Қиын оқушылармен жүргізілетін жұмыстар




Презентация қосу
ҚИЫН ОҚУШЫЛАРМЕН
ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР

Орындаған:Асқарбекова Д.Б
Тексерген: Мазтаева Л.С
«Қиын» деген оқушының өзі бұзылған бала емес екенін
ескеру керек.
Психологиялық түзету кезеңінде төзімділк қажет.
Баланың ішкі дүниесі мен қылықтарын, іс- әрекеттерін білу
керек.
Мейірім мен сүйіспеншілік екі жақты да адамдық сипатқа
жеткізетінін ұғыну керек.
Жан жылуын зәруліктен құтқару, бала құқығымен санасу.
Жеке тұлға ретінде дамуына ықпал ету жағын ескеру қажет.
Осы жайттарды ескере отырып тәрбиеленуі қиын баланың
әрқайсысына әр түрлі қатынас жасап, оларды жеке-жеке
зерттеулер жүргізіп, кеңес беріп жүйелі жұмыс жүргізу қажет.
Қиын балалармен жұмыс барысында қолданып жүрген
әдістемені сіздерге жолдап отырмын. Қиын балалармен жұмыс
жүргізуде көмегі тиер деген ойдамын.
Тәрбие отбасынан басталады
Қиын балалардың отбасындағы беріктігі және
өнегелі отбасында өнегелі ұрпақ тәрбиеленетіні
сөзсіз. Қиындықты шешудің негізгі жолы-
отбасында қарым-қатынастарды орнату.
В.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын
зерттеуден бастайды. Ол баланың сабақ үлгерімінің
жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына
,ой-өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді және балалардың
3-4 сыныптарға деиін бірқалыпты ,тәртіпті болып
келіп, 4-сыныптан кейін бастайтындығын түсіндірді.
Ересек кезең – бала тәрбиелеудегі ең қиын кезе ң
екендігін айта келіп, ата-аналарды балалармен
сырласуға шақырады.
Отбасының қоғам мен мемлекет, тіпті күллі
адамзат алдындағы атқаратын қажеті сан қырлы .
«Отан отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі
–Отанды сүю, өмірге құштарлық , сұлулықты
тану бала бала кезден жанұяда басталатыны
баршаға аян.
А.С. Макаренко: «Тәрбие –баламен сөйлесумен,
оған ақыл-кеңес берумен ғана
шектелмейді.Тәрбие-тұрмысты дұрыс
ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке
басы арқылы үлгі -өнеге көрсетуінде»,-деген
ғой.Баланы жас кезінен бастап сыйлап,қадір-
қасиетін ,ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп,
дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал.
Баланың айтайын деген өтінішін
,ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы
тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек.
Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап,
құрметтесе ,кішілерге қамқор болса, бала да
сондай болуға ұмтылады.Баланың тәрбиелі
болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол екені
белгілі.
Л. Керімов қиын балалар тәрбиесі мәселесіне арналған
зерттеулерінеде «қиын» оқушыны зерттеуді, ең алдымен ,отбасынлағы
тәрбие жағдайын білуден бастауды ұсынады.Баланың жетіліп қалыптасуында
отбасының орны ерекше екенін түсіндіре келе, оұушыға қиын атануға алып
келетін ата-аналардың балалармен ,мұғалімнің оқушылармен қарым-
қатынасындағы бірнеше кемшіліктерді көрсетіп берген.Бұл қиындықты
шешудің негізгі бірден-бір жолы-отбасындағы ізгілікті қарым-қатынастарды
орнату .
Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін отбасы қоғаммен тығыз байланыста болуы
керек.Ғалым-педагог И.Гребенников отбасы қызметін 5 топқа бөледі:ұрпақ
жалғастырушылық,экономикалық,тәрбиелік,қарым-қатынастық және бос
уақытты демалуды ұйымдастыру.
Демек,отбасында ата-ана осы қасиеттерді барынша бірігіп,жақсы
ұйымдастыра білсе және педагогикалық жағынанбілімлі ,психалогигалық
әдіс-тәсілден хабардар болса,отбасындағы ахуал ерекше болмақ.
М.Жұмабаев «Педагогика» ғылыми еңбегінде «жас бала –жас бір шыбық, жас
кезінде қай түрде иіп тастасаң,есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ»
деп түйін жасайды.
Оқушының жан-жақты тәлім-тәрбие алуға
,олардың ішкі қасиеттерін анықтап, дарынын
шыңдап,сол арқылы өздері көздеген тәрбие бұлағына
жағдай жасауымыз қажет.
Оқу-санқырлы рухани өмірдің тек бір ғана құрамды
бөлігі.Егер ұжым ішінде идеялық,азаматтық,
интеллектуалдық, еңбектік,эстетикалық қарым-
қатынастар болған жағдайда оқушылартолық мәнді
рухани өмір сүре алады.
Тәрбие күшіне ену дегеніміз- өз жұмысына ,ісіне
сену.Себебі,нағыз сенім бар жерде ғана,нағыз
талашылдық ,еңбек тәртібі болады.
Қазіргі жас ұрпақтардың –болашақтағы еліміздің ертеңі
болып табылатын балалардың сана-сезімін,мінез-
құлығын,ақыл-ойын дамыту үшін өзін-өзі басұаруды
нығайтып,ұжымдық шығармашылық істерге
дағдыландырудың тәлім-тәрбиелік маңызы үлкен.
  
Мектепте оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес
келетін,олардың қабілеті мен ішкі қажеттілігін қамтамасыз

ететін іс-әрекеттерді ұйымдастыру көзделеді.Соған сай
олардың қабілетін ашуға мүмкіндік туғызатын спорт,дене
еңбегі,қолөнер,техникалық шығармашылық,т.б.іс-әракетті
үйрету үйірмелері мен секцияларұйымдастырылады.Әр
оқушы кез-келген үйірмеге ,секцияға,клубқа өз жүрегінің
қалауымен қатынасып, өзінің жеке басына тән қасиетін,яғни
өзіндік «менгің» басқаларға танытуға мүмкіндік алады.
Әсіресе,ұстазбен оқушының өзара түсіністігі ,оқушыға сенім
көрсету, іс-әрекетке ерік беру,көтермелеу,адамгершілік
қасиеттерін танытуда, өзін-өзі тануға,өзін-өзінтәрбиелеуге
жағдай туғызу.
Ең бастысы,тәрбие ісінің нәтижесін бағалап,оны іске
асырудың сұрақ-жауап, дәстүрлі бағалау,ұстазбен оқушының
пікірлесуі арқылы іске асыру.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Агафонов А.Н., Менлибаев К.Н.,Буйнова Л.П.
Социальная работа с молодежью девиантного
поведения. Петропавловск,2000.
2.Дүйсекенова А.К. Қиын балалар және олармен
жұмыс істеу ерекшеліктері, 2003.
3. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика,
Алматы, 2000.
4. Жолмұханова Б. Қиын оқушыны тәрбиелеу //
Оқушы тәрбиесі
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС
қиын балаларға жүргізілетін психопрофилактикалық жұмыс
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру технологиясы
Тәрбиесі қиын оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері
Математикадан факультативтік курстар
ТАҚЫРЫП ДИАГНОСТИКА
ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕРІ БОЙЫНША МЕКТЕПТЕН ТЫС ЖӘНЕ САБАҚТАН
Сабақ барысында мұғалім үлгерімі төмен оқушылармен жекелей жұмысты қалай жүзеге асыратынын зерттеу
Класс жетекші
Мектеп оқу - тәжірибе телімдерінде жүргізілетін тәжірибе жұмыстары
Пәндер