MikroTik RouterOS пен RouterBOARD: сипаттамасы мен нұсқалар тарихы


Slide 1

RouterOS

Орындаған: Болатов Мадияр

Slide 2

MikroTik Ltd.

Mikrotīkls Ltd. (латыш тілінен аударғанда Кішкентай желілер, MikroTík сауда таңбасымен белгілі) - латвиялық желілік құрылғылар өндіруші. Компания сымды және сымсыз желілік құрылғыларды өндіріп сатады. Оның ішіне маршрутизаторлар, желілік коммутаторлар (свитчтер), қол жеткізу нүктелері, сонымен қоса програмалық жабдықтама - операциялық жүйелер және қосымша, көмекші ПЖ кіреді. Компания 1995 жылы дамып жатқан нарықта құрылғылар сату мақсатында құрылған. 2015 жылдың желтоқсанында компанияда 160 адам жұмыс істеген.

Slide 3

RouterOS

MikroTik-тің жығарған өнімдерінің бірі RouterOS болып табылады. RouterOS - Linux негізіндегі желілік операциялық жүйе. Ол MikroTik-тің RouterBoard маршрутизаторларына орнатуға арналған. Сонымен қоса бұл ОЖ дербес компьютерге орнатыла алады. Ондай жағдайда ДК брандмауэр, VPN-сервер/клиент, QoS, қол жеткізу нүктесі және басқа да функциялары бар маршрутизаторға айналады. ОЖ тағы да сымсыз қол жеткізу жүйесі негізіндегі Captive-портал ретінде қызмет ете алады.

ОЖ-де функциялардың өсу санымен бірнеше лицензия деңгейі бар. Оған қоса, RouterOS-ты баптауға арналған графикалық интерфейсті ұсынатын Winbox деп аталатын программалық жасақтама бар. RouterOS-пен басқарылатын құрылғыларға FTP, Telnet, SSH арқылы да қол жеткізуге болады. Басқару мен мониторингқа арналған арнайы бағдарламаларды құруға мүмкіндік беретін API да бар.

Slide 4

Ерекшеліктері

RouterOS орташа немесе үлкен провайдерлер қолданатын көптеген сервистер мен протоколдарды қамтамасыз етеді (OPSF, BGP, VPLS/MPLS) . RouterOS - арнайы конфигурациялау мысалдары ретінде де, форумдар мен түрлі Wiki-материалдар ұсыну ретінде де MikroTik компаниясымен өте жақсы қамтамасыз етіледі. Оған қоса, RouterOS керегінше икемді жүйе.

RouterOS іс жүзінде Linux ядросындағы барлық желілік интерфейстерді қолдауды қамтамасыз етеді. Сымсыз чипсеттер ішінде Atheros және Prism негізіндегі шешулер қамтамасыз етіледі (RouterOS-тың 3. х версиясы ахуал бойынша) . Оған қоса, құрылғылар мен MikroTik-тің ПЖ-ларының IPv6 сияқты, танымал болып келе жатқан желілік технологиялармен толық үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін, MikroTik өздерінің программалық жасақтамасын жаңартумен айналысып жатыр.

RouterOS QoS-ты басқару және файерволды, маршрутизацияны тез және көрнекі баптау үшін желілік администраторға графикалық интерфейсті (WinBox) ұсынады. Оған қоса, іс жүзінде WinBox интерфейсінде Linux-тың iptables, iproute2, трафикті басқару және HTB алгоритмі негізіндегі QoS утилиттерінің функционалдылығы толығымен жүзеге асырылған.

Slide 5

Нұсқалар тарихы

RouterOS v6: мамыр 2013 - қазіргі уақыт (Linux 3. 3. 5 ядросы негізінде)

RouterOS v5: наурыз 2011 - қыркүйек 2013 (Linux 2. 6. 35 ядросы негізінде)

RouterOS v4: қазан 2009 - наурыз 2011 (Linux 2. 6. 26 ядросы негізінде)

RouterOS v3: қаңтар 2008 - қазан 2009 (Linux 2. 4. 31 ядросы негізінде)

Slide 6

RouterBOARD

RouterBOARD - RouterOS операциялық жүйемен басқарылатын маршрутизаторлар болып саналатын MikroTik-тің аппараттық платформасы. RouterBOARD-тың түрлі нұсқалары олардың негізінде түрлі желілік мәселелерді шешуге мүмкіндік береді: басқарылатын коммутатор мен қарапайым сымсыз қол жеткізу нүктесінен бастап, QoS пен брандмауэры бар мықты маршрутизаторға дейін.

Түгелге жуық RouterBOARD құрылғыларының модельдері PoE көмегімен қоректене алады, және сыртқы қорек көзін қосуға арналған жалғағышы (разъем) болады.

Сымсыз технологиялармен жұмыс істеуге арналған модельдерінде радиомодульдерді қосуға арналған слот (miniPCI) бар. Сондай-ақ модельдердің көбінде ДК-дің COM-портіне қосылуға арналған жалғағыш бар. Модельдің нақты бір жұмысқа арналғанына байланысты немесе арзан модельдерде кейбір функциялар (элементтер) болмауы мүмкін.

RouterBoard 133 front with two miniPCI card slots

Slide 7

КОНЕЦ


Ұқсас жұмыстар
Шет елдердің ұлттық валюталары: тарихы мен сипаттамасы
Павлодар мұнайхимия зауыты: тарихы және өндірістік сипаттамасы
Қазақстан тарихы (10-сынып): Ұлы Даланың тарихи-географиялық сипаттамасы
Оттек пен оксидтер: сипаттамасы, химиялық қасиеттері және тапсырмалар
Ежелгі әлемнің жеті кереметі: тарихы мен сәулеттік сипаттамасы
Мемлекет пен құқықтың пайда болу тарихы мен теориялары
Жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінің тарихы мен білім беру үрдісінің сипаттамасы
Дерматология мамандығы: сипаттамасы, тарихы, оқу және мансаптық перспективалары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: тарихы, сипаттамасы және қолданылуы
Спорт пен тамақтанудың денсаулыққа ықпалы: тарихы мен қағидалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz