АҚША ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТ ЕРІ
Презентация қосу
АҚША
ТҮРЛЕРІ
ЖӘНЕ
ЕРЕКШЕЛІКТ
ЕРІ
Ақша - айырбас құралы ретінде
барлық адамдармен қабылданатын
және басқа тауарларды (қызметтерді)
бағалауға қызмет ететін кезкелген
тауар немесе символ.
Ақша түрлері —
тауарлардың құнын
көрсететін, жалпыға бірдей
балама ретінде
қолданылатын төлем
құралы.
Ақша өзінің дамуы барысында екі
түрге бөлінеді:
толық құнды ақшалар (нағыз
ақшалар);
толық құнсыз ақшалар (құндық
белгілері).
Толық құнды ақшалар (нағыз ақшалар) —
номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты
құнымен сәйкес келетін ақшалар.
Mеталл ақшалар
Металл ақшаларға: мыстан, күмістен және
алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар
әр түрлі нысанда болған. Монета түріндегі нысаны
— бұл олардың соңғы нысаны. Монетаның бет жағы
— аверс, артқы жағы — реверс және жаны — гурт
деп аталады.
640 Б.д.б. лидиядан жасалған тиын, үлкейтілген
Монета сөзінің шығуын римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу құдайы
Юнона-Монета есімімен байланыстырады, яғни сол шіркеуден берілген
ақшалай қаражаттың көмегімен римдердің эпир ханы Пиррмен соғыста
(б.э.д. 275 ж.) жеңіске жеткендігі туралы аңыз бар. «Монета» сөзі латынша
«moneo» — «кеңес беремін, көңіліңнен шығамын» дегенді білдіреді.
Алғашқы монеталар VII ғ. б.з.б Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия
мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардың пайда
болуы IX—X ғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталарымен
қатар, күміс монеталар да қоса жүреді. Алтын айналысына бірқатар елдер
де XIX ғ. екінші жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндіру
жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен бірге ағылшын елі алған.
Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының
мынадай объективті қажеттіліктері болған:
алтын өндірісі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай, нәтижесінде
айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады.
жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете
алмады.
алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын
ынталандырмады.
Алтын айналысы не бары бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін болды және
соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай
белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын
айналыстан шыға бастайды.
Толыққұнсыз ақшалар (құнның белгілері)
— номиналдық құны нақты құнынан, яғни
олардың өндірісіне кеткен қоғамдық
еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.
Оларға мыналар жатады:
құнның металдық белгілері — арзан бағалы
металдардан жасалған ұсақ монеталар,
мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;
құнның қағаздан жасалған белгілері.
Құнның қағаздай белгілері екіге
бөлінді: қағаз ақшалар және несиелік
ақшаларға.
Қағаз ақшалар — бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар
айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде
пайда болды. Қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі,
олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.
Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысу себептері мынадай:
металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;
металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің
нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық
құрамын төмендетуі барысында бүлінуі;
бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда
қымбатқа түсуі;
эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен
олардың нақты құны арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның,
қағаз ақшаларды шығаруы;
бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.
Алғашқы қағаз ақшалар б.з. XII ғ. Қытайда, 1690 жылы Ұлыбритания отары
болған Солтүстік Америкада, 1762 жылы Австрияда және 1769 жылы
Ресейде пайда болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар
барлық елдерде шығарылды. Қазіргі кезде қағаз ақшалар қазыналық
билеттер түрінде он елде (АҚШ, Италия, Үндістан, Индонезия және т.б.)
ғана сақталған. Кешегі КСРО-да 1961 жыпы болған ақша реформасы
негізінде қағаз ақшалар, яғни 1,3,5 рубльдік қазыналық билет нысанында
соңғы рет айналымға шығарылып, кейіннен Ресейдегі 1991-1992 жылдары
және Қазақстандағы 1993 жылғы ақша реформасы нәтижесінде
айналымнан алынды.
Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) —
бюджет тапшылығын жабу мақсатында
шығарылатын және металға
ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет
белгілеген өзіндік номиналы бар құнның
белгілері.
Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы
және төлем құралы қызметін атқарды.
Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің
қаржы жетпіспеушілігіне байланысты
шығаруымен түсіндіріледі. Қағаз ақшалар
өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз және
құнсыздануға тез икемді. Олардың
құнсыздану себептеріне: айналысқа басы
артық қағаз ақшалардың шығарылуын,
эмитентке деген сенімнің төмендеуін және
төлем балансының қолайсыз
Несиелік ақшалар — тауар өндірісінің
дамуымен, яғни тауарларды сатып алу
және сатудың уақытын кешіктіріп
төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты
пайда болған ақшалар.
Несиелік ақшалардың шығуы банктердің
несиелеу операцияларымен байланысты.
Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша
айналымын икемді ету; нағыз ақшаларды
үнемдеу; қолма-қолсыз ақша
айналымының дамуына мүмкіндік жасау.
Несиелік ақшалардың мынадай түрлері
бар:
вексель;
банкнота;
чек.
Вексель (ағылш. bill note) — міндеттеме шоты) — белгілі бір
соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде
төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.
Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы. Вексельдің
түрлеріне «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы
туралы» (28.04.97) Қазақстан Республикасы Заңында мынадай
түсініктемелер берілген:
Жай вексель (соло) — вексельді ұстаушыға вексельде
көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге
байланысты төлеу туралы вексель берушінің ешнәрсемен
негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.
Аудармалы вексель (тратта) — вексельде көрсетілген
соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға
(ремитентке) төлеу туралы үшінші бір тұлғаға (трассатқа)
вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмеген
ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель.
Вексельдің келесідей өзіне тән
қасиеттері бар:
дерексіздік, яғни вексельде мәміленің
нақты түрінің көрсетілмеуі;
даусыздық, яғни протесттуралы актіні
нотариуспен жасағаннан кейін тиісті шара
қолданылғанға дейінгі қарыздың міндетті
түрде төленуге тиістігі;
айналымдылық, яғни басқа бір тұлғаларға
аударып жазу арқылы (индоссамент) төлем
құралы ретінде вексельдің берілуі.
Банкнота (ағылш. Bank-note - банк билеті) орталық
банктің айналысқа шығарған әртүрлі номиналдағы
ақша бірліктері.
Ол вексельден және қағаз ақшалардан өзара
ажыратылады. Банкнотаның вексельден төмендегідей
айырмашылығы бар:
мерзімділігіне қарай, егер де вексель мерзімді
қарыздық міндеттеме болса (3—6 айлық), ал, банкнота
— мерзімсіз қарыздық міндеттеме;
кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа жеке
кәсіпкерлер шығарады және оның жеке кепілдігі
болады, ал, банкнотаны қазіргі кезде орталық банк
шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.
Экономикалық әдебиттерде банкнотаны екі түрге
бөледі: классикалық және жай.
Классикалық банкнота — бұл банкнотаның алғашқы пайда болған
нысаны ретінде алтынға еркін алмастырылатын, яғни алтынмен
қамтамасыз етілген Орталық банктің билеті.
Классикалық банкнотаның қағаз ақшалардан өзіндік
айырмашылығы бар:
жаратылысына қарай — қағаз ақшалар ақшаның айналыс құралы
ретіндегі қызметінен туындаса, ал банкнота — ақшаның төлем
құралы қызметінен пайда болған;
эмиссиялау әдісі бойынша — қағаз ақшаларды айналысқа
қазынашылық шығарса, ал банкнотаны — Орталық банк шығарады;
қайтарылуына қарай — классикалық банкноттар вексель
мерзімінің аяқталуына байланысты Орталық банкке қайтарылса,
ал, қағаз ақшалар қайтарылмайды, яғни олар айналыста қала
береді;
ауыстырылуына қарай — классикалық банкноталар банкке
қайтуына байланысты алтынға немесе күміске ауыстырылып
отырса, қағаз ақшалар қашаннан ауыстырылмайтын болған.
Банкноталардың алтынға ауыстырылуы тоқталғаннан бастап,
банкнота алтынмен қамтамасыз етілуі қысқарып, оның вексельдік
қамтамасыз етілуі де күрт нашарлай түсті, себебі Орталық банктің
вексельдік портфелі, көбірек қазыналық вексельдер мен
міндеттемелерге толықты.
Жай банкнота — бұл қазіргі кездегі айналысқа шығарылған Орталық банк
билеті.
Олар металға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктің барлық
активтерімен қамтамасыз етіледі. Ендеше қазіргі айналыста жүрген орталық
банктен шығатын жай банкноталар алтынмен қамтамасыз етілмейді, бірақ
олардың белгілі бір дәрежеде тауарлық немесе несиелік негізі сақталған,
сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының заңдылықтарына бағынады.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің жай
банкноталардың эмиссиялануының төмендегідей үш жолын бөліп көрсетуге
болады:
Шаруашылықты несиелеу жолымен;
Мемлекетті (үкіметті) несиелеу, яғни мемлекеттік қарыздық міндеттемелердің
орнына банкноттардың шығарылуы барысында. Шынында да, еліміз
тәуелсіздік алған жылдардың басында экономикадағы тұрақсыздықтың
нәтижесінде 1993-1998 жылдары мұндай көріністің куәсі болдық. Айталық,
1995—1996 жылдары бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 5,5 %-на дейін жетті,
ендеше сол уақыттары республикалық бюджет тапшылығының 80%-ға жуығы
Ұлттық Банктің Үкіметке берген несиелері есебінен жабылғаны белгілі. Әрине,
бұл жолдың теріс жақтары да болды, оның бірі елімізде гиперинфлияцияның
орын алуы.
ұлттық валюта бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету және еліміздің
сыртқы қарыздарды өтеу үшін мемлекеттің валюталық резервтерін арттыру
мақсатында айналысқа қосымша ақша эмиссиялау жолымен.
Чек вексель мен банкнотаға қарағанда
коммерциялық банктердің құрылып, олардағы
ағымдық шоттарда бос ақшалай қаражаттардың
жинақталуына байланысты несиелік және
айналыс құралы ретінде біршама кеш пайда
болды.
Алғашқы чектер 1683 жылы Англияда пайда
болды.
Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға
белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе
басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің
банкісіне берген жазбаша бұйрығы.
Чектің мынадай түрлері бар:
ақшалай чек – банктен қолма-қол ақша алуға
арналған төлем құралы;
ордерлі чек – бір тұлғаның атына
толтырылған, бірақ индоссамент бойынша
басқа бір тұлғаға беруге құқық береді;
мәлімдеуші чек – чекті мәлімдеушіге ондағы
көрсетілген сомасы төленеді;
есеп айырылысу чегі – заңды тұлғалар
арасында қолма-қолсыз есп айырысуларда
қолданылады;
жол чегі – туристік сапарларға арналған
төлем құралы;
кепілдендірілген чек – банктің чекте
көрсетілген соманы төлеуге кепілдендіруін
сипаттайтын төлем құралы.
Электрондық
ақшалар —
компьютер
торабының,
ақпараттарды
автоматты түрде
өңдеу құралдарын
қолданатын байланыс
жүйелері арқылы
жүзеге асыратын
банктер және
олардың клиенттері,
сатушылар мен
сатып алушылар
арасындағы төлемдер
Электронды ақшалар — пластикалық карточка
нысанында болады. Олар екі түрлі болып келеді:
Дебеттік (төлем) карточка — банкте арнайы
карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы
келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты
пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша
алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін
төлеуге арналған төлем құралы.
Кредиттік карточка — оның эмитеті мен
карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес,
несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін
төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға
арналған карточка.
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі
банктер дебеттік және кредиттік карточкалардың
локальдық және халықаралық түрлерін кеңінен
қолданылуда. Халықаралық карточкаларға:
«Eurocard», «Master Card», «Visa», «Maestro» және
т.б. жатады.
Қазіргі кезде жалақы алуға арналған дебеттік
карточкалар да кеңінен қолданылуда. Мұндай
карточкалардың шоттары көбіне теңгеде ашылады.
Несиелік карточкалар бөлшек сауда айналымында және
қызмет көрсету аясында қолданылады. Қазіргі уақытта
несиелік карточкалардың мынадай түрлері қолданылады:
банктік, саудаға арналған, бензин сатып алуға арналған,
туризм және ойын-сауық шараларын төлеуге арналған.
Біршама кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын
жатқызуға болады.
2011 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша 20 банк
және «Қазпочта» АҚ нақтылы түрде төлем
карточкаларын шығаруды жүзеге асыруда. Екінші
деңгейлі банктер жергілікті жүйе төлем карточкаларын:
Altyn Card — «Қазақстанның Халықтық Банкі» АҚ, Smart
AlemCard — «БТА Банкі» АҚ, «Сити банкі» АҚ шығаруда.
Бұдан басқа, қазақстандық банктер келесідей
халықаралық жүйе карточкаларын шығарумен және
таратумен айналысуда: VISA International, MasterCard
Worldwide, American Express International, China Union
Pay және Diners Club International.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz