

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz