ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ – 2050


Slide 1

Қазақстан Республикасы

Президенті

Н. Ә. Назарбаевтың

Қазақстан халқына

жолдауы

Slide 2

ҰЛТТЫҚ ИДЕЯМЫЗ - МӘҢГІЛІК ЕЛ!

Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік

Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.

«Қазақстан-2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы,

ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, қадірлі халқым!

Н. Ә. Назарбаев

Slide 3

Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа сая си бағдарын жария еттім. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол - «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті.

ХХІ ғасырдың Қазақстаны - талантты, еңбекқор, толерантты халықтың небәрі екі онжылдықта «нөлден» бас­тап құрған елі. Бұл - біздің бәріміз мақтан тұтатын ортақ жемісіміз! Бұл - біздің шексіз сүйетін ұлы туындымыз!

Бүгінде Отанымыздың жетістіктері - әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы. Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақ мерзімдік жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысады

Slide 4

Қазақстанның әлемдегі ең дамы ған 30 елдің қатарына кіру тұжырым дамасында алдағы жұмыстың ұзақ мерзімді басымдықтары белгіленген. Біз мына басым бағыттар бойынша бірқатар мәселелерді шешуіміз керек.

Инновациялық индустрия ландыру трендін түзеу және күшейте түсу маңызды.

Бізге дәстүрлі өндіруші секторлар тиімділігін арттыру маңызды.

Қазақстан геологиялық барлау саласы бойынша әлемдік нарыққа шығуға тиіс.

Slide 5 Slide 6 Slide 7 Slide 8 Slide 9

Біріншіден:

Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсарту

Екіншіден:

денсаулық сақтау сала сындағы басты басымдық - алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту.

Үшіншіден:

жалпықазақстандық мәдениетті дамытуға жаңаша серпін берген жөн

Төртіншіден:

білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің әлеуметтік пакеттерін қайта қарастырған жөн.

Бесіншіден:

мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс.

Slide 10

Білім беруде:

2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда.

Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды

Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек.

Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс

Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс.

Slide 11

3 жыл ішінде, 2017 жылға дейін орын жетіспеушілігін жойып, қажетті жерлерде елдегі барлық мектепті екі ауысыммен оқытуға көшіру керек.

Таяудағы 2-3 жылда дуальдік, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек.

Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет.

Жетекші университеттерді академия лық және басқарушылық автономияға біртіндеп көшіруге жоспарлы түрде кірісу қажет.

2015 жылғы 1 шілдеден бастап қызметкерлердің еңбекақыларын білім беру саласында - 29 пайызға дейін арттыруды қамтамасыз етуге тиіс.

Slide 12 Slide 13

Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуға ұмтылысымызды біз екі кезеңде жүзеге асыруымыз қажет.

Бірінші кезең XXI ғасырдағы «мүмкіндіктер көзін» пайдалана отырып, жаңғыру серпілісін жасау қажет болатын 2030 жылға дейінгі кезеңді қамтиды.

Екінші кезеңде 2030 - 2050 жылдар аралығында еліміздің ғылыми қамтымды және жасыл экономика қағидаттарына негізделген орнықты дамуын қамтамасыз ету қажет.

Slide 14

Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - Мәңгілік Ел идеясы.

Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.

Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі - Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.

Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.

Ендігі ұрпақ - Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы - Мәңгілік Ел!

Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары - «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым.

Slide 15

ҰЛТТЫҚ ИДЕЯМЫЗ - МӘҢГІЛІК ЕЛ!

Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!

«Қазақстан-2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол.

Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын!

Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын!


Ұқсас жұмыстар
Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
Қазақ КСР - нің тұңғыш президенті
Елбасының биылғы Қазақстан жолы
ҚР ҮРДІС АЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР – ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ НӘТИЖЕЛЕРІ
Қазақстан - 2050 жолдауының негізгі бағыттары
Елбасы және бір сөзінде
Комитетінің хатшысы
Жаңа дәуірдегі ұлттық мемлекет пен ұлттық идея эволюциясы
Жаңа дәуірдің кемел келбеті
Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz