Магистрант Алиева Жазираға арналған мінездеме


Slide 1

Қысқаша теориялық мәліметтер

Slide 2

Мінездеме - мекемеде, ұйымда, кәсіпорында жұмыс істейтін адам туралы әкімшілік немесе қоғамдық ұйым тарапынан берілетін, жеке адамның іскерлігін, біліктілігін, кәсіби деңгейін сипаттайтын ресми құжат. Мұнда ұжым мүшесінің жұмысы мен қоғамдық іс-әрекеттері туралы пікір білдіріледі. Мінездеме нақты, дәл және толық болуы керек. Мінездеме басқа мекеме сұраған жағдайда, оқуға, аспирантураға түсу кезінде, сондай-ақ қызметкердің, маманның кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында беріледі.

Slide 3

Мінездеме - қызметкердің қызметтік, қоғамдық әрекеттерін ресми түрде бағалау, іскерлік қабілеті мен моральдық сапасын ерекшелеп көрсету болып табылады. Қызметі бойынша орын алмастырғанда, қызметін аттестациялау кезінде, іссапарға шыққанда т. б. жағдайларда мінездеме қажет болады. Мінездеменің үш түрі бар: жеке мінездеме, қызметтік мінездеме және аттестациялық мінездеме. Жеке мінездеме - жеке тұлғаның қалыптасқан үлгі бойынша өз қолымен жазған түрі. Қызметтік мінездеме - мінездеменің кең тараған формасы. Қызметкерді объективті, әрі нақты мінездеу қажет болған жағдайда жазылады. Аттестациялық мінездеме - белгілі бір адамның атқарып отырған қызмет орнына лайық, лайық еместігін тексеру мақсатында жүргізілген аттаестация қорытындысына орай жазылады. Мұндай мінездеме қорытындысында «атқарып отырған қызмет орнына лайық», «қызмет бабында жоғары қызметке ұсынуға лайық» сияқты түйінді сөздер жазылады.

Slide 4

Мінездеме төмендегідей мазмұнды қамтиды:

1-Мінездеме иесінің аты-жөні, ұлты, азаматтығы, туған жылы, туған жері, әскери қызметке қатысы, отбасы жағдайы, білімі, лауазымы;

2-Қызмет істеген орны, қызмет атқарған жылдары.

3-Жеке басының қасиеттері. Өз міндетіне, қоғамдық тапсырмаларға қарым - қатынасы.

4-Мінездеме не үшін берілді.

5-Мекеме басшысының қолы.

6-Мінездеме берілген мерзім қойылып, мекеме мөрі басылады

Slide 5

МІНЕЗДЕМЕ Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының магистранты Алиева Жазира Алиқызына 1990 жылы туылған. Білімі жоғары. Алиева Жазира Алиқызы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті күндізгі оқу бөлімінің магистранты болып 2004 жылы 1 қазанда қабылданды. 2006 жылы «Түр-түс атауларының этнолингвистикалық сипаты» тақырыбында магистрлік диссертация жұмысын қорғады. Магистратурада оқып жүрген уақытында Алиева Жазира Алиқызы өзінің терең білімін, ғылыми жұмысқа деген зор қабілетін көрсете білді. Магистратура бағдарламасына сәйкес оқу жүктемелерін, магистр дәрежесін алуға қажетті талаптарды толық орындады. Өзінің магистрлік диссертация тақырыбы бойынша университет ішіндегі ғылыми конференцияларда бірнеше рет баяндама жасады. Ғылыми жинақтар бетінде екі мақаласы жарық көрді. Магистрант университет көлемінде жүргізілген қоғамдық, мәдени шараларға, қазақ тілі кафедрасының түрлі бағыттағы жұмыстарына белсене араласты. Мінезі ашық, іскер, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Өз жұмысына жауапкершілікпен қарайтын ынталы да батылдық қасиеті бар, адамдармен тез тіл табыса білетін магистрант Алиева Жазира Алиқызы оқытушылар ұжымы мен магистранттар арасында сыйлы және олардың зор ықыласына бөленген. Тұрмысқа шыққан. Екі баласы бар. Мінездеме Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіндегі филология ғылымының магистрі дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын комиссияға тапсыру үшін берілді. Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының меңгерушісі, ф. ғ. к. Ж. Исаева

Slide 6

DILAN DUNDAR EEM-611


Ұқсас жұмыстар
Мінездеме: түрлері, құрамы және толтыру талаптары
Мінездеме: түрлері, құрылымы және ресми жазу ережелері
Бала Тұрарға мінездеме: Қызыл жебе романынан Тұтқын бала мысалында
Ғабит Мүсіреповтің Ананың анасы әңгімесіне арналған сабақ жоспары
Абайдың Ескендір поэмасына арналған сабақ жоспары және мәтіндік талдауы
Ас үйге арналған газ плиталары мен тамақ дайындауға арналған қазандықтардың құрылысы және автоматикасы
6-сыныпқа арналған аралас сабақ жоспарлары: Менің достарым және Алтын күз
Экономика саласына арналған программалық жасақтама
Шерхан Мұртазаның Бесеудің хаты драмасындағы өмір шындығы: 8-сыныпқа арналған сабақ жоспары
3-сынып әдебиеттік оқу: Шегіртке мен құмырсқа - жауапкершілік пен еңбекқорлыққа тәрбиелеуге арналған панорамалық сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz