Қаптама құбырлы жылу алмастырғыштар


Slide 1

Қаптама құбырлы жылу алмастырғыштар. Алынған аппараттар әртүрлі агрегаттық жағдайдағы заттардың өзара жылу алмасуына негізделген. Олар:

Бу-сұйық

Сұйық- сұйық

Газ-газ

Газ-сұйық

Қаптама құбырлы жылуалмастырғыш аппараттар индекс бойынша белгіленіп, классификацияланады.

Белгіленуі бойынша: Т- жылуалмастырғыш; Х-тоңазытқыш; К-конденсатор; И-буландырғыш.

Конструкциясы бойынша: Н- қозғалмайтын құбырлы тор; К- қаптамадағы температуралық компенсатор; П- балқығыш қаптамамен; ПК-балқығыш қаптамамен және ондағы компенсатормен

Орналасуы бойынша: Г-горизонтальді; В- вертикальді

Қаптама құбырлы жылуалмастырғыштар торлы құбыр арқылы жинақталған құбырлардан, органикалық қаптама және штуцерлері бар қақпақтан тұрады

Slide 2

Температуралық теңестіргіш құрылымдары бар қаптама құбырлы жылу алмастырғыштар:

а) линзалы теңестіргішті;

б, в) құбырлар торы қозғалмалы;

г) U - тәрізді құбырлы;

д) сальникті теңестіргішті:

1- қаптама; 2- құбырлар; 3-линзалы теңестіргіш; 4- қозғалмалы құбыр торы; 5- U - тәрізді құбырлар; 6- сальникті теңестіргіш; I және II - жылутасымалдағыштар

Slide 3

Қаптама құбырлы жылутасымалдағыштың конструктивті элементтері

Slide 4

U-тәрізді қаптама құбырлы жылуалмастырғыш

Мұндай жылуалмастырғыштарда U тәрізді құбырдың екі шеті де бекітілген. Бір құбыр қорған болады. Ол температура өзгерген кезде құбыр ұзындығын еркін ұзартуға мүмкіндік береді. Құбыр қаптамасының температурасы 100°С- тан аспауы қажет. Мұндай аппараттардың құбырларының ішкі және сыртқы жақтарын тазарту қиын болғандықтан тек таза өнімдер үшін қолданылады.

Құбыр қапты жылуалмастырғыштың эффектілігі жылуалмастырушы ағынның қозғалыс жылдамдығы және олардың турбуленттілік дәрежесімен жоғарылайды. Қозғалыс жылдамдығын арттыру үшін жол саны әр түрлі бөлшектер қолданылады. Жылуалмастырушы аппараттар ағыстың бағыттау сипатына қарай тік, қарсы және қиылысқан ағысты болып бөлінеді.

Slide 5

Қаптамада линзалы компенсаторы бар қаптама құбырлы жылуалмастырғыш

Азғана температуралық деформация(10-15мм артық емес) және аз қысымда кезінде құбыріші кеңістігінде (50МПа артық емес) температура деформациясын компенсациялау құрылғысы ретінде линзалы компенсатор қолданылады. Линзалы компенсатор жылуалмастырғыш қаптамасында иілгіш қабатынан тұрады және температуралық деформацияны өзінің осьтік жиырылуымен немесе жазылуымен компенсациялайды. Линзалы компенсатор қарапайым, жылуалмастырғыштың бағасына әсер етпейді, бірақ қаптаманың біріктілігін айтарлықтай төмендетеді, қолданылуын тежейді.

Slide 6

Кей жағдайда сыра, сүт және басқа да тамақ өндірісінде қолданылады.

Артықшылығы:

Репродуктивті жылуалмасудың қарапайым эффективті үрдісі;

Қысым мен температураның жұмыс параметрлерінің кең ауқымдылығы;

Жылуалмасу процесіндегі энергетикалық және экономикалық шығындардың аз болуы ;

Химиялық заттардың әртүрлі физикалық күйімен жұмыс жасау;

Гидравликалық соққыларға механикалық төзімділік

Кемшілігі: құбыр мен қаптама қабатының арасындағы температураның айырмашылығы, аппараттың бұзылуына әкеледі.

Slide 7

Тасымалдау: Кеме, Автокөлік және темір жол көлігінде ашық платформада тасымалдау;

Сақтау кезінде келесідей талаптар орындалуы қажет:

Механикалық зақымданудан, деформация және атмосфералық шөгуден корғау;

Жермен жанасуды болдырмайтын төсеніш орнату;

Штуцерлер бекітулі болуы қажет;

Металл төсеніштер қорғаныш маймен қапталуы қажет;


Ұқсас жұмыстар
Қаптамада линзалы компенсаторы бар қаптама құбырлы жылуалмастырғыш
Жылу алмастырғыш, жылу алмастырғыш аппараттары
Жылу алмасу процестерінің жалпы сипаттамасы
ҚҰБЫРЛЫ ПЕШТЕР
МҰНАЙ ӨҢДЕУДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰБЫРЛЫ ПЕШТЕР
Жылуалмастырғыш аппараттар
Сығылған ауа
ЖЫЛУ АЛМАСУ ҮРДІСТЕРІ ЖЫЛУ АЛМАСТЫРҒЫШ
Желдету міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы және әдіснамасы
Кілегей туралы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz