Өмірде өз орынды қалыптастыру: жауапкершілік пен тағдыр

Тақырыбы: “Өмірде өз орыным бар” Орындаған: Мамырбек Н. М Тексерген: Жакпарова Г. А
Өмір - теңіз, тағдыр - кеме, ал кемең суға батпас үшін өзің капитан болуың керек.
Әр адамның өмірде бақытты және бақытсыз болуы, табысты және табыссыз болуы өз қолында.
Өткен өмірдің берер сабағы, үлгі-өнегесі көп-ақ, бірақ оған қорытынды жасап ойланбаймыз.
- Өзен ағысымен өлі балық қана жүзеді.
- Өткенді еске алып, бүгінгі күнмен өмір сүріп отырып, мынандай ойға келесің: тарихты көшіріп жазуға болады, бірақ, оны жадыңнан өшіру мүмкін емес.
- Адам өз ғұмырын ісімен, тірлігімен не ұзартады, не қысқартады.
Қорытындылай келе әр адам дүниеге шыр етіп келгеннен бастап оның маңдайына тағдыры жазылады. “ Шайдың қанды түбінде” демекші тағдырдың соқтықпалы жолдарына шыдай білген адам ғана өмірдің ләзәтына бөлене алады.