Бағдарланған даналық бұйымдарға арналған автоматты мөлшерлегіштердің конструкциясы және жұмыс принциптері

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: «Бағдарланған даналық бұйымдарға арналған автоматты мөлшерлегіштер»
Орындаған: Кылышбеков Д. М.
Тобы:ТО-207
Тексерген: Абдилова Г. Б.
Семей - 2015ж.
Технологиялық машинаның негізгі циклына порциялармен немесе жекелеп бункерлі және магазиндік құрылғылардың толассыз ағынынан шығатын белгілі бір жағдайда бұйымды бір-бірінен бөліп алу қажет.
Осы функцияны орындайтын механизмдар даналық бұйымдарды автоматты мөлшерлегіштер деп аталады.
Жалпы жағдайда мұндай мөлшерлегіштер жеке элементтерден тұрады:
- отсекателдер, бергіштер және дистанционерлер.
Отсекателдер бір бұйымды ағыннан немесе үйіндіден бөліп алады. Одан әрі бұйым арнайы механизмдердің көмегінсіз тасымалдана алады. Бұл жағдайда отсекатель мөлшерлегіш қызметін атқарады.
Бергіштер деп белгіленген орынға бір-бірінен бөлектенген бұйымдарды беретені арнайы механизмді айтады.
Дистанционерлер деп беретін бұйымдар арасындағы арақашықтықтарды қамтамасыз ететін құрылғыларды айтады.
Штифті отсекателдердің схемасы Штифті отсекателдер бұйымдар өлшемдерінен көбірек бір-біріне паралельді орналасқан. Штифті отсекателдер ағынға көлденең ілгерлемелі-кейінді немесе тербелмелі қозғалыс жасайды. Әрбір екі есе жүрістен ары қарай өңдеуге кететін бұйым босатылып отырады. Штифтердің ұзындығын штифтердің бейтарап жағдайында дайындамалардың қозғалысы болмайтын болу керек.
Жұлдызшалы дистанционер-отсекательдің схемасы
Жұлдызшалы немесе барабан түріндегі дистанционер-отсекательдің схемасы көрсетілген. Дистанция мөлшері бұйым берілетін жұлдызшаның айналу жылдамдығымен және транспортер жылдамдығымен анықталады.
Бөтелке жуғыш машиналарда қолданылатын Мотылевый бергіш-отсекателі (1г- суретте) көрсетілген.
Мотыльдың 1 оңға бұрылуы кезінде қармауыш табан 4 науаларға 2 тіреледі, және серіппенің 5 әсерін жеңіп, қармайды, бұл кезде кезекті бөтелке 3 түседі.
Сол жаққа бұрылу кезінде серіппе астындағы табан қозғалмайтын тіректің 6 соңына іліккенше бөтелкені 4 қысады. Бұл кезде қармауыш ашылып бөтелке табаннан 4 сырғанап кетеді.