Жәңгір хан - өз заманының білікті тұлғасы


Slide 1

Тақырыбы: Жәңгір хан - өз заманының білікті тұлғасы.

Slide 2

Дәріс жоспары:

1. Ұйымдастыру.

2. Кіріспе

3. Бөкей ордасының құрылуы, оның мұрагері Жәңгірдің кезіндегі халықтың жағдайы

4. Жәңгір мен Исатай қарым - қатынасы.

5. Қорытынды

6. Үйге тапсырма

Slide 3 Slide 4

Сабақ Түрі; Аралас сабақ (суреттер, тірек-сызба, интерактивтік тақта. )

Slide 5

Сабақтың мақсаты:

Оқушыны Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Тақырыпты толықтай аша білу.

Slide 6

Білімділігі

Бөкей ордасының құрылуы, оның мұрагері Жәңгірдің кезіндегі халықтың жағдайы, Исатай мен Махамбет көтерілісінің шығуы және Жәңгір ханның өз заманында білімді - білікті тұлға екендігіне сипаттама беріп, талдау жасап зерттеу.

Slide 7

Тәрбиелігі;

Жәңгір ханның бойындағы жақсы қасиеттерін, халыққа жасаған игі істерін бағалап, оқушылардың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, адамгершілік тәрбие беру.

Slide 8

Дамытушылығы:

Тақырыпқа байланысты құжаттар, әдеби - мұралармен жұмыс істеп мәнін ашу, оқушылардың ізденімпаздығын және пәнге қызығушылығын қалыптастыру.

Slide 9

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Үй тапсырмасын сұрау.

Slide 10

Кіріспе:

Күні кешеге дейін еліміздің тарихында елеулі орны бар қазақтың біртуар хандар Бөкей хан мен Жәңгір ханның есімдерін құрметтеу былай тұрсын елеуден, ескеруден де қалған еді. Тарихи деректерде пайдалана отырып Бөкей мен Жәңгір қандай саясат ұстады, халқына қайыр - шапағаты тиді ме? - деген сауалға жауап іздедік.

Slide 11

Жәңгір кім?

Жәңгір - шын есімі Жиһангер Бөкейұлы. 1801 жылы дүниеге келіп 1845 жылы қайтыс болған. 1815 жылы мұрагерлікпен Жәңгір хан болады, алайда ол жас болғандықтан билікті Бөкейдің інісі Шығай жүргізді. 1823 жылға дейін Жәңгір Астрахань губернаторы Андреевскийдің үйінде тәрбиеленді. Еуропалық білім алып, орысша тәрбиеленеді, хандықты әкімшілік жағынан басқару тәсілдерін үйренеді. Ол орыс, татар, неміс тілдерін білген. Жәңгір билік еткен кезде Бөкей ордасында Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі болды. Оған Жәңгірді кінәлі деп санап, наразылық білдірді.

Slide 12

Еділ мен Жайық арасында Бөкей ордасының құрылуы, Бөкейдің ұстаған саясатының дұрыстығын немесе бұрыстығын кезінде әркім әрсаққа жүгіртті. Бірі - орысқа берілгендіктен, екіншісі - мансап құмарлықтан, үшіншісі - алдына қойған мақсатына, ұстаған саясатына байланысты деді. Бөкейдің ішкі сырын ешкім түсінбеді. Тарихи деректерге сүйенсек 1737 жылдан бастап Жайықтың Самар жақ Бетіне қазақтардың көшіп - қонуына шек қойылған делінген.

1794 ж. аманат бермесе Каспий өзені жағалауына мал қыстатуға тыйым салынды. 1799 жылы Жайықтан малымен өтуге тыйым салынды.

Отарлаушылардың қазақтардың арасында арандату саясаты бірімен - бірін араздастыруға, бір - бірімен жауласуға әкеліп соқты. Отаршылдық туғызған мұндай әрекеттер ел басына ауыртпалық әкелді. Ел тозды, ашықты, күйзелді. Береке, бірлік кетті. Елде көтеріліс шықты.

Эпиграф. Теледидардан бірнеше үзінді музыкаға басылған шайқастар, тарихи оқиғалар көрсетілді.

Slide 13

Ішкі орданыњ құрылу себебі.

Ел басына түскен ауыр қасіретке он ойланып, жүз толғанып жүрген Бөкейге Астрахань казактарының бастығы полковник П. С. Попов елеулі ықпал жасаған. Ол Ресей қамқорлығына өтуге кеңес берді. Көзі ашық, көкірегі ояу Бөкей П. С. Поповтың бұл кеңесін халқын ауыртпалықтан алып шығудың, Жайықтың Самар жақ бетін иемденудің бірден - бір жолы деп түсінді. Бұл жерде оның жүрегі халқым деп соққанына шүбә келтіруге болмайды. Өйткені бұл кезде Бөкейдің Кіші Орданың кең жазығына сыймайтындай мыңғырған малы да болмаған. Бұл жөнінде Орынбор шегаралық комиссия кеңесшісі

А. О. Кузнецовтің Орынбор әскери губернаторы П. К. Эссенге: " Бір отбасындағы Бөкей мен Шығай Нұралиевтердің 1801 жылы Жайықтың бергі бетіне өткенде 5 түйесі, 30 - дай қойы, 17-ге жетер - жетпес жылқысы болған, "-деп жазған.

Сөйтіп, Бөкей халқыныњ мүддесі үшін 1801 жылы ақпан айында Грузия және Астрахань губернияларының Бас бастығы генерал - лейтенант

К. Ф. Кноринге өтініш жазды.

Ал патша үкіметінің мақсаты бодандыққа өткендердің малы да, жаны да Ресей " қамқорлығында " болады деген ұғымды түсіндіру оңай деп санады. Оның үстіне Астрахань, Орал қалмақтары мен казактарына қазақтардың шабуылынан құтыламыз, әрі Кіші Орданы бөлшектеудің, ондағы билеуші сұлтандардың арасына іріткі салудың сәті түседі деп білді. (уақытша Кеңес мұрағаты №8 іс)

Slide 14

Жәңгір хан еліне қандай қамқорлық жасады?

Тарихи құжаттар Жәңгір ханды отарлаушылар саясатымен халқын қорғаушы, еліне мәдениет пен білім, мұсылман нұрын себуші хан ретінде көрсетеді.

Әр нәрсенің әділдігіне тоқталсақ, патша үкіметі Жәңгірге, оның балаларына да орысша білім, тәрбие беріп көп үміт артты. Қазақ даласын отарлауда жан - жақты білімді, ақылды Жәңгір сияқты тұлғаны қолға ұстаудың қаншалықты пайдалы екендігін патша да, генерал - губернаторлар да жақсы білді. Сол үшін де Жәңгірді үнемі дүниеден, биліктен, шен - шекпеннен, атақ - абыройдан кенде қылған жоқ. Хан тағына отырғызу салтанатында

48 дүркін зеңбіректен оқ атып Орал даласын дүр сілкіндірген. Жәңгірге

20 сәйгүлік тарту етіп, бірнеше ордендермен марапаттап, қазақтың тұңғыш генералы дәрежесіне көтерді. Бұлардың барлығы отарлау саясатының мүддесі үшін істелген айла екендігі белгілі. Ішкі Орданың басқару жүйесін отарлаушылар өз мүддесіне сәйкес хан кеңесшісі етіп Ресей Сыртқы істер министрінің өкілі Г. С. Карелинді тағайындады. Ол Ішкі Орданың тыныс-тіршілігін күн сайын Орынбор шегаралық комиссиясына хабарлап отырды. Ішкі Орда қазатқары бірте-бірте шағыл құмға қуылды. Жайылымға, қыстауға қолайсыз жерге ығыстырылды. Бұл жағдайларға наразылық білдіріп Жәңгір Астрахань генерал - губернаторы А. С. Осиповке: " Киргизам остались обнаженные степи, пески, солонцы . . . "- деп хабарлап - казактардың жөнсіздіктеріне тыйым салуды талап етті. ( Астрахань ОММ. 10 қор. 7 тізімдеме 224 іс )

Slide 15

Жәңгірдің жер мәселесі туралы шағымдары.

Жәңгір хан казактардың қысымы, жер мәселесіне қатысты әділетсіздік жөнінде 1828 жылы Ресей Сыртқы істер министрлігіне, 1829 жылы 10 желтоқсан Астрахань генерал - губернаторы А. С. Осиповке, 1834 жылы

19 сәуірде Орынбор шегаралық комиссиясына, 1839 жылы 19 шілдеде Мемлекеттік мүлік министрі П. Д. Кисилевке, 1843 жылы 31 қаңтарда Орынбор әскери губернаторы В. А. Обручевке шағымданды. Жәңгір халқының ауыр тағдырын император I Николайға да жеткізді, көмек сұрады. Амал не, ешқандай шешім болмады. Қайта Жәңгірдің Хиуа, Бұқар, Түрікмен хандықтарымен байланыс жасауына да тыйым салынды. 1829жылы 29 тамызда Орынбор шегаралық комиссиясы " Жас құста " Жәңгір ұйымдастырған жәрмеңкені жабуға бұйрық берді.

Сөйтіп, Ішкі Орданың басқа елмен қатынас жасауының жолы кесілді. 1834 жылы 3 наурызда Азия департаментінің директоры К. К. Родофиникин №611 қатынаспен Жәңгірдің Хиуаға баруына, олармен қатынас жасауына рұқсат бермеді. ( Орынбор ОММ. 6 қор. 10 тізімдеме. 4118 іс)

Slide 16

Жәңгір туралы отарлаушылардың пікірі.

Тарихи құжаттар отарлаушылардың сенімін Жәңгірдің ақталмағандығын анықтайды. Отарлаушыларға халқын Жәңгір сатпады. Ол ойымызды А. А. Перовскийдің Ресей мүлік министрі П. Д. Кисилевке:

" Управление его ( Джангира) - Росии принесло не пользу, а огромный вред, "- деп жазған сөзі нақтылайды. Әрі " Джангир действовал не как подданный императора, не как правитель поставленный от русского царя . . . хан так умен, так ловок, с таким искусством умел он обделывать свои дела, "- деуі Ресей отарлаушыларының сойылын соқпағандығын дәлелдейді.

( Ресей ҒАМ. Петербург филиалы 157 қор. 79 іс)

Жәңгірдің көтеріліспен байланыстылығы.

Коммунистік партияның ызғарлы желі Жәңгірдің халқына еткен еңбегі, саяси көзқарасы, отарлаушылыққа қарсы қалай күрескені, ақыл парасаты, халқы үшін еңбек сіңірген қайраткер екендігі жоққа шығарылды, халықтан бүркемеленді.

Жәңгір хан елдің экономикасын, мәдениетін, білімін, дінін, тілін көтеруге зор еңбек етті. Жәңгір 22 жыл хандық құрған кезде басқа хандар істемеген істерді қазақ тарихында игі - мұраларды өмірге келтірді. Ал Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің шығуының түп тамыры отарлау саясатында жатыр. Оны Жәңгірдің туысқандары да көрді. Мысалы: Заңсыз жерге үй салды деген желеумен Шығайдың үйін бұздырғандығы, Жәңгір хан ордасына қолайлы жер таппай Нарын құмының ортасына салғандығы және 1841 жылы

1 желтоқсанда министр В. М. Корнеевке Жәңгір "Я сам не имею ни одной десятины земли, "-деген тарихи құжаттар мұрағатта сақталған. Өзінде жер болмаса да Исатайға 1825 жылы қолайлы қоныс " Күйген арал " мен " Қара қамысты " деген жерді иелігіне берген. ( ҚРОММ. 4 қор. 1 тізімдеме. 197 іс)

Slide 17

Жәңгірдің көтеріліспен байланыстылығы.

Коммунистік партияның ызғарлы желі Жәңгірдің халқына еткен еңбегі, саяси көзқарасы, отарлаушылыққа қарсы қалай күрескені, ақыл парасаты, халқы үшін еңбек сіңірген қайраткер екендігі жоққа шығарылды, халықтан бүркемеленді.

Жәңгір хан елдің экономикасын, мәдениетін, білімін, дінін, тілін көтеруге зор еңбек етті. Жәңгір 22 жыл хандық құрған кезде басқа хандар істемеген істерді қазақ тарихында игі - мұраларды өмірге келтірді. Ал Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің шығуының түп тамыры отарлау саясатында жатыр. Оны Жәңгірдің туысқандары да көрді. Мысалы: Заңсыз жерге үй салды деген желеумен Шығайдың үйін бұздырғандығы, Жәңгір хан ордасына қолайлы жер таппай Нарын құмының ортасына салғандығы және 1841 жылы

1 желтоқсанда министр В. М. Корнеевке Жәңгір "Я сам не имею ни одной десятины земли, "-деген тарихи құжаттар мұрағатта сақталған. Өзінде жер болмаса да Исатайға 1825 жылы қолайлы қоныс " Күйген арал " мен " Қара қамысты " деген жерді иелігіне берген. ( ҚРОММ. 4 қор. 1 тізімдеме. 197 іс)

Slide 18

Жәңгір мен Исатай қарым - қатынасы.

Кейбір деректерге қарасақ: " Жәңгір 400 мың десятина жер иеленді", -деген сөз В. А. Перовскийден тараған жалған сөз болуы ғажап емес. Бұл әлі де зерттеуді қажет ететін мәселе. Ал Исатаймен қарым - қатынасына келсек, Жәңгір Исатайды қатты құрметтеген, ерлігін бағалаған. Петербургке императорға кетіп бара жатқан Хиуа елшісін Сарайшық бекінісінде күтіп алу жауапкершілігін Исатайға тапсыруы осының бірден - бір дәлелі. Ал көтерілістің тууына халықтан алынатын салықтың көп болуының ықпалы болғандығы шындық.

Бірақ сол алым - салықтың бәрі дерлік халықтың экономикасы мен мәдениетін, білімін, дінін, тілін көтеру үшін жұмсағанын ешкім жоққа шығармайды. Оны тарих та өшіре алмайды. Оның үстіне Бөкей Ордасындағы қызмет еткен Сыртқы істер министрінің өкілін, әртүрлі лауазымды шенеуніктер, саяхатшылар, хан кеңесіне жиналатын ел басшыларын күту, хан ордасында мектеп, дәріхана, аурухана, тұрғын үй құрылысы тағы басқа шығындардың халықтың мойнына түскені шындық. Мұндай шығынға арнайы қаржы бөлінбеген. Сондықтан халықтан жиналатын алым - салықпен толықтырылып отырған. Жәңгірдің түпкі мақсатын көтерілісшілер де, оның басшылары да кезінде түсінбеген, түсінгісі келмеген де болу керек.

Slide 19

Жәңгір ханның халқы үшін жасаған игі істері.


Ұқсас жұмыстар
Жәңгір хан - өз заманының білікті тұлғасы туралы
ХV-ХVІІІ ғғ. Қазақ хандығының тарихы
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы туралы ақпарат
ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ
Абылай қолбасшы
ҚР Призидентінің билігі
Әль - Бируни афоризмдары
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқығы тарихы
Патша үкіметінің сойылын соққан сұлтан
Қазақ хандығына 550 жыл
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz