Ақан сері Аөжігіт Қорамсаұлы
Презентация қосу
Семей мемлекеттік Шәкәрім атындағы
мемлекеттік университеті
Тақырыбы: Ақан сері
ҚорамСАҰЛЫ OРЫНДАҒАН : Белдеубай. M
Ақан Сері, Ақжігіт Қорамсаұлы — ақын, әнші,
композитор.
Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы
Көкшетау облысы, Үлкен Қоскөлдің маңы — 1913
жылЫ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН) — ақын, әнші, композитор.
Әкесінің есімі Қорамса, шешесі — Жаңыл. Ақан сері
жас кезінен өнерімен көзге түсіп, кейін ақындық,
әншілік өнері кемелденген соң алты алашқа аты мәлім
сері атанған. Әуелі ауылда, содан соң Қызылжардағы
Уәли (Ахметуәли) молдадан оқыған. 16 — 17 жасынан
өнер жолына түскен. Шоқанның қазасына көңіл
айтып, оны Көкшенің биігіне, теңіздегі кемеге теңейді,
“40 темірдің қылауын қосқан өнерпаз” деп бағалайды.
ондағы тамаша таланттың айқын
көрінісі есепті сегіз қырлы, бір
сырлы ардагер азамат. өзі өмір
сүрген дәуір шындығын ән-
музыка, өлең — жыр туындылары
арқылы бейнелей білген, ұлы
суреткер, компазитор. Ойлы, сырлы
ғажайып шығармаларын өз
даусымен орындап, қалың елге кең
таратып, тыңдаушының құлақ
құрышын қандырған топшысы
болат дауылпаз. өмір сүрген
ортасынан озат шығып, асыл
өнерімен де, жеке бас әдет-
мінездерімен де, жүріс — тұрыс,
киім киіс, сән-салтанатымен де
даралана көзге түскен қазықтың ең
қадірлі серісі. Асып-таспай,
жабырқап жасымай әр кез арын
таза ұстай білген, жақсылық пен
әділеттік жолына белін бекем буған,
ақыл-парасаты биік саналы
гуманист.
• Ақан серінің “Ақтоқты”,
“Алтыбасар”, “Тер қатқан”,
“Мақпал”, “Балқадиша”,
“Сырымбет”,
“Майда қоңыр”, т.б. әндері
әйел жанының сұлулығын
жарқырата көрсетуімен
бірге, махаббат құдіретін
асқақтата суреттеуімен
де құнды. Кеңінен
танымал бұл әндер
әйелдер образының
галереясын жасап,
шынайы махаббат рухын
ту етіп көтереді.
• . Ақынның сүйікті досына, қимас
өмірлік серігіне айналған сәйгүлігі
мен қыран құстарына арналған
“Маңмаңгер”, “Қараторғай”,
“Көкжендет”, “Құлагер” әндерінде
Ақан серіның ішкі жан дүниесіндегі
бұрқаныс, қан жылаған жүрек,
телегей теңіз мұң мөймілдеп
тұрғандай. Ақан сері басындағы
трагедиялық күй кез келген жүректі
толқытады. Әсіресе “Құлагердегі”
экспрессивті интонация, толқыған
мұңлы әуен, драмаға суарылған
қайғылы оқиға шынайылығымен
баурайды. Ән ақын өмірінің
трагедиялық сәтін бейнелеумен
қатар, сол қоғамдағы өнер
адамдарының тағдырын қамти
отырып, өзі өмір сүрген қоғамның
әділетсіз бет-бейнесін ашады
90 жылдардағы Ақан сері шығармашылығында
айтыс едәуір орын алды. Ақан серінің алғашқы
айтыс-қағыс өлеңдерінің бірі — “Жүсіп төреге”
(Тәкінің Жүсібіне қайтарған жауап өлеңі). Орынбай,
Нүркей тағы басқа он шақты ақынмен
айтыстарының үзінділері ғана сақталған.
Толығырағы — Нұрқожамен айтысы. Онда Ақан сері
ел-жұртты тірек тұтады (“Хақ қалаған Есенбай
қарашамын, Алтын бесік халқыма жарасамын”),
ақындық өнерді қадірлейді, туған жерді, халықты
мақтан етеді.
. Ақан сері – өмір шындығын үлкен
суреткерлікпен жырлаған заманының асқақ
ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, әншілік-
орындаушылық өнерімен танылған өзгеше
дарын иесі. Оның композиторлығы
ақындығынан кем түспейді. «Ақан сері»
атанып, кезінде жұртшылыққа кең танылуы,
атақ, даңқының шар-тарапқа жетуі – әншілік-
композиторлық өнерінің жемісі. Ол жас кезінде
айналасына әнші-күйші жастарды жинап,
өзгеше бір өнерлі топ болып ел аралады.
Балуан шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иман Жүсіп,
Құлтума сияқты атақты ақын-әншілер
Ақанның ең жақын достары болған
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz