Жұмбақтар, жаңылтпаштар




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ №10

Тақырыбы: Жұмбақтар, жаңылтпаштар

 

Тексерген:Оралбекова Б.С
Орындаған:Байқаметов С.Б
Топ:Е -415

Семей қаласы 2015 жыл
Тақырыбы : Жұмбақтар, жаңылтпаштар

МАҚСАТЫ :

БІЛІМДІЛІК : ОҚУШЫЛАРҒА ЖАҢЫЛТПАШ ПЕН ЖҰМБАҚ АРҚЫЛЫ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРДЕЛІЛІК , ТАНЫМДЫҚ , ЕРІКТІЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ҰШТАУ.

ТӘРБИЕЛІК : КӨПШІЛІК АЛДЫНДА ӨЗІН- ӨЗІ ЕРКІН ҰСТАУҒА , БІЛІМІН КЕҢІНЕН
ҚОЛДАНА БІЛУГЕ ТӘРБИЕЛЕУ.

ДАМЫТУШЫЛЫҚ : ӨЗ БЕТТЕРІМЕН ІЗДЕНІС ҮРДІСІН , АДАМГЕРШІЛІК
ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ.
Сабақ типі :дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс- тәсілдері : топпен жұмыс, жеке жұмыс,
кестемен жұмыс, ақпараттық диктант, «зымыран» ойыны

Көрнекіліктері : интербелсенді тақта , оқулық, «Қазақ
балалар әдебиетінің хрестоматиясы»
Сабақ барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, сынып тазалығына көңіл бөлу.
Сабаққа оқушыларды әзірлеу, оқу құралдарын түгелдеу.

ІІ. Үй жұмысын пысықтау.
«Қанатты сөздер мен нақыл сөздер»
Мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім- мектептің
жүрегі.
Ы. Алтынсарин
ІІІ. Жаңа сабақ «Жұмбақтар, жаңылтпаштар»
Жұмбақ- адамның ой- өрісін, алғырлығын, білімін сынау үшін бір затты
не табиғат құбылысын тұспалдап айтатын ауыз әдебиетінің бір т үрі.
Жаңылтпаш- адамның есте сақтау қабілетін арттырып , жылдамды қ пен
шапшаңдыққа шыңдайтын ауыз әдеиетінің бір түрі.
Мысалы :
Бір нәрсе білмегенді білгізеді,
Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді.
Жалғанда әңгімесі сондай қызық,
Жаныңды тыңдай берсең кіргізеді (кітап)
Топ бала , топ бала ,
Ойнап жүр топтала.
Зымырап допты ала,
Қуады көп бала.
ІҮ. Топпен жұмыс. Оқушыларды үш топқа бөліп,
-І топ жұмбақ айтады,
-ІІ топ жұмбақтың шешуін тауып,
-ІІІ топ жұмбақтың шешуіне мақал құрайды.
І топ : Ұрамыз ол байғұсты таяқпен де,
Тебеміз сәті түссе аяқпен де.
Томпаңдап жүгіреді ұрған сайын,
Басынан сипамайды аяп пенде.
ІІ топ : жауабы : доп
ІІІ топ : Асық ойнаған азар, допты қуған тозар, бәрінен де
малды баққан озар
Ү. Кестемен жұмыс.
І топқа ІІ топқа ІІІ топқа
ҮІ. Жаңа сабақты бекіту. «Зымыран» ойыны
Қағаздан ұшақ жасап, І топ жаңылтпаш жазып , келесі ІІ топқа зымыранды
ұшырады. Топ бірігіп зымырандағы жаңылтпашты оқып, жатқа айтады.
Зымыранға жаңылтпаш жазып, келесі ІІІ топқа ұшырады. Ол топта
зымырандағы жаңылтпашты оқып, жатқа айтып береді. І топқа зымыран ға
жаңылтпаш жазып, ұшырады . Ойын әрі қарай жалғасын табады. Оқушылар
топпен бірге жұмыс жасайды. Жаңылтпашты жатқа қатесіз айт қан топ же ңіске
жетеді.

І топ жаңылтпашы : Есет атам ет асатар, ет асатса бес асатар.

ІІ топ жаңылтпашы : Анау арал , қай арал?
Қайыңды арал , талды арал.

ІІІ топ жаңылтпашы : Үш кіші ішік піштім,
бес кіші ішік піштім.
Неше кіші ішік піштім?
ҮІІ. Қорытынды бөлімі :
Ақпараттық диктант. Мақалдың жартысын табу. «Кім
тапқыр?» ойыны.
1.Туған жердей жер болмас, ....................
2.Бірлігі жоқ ел тозар,...............................
3.Аз сөз алтын,..........................................
4.Жол қуған қазынаға жолығар,................
5.Шебердің қолы ортақ ,...........................
6.Басқа бәле ............................................
7.Аңдамай сөйлеген ,...............................
8.Күшіңе сенбе ,......................................
9.Оқу- білім азығы,..................................
10. Әке көрген ........................................
ҮІІІ. Оқушыларды бағалау.
Стикер арқылы әр оқушының берген жауабына байланысты
қызыл түсті стикер- «Өте жақсы»
көк түсті стикер- «жақсы»
сары түсті стикер- «қанағаттанарлық»
Әр топтың жинаған стикерлерін есептеп бағалап, жеңімпаз
топты табу.
ІХ. Үй тапсырмасы :
Жұмбақтар. Жаңылтпаштар.
Әр оқушы жұмбақтар мен жаңылтпаштарға кітапша
әзірлеп, бес жұмбақ , бес жаңылтпаш жаттау.
Назарыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Халық ауыз әдебиетін оқыта отырып, оқушыларды шығармашылық өнерге баулу
Блум таксономиясы негізінде қазақ ауыз әдебиеті саласы бойынша мультимедиялық көрнекіліктер әзірлеу
Қазақ халық әдебиеті
Қазақ халық ауыз әдебиеті түрлерімен таныстыру
Әліппеге дейінгі кезең
Сын есім
Аналар мейрамы
О. Бодықов "Аққұс туралы аңыз" Әдебиеттік оқу. 3 сынып
Аңыз әңгімелер туралы пікірлер
Ойын шарты
Пәндер