Компьютерлік желілер. E-mail қызметі. Әлеуметтік желілер




Презентация қосу
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университет

Компьютерлік желілер. Электронды
пошта қызметі. Әлеуметтік
желілер

Тексерген: Дария Даурибаевна
Орындаған: Досанова Зарина
Internet - əлемдегі ең үлкен компьютерлік
байланыс желілерінің бірі. Алғаш АҚШ
Қорғаныс министрлігі үшін жасалған бұл
жүйенің қолданушылары саны санаулы ғана
болған, қазір саны күннен-күнге көбеюде.
Internet сөзі қазақша халықаралық желі деген
мағынаны білдіреді (International
– халықаралық, network - желі). Мұнда
пайдаланушы өзін қызықтыратын мəселелері
бойынша желідегі дүние жүзі компьютерлерімен
байланыс жасай алады.
Компьютерлік желі деп екі немесе одан да көп
компьютерлердің бірігуін айтамыз. Барлық
компьютерлік желілерін қолданудағы негізгі
мақсат – олардың ортақ ресурстарға бірлесіп
қатынауын қамтамасыз ету.Интернетке
қосылу үшін : модем, сымтетік, компьютер
қажет.
Ресурстардың үш түрі бар: аппараттық, бағдарламалық жəне
ақпараттық. Аппараттық ресурстарға барлық компьютерлік
құрылғылар, сол құрылғылардың сыйымдылығы жəне т.б.
жатады. Мысалы, принтер, қатқыл диск, қатқыл дискінің
көлемі.
Қашықтықтағы компьютерлерде сақталған мəліметтер
ақпараттық ресурстарды құрайды.
Компьютерлік желідегі аппараттық жəне бағдарламалық
үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін хаттама деп аталатын
арнаулы стандартты бағдарламалар қызмет етеді.
Əдетте Интернет серверлері түрлі типті, яғни бір
бағдарламалық жабдықтау бойынша жұмыс істей бермейді.
Олардың бірі арқылы жіберілген деректерді басқаларының
түсініп оқи алуы үшін алдымен олар Интернетте
қолданылатын бір стандартты тілге аударылады. Ол –жүйелік
хаттама деп аталатын TSP/IP (Transmission Control
Protocol/Internet Protocol – Тасымалдауды басқару хаттамасы)
атаулы жіберу тілі. Яғни TSP/IP-
Интернетпен жұмыс істейтін барлық компьютерлердің негізгі
тілі. Хаттаманың қызметі – сервердегі бір тақырыпқа арналған
мəліметтерді блоктарға бөліп, бір бумаға кірістіру жəне
қабылдаушы сервер дұрыс түсінуі үшін оған тақырып атын
жəне жіберуші сервер адресі мен файл адресін енгізіп қою.
Желіге тұрақты қосулы жəне
мəліметтердің жинақталған қоры
сақталған компьютерлер Сервер делінеді.
Əр сервердің өзіне сəйкес адресі болады.
Мысалы, www.khabar.kz еліміздегі Хабар
телеарнасының сервері. Internet желісінен
қажетті мəліметті табу үшін сервер
адресімен қоса ресурс типін де білу қажет.
Көптеген Web-беттерді іздеп табу үшін
олардың адрестерін енгізу жеткілікті.
Түрлі желілер мен іздеу құралдарының
адрестері көп, оларды URL (Uniform resouree
locator-ресурстың стандартты адресі)
адрестер деп атайды. Мысалы,
http://www.rambler.ru/timetable/0002.shtml
мұнда
- http:// - www ресурсының көрсеткіші, Web-
ке ену.
- www.rambler.ru – сервердің Internet
желісіндегі адресі, торап серверінің
(қойма компьютерінің) адресі, яғни
төмендегіше.
Ол нүкте арқылы ерекшеленген бірнеше бөліктен тұрады. Оң жақ шеттегі соңғы
бөлік компьютердің қай елге тиістілігін немесе ондағы мəліметті ң қай салаға
қатыстылығын көрсетеді. Əріптердің жұбымен ел таңбаланады. Мысалы,
.kz – Қазақстан, .ru – Ресей, .ca – Канада жəне т.б. Үш əріппен м əліметті ң тиісті
қызмет түрі белгіленеді. Мысалы, .com – коммерциялық, .edu – оқу-ағарту
саласына қатысты мəліметтер екенін білдіреді.
Қиғаш сызық араларында жазылатындар – каталогтар мен ішкі каталогтар,
ең соңында файл аты жазылады.
- timetable/0002.shtm – ізделінді файлдың сервердегі толы қ жолы (timetable –
каталог аты, 0002.shtm –файл аты).
Internet тек желі ғана емес, оның жұмысы – ақпараттық кеңістікке түрлі пішімта
қызмет көрсету. Қызмет ақпарат алмасатын түрлі хаттамаларға негізделген.
Олардың ең көп тарағаны – World Wide Web (WWW-дүниежүзілік өрмек). Көбінесе
оны қысқаша Web деп атайды. Web-тің негізгі қызметі – қажетті ақпаратты
іздеу, жинастыру жəне оны экранға шығаруды ұйымдастыру. Оның экранда
көрсететіні –мəліметтер Web-беттер түрінде дайындалып, сақталған
электрондық құжаттар. Электрондық құжаттың кəдімгі құжаттан
айырмашылығы – оның жазылу пішімында. Интернетте электрондық құжат құру
үшін HTML (Hyper Text Markup Language-гипертекстік белгілеу) делінетін арнайы тіл
пайдаланылады. Яғни Web-беттер серверде ерекше HTML пішімында сақталады.
HTML-дің орындайтын жұмысы – құжат тақырыптарын, абзацтарды белгілеу,
гипермəтінге белгілер орнату.
Web-бет – кішігірім мəтін не үлкен мəтіннің бір бөлігі.
əдетте үлкен көлемді құжат бірнеше блоктарға бөлініп,
əр блок бір Web-бет ретінде қарастырылады. Мысалы,
жоғарғы оқу орны үшін Web-беттерді мынадай түрде
дайындау мүмкін:
- факультет атаулары, мамандықтар;
- кафедралар, олардың қызметкерлері жөнінде
мəліметтер;
- əр жылда оқу орнын бітіруші студенттер тізімі.
Web-беттерге сілтеме ретінде тақырыпқа байланысты
басқа Web-беттің адресі де енгізіліп қойылады. Оны
гиперсілтеме деп, сілтеме мазмұнын
гипермəтін деп атайды. Экранда көрінген Web-бетте
гиперсілтеме басқа түске боялып, асты сызылып
көрсетіледі. Гиперсілтеме бойынша келесі Web-бетті
экранға шығару үшін сілтемеге меңзерді əкеліп, ол сұқ
саусағы мəтінге бағытталған қол түріне айналған кезде,
тышқан батырмасын басу керек.
Web-те бір тақырыпқа арналған Web-беттерді ретімен не
оларды байланыстырып, тұтас көрсету де мүмкін. Оны
Web-түйін деп атайды.
Электрондық пошта
Желілік байланыстың қазіргі кезде Электрондық пошта (E-
mail) деген түрі кең қолданылуда. Мұнда əлемнің түкпір-
түкпірімен электрондық хат арқылы байланысуға мүмкіндік
бар.
Электрондық пошта – компьютер арқылы қашықтықта
орналасқан абоненттерге хат, түрлі басқа мəліметтер
жіберу мен қабылдау бағдарламасы.
Электрондық пошта адресінің жалпы түрі
Username@hostname бойынша беріледі. Мұндағы, Username -
пайдаланушының аты, @ (ат)- электрондық адрес белгісі,
hostname – поштаны абонентке жеткізіп беруші пошталық
сервердің адресі. Мысалы, Outlook Express→OK.
Кірістіру→Тіркеулік
жазбалар→Пошта→Үстеу→Пошта→OK (Сервис→Учетные
записи→Почта
→Добавить→почта→OK) E-mail адресі оңнан солға қарай
оқылады. Мұнда да құрамдас бөліктері бір-бірінен нүктемен
ажыратылады. Оң жақтағы шеткі бөлік – жоғары деңгейлі
домен деп, ал келесі бөлік – бірінші деңгейлі домен деп т.с.с.
аталады. Мысалы, zhan@rambler.ru, zhan@mail.ru т.б. Личный
кабинет Сбербанк - это удобное управление банковскими
счетами дистанционно, с любой точки мира где есть
интернет.
Әлеуметтік желіні «әлеуметтік медиа»
деп те атайды. Бұл – адамдардың бір-
бірімен ғаламтор арқылы өзара
байланысын қамтамасыз ететін интернет
сайт(тар). Жалпыға ортақ сөзбен айтар
болсақ, әлеуметтік желі дегеніміз бұл –
адамдар мен олардың бір-бірімен қарым-
қатынасы. Әлеуметтік желі – бұл тек
адамдарды бір-бірімен байланыстыратын
вебсайт қана емес, сондай-ақ, олар өз
айналасындағы адамдардың тағы да
кімдермен байланыста һәм таныс екенін
білудің, сондай-ақ, сол арқылы өз таныс-
білістігіңді арттырудың жолы. Демек,
әлеумет – халық, адамдар, топ болса, желі
– байланыс, қарым-
қатынас. Осы жердегі «желі» сөзі –
интернеттегі сайт болса, «әлеумет» – бұл
сол сайттың тұтынушылары, яғни сіз бен
біз.
Әлеуметтік желінің бірнеше түрі бар.
МойМир секілді жалпы әлеуметтік желілер
немесе блогтар желісі, микроблогтар, тек
қана видео немесе суреттерді жүктеуге
арналған белгілі бір бағыттағы,
тақырыптық әлеуметтік желілер бар.
Мысал ретінде әлеуметтік видео желіге
youtube-ті айтсақ, блогтар желісіне
wordpress, фотографтар немесе жәй ғана
суретке түсіргенді жақсы көретін
әуесқойлар үшін flickr, ал микроблоггинг
мысалына twitter жатады.
Бұлардың барлығына жеке тоқталмас
бұрын бұрын, МоиМир туралы айта
кетсек. Қазір мұны екінің бірі біледі.
Пайдаланады. Бұл, өздеріңіз білетіндей,
ресейлік сайт. Оның негізгі
тұтынушылары – бұрынғы Кеңес Одағы
елдерінде тұратындар. Ал енді әлемдегі
танымал өзге әлеуметтік желі ол
Facebook …
Facebook — әлемдегі ең ірі әрі ең танымал әлеуметтік
желі. 2004 жылы Марк Цукерберг өзінің
серіктестері Эдуардо Саверин, Дасти
Московиц және Крис Хьюзбен біріге отырып Facebook-
тың негізін қалаған. Марк Цукерберг 23 жасында өзіні ң
сайтының арқасында әлемдегі ең жасмиллиардер болды.
Сайттың алғашқы аты TheFacebook деп аталды және ол
тек Гарвард университетiнiң студенттерiне ғана қол
жетімді болды, кейінірек Бостон
университетінің студенттеріне де жол ашылды, ал содан
соң .eduдоменіндегі электрондық мекенжайы бар АҚШ-
тың кез келген оқу орнындағы студенттер де тіркеле
алатын болды. 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап 13
жастан асқан электрондық поштасы бар ғаламтор
пайдаланушыларына қол жетімді болды. 2013 жылды ң
наурыз айындағы мәлімет бойынша Facebook-ты
пайдаланушылар саны 1,11 миллиардты құрайды,
олардың көбісі мобильді құрылғыдардың көмегімен
кіреді. Facebook-тың 2009 жылғы қаржы айналымы 700
млн АҚШ доллларын құрады
Facebook-те өзің туралы фотосуреттер мен
мәліметтері бар профиль жасауға, достар
шақыруға, хат алмасуға, өз мәртебеңді
(статусыңды) өзгертуге, өзіңнің және бөгде
адамдардың «қабырғаларына» хабарлама жазып
кетуге, фотосуреттер мен бейнежазбаларды
жүктеуге, қауымдастықтар құруға (мүдделер
бойынша бiрлестiк) мүмкiндiк бередi.
2007жылы Facebook бағдарламашыларға қосымша
лар (ойындар, музыканы айырбастау құралдары,
фотосуреттермен және тағы басқалар) құрып
және бұдан табыс табуды ұсынады. Бұл
мүмкiндiктің арқасында сайттың қатысушылары
көбейеді. Facebookқолданушыларына өзара
әрекеттесе алатын функциялардың жиынтығын
ұсынады. Арасындағы өте әйгiлiлері - виртуалды
ымдау, фотоальбомдар және таныс
қолданушылардың хабарлама тастап кете алатын
«қабырға». Қолданушы өз парақшасында
жариялалған ақпаратқа қол жеткiзу деңгейін
бақылай алады.
Назарыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік желілер. Әлеуметтік желілер
Компьютерлік желілер. Электронды пошта қызметі. Әлеуметтік желі
Әлеуметтік желілер туралы ақпарат
Әлеуметтік желілер
Компьютерлік және әлеуметтік желілер
Компьютерлік желілер. Электронды пошта қызметі
Компьютерлік желілер.Электрондық пошта.Әлеуметтік желілер
Компьютерлік желілер. Электронды пошта қызметі. Әлеуметтік желілер туралы
Компьютерлі желілер
*Компьютерлік желілер. Электронды пошта қызметі. Әлеуметтік желілер
Пәндер