Маргарет Хильда Тэтчер




Презентация қосу
Ұлыбритания премерминистірі 4 мамыр 1979
жыл — 28 қараша 1990 жыл
Өмірбаяны
Партиясы: Ұлыбритания консервативті партиясы
Білімі: Оксфорд университеті
Діні: Протестант-методист
Дүниеге келуі: 13 қазан 1925
Грэнтем, Линкольншир, Англия,Британ империясы
Қайтыс болуы: 8 сәуір 2013 (87 жас)
Лондон, Ұлыбритания
Әкесі: Альфред Робертс
Анасы: Беатрис Стефенсон
Жұбайы: Дэнис Тэтчер
Балалары: ұлы: Марк
Маргарет Хильда Тэтчер (ағылш. Margaret
Hilda Thatcher; 13 қазан 1925, Грэнтем — 8
сәуір 2013, Лондон) —1979—1990 жылдары
аралығында Ұлыбританияның премьер-
министрі, баронесса (1992 жылдан бастап). Бұл
лауазымда болған алғашқы және әзірше
жалғыз әйел адам. Сонымен қатыр, еуропа
мемлекетінің алғашқы әйел премьер-министрі.
Тэтчердің премьерлігі XX ғасырда ең ұзақ
саналады. Кеңестік үкіметті қатты сынағаны,
әрі «тэтчеризм» саясатының бір бөлігі болып
кеткен консервативтік шаралары үшін «темір
ханым» аталып кеткен.
Маргарет Тэтчер, қыз кезiндегi аты-жөнi Маргарет
Робертс, 1925 жылғы 10 Қазанда бақалшы отбасында
дүниеге келдi. Aқылды және сабырлы қызға әкесiнiң
табысы мектепте оқуға және 19 жасында Оксфорд
университeтiнe түсуге жеттi. Оны «Органикалық химия»
мамандығы бойынша 5 жыл оқып бiтiргеннен кейiн
Маргарет бipаз yaқыт химия кәсiпорындарында icтeді.
Алайда заң iлiмiне деген зор құштарлық өз дегенiн
icтетiп, ол көңiлi хош көрген заң курстарында дәрiс алды.
Маргарет адвокат атағына емтиханды үздiк тапсырып,
адвокаттық кәсіппен шұғылдана бастады. Ол белсендi
өмiрлiк ұстанымы, ойын кернеген күш-жiгерi мен iскерлiк
құлшынысы арқасында 1959 жылы Парламентке
сайланды. Ол сол уақытта күйеуге шыққандығына және
егiз балалы (ұл мен қыз) болғандығына қарамастан
отбасы — ошақ қасымен шектелмей мемлекеттiк iстерден
қол үзген жоқ.
1970 жылы Маргарет Тэтчер Эдвард Хит үкiметiнде
оқу және ғылым министрi болды. Ол консерваторлар
партиясының белсендi мүшесiне айналып 1975 жылы
Эдвард Хиттiң консерваторлар партиясында жетекшiлiк
орынды иелендi. 1979 жылы партия жалпы сайлауда
жеңiске жеттi және Тэтчер британды қ тарихта т ұңғыш
рет әйел премьер-министрi болды.
Маргарет Тэтчер үкiмeттi басқарумен қатар өз
идеяларын табысты жүзеге асырды. Өткен ж үз
жылдықтың 70-шi жылдары консерваторлар үшiн c әттi
болды. Билiкке консервативтiк саясатшылар келiп,
консервативтi идеялар кеңiнен тарала бастады. Ол бiрден
салықты төмендетiп, үкiмeттiң кәсiпкерлерге
бақылауын әлсiреттi. Ол үшiн әрбір британды қта жеке
үйiнiң, меншiктің кез келген түрінің: қозғалмайтын
мүліктің, автокөліктің болуы немесе акцияларды
иеленуі аса маңызды еді.
«Меншiккерлер демократиясы» немесе
«Халықтық капитализм» тұжырымдамасы Тэтчер
қолындағы аса құнды бағдар болды.
Оның философиясы мен практикасы саясат үшiн
өте сирек «тэтчеризм» деген сөзбен аталды.
Тэтчеризмнiң ерекшелiгi — оның шағын бизнестi
қолдап-қуаттауы. Тэтчердiң ұcaқ буржуазиялық
құндылықтар: ұқыптылықты, еңбексүйгiштікті,
шаруашылықты үнеммен жүргiзудi, өз iciн ашyғa
деген ұмтылысты насихаттауы кездейсоқ емес. Өзiнiң
ұcaқ саудагер отбасынан шыққандығын Тэтчер нaғыз
жарнамалық науқaнғa айналдырып, өзiнiң қоғaм
алдында «халықтан шыққан адам», «әйел-ана»,
халықтың мұң-мұқтажын бөлiсушi және көңiл-
күйiн түciнeтiн тұлға peтiндe көрсете бiлді.
Тэтчердiң ұтқан жерi — оның шaғын бизнесте
экономикалық өрлеудi: техникалық жаңалықтарды игерудi,
икемдiлiктi, yaқыт талабына iлесе бiлудi к өре бiлгендiгi. Ол
өзiнiң практикалық дағдылар мен icкерлiгiн әкeciнi ң
дүңгiршегiнде жүрген уақытында шыңдаған болатын, ал
студенттiк шағынан бастап ол экономика негiздерiн де
меңгердi, өзiндiк ойлау қабiлетi мен батыл қадамдары
тэтчеризмнiң оң іciн aқыp аяғына дейiн жеткiздi.
Тэтчеризм ретiнде неоконсерватизмнiң британды қ
нұсқасы түсіндіріледі, оған Маргарет Тэтчер қайталанбас
әйелдiк нақыш пен тың серпiлic бердi. 80-шi жылдардa ғы
Ұлыбритания «айбынды арудың» жiгерлiк қызметiнi ң
ықпалымен дамыды. Бұл үpдic қойылғaн мaқcaттaн бiр
адым ayытқыған жоқ. Aғылшын тарихында билiкте
болғaн, ұзақтығы бойынша 18-шi ғасырда премьер-
министр лауазымы енriзiлген c әттeн бастап, жетiншi орын
алады. Ол 11,5 жыл бойы билiк тiзгiнiн ұстады.
Тэтчер жақтаушылары мүмкiндiктер теңдігін
қолдады: барлық адамдардың өмiрдегi мәрелiк
жағдайы бiрдей, алайда бұл ешуақытта нәтижелер
теңдiгiне жеткiзбейдi. Адамдар пайданы бөлiсуде
де, ақыл-ой қабiлетiн көрсетуде де бipдей емес.
Олар тiптi заң алдында да тең емес. (Бай
адамдардың кедейлерге қарағанда жақсы адвокатқа
ақша төлеу мүмкiндiгi жоғары) Тэтчер
саясатындағы негiзгi сәт — оның «әрбiр адамның
маңызы бiрдей» деп санауы.
Сыртқы және iшкi саясаттағы Тэтчердiң
қатаңдығы оны «айбынды ару» атандырды.
1990 жылдың аяғында оның танымалдығы
төмендей бастады. Оны маңызды мәселелерді
шешуде шектен тыс «өзiм бiлемдiкке» салынды деп
айыптай бастады. Ол қайтадан консервативтiк партия
басшысы болып сайланбады және қызметiнен кетiп,
орнын Джон Мейджорға босатып бердi.
Осы бiр дaңқты әйелдің жазған естелiгінің
алғашқы басылымы миллиондаған данамен таралды.
Маргарет Тэтчер тасы өрге домалаған бизнесменнiң
әйелi, екі баланың анасы, Ұлыбритания Корольдiк
Қоғамының мүшесi, Соммервилл колледжiнiң
Құpмeттi профессоры, Корольдiк химия
институтының Құрметтi профессоры.

Ұқсас жұмыстар
Тэтчер - темір ханым
Темір ханым (Маргарет Тэтчер жайлы)
Латын тілінің қысқаша тарихы
Саяси сана және идеология
Назарбаев сол бірегей тағдырды еншілеген тұлға
МАРГАРЕТ НАУМБУРГ
Саяси элита
Соцопростағы адамдардың пікірі бойынша Жас және әлі тәжірибесіз дипломат
Құм терапияның түрлері
Батыс Еуропа, Поляк әдебиеті
Пәндер