Мұнайдың химиялық және технологиялық жіктелуі



Мұнайдың химиялық және технологиялық жіктелуі
Орындаған: Уразгалиева А. А.
Қабылдаған: Шалабаева Ж. Б.

Мұнай газ кен орындарының қалыптасуы, оларды іздестіру мен барлау, мұнайдың химиялық құрамы мен өндеу жолдары және сол сияқты көптеген сұрақтарға мұнайлардың жіктелуі жауап беруге тиісті. Дегенмен мұнайлардың бірыңғай жіктелуін құрастыру қиын мәселе болып табылады. Химиялық қүрамы едәуір күрделілігіне байланысты, бір кен орнының әр түрлі ұңғымалары мұнайлар өзгеше болады, белгілі физико-химиялық және т. б. сипаттамалары бойынша таңдау, олардың жіктелуі қиындатылады.

1987 жылы Хьюстон қаласында XII дүниежүзілік мұнай конгресінде мұнайлардың тыгыздыгы бойынша жалпы жіктелуі схемасы қабылданған:
жеңіл мұнайлар - 870, 3 кг/м3; *
орта - 870, 3 - 920, 0 кг/м3;
ауыр - 920, 0 - 1000 кг/м3; *
өте ауыр - 1000 кг/м3 жоғары, тұтқырлығы 1 мПа/с кем емес;

Химиялық жіктелуі
Химиялық классификация мұнай
құрамында бір немесе бірсыпыра
көмірсутектер кластары басым
болуына негізделген. Бұл
классификация бойынша
мұнайдың алты түрін ажыратады:
парафинді,
парафин-нафтенді,
нафтенді,
парафин-нафтен-ароматты,
нафтен-ароматты,
ароматты.

Көмірсутектің негізгі класының үлесі 50%-тең және қосымша компоненттің үлесі 25%-тен кем болмау керек. Парафинді мұнайларда барлық фракцияларда алкандардың мөлшері бірталай: бензин фракциясында 50% -тен кем емес, ал майлы - 20% жэне одан да көп болуы мүмкін. Асфальтендер мен шайырлар өте аз.
Мұндай мұнайларға Қазақстанда Өзен және Жетібай кен орындардың мұнайлары жатады.

Парафен-нафтенді мұнай
Бұл мұнайда олардың фракцияларының негізінде алкандар мен нафтендер болады, арендер мен шайырлы- асфальтенді заттардың үлесі аз (Батыс Сибирь мұнайлары) .

Нафтенді мұнай
Бұл мұнайларда барлық фракцияларда циклоалкандар (60% жэне одан да жоғары) негізгі компонентке жатады. Олардың қүрамында қатты парафиндердің, шайрлардың жэне асфалтендердің үлесі өте аз. Қазақстанда нафтенді мұнайларға Эмба (Доссор жэне Макат) мұнайлары жатады.

Нафтен - ароматты мұнай
Бұл мұнайлардың негізінде ауыр фракцияларда концентрленетін циклоалкандар мен арендер жатады. Бұл мұнайларда шайырлар мен асфальтендердің мөлшері 15-20%-ке дейін жетеді.

Ароматты мұнай
Бұл мұнай барлық фракциялардың құрамында арендердің үлесі басым және тығыздығы жоғары мұнайлар.

Мұнай құрамында күкірт еріген элементарлы күкірт, күкіртті сутек, меркаптандар, сульфидтер, дисульфидтер мен тиофеннің туындылары түрінде болады. Олар улағыш, жарамсыз иісті, шайыр шөгіндеуіне себепші болып сумен қосылғанда металдарды коррозияға ұшыратады және зиянды қоспалар болып саналады. Сондықтан олардың тауарлы мұнай ішінде болуы тиімсіз. Қүрамында күкірттің массалық үлесі бойынша мұнайларды төрт класқа бөледі

Мұнайдың құрамындағы күкірт бойынша жіктелуі:
Аз күкіртті- 0, 60-дейін
Күкіртті- 0, 60-1, 80
Жоғары күкіртті- 1, 81-3, 50
Аса жоғары күкіртті-3, 50-тен жоғары

Мұнайдың тығыздығы бойынша жіктелуі:
Аталымы 20°С-да тығыздықтың көрсеткіші, кг/м3
Ерекше жеңіл -830, 0 -дан көп емес
Жеңіі - 830, 1-850, 0
Орташа -850, 1-870, 0
Ауыр -870, 1-895, 0
Битумды -895, 0 - тен жоғары

Технологиялық жіктелуі:
құрамындағы күкірттің үлес салмағына байланысты төрт класқа бөледі (I < II < III < IV),
350°С-қа дейін айдалатын фракциялардың шығымына қарай үш түрге бөледі (Т1>Т2>Т3),
базалық майлардың үлес салмақтарына қарай үш топқа бөледі (М1>М2>М3),
тұтқырлық индексі бойынша төрт топшаға бөледі (И1>И2>Из>И4)
қатты парафиннің үлес салмағына байланысты үш түрге бөледі (П1<П2<Пз) .

Мұнай құрамындағы күкірттің мөлшеріне байланысты:
- Аз күкіртті (0. 5%-ға дейін)
- Күкіртті (0. 5-2. 0%)
- Көп күкіртті (2. 0%-дан жоғары) .

Жеңіл май өнім шығымы бойынша типке:
- 45%-дан жоғары (Т1) ;
- 30-44. 9% (Т2) ;
- 30%-дан кіші (Т3) .

Базалық майлардың мөлшері бойынша топқа:
- 25%-тен жоғары М1
- 15-25% М2
- 15%-тен кіші М3

Тұтқырлық индексі бойынша:
- 85%-тен жоғары (И1)
- 40-85% (И2)
- 40%- тен кіші (И3)

Қатты парафиндердің мөлшері бойынша 3 түрге:
- Аз парафинді (1. 5%-ға дейін) П1
- Парафинді (1. 51-6. 0%) П2
- Жоғары парафинді (6. 0%-дан жоғары) П3 деп бөлінеді.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz