Биопрепараттар өндірісінің экологиялық аспектілері



Биопрепараттар өндірісінің экологиялық аспектілері.

Антибиотиктер
(гр. autі - қарсы және гр. bіos - тіршілік) - микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар жасушасынан алынатын органикалық зат; микроорганизмдермен жоғары өсімдіктермен және жануарлармен микроорганизмдерді және ісік жасушаларының дамуын басатын және жоятын заттар. Антибиотиктер төменгі молекуларлы қосылыс оның құрамына көміртегі-оттегі және сутегінен басқа азот (1 немесе 2 аммин тобы түрінде) және 1 немесе 2 карбоксильді топтар енеді

Антибиотиктер микробтар мен кейбір қатерлі ісікке әсер етіп, олардың дамуын тежейді немесе жойып жібереді. Антибиотиктердің пайда болуы микробтар дүниесінде кездесетін бір-біріне қарама-қарсылық әрекетіне негізделген. Антибиотиктер туралы ғылымның негізін қалап, алғаш көгерткіш саңырауқұлақтан пенициллин алған (1929) ағылшын ғалымы А. Флеминг болды. Антибиотиктердің бірнеше жүздеген түрі бар, бірақ олардың бәрі бірдей медицинада қолданыла бермейді.

Антибиотиктер шығу тегі, хим. құрамы, микробтарға әсер ету механизмі т. б. қасиеттері бойынша жіктеледі. Антибиотиктерді ретсіз қолданудың әртүрлі салдары болуы мүмкін. Мыс., денеге бөртпе шығып, қышыма пайда болады, кейде естен тануға әкеп соғады. Сондықтан оларды тек қана дәрігердің айтуы бойынша қолдану қажет. Антибиотиктер медицинадан басқа а. ш-нда, тамақ өнеркәсібінде және микробиологиялық өндірісте пайдаланылады. Антибиотиктер зен саңырауқұлаңынан, актиномиоцидтік, кейбір бактериялардан алынады. Жіктелуі: синтетикалық және табиғи. Әсері: бактериостатикалық, бактериоциттік. Әсер ету механизмі: Бактерия жасуша синтезін бұзу, цитоплазмалық мембрана өткізгіштігін бұзу, жасушаішілік синтезін бұзу, РНҚ синтезін бұзу

Пенициллин, толық атауы бензилпенициллин- түрлі микробтарға қарсы, іріңді жараны, өкпе қабынуын, баспа, соз және басқа ауруларды емдеуге қолданылатын антибиотик. Ол ең әсерлі антибиотиктердің бірі. Пенициллин көптеген іріңді бактерияларды қоса алғанда, бактериялардың көптеген түрін жояды.
Пенициллин

Бірақ: ол іш өткенге, зәр шығаратын мүшелерге түскен инфекцияға, сегізкөз ауруына, көгеріп іскенге, әдеттегі салқын тигенге, қызылшаға немесе басқа дә вирустық инфекцияларда көмектеспейді. Пенициллин миллиграммен (мг) немесе бірлікпен (бр) - бірлік өлшемімен өлшенеді. Пенициллин үшін 250мг=4бр.
Қазір пенициллиннің түрі көп (экмоновоциллин, новоциллин) . Ал феноксиметил пенициллинді ішуге болады. Пенициллиннің құрғақ түрін жараға себеді, ал ерітіндісімен жараны жуып емдейді.

1928 жылы өзінің «салақтығынан», Флеминг пенициллин преператының негізін қалады. Ол Петри кеселерінің көгеріп кеткен біреуінің ішіне үңіліп, мөлдір күйге енгенін байқайды. Соның арқасында ғылымға үлкен жаңалық әкеліп, бактериялық денелерді бұзатын пенициллин белсенді затын ойлап табады. Бастапқыда ол өзі ашқан жаңалықтың көмегімен дәрі жасауға болатынына аса сене қоймайды. Бірақ оның ісін Говард Флори мен Эрнст Борис Чейн деген мамандар 1940 - 1941 жылдар аралығында жалғастырып, пенициллинді тазалау әдісін тәжірибеге енгізді. Олар алғаш болып бактериялық инфекцияларға қарсы емдеу үшін қолданған.
Ал пенициллинді жаппай өндіру ісі Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жолға қойылды. 1945 жылы Александр Флеминг пен жоғарыда аттары аталған екі ғалымға физиология және медицина саласы бойынша Нобель сыйлығы табыс етілді.
Тарихы
Флеминг

Бірақ оның ісін Говард Флори мен Эрнст Борис Чейн деген мамандар 1940 - 1941 жылдар аралығында жалғастырып, пенициллинді тазалау әдісін тәжірибеге енгізді. Олар алғаш болып бактериялық инфекцияларға қарсы емдеу үшін қолданған.
Ал пенициллинді жаппай өндіру ісі Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жолға қойылды. 1945 жылы Александр Флеминг пен жоғарыда аттары аталған екі ғалымға физиология және медицина саласы бойынша Нобель сыйлығы табыс етілді.

Говард Флори
Эрнст Борис Чейн

Көптеген адамдар үшін пенициллин аса пайдалы да сенімді дәрілердің бірі болып табылады. Пенициллинді шектен тыс қолдану оларға зиян келтірмейді, тек қаржысын ғана шығын етеді. Пенициллинді аз мөлшерде қолданған жағдайда ол инфекцияны толық жоя алмайды және бактериялар пенициллинге үйреніп, оған берілмейтін болып алады (оларды жою қиындайды) .
Қатері және сақтық шаралары

Кейбір адамдарда пенициллин аллергиялық реакция туғызады. Қызыл таңдақтар немесе қызыл бөрітпелер шығып, қышуы аллергиялық реакциялардың жеңіл түріне жатады. Бұл көбіне пенициллин шанышқаннан кейін бірнеше сағаттан немесе бірнеше күннен кейін пайда болып, бірнеше күндерге созылуы мүмкін. Антигистаминдер қышығанды басуға көмектеседі. Сиректеу жағдайда қауіпті реакциялар туғызады, бұл аллергиялық естен тану деп аталады. Пенициллинді шанышқаннан немесе ішкеннен кейін адамның беті кенеттен бозарып, дем алысы қиындзйды да ол естен танады. Бұл жағдайда жедел эпинефрин (адреналин) қолдану керек. Пенициллинді қабылдай алмайтын адамдар таблетка түріндегі тетрациклинмен немесе эритромицинмен емделуіне болады. Пенициллиннен жазылатын көптеген инфекциялардан оның таблеткасын ішіп те ойдағыдай жазылуға болады. Пенициллинді егу оны таблетка түрінде қабылдаудан көрі қауіптірек. Пенициллинді ушыққан және аса қауіпті жұқпалы аурулар кезінде ғана шанышу керек

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz