Жазықтықтағы салу есептерінің оқытудағы маңызы және алгоритмдік дағдыларды қалыптастыру

Жазықтықтағы салу есептері
Салу есептерін шығарудың маңызы
Салу есептерін шығару оқушыларды есеп шешуінің кезеңдерін сақтай отырып шығаруға дағдыландыруға үйретеді. Салу кезеңінде әрбір элементар салуды сөйлемдер арқылы қадамдарға бөліп жазып, салу алгоритмі орындалады. Оқушыларға өз бетінше алгоритм жазуға дағдыландыру келешекте программалау дағдыларын қалыптастыруға дайындық жасасп, алгоритмдік мәдениетін қалыптастырады.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда салу есептерін шығару үшін оқушылар көмекші салулар жүргізеді және оларды саналы пайдалана білуді үйренеді.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын оятатын олардың математикалық ой-өрісінің, шығармашылық қабілетінің дамуына дәнекер болатын, өздігінен жұмыс істеу қабілетін дамытуда геометриялық салу есептерін шығаруда маңызы зор.