Бастан күн мен ыстық өткендегі алғашқы көмек




Презентация қосу
Құрылыс және сәулет институты
Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау кафедрасы

Бастан күн мен ыстық
өткендегі алғашқы көмек

Қабылдаған: Сеньер-лектор Нокеева Э.А.
Орындаған: Көшербай.С.
Мамандығы: 5В071200
Жоспары:
Кіріспе
Бастан күн өту және ыстық өту қалай іске
асады?
Ыстық өту мен бастан күн өтудің белгілері
Бастан күн өткенде және ыстық өткенде
алғашқы көмек
Күннен дұрыс қорғану жолдары
Кез-келген қарапайым сәтсіз
жағдайда әбігершілік туады, жұрт
зақымданған адамға көмек көрсетуге
ұмтылады. Осындай кезде көмек
көрсетушінің өзі зақымдануы мүмкін
және зақымданушыға көмектің
орнына зиян келтіреді. Алғашқы
көмек көрсеткенде тыныштық және
ұйымшылдық қажет.
Күн нұры өзіне жеңіл-желпі
қарайтындарды жақтырмайды
және ұзақ уақыт жағажайда
жату немесе ыстық күнде
қалада ұзақ уақыт қыдыру
рақат сыйлаудан бұрын, үлкен
мәселе тудыруы мүмкін. Денеге
күн өту біз ойлағаннан да тез
іске асады, ал денсаулыққа
біршама зиян тигізеді. Кейбір
жағдайларда науқасқа жедел
түрде ауруханаға жатып, ұзақ
уақыт емделу қажет болады.
БАСТАН КҮН ӨТУ ЖӘНЕ
ЫСТЫҚ ӨТУ ҚАЛАЙ ІСКЕ АСАДЫ?

Ыстық өту – ағзаның қызуының нәтижесі.
Мұндайға жазда ғана емес, кез келген жыл
мезгілінде ұрыну қаупі бар. Көбіне ыстық өтуге
ұзақ уақыт монша немесе саунада отыру, ыстық
бөлмеде немесе қапырық ыстықта қалың киіммен
физикалық жаттығулар жасау себеп болады.
Бастан күн өту – бұл көбіне жаз мезгілінде
орын алады. Күн сәулесінің бас аймағына тікелей
әсер ету себебінен болады. Мұнда бірінші кезекте
ми қан тамырларының кеңеюінен орталық жүйке
жүйесіне зақым келеді. Күн өткенде, сонымен
қатар, дене күюі де мүмкін.
Ыстық өту мен бастан күн өтудің
белгілері ұқсас:
oәлсіздік, бас айналу, асқынған жағдайда
oдененің құрысуы, естен таңу;
oжүрек айну, асқынған жағдайда
oқұсу;
oбас ауру;
oдененің қызуы (40 градусқа дейін);
oтері қабатының қызаруы;
oсуық тер шығуы;
oтахикардия.
Бастан қатты күн өткенде адам сандырақтап, көзіне
бірдеңелер көрініп, психомоторлық қозуға ұшырауы мүмкін.
Егер науқасқа тез арада медициналық көмек көрсетпесе, өліп
кетуі де мүмкін.
Бастан күн өту мен ыстық өту әсіресе балалар мен қарттарға
қауіпті, сонымен қатар жүрек-қан тамырлары ауруларымен
ауыратын адамдарға.
Бастан күн өткенде және ыстық өткенде алғаш қы көмек

Бастан күн өткенде немесе ыстық өткенде ең алдымен науқасқа күн немесе ыстық әсер
етпеуін қамтамасыз ету керек. Егер адам бөлме ішінде өзін жайсыз сезінсе, таза ауаға
шығарыңыз, егер далада болса – науқасты көлеңкеге апарыңыз немесе ауа кіріп тұратын,
салқын бөлмеге кіргізіңіз. Оны жатқызып, жағасын шешіңіз немесе үстіңгі киімін шешіңіз.

Науқастың үстіне салқын суға дымқылданған матаны жабыңыз, маңдайы мен
желкесіне дымқыл орамал немесе мұз салынған пакетті қойыңыз. Бөлме
температурасындағы сумен ысқылау (18-20 градус) мен желпу жақсы көмектеседі. Бастан
күн өткенде және ыстық өткенде кофеинсіз және ішімдік емес салқын (суық емес!) су беру
қажет. Дәрі-дәрмекті тек дәрігердің нұсқаулығымен ішкен жөн.
Күннен дұрыс қорғану жолдары

Бастан күн өту мен ыстық өтудің алдын алу үшін күн сәулесі аса қатты белсенді кезде
далаға, жағажайға шықпау, ауа кірмейтін, ыстық бөлмелерге кірмеу және адам толы
қоғамдық көлікке отырмау.

Күн өту мен ыстық өтуге көбіне артық салмағы бар адамдар, қан қысымы жоғары,
эндокринді аурулармен, вегето-тамырлы дистониямен ауыратын адамдар, кішкентай балалар
бейім екенін ұмытпаңыз.

Ұзақ уақыт күн астында тұрған көлікке отырмас бұрын, барлық есіктерін ашып, ішіне ауа
кіруін қамтамасыз етіңіз. Ыстық күнде ешқашан балаларды жабық көлікте тастап
кетпеңіз. Күн астында ешқашан ұйықтамаңыз – егер ұйқыңыз келіп бара жатса көлеңкеге
жатыңыз.

Жазда табиғи маталардан тігілген ашық түсті киімдер киюге тырысыңыз және бас киім
киюді ұмытпаңыз. Көбірек су ішіп, ішімдіктен аулақ болыңыз.
Назарларыңызғ
а
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Химиялық күйіктер
Электр және сәуле жарақаттары кезіндегі алғашқы ветеринариялық көмек көрсету
Күйік шалғандағы халық емі
Операциядан кейінгі кезең
Аурудың соңғы сатысындағы науқастарға күтім
Күйіктер және алғашқы ветеринариялық көмек
Тері астындағы май
Радиациялық күйіктер
Күйіктер және алғашқы ветеринариялық көмек жайлы ақпарат
Алғашқы көмек көрсету
Пәндер