Бастауыш мектепгі музыка сабағыныі типтік бағдарламасы мен әдістемелік кешені, мазмұндық сипаты
Презентация қосу
Қазақстан Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік
университеті
Такырып:бастауыш мектепгі музыка сабағыныі
типтік бағдарламасы мен әдістемелік кешені,
мазмұндық сипаты
Топ:П-301
Орындаған: Карипжанов
А
Тексерген:Сұлтанова Н.К.
Бастауыш мектептерде музыка сабағын оқыту
жүйесіне көптеген өзгерістер, жаңалықтар енгізіліп,
авторлық бағдарламалар, әдістемелік жинақтар
шығармашылық ізденіспен дамып келеді. Музыка
саласындағы дәстүрлі халық музыка байлығын,
Қазақстан сазгерлері шығармаларын насихаттау
жаңа қырынан алға қойылып, жаңартылған музыка
бағдарламалары жасалуда. Дегенмен бұл
әдістемелер мен бағдарламалар әлі күнге дейін
ғылыми тұрғыда зерттеліп, оны бастауыш мектепте
толығымен қолға алынбағандығына көз жеткіздік.
Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тал ғамын
қанағаттандыра отырып, олардың музыка өнері ж өніндегі
түсінігін кеңейтуде, ой-өрісін дамытуда заман талабына
сай құрылған музыка сабағының маңызы зор. «Бала ға білім
бергенде, алыстан жақынға, таныстан жат қа к өшіп,
жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек»-деп Ма ғжан
Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жа ңа к өз қараспен
қарау керек. Осы бағыттарда мектептерде музыкадан
теориялық және тәжірибелік білім беру жүйесінен біраз
тәжірибелер жинақталған, солай бола т ұрса да, музыка
сабағын жүйелі оқыту, әсіресе қазақ мектептерінде
ұлттық сазды әуендерге бай музыкалық мұраларымызды
молынан пайдаланудың жолдарын ғылыми тұр ғыда
зерделеу, оны оқушылардың санасына сіңіру қазіргі
таңдағы мұғалімдердің төл міндеті.
Басты міндет-оқыту мен тәрбиелеу. Өз пікірінде көрнекті педагог В.
Сухомлинский «Өнер — өнегелі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал»
-деп тәрбие үрдісінде өнерге аса көңіл аудару қажеттілігін қысқа да
түсінікті түрде атап көрсетті.
Оқуға ынтасы барды да, ынтасыздарды
да, тәртіптілер мен тәртіпсіздерді де
музыка әлеміне қызықтырып,
оқушылардың рухани бейнесі, танымын
қалыптастыра отырып, қоғамның
саналы азаматы етіп шығаруда музыка
пәнінің маңызы зор.
Бастауыш мектептің музыка пәнінде жаңа әдістерді
пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша
ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына
жағдай жасау, теориялық, ғылыми-педагогикалық және
психологиялық зерттеулерге сүйене отырып,
оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық
технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы
оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа,
адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке
тәрбиелеу қажеттілігі туындайды. Осы адами
қасиеттерге тәрбиелеуде ұлттық халық музыкасының
алатын орнын көптеген ғалымдар өз ғылыми
еңбектерінда зерделеген. Ғылыми еңбектерге талдаулар
жасаған кезімізде әрбір ғалым өзінің ғылыми
жұмыстарында ұлттық музыканың мектеп оқушысына
берер тәрбиесінің мол екендігін баяндаған. Осы тұрғыда
бастауыш сынып оқушысына музыка пәнінің оның
тәрбиесіндегі ролі мен маңызы айқындалмақ.
Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие
беріп, олардың бойына туған өлкесіне, халқына деген
адамгершілік пен сүйіспеншілік сезімдерін сіңіруде
ұлттық музыка мәдениетінің алатын орны ерекше
екендігі белгілі. Осы мәселелерді қайта жандандыру
мақсатында оқушыларды қабілетіне қарай – жыраулық
өнерге, терме айтуға, шешендікке тапқырлыққа, айтыс
өнеріне үйретуде – ән-саз пәнінің алатын орны орасан
зор.
Бастауыш мектеп оқушыларының білім алуында ерекше
орын алатын пән музыка өнері болып табылады.
Өйткені, әдемілік пен көркемділік адамның күнделікті
өмірінде зор роль атқарады. Адамның қоршаған ортасы
неғұрлым көркем болса, соның өзі адамды көңілдендіріп,
еңбек пен өмір шабытын тудырады. Осы аталған
әдемілік пен әсемдік әлемінен сыр шертетін әуезді ән
өнері, кез-келген оқушының пәнге, сабаққа, өнерге деген
қызығушылығын арттырып, көркемдік ой-өрісін
дамытып, сұлулық әлемінен тәлім-тәрбие алуына
септігін тигізетін ғылым саласының бірі. Сонымен
қатар, ән-саз өнері оқушылардың рухани дүниетанымын
молайтып, өнер құндылықтарын бағалай білуге де
септігін тигізері хақ.
Қорыта айтқанда бастауыш мектептегі
музыка сабағы оқушыларды әсемдік әлемінің
таңғажайып сырын терең түсініп, көркемдік
атаулыны шынайы сезінуге, одан рухани
ләззат, әсер алуға, өмір жайлы ой толғауға,
ізгілікті мұрат мақсаттарға жетелеп, өнегелі
істерге баулыйды. Музыка – құдіретті күш,
жан дүниені ерекше әсерге бөлеп, адамды
сәулелі өмірге жетелейтін сиқырлы өнер. Осы
тұжырымдар бастауыш мектепте музыка
сабағын оқытудың маңызын айқындай түседі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz